02.09.2013
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру аймағы : Қатынас
Бөлімдер : Тіл дамыту
Тақырыбы : Бау, бақшада, бақтарда
Мақсаты :
1.Білімділік :Балалардың сөздік қорын, заттың сапаы мен құрамын білдіретін (көлемін, пішін, түсін) сөздерімен байыту.
2.Дамытушылық :Сөздік қорын дамыту, дыбыстарды анық айтуға баулу.
3.Тәрбиелік : Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
Іс-әрекет кезеңдері
|
Тәрбиешінің іс- әрекеті
|
Балалардың іс-әрекеті
|
Мотивациялық- танымдық
Ұйымдастырушы лық-ізденушілік
Рефлекстік- үйлесімділік
|
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Шаттық щеңбер № 57 Сұрақтар: -Қазір жылдың қай мезгілі - Күз мезгілі екенін қайдан білеміз? Бәріне сәттілік тілеу - Ал, балалар бүгінгі күндерің сәтті өтсін. - Балалар, бүгін біздер жемістер мен көкөністер туралы және олардың қайда өсетіні туралы болады. - Қане, күз мезгілінде пісетін жемістер мен көкөністерді атайықшы? - Олай болса, себеттегі жемістер мен көкөністерді ажырата білу, түрін, түсін, пішінін айтып, әңгімелеу. - «З» дыбысының дұрыс айтылуын қадағалау Д\О: Жемістер мен көкөністерді ажырат» - Жемістер қайда өседі - Ал, көкөністер ше? Сергіту жаттығуы: Мен, шиемін, шиемін Күннің көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты иемін -Алманы ағаштан қалай аламыз? - Қане, бақтағы ағаштардан жемістерді үзіп,үзіп жинайықшы - Көкөністер мен жемістерді қай мезгілде жинаймыз? - Қане, енді бәріміз тәтті жемістер жегісі келіп жүрген ара болайықшы «З» дыбысы бар көкөністер мен жемістердің атауын білесіңдер ме? - Балалар, енді осы жемістерді бізге сыйлаған өз отанымыз жайлы тақпақ айтайық Отаным менің кең байтақ Жайнаған сансыз қаласы Жайқалған жомарт қаласы Ел-Отан біздің кең байтақ Отаннныңң біздер баласы - Енді жұмбақ шешіп көрейік: - Аспай піскен, қайнамай түскен ( Жеміс) -Неге ол аспай піседі Оларға күннің көзі, яғни күн пісуіне көмектеседі -Жемістерді жемес бұрын не істеу керек? - Жемістер жақсы пісуі неге байланысты.
|
Жауаптар -Қазір күз мезгілі -Табиғаттың өзгеруінен білеміз
Балалардың жауабы
Қимыл келтіреді
Үз-үз-үз-қайталайды
Балалардың жауабы Күз-күз-күз
Ыз-ыз-ыз Қарбыз, жүзім, сәбіз
Бірге қайталайды
Жақсылап жуу керек Күтіп баптап өсіруіне байланысты |
Күтілетін нәтиже
Білу керек : Балалардың сөздік қорын, заттың сапаы мен құрамын білдіретін (көлемін, пішін, түсін) сөздерімен айта білу.
Болу керек : көрнеілік суретттер
Істей білу : Жемістер мен көкөністерді ажырата біледі.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.