Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"
Оценка 5

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Оценка 5
Работа с родителями
docx
родителям
Детсад
10.02.2017
Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"
Ата-аналарға 14 сұрақ, сұрақтар бала тәрбиесінің ең түйткіл тұстарын қамтиды. Жағдаяттық сұрақтар, әсіресе жас ата-аналарға ойлануға жағдай туғызады. Жауаптары а, ә, б, в, г болып бес топқа бөлінеді. Осы бес жауап арқылы да ата-аналардың балаларымен қандай қарым қатынаста екенін білуге болатынына көз жеткіздік.психологиядан тест
сіз қандай ата-анасыз.docx
Сіз қандай анасыз?  Тест сұрағына жылдам, бірінші ойыңызға келген жауапты беріңіз (ТЕСТ) 1. Сіз бөбегіңізді мақтан тұтасыз.  қай мақтау сөз сіздің  жаныңызға жақын?  Балаңыз   қазірдің   өзінде   жеке   тұлға,   өзіне   не   керек   екенін 1. Балаңыздың достары көп, ол туғаннан лидер. А 2. анық біледі. Ә 3. Балаңыз өте дарынды, тамаша қабілеті бар. Б 4. Өз қатарластарынан гөрі сіздің балаңыздың сөздік қоры молырақ. В 2. Әжесі   балаңызға   (4   жасар)   киім   сыйламақшы.   Сіз   қайсысына қаттырақ қуанар едіңіз? 1. Резеңке тағылған джинсы. В 2. Жылтырақ сызықтары бар күрте. Ә 3. Әжесі өзі жүннен тоқыған ашық түсті мойынорауыш. Б 4. Қызыл комбинезон. А 3. Мәселен,   сіз   танымал   балалар   жазушысы   болсаңыз,   қай кітаптарыңызды ел таласып сатып алар еді? 1. «Тоғанда   не     мекендейді?»   Өзендер   мен   саздардың мекендеушілері туралы суретті басылым. Б 2. «Әліппе». Мұнда әрбір әріп жөнінде көңілді тақпақ жазылған. В 3. «Айдана     балабақшаға   барады».   Қиындықтарды   жеңіп,   жаңа достар тапқан бала туралы. А 4. «Сәуле   және оның мысығы» Кішкентай қыз мысығын жоғалтып алып,   қайғырып   жүр.   Оның   мысығын   бүкіл   достары   мен көршілері іздеп тауып береді. Ә 4. Үш жасар баласы бар досыңыздың үйіне қонаққа бара жатырсыз. Сыйлыққа не апарар едіңіз? 1. Ойыншық машина В 2. Бір қорап қарындаш. Б 3. Жұмсақ ойыншық. Ә 4. Театрда саусаққа киіп ойнайтын қуыршақ А     5.  Қай кезде күйеуіңізге шындап ренжисіз? 1.   Баланы   қатты   өбектейді,   оның   барлық   мәселелерін   өзі   шеше береді. А 2.   Бақылау   сабағында   көрші   баладан   қалай   білдірмей   көшіріп алатыны туралы балаға айтып отыр. В 3. Баладан өз ісіне үлкен адамша жауап беруін талап  етеді. Б 4. «Ерке болып өседі» деп баланы еркелетпейді. Ә 6.  Қай жағдай нағыз ата­анаға лайық? 1. Балаға қатты суық тиіп қалды, көңілсіз, төсекте жатыр.                       Сіз балаға таңқурай салған шәй беріп, жылы орап                        жатқызасыз. Ә                                            2. «Балаңызға «Ойыншық сындырды» деген жаламен балабақщада әділетсіз жаза қолданды.                        Сіз тәрбиешімен ашулы түрде сөйлесесіз. А    3. Балаңыз туған күнін тойлауға достарын шақырды. Сіз    үйді көптеген шарлармен әшекейлеп, екі сағат бойы          балаңыздың достарына тойлатасыз. Б       4.   Бала   бірнеше   дыбыстарды   айта   алмайды.   