Теңгені тану ҚМЖ Габдешова

  • doc
  • 25.04.2020
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Иконка файла материала Теңгені тану ҚМЖ Габдешова.doc

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4A бөлім: Ақшаны пайдалану

Мектеп :

Күні: 07.04.16

Мұғалімнің аты-жөні :

Сынып: 1 А

  Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Баға

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасы

на сілтемеу)

1.4.1.12 «Баға», «мөлшер» ұғымдары туралы түсінігі болу;

1.1.2.11 1 тг,  2 тг, 5 тг,10 тг, 20 тг теңгелік   монеталарды тану, белгілі бір соманы монеталармен  төлеу және айыра білу;

1.4.1.13 Артық, кем, тең, сонша, бірнеше бірлікке артық/кем, ұзын, қысқа, ауыр, жеңіл, қымбат, арзан ұғымдарын қолдану

 

Сабақ мақсаттары

Монеталар (теңге) және олардың құндылық номиналдары туралы біледі.Бір-бірінен  ажыратады,  ақшаны пайдаланып, есептер құрастыра алады. Өз  бетінше  шешім  қабылдап,  қорытынды  шығарады.

Жетістік критерилері

 

Барлық оқушылар білу керек:

            Монета (теңге)  номиналдарды таниды, атайды, тауардың ақшасын төлеуде теңгелерді дұрыс пайдаланады

Көпшілігі:

            Белгілі бір соманы теңгелерді пайдаланып, төлем жасай алады.

Кейбір оқушылар:

             Өз  бетінше қорытынды  шығарып, ой-пікірін білдіре  отырып, төлем жасап, артық ақшасынан қайтарым қайтара алады

           

Тілдік мақсат

            Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Тиындар, ақша құны, баға,теңге, жалпы сан, қалдық ақша, қайтарым.

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

• … теңгеге не сатып алар едің?

• Сенде осы теңгелер болса, сен не сатып  алар едің?

• Бұл зат қанша тұрады?

• Төлеу  үшін қандай монетаны пайдаланасың?

 Ақша (монета)    артылып қала ма?  Қандай монетамен     төлейсің/ қайтарым  аласың ба?

Ақша-деньги-money, монета-монета - coin

Сөздік қор

Теңге, ақша, баға,құн.

Құндылықтарды

дарыту

Құрмет,еңбек және шығармашылық.

Пәнаралық  байланыстар

Дүниетану, ана тілі

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңгені тану. Ақша туралы  сен не білесің? тақырыбы қарастырылған.

Сабақ барысы

 

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет 

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

2 минут

 

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:      

 Қайырлы таң досым

Қайырлы күн болсын

Бүгінгі күн біз үшін

Сәттілікке толсын

2).Балалардың көңіл -күйлерін сұрау.    «Бас бармақ» әдісі                                                                                 

  Көңілсіз                         Көңілді

Интерактивті  тақтада  жазылған  өлең  жолдары.

Сабақ ортасы 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

7 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12  минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

(Т) Жұмбақ  жасыру  арқылы  сабақтың  тақырыбын  ашу

-Балалар жұмбақты  оқып,  топ  ішінде талқылаңдар  да  жауабын  айтыңдар.

Қалталардың  түбінде

Сылдыр-сылдыр  етеді.

Адамдарға  мәңгілік

Адал  қызмет  етеді.

/топтардың  ойларын  тыңдау/

-Балалар,  бүгінгі  сабағымыздың  тақырыбы «Баға ».

-Сабақтың  мақсаты: Монеталарды танып және айыра білу, заттардың бағасына сай ақшамен төлем жасай білу.

 

-Қалай  ойлайсыңдар, бүгінгі  сабақта  не  үйренеміз,  не  білеміз?

/оқушылардың  жауаптарын  тыңдау/

Монетаны (Теңгелерді)  ажырата  аламыз;

Заттарға   төлем  жасай аламыз.

Үш тілде айтып көрейік.

Ақша-деньги-money, монета-монета - coin

(Ұ) Топ аттарын таныстыру

Сабағымызды бастамас бұрын әр ауылдың аты болатыны сияқты әр топқа ат қойып алайық.

