Сабақтың тақырыбы: Театр
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір-біріне деген сүйіспеншілікке баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорын байытып, өмірлік жағдаяттарда қолдануды дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: оқулық, сөздік, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі;
- оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды;
- жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;
Театр
Театр – өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендердің алдында актерлар күшімен бейнелейтін көркемөнердің бір түрі. Театрдың тарихи жағынан қалыптасу, даму, өсіп-өркендеу жолы әрбір ұлттың, әр халықтың өмір, тұрмысымен, олардың жалпы тарихымен және орнықты мәдениетімен тығыз байланысты.
Театр – халыққа саяси және эстетикалық жағынан тәрбие берудің, адамгершілік пен ізгілікке баулудың аса маңызды құралы. 1926 жылы қазақ драма театрының ұйымдасып, ашылуы елдің мәдени өмірінде аса зор оқиға болды. Қазақ театр өнерінің алғашқы қалыптасып, даму кезеңінде қойылған М. Әуезовтің «Еңлік - Кебек», «Қаракөз», Б. Майлиннің «Неке қияр», т.б. спектакльдері ерекше орын алды.
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.
а) Театр өнерінің алғаш есігін ашқан спектакльді атаңдар.
ә) Алғашқы спектакль қай жылы қойылды?
б) Театр өнері жас ұрпақтарды неге тәрбиелейді?
в) Сіздің қалаңызда қандай театрлар бар?
г) Қандай театрда болғанды ұнатасыңдар?
2-тапсырма. Берілген сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
Өмір көріністері, жалпы тарихы, тығыз байланысты, зор оқиға, даму кезеңі.
3- тапсырма. Өмір, тәрбие сөзің тәуелдеңдер
театрдаWord.docx
Сынып: 3б
Сабақтың тақырыбы: Театрда
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын
қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі
түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бірбіріне деген
сүйіспеншілікке баулу.
Дамытушылық: Сөздік қорын байытып, өмірлік жағдаяттарда
қолдануды дамыту.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі;
оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды;
жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;
IV. Сөздікпен жұмыс:
Сахна – сцена әртіс – артист
Көрермен – зритель қойылым – спектакль
өнер – искусство ғимарат – здание
Театрда
1. Мәтінді түсініп оқы.
Театрда
Айнұр анасымен театрға барды. Театр Абай көшесінде орналасқан. Бұл
үлкен, биік ғимарат. Театрдың іші кең, жарық. Адамдар көп. Міне қойылым да басталды. Айнұр қойылымды ықыласпен тыңдады. Оған қойылым өте
ұнады.
2. Жақша ішіндегі сөздердің тиістісін қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
1. Мен театрға ... (барамын, ойнаймын). 2. Кинотеатрда ... (қойылым,
мультфильм) көрсетеді. 3. Қойылымда ... (әртістер, көрермендер) ойнайды.
4. Біз кассадан ... (ақша, билет) алдық. 5. Шәкен Айманов белгілі ...
(суретші, режиссер).
3. Сөйлесу.
Кешіріңіз, М. Әуезов атындағы театр қай жерде орналасқан?
Ол Абай даңғылында орналасқан.
Оған қалай баруға болады?
Сіз қазір №6 троллейбусқа отырыңыз. Бес аялдамадан соң шығыңыз.
Көп рахмет. Сау болыңыз.
Сау болыңыз.
Павлодарда қазақ драма театры бар ма?
Ол қалай аталады?
Қай жерде орналасқан?
Оған немен баруға болады?
1. Сөздерді буынға бөліп оқы.
Мұражай, өнер, мәдениет, театр, сахна, көрермен, әртіс, әнші, биші, көңілді,
өнерпаз, қойылым, домбыра, ғимарат.
V. Сабақты қорытындылау
VІ. Сабақты бекіту. 1. Театр қандай тәрбие береді?
VIІ. Бағалау.
VIІІ. Үйге тапсырма: әңгімелеу, жаңа сөздермен сөйлем құраңдар.
Тексерілді _________________________
Театрда
Театрда
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.