ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Оценка 4.7

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

Оценка 4.7
Лекции
doc
воспитательная работа
Детсад
21.11.2018
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Публикация является частью публикации:
тема 24 Сүйікті ойыншығым.doc

Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы

 

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Сурет салу

Тақырыбы: Cүйікті ойыншығым.

Мақсаты: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, белгілі бір бейне жасауда түстердің үйлесімділігін және заттардың суретін салуда ұсақ бөлшектері ғана емес, олардың сипаты мен сапасына сәйкес ерекшеліктерін бере білуге жаттықтыру, өз таңдауымен сурет салуға тапсырама беру. Ойыншықтарды күтіп ұстауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: бірнеше (жұмсақ және резинкадан, т.б. жасалған) ойыншықтар. Ойыншықтардың суреті.

Қажетті құрал-жабдықтар: сурет дәптері, бояулар, су, сүлгі, қылқалам, үнтаспа, бояу әуенді күйтабақ.

Сөздік жұмыс: айдар, жұмсақ.

 

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғалушылық

 

Педагог М.Әлімбаевтың «Ойыншықтар» өлеңін оқиды.

Біздерде бар құыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ,

Ойыншықтар тыңдайды,

Ақыл айтсаң, бұйырсаң.

 

Балалар өлең мазмұнын қимылмен көрсетеді.

 

Ұйымдастырушылық - әдістемелік

Педагог ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы  білетіндерін балалардың естеріне түсіреді, неден жасалғаны т.б. туралы толық жауап алады, балаларға сөз беріп, мұқият тыңдайды.

«Ойыншықты деп!» дидактиқалық ойынын ойнатады.

Ойын мақсаты: Ойыншықты атау және кеңістікте бағдарлап табу.

Сергіту сәті:

Алтын айдарлы әтеш ояныпты,

Тым ерте тұрыпты.

Ойқастап жүріпті,

Жан-жаққа қарапты,

Айдарын тарапты.

«Қо-қо-қо» деп қорада,

Ән салыпты жаңа да.

-Олай болса, бүгін біз өзіміздің қалауымызша ең жақсы көретін, сүйікті ойыншығымыздың суретін саламыз.

Ойыншықтар жасалуына қарай бірнеше түрге бөлінеді: жұмсақ, резинадан немесе пластмассадан т.б.. жасалған болуы мүмкін.

Педагог оңай саланатын ойыншықтардың үлгісін көрсетіп, талдау жасайды.

Суретті салмас бұрын педагог балалардың көздерін жұмғызып, өздерінің ең сүйікті ойыншықтарын елестеткізеді.

Дәптерге пішігінге көңіл бөлулерін сұрап, бір бейнені таңдатады. Ең маңыздысы, қағаз бетін тұтас пайдалана білулеріне, сондай ақ үлкен заттарды қағазды композиция жасап, орналастыра білуіне аса назар аударады.

Ашық түсті көнілді бояулар таңдату арқылы балалардың көңілді бояулар таңдату арқылы балардың көніл күйін көтеруді көздеп жұмыс істейді.

 

Ойыншықтар туралы әңгімелейді.

 

 

 

Тығылған ойыншықты тауып, атын, түсін пішінін атап айтады. Сол ойыншыққа өз тілектерін айтады. Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.

 

 

 

 

 

Балалардың өз бетінше жұмыстары. Салған ойыншықтары бөліктерін қылқаламды тік бағытта ұстап анық жүргізіп, қалаған бейнеге келтіреді, оңнан солға қарай немесе жоғардан төмен қарайғы бағытта бояйды.

Рефлекциялық-түзетушілік

Педагог балаларды мақтайды және мадақтайды. Өздері салған суреттер жайлы өз ойларын айтқызады.

 

 

Ойыншық туралы өздері білетін өлең не тақпақ айтып береді.

 

Күтілетін нәтиже:

біледі: белгілі бір бейне жасау кезіндегі түстердің үйлесімділігін.

игереді: бастаған істерін аяғына дейін жеткізе білуді.

менгереді: қылқаламды дұрыс пайдалана отырып өз ойларынан сурет салуға дағдыланады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Білім беру саласы: Шығармашылық

Білім беру саласы: Шығармашылық

Педагог ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы білетіндерін балалардың естеріне түсіреді, неден жасалғаны т

Педагог ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы әңгіме жүргізеді, ойыншықтар туралы білетіндерін балалардың естеріне түсіреді, неден жасалғаны т

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ

ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ КАРТЫ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
21.11.2018