Сахна сыртынан/баяу әуен ырғағымен/
Өткендерді еске алып кейбір шақта,
Болысар деп ойлайсың болашаққа.
Көз алдыңнан өтеді сан суреттер,
Жеткізбейтін қатарын санасақ та.
Кең даламның көгінің жұлдызы көп,
Қырды кезіп жұлдыздай жүр қызу леп.
Меруерт дән боп жайнайды олар жерде,
Күлімдейді жұлдыздай ұл-қызы боп.
Қанша ғасыр түнеріп аспан тұрды?! –
Көзім көрді зарлаған талай түнді.
Әке құл, ана күң боп, бала жетім,
Өксумен арман еткен жарық күнді.
І жүргізуші /Оңайбаев Айбек/:
- Армысыздар, көрермен қауым!
ІІ жүргізуші/Балғамбарова Жаңыл/:
- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, оқушылар!
АЙБЕК:
- Бүгінгі «Ерлік – ұрпаққа ұран, ұлтқа өнеге!» тарихи кешіміз соғыс ардагерлеріне, қан майдандағы әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір жанұяға, қайтып оралмаған қаһармандарды еске алуға, бізге бақытты өмір сыйлаған Ұлы Жеңістің 66 жылдық мерекесіне арналады.
ЖАҢЫЛ:
- Бүгінгі кеш – қиын-қыстау күндерде жалын жамылып, от кешкен, жүрегі жұртым деп соғып, тар кезеңде өзінің туған еліне пана бола білген жауынгерлер, ержүрек азаматтар, адал патриоттар туралы, олардың өлмес-өшпес қаһармандықтары туралы кеш
АЙБЕК:
- Бүгінгі кеш - осынау қуаныш үшін өмірлерін қиған боздақтарды еске алу күні! Бәріңізді 1 минутқа үнсіздік минутын жасауды өтінеміз.... Рахмет!
«Ант етем, Аяулым!». Оқитын Нажмадинов Жақсыгелді
ЖАҢЫЛ:
- 1941 жыл 22 маусым... Адамзат тарихында ұлы оқиға.Фашистік Германия Кеңестер Одағына тұтқиылдан шабуыл жасады. Олар ешкімді аяған жоқ, бәрін таптағысы келді. Сол жылдың күзінен қалмай дұшпандарымыз Кеңес Одағының астанасы Мәскеудің тас көшелерінде салтанат құрып, сайран салатынына күмән келтірмеді.
«Священная война» әуені жіберіледі, даусы баяндатылады.
АЙБЕК:
- Аттан! Деді,
Ол ертең аттанады.
Аттанады еңбектің ақ табаны.
Күрегінің орнына қару алып,
Жауынгердің рөлін атқарады.
ЖАҢЫЛ:
- Ол ертең аттанады,
Жарты Ай тұр шар аспанда – тозған таға,
Үскірік үрлей ме әлде қозғалта ма?!
Әжем жүр туған жердің топырағын
Тұмар ғып тігіп жатыр бөз қалтаға...
Сырбай Мәуленов «Қош бол, сәулем». Оқитын Ермеков Еркін / «Боль моя» әуені жіберіледі/
Баяндама «Екінші дүниежүзілік соғыс». Оқитын Сарыбаева Мәншүк
АЙБЕК:
- Елге қатер төнді. Бейбіт халық жаралы. Жараң қанша болса, кегің сонша өлшеусіз. Көп зұлымдық, сан қорлық ел ішіне тас шемендей қатып, жүрегін ыза кернеуде..Ерлер өз атақтары емес, жер бетіндегі өмір үшін күресті.
ЖАҢЫЛ:
- Жеңіс күніне жетер жол жеңіл болмады. Соғыстың әрбір күні қан мен өлім, қайғы мен мұңға толы болды. Жеңіс батырлардың жанқиярлық ерлігі...
Сырбай Мәуленов «Соғыс жайын сұра сен». Оқитын Тлектес Нұрсұлтан /«Землянка» әуені жіберіледі/
АЙБЕК:
- Жау жолын жауынгерлер жатты бағып,
Жөтелген зеңбіректер гүрсіл қағып.
Күркіреп самолеттің көкірегі,
Жөңкілген жалын шашып жерде танк.
ЖАҢЫЛ:
- Жауынгер жатыр тосып дұшпан жолын,
Ілгелі қарауылға қалың тобын.
Жүрегі жау түрінен сескенген жоқ,
Жауған оқ қалтыратпады оның қолын.
Джума ЖЖамгырчиев «Разведчики»». Оқитын Егошаева Гүлсінай
ЖАҢЫЛ:
- Соғыс жылдары майданның әр түрлі шебінде 800 мыңнан аса әйел азаматы болған екен. Адамзат тарихында мұндай оқиға болмаған. Сонымен 41 жылдары соғысқа аттанған аруларымыз қандай еді?
