Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги
Оценка 4.6

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
окружающий мир
7 кл
18.08.2018
Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги
Тәрбие сабағы: Елбасы ел тірегі.Бұл тәрбие сабағы Бұл материал еліміздің басшысы, елбасына арналған. Әрбір оқушы өзіміздің елдің тарихын, елбасының өмір жолы тарихын білу керек. Бұл тәрбие сабағы маериалы оқушыларға елбасы туралы мәліметтер береді. Балалар сабақта елбас өмірі, еңбек жолымен танысып, үйренеді.Елбасы ел тірегі
Елбасы ел тірегі.docx
Бекітемін:   Сынып сағаты. Тақырыбы:  «Елбасы­ел тірегі» Күні:  30.11. Сабақтың  мақсаты: Міндеттері: Сыныбы:  7  Қатысқандар саны:  Мектеп:  № 17 Мұғалімнің аты­жөні:  Білімділігі­оқушыларғаҚазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев  туралы жан –жақты түсінік  қалыптастыру, елбасының қоғамға және  мемелекетке  сіңірген еңбегі экономика мен  саясатағы реформаларына талдау жасау арқылы   білімдерін толықтыру.          ҚР­тұнғыш президент  күні туралы мерекенің мәнін түсіндіру. Дамытушылығы:жеке тұлғаның зияткерлік  дамуын  өз бетінше іздену, оқу арқылы    қалыптастыру, жеке тұлғаның зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. Тәрбиелік:­елбасының халқына сіңірген  еңбегін,ерлігін,жүргізген саясатын үлгі  ету,оқушылар бойына демократиялық   құндылықтарды сіңіріп тәрбиелеу. Сабақтың барысы: Ұйымдасты ру кезеңі: Сабақтың  басы:  Ой толғау.  Сабақтың  ортасы: Өмірбаяны Оқушылармен амандасу Мұғалімнің кіріспе сөзі:  ­Құрметті оқушылар алда кандай мереке келе жатқанын  білесіздерме? ­Н.Ә.Назарбаев туралы небілесіздер? ­Елбасымыздың өмірбаянын немесе шыңармаларын  білесіздер ме? Мұғалім:   Отбасы және балалық шағы  Қарасай ауданына қарасты Шамалған  Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы  облысының   ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге  келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының  баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан  Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке­ шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.Сәбиге ат таңдаудың өзі  жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын­ Суреттері,  китаптары  туралы  бейнебаян,  т.б. туыс түрлі есімдерді тұс­тұстан айтып жатты. Ең  ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай  ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді  алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын».Әлемдегі  барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат  болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Әкесі – Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай  бидің шаңырағында өмірге келді.Әбіш Назарбаев көңілді,  қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс  және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ  және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын  зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін.  Әбіш  Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды. Анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай  ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге  келді.Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген  Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен  суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім  жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді  құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық  дәстүрлерге, ән­жырларға, салт­ғұрыптарға  құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы  қайтыс болды. Жасөспірім шағы Нұрсұлтан тек өз сыныбындағы ғана  емес, мектептегі ең үздік оқушының бірі болды, сабақты  зор ынта­ықыласпен оқыды. Ол өзінің аса құштарлығын  білетін ағайын­туыстары әкеп берген кітаптардың бәрін  оқып шығуға жан­тәнімен кірісті.  Жас кезінде Іле  Алатауының баурайында жазғы демалыс күндерінде  әкесіне көмектесіп жүргенде тұңғиық жұлдызды аспан  астында жанған алау маңына түнеген романтикалық  сәттері де болды. Әке­шешесі осы өлкеде ежелгі заманда  өмір сүрген бабалардың берік түп­тамырынан сыр  шертетін салиқалы әңгімелер айтып, жан­дүниені  тербейтін әндер шырқайтын. Кез келген қазақ білмеуі ұят саналатын жеті ата туралы айтылатын. Ұрпақтан  ұрпаққа жалғасып, қазақтың өткені мен болашағын  жалғап келе жатқан халықтың осы бір ауыр, бірақ  үйлесімді тіршілігінің мәңгі және аса мәнді екенін  сезінетін.