Тік төртбұрыш салу
Оценка 4.9

Тік төртбұрыш салу

Оценка 4.9
Домашнее обучение
docx
математика
4 кл
14.01.2018
Тік төртбұрыш салу
) білімділік: оқушыларға тік төртбұрышты салу туралы түсінік беру; «Тік төртбұрыш салу»алгоритмі бойынша орындату; Тік төртбұрыштың периметрін тапқызу; Есеп шақыру, есепті екі амалмен шығарылатын есепке айналдыру, шығару; Өрнек құру, мәнін табу, амалдарды орындау туралы түсінік беру. ә)дамытушылық: оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту б)тәрбиелік:ұқыптылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу.
рус.docx
Сабақтың тақырыбы:Тік төртбұрыш салу Сабақтың мақсаты: а) білімділік: оқушыларға тік төртбұрышты салу   туралы түсінік  беру; «Тік төртбұрыш салу»алгоритмі бойынша орындату; Тік төртбұрыштың  периметрін тапқызу; Есеп шақыру, есепті екі амалмен шығарылатын есепке айналдыру,  шығару; Өрнек құру, мәнін табу, амалдарды орындау туралы түсінік беру.  ә)дамытушылық: оқушылардың есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту  б)тәрбиелік:ұқыптылыққа,шапшаңдылыққа тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту Әдісі: көрнекілік,түсіндірү,сұрақ ­жауап                            Сабақтың  барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі Үлкенге де Сіз, Кішіге де Сіз, Ұстаздарды құрметтеп, Бас иеміз біз! 2.Жаңа сабақ ­Дәптердегі тор көз сызықтарының түйіскен жерінен нүкте белгілейміз.Сол нүктеден  оңға қарай 6 көз санап аламыз да, тағы бір нүкте белгілейміз. Белгілеген әр нүктеден төмен қарай төрт тор көз санап аламыз да,тағы екі нүкте  белгілейміз.Дәптер сызықтары бойымен нүктелерді кесінділермен қосамыз.Сонда  қандай фигура шықты?тік төртбүрыш. 2.Тік төртбұрыштың периметрін табу. Шарты: а= 3 см                       Ш: Р = а+ в+а+в в= 2см                                     Р = 3 см+ 2 см +3см+2см = 10см Р= ?                                          Ж: Р= 10 см №1.Дәптерлеріне тор көз сызықтарын пайдаланып,АВ=3 см,АД=2 см болатын АВСД  тік төртбұрышын сыз.(тік төртбұрыштың төрт тік бұрышы болатынын және қарама­ қарсы қабырғалары тең болатынын ескер. №2.Қабырғалары  АВ=3 см, АД=2 см болатын АВСД тік төртбұрышын үшбұрышты  сызғышты(бір бұрышы тік)пайдаланып салуды үйрен. 1­қадам.Дәптеріңе суретте көрсетілгендей етіп,түзу жүргіз де,оның бойынан АВ=3 см  кесінді өлшеп сал. 2­қадам.Үшбұрышты сызғыштың көмегімен төбелері А және В нүктелері болатын екі  тік бұрыш сал. 3­қадам.А нүктесінен бастап АД=2 см және В нүктесінен бастап ВС=2 см кесінділерін  өлшеп сал. 4­қадам.Д және С нүктелерін кесіндімен қос. 5­қадам.АВСД тік төртбұрыш екенін дәлелде. №3.Қабырғалары ЕК=2 см,ЕО=5 см болатын ЕКЕО тік төртбұрышын сал. №4.Циркульді пайдаланып,центрі О нүктесі,радиусы ОА=2 см болатын шеңбер сыз. №5.Суретте қандай фигура бейнеленген?Белгіленуі бойынша оқы.(ауызша) Сергіту сәті. №7.Есепті теңдеу құру арқылы шығар. P=100 м                                     P=360 м а=30м                                        a=100 м в­?                                              в­? Ш:2х+(30*2)=100                    Ш:2x+(100*2)=360 2х+60=100                                     2x+200=360 2x=100­60                                      2x=360­200 2x=40                                             2x=160 x=40:2                                            x=160:2 x=20                                               x=80 Ж:в=20 м                                      Ж:в=80 м №8.Екі қаланың арасы 840 км.Бұл қалалардың қосатын жолдың оннан бір бөлігіне  асфальт төселді.Неше километр жолға асфальт төселген?Неше километр жолға  асфальт төселмеген? Ш: 840:10=84  840­84=756 Ж:84 км жолға төселген,756 км жолға төселмеген Жаңа сабақты бекіту. Тік төртбұрыш дегеніміз не? Тік төртбұрыштың қабырғалары қандай болады? Тік төртбұрыштың периметрін қалай табамыз? Үйге тапсырма.№6,9. Бағалау.

Тік төртбұрыш салу

Тік төртбұрыш салу

Тік төртбұрыш салу

Тік төртбұрыш салу
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.01.2018