Тарихи кеш "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым"
Оценка 4.6

Тарихи кеш "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым"

Оценка 4.6
Культурные мероприятия +1
docx
воспитание
9 кл—11 кл +1
18.02.2020
Тарихи кеш "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым"
тәуелсіздік т-кеш.docx

Жаңаөзен  қызмет көрсету және жаңа технологиялар коледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәуелсіздік -  теңдесі жоқ байлығым

 

тарихи  кеш

 

 

 

 

 

Дайындаған: Жайбергенова Б.А.,
         кітапхана  меңгерушісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013/2014  оқу жылы

 

 

Тәуелсіздік -  теңдесі жоқ байлығым

Тарихи кеш

 

Слайд

1 жүргізуші – Амандық Ізтұрғанов

-          Озбырлық күшпен тұншығып,

Үміттің оты өшкен күн.

Жанына  таппай тыныштық

Боздақтар қыршын кеткен күн.

2 жүргізуші – Айсұлу

-          Қайғы езіп елдің еңсесін,

Жаншыды-ау жанын батпан мұң.

Енді қайтып келмесін,

Сол бір қарғыс атқан күн.

АМАНДЫҚ:

-          Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

АЙСҰЛУ:

-          Қайырлы күн құрметті көрермен қауым!

АМАНДЫҚ:

-          Бүгін Қазақстан халқының ұлы әрі үлкен мерекесі, қазағымның Егеменді ел атанып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, ұлттық мәдениетіміз, салт-дәстүріміз қайта оралып, өз алдымызға ел болып, Тәуелсіздік даңғылына аяқ басқанымызға 22 жыл толып отыр.

АЙСҰЛУ:

-          Тәуелсіздік  қасиетті ұғым. Ғасырлар бойы ата-бабмыз армандап, аңсап Тәуелсіздік үшін күрескен қазақ халқының тілегі орындалып, 1991 жыл 16 желтоқсан заңды түрде Тәуелсіздік күні болып тарихқа енді.

АМАНДЫҚ:

-          Бүгінгі күн - көпұлтты Қазақстан үшін ерекше қымбат күн. Өйткені – бұл «егемендік» Қазақстан халқына қан төгіспен, маңдай термен келген.

Сол қыршын ерте үзілген жастарымызға тағзым етіп «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты бүгінгі тарихи кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Мұхтар  Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық». Оқитын Атабаев Қайрат.

 

АЙСҰЛУ:

-          Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 16 желтоқсан оқиғасы.

1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан компартиялық орталық комитетінің Пленумы болды. Сол пленумда Дінмұхаммед Қонаев Қазақстан орталық комитетінің бірінші хатшысы міндетінен босатылып, орнына бұрынғы Ульянов облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеген Г.В.Колбиннің сайлануы қазақ халқының студент және жұмысшы жастарының наразылығын туғызып, олар бейбіт шеруге шыққан еді.

АМАНДЫҚ:

-          Қазақ жастарының бұл қарсылығын – ұлтшылдық, қазақтың нашақорлары, маскүнемдері деп көрсетті. Солдаттар қарусыз жастарымызды күректермен, таяқтармен ұрғылап, қақаған аязда суық су шашып, қорлағанын қазақ халқы ұмыта алар емес.

АЙСҰЛУ:

-          Бүгінгі ұлтымыздың сүйегіне таңба түсіретін әділетсіз шешім қабылданып, дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастарымыздың ар-намысы, адам құқығы аяққа тапталған  еді.

АМАНДЫҚ:

-          Ендеше, халқы үшін басын қатерге тіккен абзал аға-апаларымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.

 

/Желтоқсан көтерілісінен сурет слайды/

АЙСҰЛУ:

-          Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,

Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.

Отаның үшін махаббат керек, махаббат,

Отанын сүймеу – есерлік...

АМАНДЫҚ:

-          Түн. Кәдімгі милллиондаған түндердің бірі, бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі, бұл түн тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген, қазақ елінің азаттық көктемі үшін жастар алаңға жиналған түн...

