Қостанай қаласы әкімдігінің
«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің
№61 бөбекжай- бақшасы» МКҚК
«Табиғат және біз»
Мектепалды даярлық топтар
Қостанай 2020-2021 оқу жылы
Мектепалды даярлық топтарындағы тәрбие сағатының конспектісі.
Өткізу күні: 07.10.2020ж
Тақырыбы: ««Табиғат және біз»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Табиғатты аялап қорғауға.қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Балалардың табиғатқа, туған жерге, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Дамытушылық: Тірі және өлі табиғаттың ерекшелігін іс - тәжірибе жасау арқылы түсіндіру.
Оқыту: Тірі және өлі табиғат туралы түсінік бекіту. Табиғат құндылығы,өсімдік тіршілігі туралы ұғымдарын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: Денсаулық сақтау технологиясы, ойын технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, презентация
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
Табиғатты қорғап біз,
аялайық,
Бар жақсыны оған тек аямайық.
Отырғызып ағашты, суарып гүл,
Табиғатты одан әрі жайнатайық.
Табиғатым жайнасын,
құрымасын,
Халықты ойландырар іске айналсын.
Бар адам гүл өсіріп үй маңына,
Табиғат осылай гүл жайнасын.
2. Негізгі бөлім:
Презентация көрсету.
Табиғат – барлық тіршілік атаулының құтты қоныс-мекені, алтын ұя- бесігі, бар байлықтың ырыс, қазынасы. Ал, адам үшін табиғат ең қасиетті де, қастерлі ұғым! Өйткені адамның өзін дүниеге алып келген аяулы да ардақты Анасы, сондықтан да адамның табиғатты «Ана» деп құрметтеуінде де өте терең танымдық та, тағылымдық және тәрбиелік мәні зор ұғым жатыр.
Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағын шашатын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол – ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, сондықтан халқымыз: «Табиғат - адамзаттың өмір нәрі, қажеттінің табылар содан бәрі» - деп бекер айтпаған. Табиғат тіршілік иелерінің бәріне де қорек, ауа, су, жылу, жарық қажет. Бұл тіршілік қажеттерін олар табиғаттан алады. Осының өзі де адам, өсімдік пенжануар сияқты тірі табиғаттың перзенті екеніне дәлел бола алады. Табиғатқа тау, тас, ауа, жан-жануар, шатырлаған найзағай, жауын-шашын, ақ ұлпа қар сияқты құбылыстарды жатқызуға болады.Осы құбылыстырды төрт мезгіл арқылы баяндай аламыз. . Жыл мезгілдерінің өзгеруі де, табиғатты одан әрі әсерлейді. Әр жыл мезгілі әр қилы. Төрт жыл мезгілі бізге төрт түрлі ғажайып күйін сыйлайды. Таудан сарқырап аққан өзеннің айналасында өксіген оттай жанған жануарларды көрудің өзі керемет көрініс емес пе?! Бау-бақшада өскен жеміс-жидектердің иісі мұрын жарады. Жайқалып өскен түрлі гүлдер көзге өз кереметтігін сыйға тартады. Аспаннан күннің көзі түскенде, жердің жүзі қуана қыбырлайды. Көлдер қойнын ашса, қаңқылдап оған құстар қонар.
Сергіту сәті : «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны.
Ойын шарты: Әр бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді айтып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б.
Қорытынды:
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.