Сахнаға бірінен кейін бірі 3 қыз шығады . / «Темная ночь» әуені жіберіледі /
ҰЛБОЛСЫН:
- Майданға жету, қалайда жаумен бетпе-бет келіп, кек алу – біздің бар ой-арманымыз болатын. Әлі к.үнге жүрегімнің түпкірінде сақталып келген бір сырым бар. Ешкімге айтқан емеспін. Есіл-дертім ұшқыш болу еді. Біраз қиындықтардан кейін хабаровск маңындағы самолет механи ктерін дайындайтын курсты бітіріп, сонда қызмет еттім. Батысқа қанша сұрансам да жібермеді. Ауылға аз күнге демалысқа келіп, қайтар жолда бір қулық істегім келді. Құжаты жоқ адамды майданға алғы шепке бірден жібереді дегенді естігенмін. Новосібір қаласына жақындағанда құжаттарымды құрттым да, комендатураға келіп майданға жіберулерін сұрадым. Сол бюойымен Ленинград қаласынан бір-ақ шықтым. Өтірік айтып, алдағанымды бір адамға айтуға ұялдым. Бірақ бәрі сол майданға жетсем деген адал ниеттен шыққан еді.
...Мен «соғыс» деген сөзді жек көремін. Өйткені соғыстан тірі қайтсам да, ол менің өмірге деген құштарлығымды өзімен алып кетті. Әлі күнге дейін соғыстың сұмдық көріністері көз алдымнан кетпейді...
МАРАЛ:
- Мен о баста дәрігер болуға талпындым. Бірақ ол мақсатымды соғыс орындатпады. Өз тілегіммен майданға келдім. Штабта қағаз отырғанда не бітіремін. Небір жайсаң азаматтар жауды жайпап, қыршын кетіп жатқанда менің жаным солардан артық па? Бас сауғалауға арым бармайды... Тек кейде ауырып қаламын ба деп қорқамын. Өзімді-өзім өзгертіп, кейбір қатал командирлерге ұқсағым да келеді. Өзім басқаратын пулемет расчетында жақсы да, нашарлау да адамдар бар. Олардың бәріне бірдей жақсы көрінгім келмейді. Тәуір істерін мақтап, нашарларын жөнге салу командирлік міндетім ғой деп ойлаймын.
... Мені анам соғысқа шығарып салып, егіліп, кішкене түйіншек беріп тұрып : «бұл түйіншектің орауын қиналған сәтіңде ашарсың» деді. Сондағы анамның маған бергені туған жердің бір уыс топырағы екен..
МАРАЛ:
- Нағашыларым соғыста қаза болды. Бір кіндіктен бауырым екеуміз-ақ едік. Әскери комиссариатқа келгенімде, жасымның кішілігін айтып соғысқа алмады. Сосын жасымды үлкейтіп соғысқа іліктім. Кемерова қаласында ұшқыштар даярлайтын оқу орнында, әйелдер полкінің құрамында бір жыл арнайы әзірліктен өтіп, кіші маман болып шықтым. Кеңес Одағының Батыры, жаудың 67 самолетін атып түсірген эскадрилья командирі А.Сироткиннің зеңбірек оқтаушысы міндетін атқардым.
... Біз соғыстың от-жалынынан өттік, өліммен бетпе-бет кездестік, адамзат қасіретін, нелер сұмдықты көрдік, қорлық көріп әбден әлсіреген кеңес адамдарының неміс тұтқынынан босағанын көрдік, соғыстың алғашқы айында құлдыққа түскен қыз-жігіттердің үйлеріне қаусап қайтқанын көрдік, не көрмедік?! Бұл ендігәрі қайталанбауы тиіс!
Кәкімбек Салықов «Шығыстың қос шынары». Оқитын Ермағамбетов Серғали.
АЙБЕК:
- Біз үшін Жеңіс күнінен асқан мереке жоқ. Әрбір көктем бізді осынау ұмытылмас, әрі көптен күткен күнге – 1945 жылдың 9 мамырына қайта оралтады.Соғыста қираған қалалар мен ауылдар әлдеқашан қалпына келтірілген. Бірақ соғыс салған жара әлі жазылған жоқ...
ЖАҢЫЛ:
- 9 мамыр – сол бір қанды қырғыннан қайтпай қалған қыршын боздақтардың асқақ рухтарын аспандайтын күн. 9 мамыр – әділеттің әділетсіздікті жеңген күн.