Ол, әсіресе, ежелгі аңыздар мен бабалардың  наным­сенімдері туралы үлкендер айтатын әңгімелерді  ықыласпен тыңдайтын. Қызмет  жолы 1960 жылы Днепродзержинск техникалық училищесін,  1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатына  қарасты жоғары техникалық оқу орынын, 1976  жылы Кеңес Одағы коммунистік партиясы Орталық  комитетіне қарасты Жоғары партия мектебін бітірген. Еңбек жолын 1960 жылы Теміртау қаласындағы  Қарағанды металлургия комбинатында қатардағы  жұмысшы болып бастап, домна пешінің аға  газдаушылығына дейінгі жолдан өтті.           1960—69 жж. — Қарағанды металлургия  зауытында жұмыс істеді. 1969—73 жж. — Қарағанды облысы Теміртау  қаласындағы партия­комсомол жұмыстарында  жауапты қызметтер атқарды. 1973—77 жж. — Қарметкомбинаттың партком  хатшысы. 1977—79 жж. — Қарағанды облыстық партия  комитетiнiң хатшысы, 2­ші хатшысы. 1979—84 жж. — Қазақстан КП Орталық  Комитетінің хатшысы. 1984—89 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң  төрағасы. 1989—91 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi  хатшысы, 1990 ж. ақпан—сәуір аралығында Қазақ КСР  Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды. 1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті. 1991 ж. желтоқсанның 1­інде тұңғыш  рет Қазақстан Республикасы  Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым  дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті. Ғылыми  еңбектері Кітаптары      1995 ж. сәуірдің 29­ында жалпыхалықтық  референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы  ПрезидентіН.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін  ұзартылды. 1999 ж. қаңтардың 10­ында өткен  жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н.  Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан  Республикасы Президенті болып қайта сайланды. 2005 ж. желтоқсанның 4­інде сайлаушылардың  91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының  Президентіболып қайта сайланды.[1] 2011 ж. сәуірдің 3­інде сайлаушылардың 95,5 %  дауысын алып, Қазақстан Республикасының  Президенті болып қайта сайланды.[2] 2015 ж. сәуірдің 26­ында сайлаушылардың 97,7 %  дауысын алып, Қазақстан Республикасының  Президенті болып қайта сайланды.[3] Н.Назарбаев бірқатар ғылыми еңбектердің және  әлеуметтік­экономикалық даму мәселелері мен  қоғамдық­саяси тақырып бойынша кітаптардың авторы:        «Важнейшее условие интенсификации» (А., 1983), «Стальной профиль Казахстана» (А., 1984), «Экономика Казахстана: реальность и перспектива  становления» (А., 1988), «Без правых и левых» (М., 1991), «Стратегия  развития Казахстана как суверенного государства» (А.,  1992), «Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку»  (М., 1992), «Идейная консолидация общества как условие  прогресса Казахстана» (А., 1993), «Нарық және әлеуметтік­экономикалық даму» (А.,  1994),            «Ғасырлар тоғысында» (А., 1996), «Евразийский союз: идеи, практика, перспективы»  (М., 1997), «Тарих толқынында» (А., 1997), «О времени, о судьбах, о себе...» (Лондон, 1997), «Стратегия трансформации общества и  возрождение евразийской цивилизации» (М., 2002), «Бейбітшілік кіндігі» (А., 2002), «Сындарлы он жыл» (А., 2002), «Еуразия жүрегінде» (А., 2005). «Қазақстан жолы» (А., 2012). «Тәуелсіздік белестері» (А., 2012). «Ғаламдық қоғамдастықты түбегейлі жаңарту  стратегиясы және өркениеттер серіктестігі» (А.,  2012). Қорытынд ы: Міне  оқушылар біздің Елбасымыз туралы көптеген  мағлұматтар алдыңыздар деп ойлаймын. Балалар  болашақ сіздердің қолдарыңызда. Болашақ президент  мына сіздердің ішіңізде де отыруы  мүмкін Сондықтанда  сіздер сабақтарыңды жақсы оқып білімді болуға,  тәртіпті тәрбиелі болуыңыз керек.  Сөз соңында  өз  тұжырымда рын шығару № 17 орта мектеп Тақырыбы: Елбасы­ ел тірегі Сыныбы: 7 «Б» С/ж: Ишанбаева З.С. 2017/2018 оқу жылы

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги

Тэрбие сабак: Елбасы ел тиреги
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.08.2018