АЙСҰЛУ:

-          Алматы.17 желтоқсан. Брежнев атындағы алаңға шықты. Қазақ жастарына сол кезде қозғау салған адамдық қадір-қасиет, ғасырлар бойы тұншыққан ұлттық намыс.

 

 

 

АМАНДЫҚ:

-          Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Жұртым менің не қиындық көрмеді?

Жылап тұрып Аналарым бұл жолда,

Сан перзентін қара жерге жерледі.

Бейнеролик «Желтоқсан желі»

АЙСҰЛУ:

-          Бар жоғы 10-15 минуттың ішінде қарулы жасақ алаңды тып-типыл етіп жіберді...

АМАНДЫҚ:

-          Дауылға желтоқсанның желі айналды,

Ашуға мінді Алаутау кәрі айбарлы.

Күтпеген іс ақыры не болды деп,

Күллі әлем Алматыға қарай қалды.

АЙСҰЛУ:

-          Кез емес жаугершілік «аттан» атты,

Алланың шеруі емес салтанатты.

Қытымыр қыстың басы сол бір айда,

Желтоқсан желі әлемді жалт қаратты!

АМАНДЫҚ:

-          Заң орындары 805 мың жастарды ұстады. Көпшілігін  тергеу үсітнде аяусыз ұрып соқты. 800 бозбала, бойжеткен комсомолдан, 270 студент оқудан босатылды. 1164 адамға жаза қолданылды. 99 адам сотталды. 2 адам ату жазасына кесілді. 83 адам 15 жыл бас бостандығынан айырылды.

 

Қайрат Рысқұлбеков «Өкініш». Оқитын Өтешов Қосбол.  /Сот залынан сурет./

АЙСҰЛУ:

-          1987 жылы 18 маусымда ең жоғары жазаға кесілгендердің бірі Алматы архитектура институтының 1 курс студенті Қайрат Рысқұлбеков еді.

 

Қайрат Рысқұлбековтің  түрмеден хаты. Оқитын Оңғаев Ерболат.

АМАНДЫҚ:

-          Кейін ол ССРО жоғарғы Советі Президиумының 1988 жылғы 28 сәуірдегі Указымен 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Үкім қайта оралғаннан кейін, Семейдегі СС 161/1 мекемесінің  №21 камерасында өлі күйінде табылды.

Бауыржан Үсенов «Қайратқа арнау». Оқитын Өсеров Жеңісбек.

АЙСҰЛУ:

-          Сол кезде қорланған, зорланған, соққыға жығылған ұл –қызы халқының ар-намысы үшін қаза болды. Халқының тәуелсіздігін көре алмай қыршын кеткен, желтоқсан батырлары  Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанов, Жансая Сәбитовалар бар еді.

АМАНДЫҚ:

-          Ләззат Асанова Чайковский атындағы музыка училищесінің екінші курс студенті еді. Желтоқсан көтерілісінен бір күннен соң Ләззат қолға түскен, үш күннен кейін «қорланған-зорлағанын айтып қоймасын» деген қара ниетпен тергеушілер Ләззатты ұрлықшы етіп көрсетпек болып сөмкесіне иіссу салып қойған. Кейін Ләззатты  жатақхана төбесінен  секіріп өлді деп жалған ақпарат таратып жіберді.

АЙСҰЛУ:

-          Қақтығыс барысында Ербол Сыпатаевтың басына Алматының барлық зауыттарында темірден  дайындалған, басына жұдырықтай бұрандалар орнатылған қолшақпар тиіп, қарақұсын опырып жіберген. Ербол осы соққыдан кейін ес жия алмай қаза болды.

АМАНДЫҚ:

-          Сәбира Мұхамеджанова Өскеменде педучилищенің 2 курс студенті болған .Алматыда болып жатқан жағдайды естіп, педучилищенің бір топ студенті Алматыдағы жастарды қолдау ретінде сабаққа бармай қойған. Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Ішкі істер басқармасының жігіттері педучилищеге барып, 15-16 жастарды жауапқа тартқан.