Логопедтің тапсырмасы   бойынша   сіз   күнде   бір   сағат   отырып,   балаңызбен жұмыс істейсіз. В  7. Сіздің ойыңызша нағыз дос қандай болу керек?  1. Ашық және шыншыл А 2. Іш пыстырмайтын. Б 3. Оған арқа сүйеуге болады. В 4. Кез келген адаммен жараса алады. Ә    8. Балаңыздың қабілеті келіп тұрса, сіз оған қай мамандықты      таңдар едіңіз? Екі нұсқаны таңдауға болады.                    1. Мал дәрігері Ә                    2. Теңіз биологі В                    3. Заңгер. А                    4. Психолог Ә                     5. Актер. Б                     6. Археолог. В                     7. Режиссер. А                     8. Дизайнер. Б 9. Ойнап жүрген үш жасар балаңыз аңырап, жылап сізге келді.  Себебі, бір бала оның ойыншығын тартып алыпты. Сіз не істер едіңіз? 1. «Сен де оның бір нәрсесін алған шығарсың?» дейсіз. В 2. «Кәне, маған ол баланы көрсет « деп ашуланасыз.  Ә 3. Ақырын сыбырлайсыз: «Кәне біз Үндістерге ұқсап,  білдірмей барып, ойыншығымызды алып алайық. Б      4.   Мораль оқисыз: Жылама, келесі жолы ешкімге тартып   алуға жол берме» А 10.   Сіз қандай аналарды жақтыртпайсыз? 1. Баланы қатты еркелетіп, шолжаңдататын. А             2. Баласын әлемнің гениі деп есептейтін В             3. Баланы аңды бағындырғандай, жатқызып­тұрғызатын. Б             4. Өзін ғана ойлап, балаға мән бермейтін. Ә 11. Сіз үшін төмендегі сөздердің қайсысы қисынсыз? 1. Бала көзге көріну керек, бірақ үні естілмеуі керек. Б               2. Нағыз еркек жыламайды. Ә                 3.   Баланы   шолжаңдату   керек,   сонда   одан   нағыз   бұзақы шығады.  А               4. «Істей алмаймын» деген сөз болмау керек. В  12. Күні бойы үй шаруасымен айналысып, ас үйде қалжырап,    кофе ішіп отырсыз. Мұндайда басыңызға қандай ой келеді? 1. Отбасым, үйім деп не істемейсің... Ә              2. Әлі көрпе тыстарын үтіктеу керек.. А              3. Шіркін, қазір теңіз жағалауына барсам ғой... Б               4. Енді 5 минут, сосын тағы іске кірісемін. В  13. Ойын алаңына барғанда әңгіме айтып тұрған қай әйелдің қасына барасыз? 1. «Кеше мен базарға барып едім, баланың киімі арзан   екен». Б              2. «Жақында мен   бала шет тілін 12 жасқа дейін өте жақсы игереді дегенді бір журналдан оқыдым. В              3. «...Ал мен оған: Айналайын апа сіз қаласаңыз да, қаламасаңыз менің коляскам тамбурда тұрады». А             4. «Тіс дәрігері жанашыр адам екен, Айдосқа ойыншық                     сыйлады. Ә 14.  Ана ретінде сізді қай мақтау сөз қаттырақ қуантар еді? 1. Сен баланы жақсы тәрбиелейсің. В             2.  Ұрысты қалай тоқтаттың, таңқаламын.А             3.  Сен одан махаббатыңды аямайсың, берген махаббатын       сөзсіз қайтады. Ә            4. Мен дәл сендей ана болғым келеді. В Сіздің жауабыңызда қай әріп көп екенін анықтайсыз. Егер барлық  әріптердің саны тең болса, аралас нұсқаға жатасыз. (Д)­ны оқыңыз. А – Қайратты ана        Сіз өте қайратты әйелсіз. Өмір сізді қиын шақта өз күшіңізге сенуге үйреткен.   