1- топ :             Ақша 

2- топ :                 Монета

3-топ :              Әмиян

4-топ:                Баға  

Монета туралы білімімізді пысықтап көрейік.

(Т)  «Математикалық  домино»  ойыны

Оқушылардың монета туралы білімдерін қайталау мақсатында  кестеде  жазылған   сұрақтарға  оқушылар  жауаптарын  іздеп,  тиісті  сұрақтың  үстіне  жауабын  жабыстырады.

Өзара тексеру  және  бағалау

Мұғалім  тақтада  дұрыс  жауаптарды  шығарып  көрсетеді.Топтар  орындарын  ауыстырып,  бір-бірінің  домино  парақтарын  тексеріп, мөр таңбасы   арқылы  бағалайды.

-Балалар,  қандай  жауаптар  артық  қалды?

/артық  жауаптар  талқыланады/

(Ж) «Дәмхана »  ойыны

Сыныпта  жұппен жұмыс жасайды. Тақтада  ілінген  суреттердің  арасынан  тағамдарды  таңдап  алып, құнын есептеп монетамен  төлем түрін көрсетеді.

 -Балалар,  біз  сендермен  қандай  бөлімді  оқуды  бастадық? Ендеше,  мен  сендерге  «Дәмхана »  ойынын  ойнауды  ұсынамын.

/мұғалім  ойын  ойнаудың  шартын  түсіндіреді/

Алдарыңда ас мәзірі бар соған қарай отырып таңдауларың бойынша жұбыңмен бірігіп екі тағам түрін

таңдап аласыңдар.Алған тағамның ақысын монетамен төлеп көрсетесіңдер.

Сергіту сәті: «Мозайка құрастыру» http://www.artfrank.ru/uploads/2/for_home/puzzle_piloow/puzzle0.jpg

-Мозайканы білеміз бе , оқушылар?

-Оны қалай пайдаланады?

- Дұрыс. Енді алдарыңда  мозайкалар жатыр.Осы мозайканы дұрыс құрастырып шықсаңдар келесі бетінен сурет шығады. Ол суреттің не екенін білгілерің келе ме?Олай болса мозайка құрастырып ойнап көрейік.

-Суреттен не шықты? ( Монеталар)

(Ө)Оқулықтағы  тапсырманы өз бетімен жеке жұмыс түрінде беру Өз бетімен жұмыс  практикалық  түрде орындалады.

 

 

 

Сабақтың соңы

5 минут

Бекіту сұрақтары:

- Теңге дегеніміз не?
- Теңге монетасында не бейнеленген?
- Әр ұлттың  ақшасы қалай аталады?

Рефлексия:

-Балалар, әр  топтың алдында  түрлі  іс-әрекеттегі смайликтер  бар.Әр  топ  бүгінгі  іс-әрекеттеріне байланысты  смайликті  таңдап  алсын  және вагонға отырғызып , өз  таңдауын  түсіндірсін.

hello_html_mdd0bb92.png  hello_html_m435a37cc.png 

http://www.playing-field.ru/img/2015/052104/2535240

 

-Кім критерийлерге  жетті?

-Қандай  қиындықтар болды?

-Қандай  тапсырма қызықты  болды?

Сабақтың басында  жазылған критерийлер    мен маркерлер

 

Түрлі  іс-әрекеттегі  смайликтер

 

 

 

 

 

 

Өз-өзін  бағалау  парағы  мен  стикерлер

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз?

Оқушылардың  монета  теңгелерді  ажырата  алуы мен  есептеуде  қолдана  алу  қабілеттерін  бағалаймын. Номиналы  әр түрлі  монеталармен төлем жасаудың  2-3  әдісін көрсете  алуын  бағалаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Қабылдау деңгейі  жоғары оқушыларға теңгемен  байланысты  өрнектерді  шығаруды  тапсырамын.

Денсаулық сақтау технологиялар

 Қауіпсіздік техникасының ережелерімен таныстыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

 

 

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 


Скачано с www.znanio.ru