Мектепке дейінгі ұйымдарда өткізілетін жаратылыс тану оқу қызметінің тақырыптық сабағы. Бұл сабақ тəрбиешілерге арналған көмек. Осы тақырыпты жазу арқылы сіздермен өз методикамды ұсынамын. Балабақшадағы ортаңғы топқа арналған сабақ. Тотықұстың табиғат бұрышындағы орнын анық түсіндіріп, қызықты жұмбақтармен балалардың қызығушылығын арттыра түсу.
№11 «Қызғалдақ» тобында ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық
24 наурыз 2017 жылы
картасы
Білім беру саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу қызметі:Жаратылыстану
Тақырыбы: «Табиғат бұрышындағы құстарды бақылау.Тотықұс»
Мақсаты: Балаларды жанды табиғат өкілдерімен таныстыруды жалғастыру.
Білімділік: Сөздік қорларын «құстың жүні, мамығы», «қанат» деген сөздермен
толықтыру.
Дамытушылық: Құстардың суреттерін көрсету арқылы зейіндерін және білуге
деген құштарлықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Жанды табиғат өкілдеріне деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Методикалық әдістәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрақ – жауап, мақтау,
мадақтау, қорытындылау.
Қолданылатын көрнекі құралдар: Тордағы тотықұс, оған арналған жем.
Үштілділік компонент: Тотықұс – попугайparrot қанаттар – крыльяwings
тұмсық – клювbeak табиғат бұрышы – уголок отдыха sitting area
Оқу ісәрекетінің
кезеңдері
Мотивациялық –
қозғаушылық
Тәрбиешінің ісәрекеті
Ұйымдастырушы
лықізденістік
Табиғат бұрышына жақындап
келіп, балаларға жұмбақ оқимын.
Айтамын бір жұмбақты сізге
нұсқап,
Басына бөрік киер, құндыз ұстап.
(Тотықұс)
Кәне, біздің табиғат
бұрышындағы тотықұс – Кешаға
назар аударайық.
Үштілділік компонент:
Тотықұс – попугайparrot
қанаттар – крыльяwings тұмсық
– клювbeak табиғат бұрышы –
уголок отдыха sitting area
Балалардан тотықұс туралы
білетіндерін сұрайды.
Балалардың жауаптарын тыңдап
болған соң, тотықұс туралы
ақпарат береді.
Тотықұс – құйрығы қысқа, түрлі
түсті құс. Ол Африка, Америка
және Австралияда тіршілік етеді.
Адамдар оны қолға үйретіп,
Балалардың
ісәрекеті
Балалар жұмбақтың
шешуі тотықұс екенін
табады. Назарларын
тотықұсқа аударады.
Жаңа сөздердің қазақша
және орысша атауларын
қайталайды.
Тотықұс туралы
білетіндерін айтады.
Айтқанды мұқият
тыңдайды.
Бірекі бала тордағы
тотықұсқа жем салады,
қалғандары оның қалай
қоректенгенін
бақылайды.
Қимылмен сергіту
жаттығуын орындайды.торда ұстайды. Сөйлейтін
тотықұстар да бар. Олар сенің
айтқаныңды қайталайды.
Тотықұстың қанаттарын,
тұмсығын, аяқтарын көрсетіп,
олардың атқаратын қызметімен
таныстырады. Мысалы,
қанаттары ұшу үшін, тұмсығы
қорегін шоқып жеу үшін, аяқтары
жүру және бұтаққа қонып отыру
үшін керек.
Кәне, тотықұсқа жем беріп, ол
жемді қалай шоқып жейтінін
көрейік.
Сергіту жаттығуы
Кәне, қанат жазайық,
Тоты болып ұшайық.
Ұшыпұшып алайық,
Қайта келіп қонайық.
Табиғат бұрышында қатты
сөйлеп, құстарды шошытып
алмау керектігін айтамын.
Сұрақжауап арқылы білімдерін
қорытындылаймын.
Бүгін табиғат бұрышында қандай
құспен таныстық?
Оның қандай дене мүшелері бар
екен?
Рефлексиялық
түзетушілік
Тотықұспен таныстық.
Оның басы, екі аяғы,
қанаттары, тұмсығы бар
(көрсетеді).
Тотықұстың суретін
бояйды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Тотықұстың дене мүшелерін көрсетіп атауға және оның суретін бояуға
арналған тапсырмаларды.
Игереді: Тотықұстың тіршілігі туралы мәліметтерді.
Меңгереді: Тордағы құстарды қалай қоректендіру керектігін іс жүзінде.
Тексерілді ____________ Балабақша әдіскері С.Е. Бопылова.
Жазған: Садуакасова К.А