Сіз   қиындықтан   жеңіліп,   қол   қусырып,   отырмайсыз.   Мәселені шешуге бел шешіп кірісесіз.      Сіз   өзіңіздегі   қайраттылық   пен   табандылықты   балаңыздың   бойынан көргіңіз   келеді.   Балаңыз   аузына   берік   болуды,   талап­тілектерін   өмірмен байланыстыра білуді, дұрыс шешім қабылдауды үйрену керек. «Сен мұны істей аласың, бұл сенің қолыңнан келеді» деген қолдауыңызбен баланың тез шешім қабылдайтын адам болып қалыптасуына мүмкіндік бересіз.  Алайда, мұндай тәрбиелеу тәсілінің екінші бір жағы да бар: Сіз балаға тән осалдықты кешірмейсіз.   ойыншығын қарсыласпастан   бере   салса,   сізді   ашу   билейді.   Мұндай   жағдайға   сіз кешіріммен   қарап,   бала   қорқынышын   түсіне   біліңіз.   Қандай   жағдайда   не істерін   баланың   өзі   білсін.   Сонда   сіз   баланың   өзі   туралы   пікірін жоғарлатасыз.    етегіңізге   жармасса,   Балаңыз   қорықса, Ә ­ Қамқор ана           Сіз   мейірімді   анасыз.   Әрқашан   да   көмек   беруге   дайын   тұрасыз, жылағанды  жұбатасыз, ренжіген  адамдардың  көңілін  көтеруге   тырысасыз. Адамды түсіністікпен тыңдап, ақылыңызды айтып, кеңес бересіз. Сезімтал адамсыз,   адамның   жанына   не   керектігін   дәл   байқап,   көмек   көрсетіп отырасыз. Тәрбиеші балаларды хайуанаттар бағына апара кезде балаға бас – көз болуды барлық аналардың ішінен жалғыз сізден өтінеді. Ал мектепте ата­аналар комитетінің төрайымына  айналып келіп сізге ұсынылады. Себебі, сіз сөзге келместен тапсырылған істі жауапкершілікпен мойныңызға алып, оған бар жаныңызды саласыз. Қоғамдық істерді атқара жүріп, балаңыздың жайын ұмытпайсыз.     «Сүйіспеншілік  пен  қорғаныш» ­  сіздің  балаға  қолданатын  қағидаңыз. Балаңыз да, кез келген шақта сізге барып еркелеп, жұбана алатынын біледі. Қандай сәтте де сіз балаңыздың меншігісіз. Сіз даукес адам емессіз, бірақ балаңызға біреу тисетін болса, қас пен көздің арасында арыстанға айналасыз. Әрине, мұның бәрі тамаша ғой, алайда мұндай шексіз қамқорлық баланы толық   қамсыздануға   апарып   соғуы   мүмкін.   Сіздің   балаға   деген   табиғи ниетіңіз   оның   адам   болып   қалыптасу   жолына   қойылған   бөгетке   айналуы ықтимал. Бала алдындағықиындықтарды ысыра жүріп, оның өсіп кеткенін де аңдамай   қалуыңыз   мүмкін.   Ал   қиындық   мінездің   қалыптасуына   септігін тигізеді. Сондықтан балаңыздың үні шықса, жетіп баруды азайтқаныңыз жөн. Қиындықпен күресуде балаңызға жол беріңіз.   (   ең   болмаса,   бас   жағында).   Есеңізде   болсын,   балаңыз   сіз   ойлағаннан әлдеқайда басыңқы.  Б ­ Ортаңқол ана          Сіз кіріскен істің ебін табасыз. Сіздің қол жеткен жетістігіңіз.  Тәртіп пен еңбекке негізделеді. Өмірдегі тәжірибеңіз бен жинаған біліміңіз өмірде көптеген   жетістіктерге   жетуге   көмектеседі.   Өзіңізге   қоятын   биік талаптарды тәрбиешіге де, сынып мұғалімдеріне де қоясыз. Балаңызды да, үлкен жетістіктерге жетуіне бағыт беріп отырасыз. Балаңыздың дене бітімі жағынан да, рухани өсуі жағынан да  қалай дамып келе жатқанын сіз жақсы білесіз.   