АЙСҰЛУ:

-          «Осының бәрін ұйымдастырған сенсің» деп Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің Үлгі аудандық департаментінің қызметкері Шушников бар жоғы 16 жастағы Сәбира Мұхамеджанованы бір тәулік бойы тергеген. Училище директоры Шушниковқа өтініш жасап, жас қызды бұлайша қорлауға болмайтынын айтқан екен. Бірақ ол директорды тыңдамаған. Бұл қорлыққа шыдай алмаған өрімдей жас қыз жатақханасына барып, жоғарғы қабаттан секіріп кеткен.

АМАНДЫҚ:

-          Боралдайда Батыс мазары бар.Ұзыннан-ұзын траншея бар. Адамдардың өліктері көмілген. Ол 1986 жылдың желтоқсан айында қазылған екен. Кейін бұл жерде Желтоқсан құрбандары көмілгені туралы мәлімет айқындалды.

1987 жылы Қазақ Ұлттық Университеті ауласында 40-астан қыздардың мәйіті табылды.

АЙСҰЛУ:

-          Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен Қайрат Рысқұлбековке 1996 жылы желтоқсанның 9-ында «Халық қаһарманы» атағын беру және Алтын жұлдыз тапсыру туралы қол қойды. Бұл барлық желтоқсанға қатысушыларға деген ерекше құрмет еді.

АМАНДЫҚ:

-          Маған бүгін керек емес ертегі,

Ертегіні өз басым да шертеді.

Тарих керек – ірге тасы халықтың,

Ірге тассыз қаланбайды ертеңі.

 

Бекболат Тлеухан «Қазақстаным». Бейнеролик.

АЙСҰЛУ:

-          «Кім бүгінгісін таныса – өткеніне де ие, өткенің білген келешегіне де қожа», деген халық даналығы. Осы сөздерге сүйене отырып, біз, жастар егемен елдің болашағы, келешегіміздің қожасы. Сондықтан да осы елді тек 22 жылдықпен шектеп қоймай ары қарай ғасырдан ғасырға дамыту біздің қолымызда.

АМАНДЫҚ:

-               Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Әрбір халық үшін ең басты байлық – Отан және оның тәуелсіздігі. Демек, осы екі құндылықты беріле сүйіп, барынша қастерлеу де парыз.. – деген

АЙСҰЛУ:

-          Тәуелсіз деген сөздің өзі асыл армандардың орындалғанын көрсетеді. Біз Қазақстан Республикасы деп жарияландық.Еліміз түбегейлі өзгерістерге толды. Өз ұлттық нақышымызда Рәмізіміз жасалды, заңымыз бекітілді, елордамыз астана болды, билігіміз өзгерді, мемлекеттік валютамыз – теңге айналымға енді.

АМАНДЫҚ:

-          Сіздерді тағы да тәуелсіздігіміздің мерекесімен құттықтай отырып, мемлекетімізге жарқын болашақ,ұрпағымызға саулық тілейміз.

АСҰЛУ:

-          Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.


 

-         

Тарихи кеш "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым"

Тарихи кеш "Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым"

Тарихи кеш Слайд 1 жүргізуші –

Тарихи кеш Слайд 1 жүргізуші –

АЙСҰЛУ: - Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 16 желтоқсан оқиғасы

АЙСҰЛУ: - Тарихымызда ерекше орны бар, бәріміз куәсі болған халқымыздың қасіреті мен ар-намысына, сонымен бірге мақтанышына айналған оқиға – 16 желтоқсан оқиғасы

АМАНДЫҚ: - Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

АМАНДЫҚ: - Тәуелсіздік бізге оңай келмеді,

Сол кезде қ орлан ғ а н, зорланған, соққыға жығылған ұл –қызы халқының ар-намысы үшін қаза болды

Сол кезде қ орлан ғ а н, зорланған, соққыға жығылған ұл –қызы халқының ар-намысы үшін қаза болды

АМАНДЫҚ: - Маған бүгін керек емес ертегі,

АМАНДЫҚ: - Маған бүгін керек емес ертегі,
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2020