Мұзафар Әлімбаев «Бек сендім». Оқитын Ахмет Оңдасын
«Жас жігіт». Оқитын Өтепберген Ақбибі / «Синий платочек» әуені жіберіледі/
АЙБЕК:
- 1941-1945 жылғы Ұлы Отан соғысына Қазақстан 1 миллион 366 мың адамын аттандарды. Статистика Жеңіс күніне олардың тек жартысының ғана аман жеткенін айтады. Қалғандары ұрыс даласында мәңгілікке көзін жұмды.
ЖАҢЫЛ:
- Соғыстан қайтқан солдаттар. Олар қан майданға аттанған мұңлы эшалонға отырғанда, өмірдің қызығын көріп үлгермеген бозбалалар еді. Тіпті, кейбірі бойжеткендерге сыр ақтарып, хат жазып та үлгерген жоқ.. Арудың жүзіне тіктеп қарай алмайтын сол балалар соғыс өртінде есейді. Жүз жылдық, мың жылдық ғұмыр кешкендей, көпті көрген көнекөздердей, жүректері тілім-тілім күйде әр қатарда бір селдір болып атамекенге оралды.
Сырбай Мәуленов «Соғыстан қайтқан солдаттар». Оқитын Қоңқаев Ерғали / «Боль моя» әуені жіберіледі/
АЙБЕК:
- Араға жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын бомбалардың жарылысы, танкілердің үні, тілгілеген оқтардың ысқырығы тарих қойнауында тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды...
ЖАҢЫЛ:
- Қайта оралғандары соғыстан кейінгі өмірдің қызығын, жан рақатын да шындап сезініп, тата алмады. Себебі жүрекке түскен жара, тәнге қадалған оқ табы әлі әлсін мазалайды. Сөйтіп, уақыт өткен сайын олардың қатары азайып барады. Енді, міне, қазір қарасақ саусақпен санарлықтай қалған олардың әрқайсысы бір-бір кітап жазуға тұрарлық лайықты жандар.
Нұржігіт Айтжанов «Борыштымыз». Оқитын Өмірғалиев Әнуар
АЙБЕК:/Өлең оқыла бастағанда қатысқан оқушылар сахнаға шыға бастайды//Жеңіс күні әуені/
- Бүгін Жеңіс! Бүгін той! Шаттан әлем!
Көңілімдей кіршіксіз аппақ әуем.
Жеңісімнің жемісін тойлап бүгін,
Жеңіс жырын шырқаймын ақтара мен.
ЖАҢЫЛ:
- Аналарға жұтқызып зар- қасірет,
Соқпай қалды сен үшін қанше жүрек.
Жеңіс! Жеңіс! Қымбатсың сондықтан да,
Сондықтан бейбіт күн – барша тілек.
АЙБЕК:
- Отқа оранған солдаттың арманында,
Шертілмеген шер болып қалмадың ба.
Жалғадың ба үзілген үміттерді,
ЖАҢЫЛ:
- Кемелденіп, кешеден бүгінге еніп,
Еңбекші елдің келесің үнінде нық.
Бейбіт өмір, бақытты биігінде
Тұрсың асқақ көгімде туым болып.
АЙБЕК:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Осымен «Жеңіске мың тағзым» атты тарихи кешіміз аяқталды. Зер салып тыңдағандарыңызға рақмет!
АЙБЕК - ЖАҢЫЛ:
- Келесі кездескенше сау - саламатта болыңыз.
Бек сендім,
Өлмей тірі қайтамын деп.
Бәрін кейін жыр ғып айтамын деп.
1. В.В.Лаврентьев «Великая Отечественная»
2. Ж.В.Таратута «Война.Народ.Победа»
3. М.Кеңбейілов «Ел мен ердің жеңісі»
4. А.Усенов. Панфиловцы
5. Л.А.Киршнер «Канун и начало войны»
6. И.Богатко «До последнего дыхания»
7. С.Красильник «Музы вели в бой»
8. С.Сейітов «Жеңіс жұлдызы»
9. Г.И.Нечунаев «Девушка из легенды»
10. Друзья – однополчане
11. А.Баужанова «Азалы кітап – Книга скорби»
12. П.С.Белан «Совет Одағының қазақстандық батырлары»
13. Р.Нұрғалиев «Боздақтар»
14. Б.Момышұлы «Біздің генерал»
15. Строки опаленные войной
16. Р.Қошқарбаев «Штурм»
17. Парторги военной поры
Бүгін тарих – жыр әсем
Қара шаштар қар шалған,
Соғыс жайын сұра сен,
Мың өлімді қарсы алған
Солдаттар мен маршалдан!
Жаңа негізі қаланған жас мемлекеттердің қай-қайсысының да алғашқы жасайтын маңызды ресми қадамдарының бірі – елдің туын, елтаңбасын, әнұранын сайлап алу. Өйткені, бұл рәміздер саяси тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендіктің бірегей белгілері болып саналады
Мемлекеттік рәміздер – белгілі бір елдің өзінші өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын,басқаларымен байланыс мұратын білдіретін белгі.
Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш рәміздерін жасау бүкілхалықтық сипат алып, көптің ісіне айналуы кездейсоқ емес.
Ешқашан естен шығаруға болмайтын бір ақиқат бар. Ол – мемлекеттік рәмздердің тек көркем, образ ғана емес, тәуелсіз мемлекет құру идеясының жаршысы екендігі. Олар осынау ізгі сезімді адамдардың жан дүниесіне сіңіріп, ақыл-ойына дарытуға қызмет етеді.
Мемлекеттік рәміздердің ресми хатталуының өз тарихы бар. Президент Н.Назарбаев 1992 жылғы 4 маусым күні «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы» тарихи заңдарға қол қойды.
6 маусым күні астанадағы Абай атындағы опера және драма театрының әсем ғимаратында тәуелсіз еліміздің тұңғыш мемлекеттік рәміздерінің тұсаукесер салтанаты өтіп, сол күні Президент сарайы мен Парламент үйінің төбесіне Ту көтерілді. Елтаңба орнықты, егемен ел аспанында әнұран әуені асқақтады. Алты ай өткен соң, 1992 жылы 11 желтоқсанда, Мемлкеттік әнұранның мәтіні бекітілді.
Мемлекеттік рәміздер туралы ресми шешімдерден кейін, 1996 жылдың 24 қаңтарындағы Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық күші бар «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы Жарлығында ретке келтіріп, нақтыланды. Жарлық бес тараудан, он төрт баптан тұрады. Жарлықта Мемлекеттік рәміздерді қолданудың ресми тәртібі де айқындалған.
2006 жылдың 6 қаңтарында ел Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының жобасы қаралды. Онда Үкіметтің ұсынысы бойынша Мемлекеттік әнұранның әуені мен мәтінін жаңарту көзделді.
Парламентке ұсынылған құжаттарда Ж.Нәжімеденов өлеңіне енгізілген өзгерістердің авторы көрсетілмеген еді. Бұл туралы талқылау басталар алдында қойылған сауалға Мәжіліс Төрағасы О.Мұхамеджанов жауап берді. Ол депутаттарды Елбасының Парламентке жолдаған хатымен таныстырды.
Онда: «Тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны осы жылдар ішінде барлық қазақстандықтардың жүрегінде жатталып қалды деу қиын. Еліміздің қай түпкіріне барсам да, кәрі де, жас та әнұрандық мәртебесі болмаса да, аса көрнекті композиторымыз Шәмші Қалдаяқов пен талантты ақынымыз Жұмекең Нәжімеденовтің сөзіне жазылған «Менің Қазақстанымды» әнұран есебінде шырқағанының талай рет куәсі болдым. Бұл мен ғана емес, қазақстандықтардың сан буыны әлдеқашан білетін шындық. Осы уақытқа дейін бейресми әнұран қызметін атқарып келген бұл әнге ресми мәртебе беретін күн жетті деп есептеймін. Мәтінді әнұран ретінде қабылдау үшін оған бірқатар өзгерістер енгізу керек.
Біріншіден,әнұранда ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күрескен бабалар ерлігі көрсетілуі тиіс.
Екіншіден, мәтінде сол ата-бабалардан қалған асыл мұрамыз-жеріміздің кең байтағы орын алуы керек.
Үшіншіден,елімізбен жеріміздің байлығы біздің ұрпақтарымыздың болашағына жол ашатыны да айқын көрініс тапқаны жөн. Ең бастысы,біздің тәуелсіздігіміздің алтын діңгегі - ел бірлігі баса көрсетілуі керек.
Осы талаптарға жауап беретін өзгерістер түскенде ғана «Менің Қазақстанымның» музыкалық редакциясын сақтай отырып,әнұран ретінде Қазақстан Республикасы Парламентіне ұсынуға болады. Елбасы есебінде ғана емес, Қазақстанның азаматы ретінде де мен осы әннің сөзіне жоғарыдағы талаптарға жауап беретін тиісті өзгерістер түсіріп, мәтіннің жаңа нұсқасын назарларыңызға ұсынып отырмын. Мен үшін биіктерге беттеген туған елімнің әлі талай буыны асқақтата шырқайтын Қазақстанның бүгінгі келбетіне сай әнұран қабылданса болғаны» делінген.
Жаңа әнұран елге бұрынан таныс «Менің Қазақстаным» әнінің негізінде дүниеге келді. Таңдап алынған жиырма жолдағы елу тоғыз сөздің жиырма бесі өзгеріске ұшырады. Жаңа әнұран баспасөзде жарияланған күнінен – 10 қаңтардан бастап күшіне енді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.