Біліміңіз   бен   ақылыңыздың   арқасында   баланың   интеллектуалды жағынан дамуына ерекше назар аударып отырасыз.  Бірақ балаңыздан үнемі рекорд   талап   ете   бермеңіз.   Балаңыздың   жетістігін   өзге   балалармен салыстырмаңыз.   әр   баланың   даму   ырғағы   әрбасқа.   Балаңыз   «Анам   мені үлкен жетістіктерім үшін жақсы көреді екен» деп түсініп қалып жұрмесін. Сіз   балаңызға деген деген махаббатыңыз оған жетістікке жетуге көмек болатынын ұғындырыңыз. В – Креативті ана  «Бұл біздің де басымыздан өткен», «Иә, ондаймен бәрі айналысады» деген сөздерді естігенде сіздің жүйкеңіз қалшылдайды. Сіз аяқ астынан тез шешім қабылдай   алатын   адамсыз.   Сіздің   қиялыңыз   бен   шығармашылығыңыз балаңызды   шаттыққа   бөлейді.  Сіз   өте   оңай   ойын   таба   қоясыз,  балаңыздың мерекелік   кешіне   киім   таңдау   барысында   да   қиналмайсыз.   Егер   қонаққа барсаңыз   баланы   қалдырып   кететіндей   ешкім   болмай   қалса,   көп   ойланып жатпайсыз, өзіңізбен бірге алып жүре бересіз. Бала бір топ құрдастарымен келе   қалса,   сіз   оған   саспайсыз,   неғұрлым   тез   пісетін   тағамды   дайындап алдарына қоясыз. Бала өскен сайын сізді әпкесі ретінде қабылдай бастайды, өйткені сіздің қарым­қатынасыңыз жеңіл. Әрине, мұнда қауіп бар. Балаңыздың тәрбиесіне сақ қарамасаңыз бала қиын мінезді болып өседі. Өмір сүрудің қиын кездері де бар екенін бала түсініп, әр нәрсенің шегін біліп өссін.  Г – Аралас нұсқа Сіз   көп   қырлы   тұлғасыз.   Сізді   нақты   бір   типті   ана   деуге   болмайды.   Сіз балаңызды ең ьдұрыс тәрбиелеу жолын табуға ұмтыласыз. Бір жағдай сізге әр сәтте әрқилы  әсер  береді. Бүгін бір  қылығы ұшін балаңызды жазғырсаңыз, ертең   дәл   сол   қылығын   қайталаса   үндемейсіз.   Сондықтан   өз   тәрбиелеу әдісіңізге тоқталмай, бір тәртіпке бағыныңыз. Шектен шығуға бара бермеңіз. Күрделі жағдайда не істеу керектігін білмейтін боларсыз? Терең демалыңыз, беске дейін санаңыз, сосын барып шешім қабылдаңыз.           Тесте берген жауаптарыңызға тағы бір рет көз жүгіртіп өтіңіз. Барлық сұрақтарға  бірдей  ойланып  жатпастан  шынайы  жауап берсеңіз   нәтижесі   де шынайы болмақ.  «Сіз қандай анасыз?» тест бойынша  100 анаға өткізілген тест  қорытындысы:  «Сіз қандай анасыз?» тест 100 анаға жүргізіліп, тест нәтижесі анықталды. 8 ­ сұрақ   бойынша   аналардың   50%   ­   нан   көбі   балаларының   заңгер   болғанын қалайды.   13­сұрақ   бойынша   аналардың   көбі   1,2   жауаптарды   таңдаған.   9­ сұрақта   2–жауапты   68   ана   таңдаған.   Бұдан   ана   өз   баласының   кемшілігін мойындағылары   келмейтінін   байқауға   болады.   Тест   нәтижесінің   жалпы қорытындысын   есептеу   негізінде   100   ананың   15%   қайратты   ана,     21% ортаңқол ана,   19%   қамқор ана,22%   креативті ана,   23%   аралас нұсқаға жататыны анықталды.

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"

Тест: "Сіз қандай ата-ансыз?"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.02.2017