Тіл - достықтың айнасы
Оценка 4.9

Тіл - достықтың айнасы

Оценка 4.9
Мероприятия
doc
родителям
6 кл
15.04.2018
Тіл - достықтың  айнасы
Бекітілді:__________ 21.09.2016 Тақырыбы: «Тіл – достықтың айнасы» Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, елін - жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик «Тіл – ұлттың тірегі», қабырға газеттері Барысы І. Кіріспе Мұғалім сөзі ІІ. Негізгі бөлім 1. «Тіл – ұлттың тірегі» бейнеролик 2. Миға шабуыл (сұрақ-жауап) 3. Әдеби –музыкалық монтаж 4. Тіл туралы мақал-мәтел, нақыл сөздер жалғасын табу 5. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегендей көптілділікті насихаттауБекітілді:__________ 21.09.2016 Тақырыбы: «Тіл – достықтың айнасы» Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір - қасиетін ұғындыру, елін - жерін сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик «Тіл – ұлттың тірегі», қабырға газеттері
Тіл - достықтың айнасы.doc
Бекітілді:__________                                                                         21.09.2016 Тақырыбы:   «Тіл – достықтың айнасы» Мақсаты: Оқушыларға ана тілінің қадір ­ қасиетін ұғындыру, елін ­ жерін  сүйетін, егеменді еліміздің ертеңі болар саналы, білімді, ұлтжанды азамат  тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайдтар, бейнеролик «Тіл – ұлттың тірегі», қабырға газеттері Барысы І. Кіріспе Мұғалім сөзі ІІ. Негізгі бөлім  1. «Тіл – ұлттың тірегі» бейнеролик 2. Миға шабуыл (сұрақ­жауап) 3. Әдеби –музыкалық монтаж 4. Тіл туралы мақал­мәтел, нақыл сөздер жалғасын табу 5. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте дегендей көптілділікті  насихаттау ІІІ. Қорытынды  «Тіл – достықтың айнасы» Мұғалім: ҚР Әнұраны орындалсын Тәрбие сағатының барысы Достықты біз әрқашанда жырлаймыз Бірімізді біріміз біз қолдаймыз. Тілдердің де  сондай­ақ бар достығы Қазақ, орыс, ағылшын бір қостығы. Дүниеге келгенде біз естіген Халқымның бар дара ерекше өз тілі. Қадірлейміз, құрмет көріп өстіген Қазақ деген дана ғана сөз тілі. Түседі еске Абай сөзі орыс тілі дегенде Өнер, білім, ғылым бәрі орыста. Ақылға сап, ой түбіне келгенде Қазақ, орыс екеуін бір тоғыста. Мойындаған әлем оны керек деп Осы тілді білсе егер де зерек деп Ағылшын ғой үшінші тіл тиісті Білуге біз, үйренуге керек деп. Саясат бар елімізде үш тілді Білім алып бойымызға күш кірді Құрметтейік қадірлейік біз тілді Ұмытпайық ешқашан да өз тілді. Бірімізді біріміз біз қолдаймыз Саясатты қолдаймыз да қоймаймыз Тілдерді біз үйренуге тоймаймыз Әрине, достықты біз жырлаймыз! Бейнеролик  «Тіл – ұлттың тірегі» Миға шабуыл   1.Тіл туралы заң қай жылы күшке енді? (1997ж.11шілде)  2. Мемлекеттік тіл қай тіл? (қазақ тіл)  3. «Өнер алды­қызыл тіл» деген мақал ма, әлде мәтел ме? (мәтел)  4. Тіл тазалығы дегеніміз не? (ана тілдің сөзінен басқа тілдің сөзімен  шұбарламау)  5.Дүниеде не ащы? (тіл ащы)  6. Дүниеде не тәтті? (тіл тәтті)  7. Халықтың тіліне қиянат жасау­ оның жүрегін жаралау ақыл сөздің авторы  кім? (Г.Лаубе)  8. Қазақ әліпбиін құрастырған қазақ зиялысы кім?  9. Өзің білетін тіл туралы бір нақыл сөз айт?  10. Халықаралық қатынас тілі?  11.  Піл көтермегенді, … (тіл көтереді). 12. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 13. Бас кеспек болса да, … (тіл кеспек жоқ). 14. Бал тамған тілден … (у тамған). 15. Тіл қылыштан … (өткір). 16. Жыланның уы тісінде, адамның уы … (тілінде). 17. Тілден артық … (қазына жоқ). 18. Сүңгі жарасы бітер, … (тіл жарасы бітпес). 1­жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді ұстаздар, оқушылар, тіл жанашырлары! Қазақстан халықтарының тілдері мерекесі құтты болсын! (үш тілде). 2­жүргізуші: Добрый день дорогие учителя и ученики! Поздравляем вас с  праздником языков  народов Казахстана! 3­жүргізуші:  Good afternoon! My dear teachers and pupils Welcome our  language Happy holidays 1­жүргізуші: Табысқан соң дүние фәнименен, Тал бесікте жатқанда сәби денем Ана тілі бойыма сіңдің шым ­ шым Даусыменен анамның әлдилеген. 2­жүргізуші: «Апа» ­ деппін анама бір күн күліп, «Әке» ­ деппін әкемді сілкіндіріп. Өз тілімде осылай алғаш рет, Былдыр қаға бастаппын тіл сындырып. 1­жүргізуші: Ана тілім бойдағы зор намысым, Тор құрсаулар жолыңда болғаны шын Бұзып бәрін бүгінге аман жеткен Жырым ­ жырым жаралы жолбарысым. Шерхан: «Қазақ тілі», Мағжан Жұмабаев Күш кеміді, айбынды ту құлады; Кеше батыр – бүгін қорқақ, бұғады. Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде, Қан суынған, жүрек солғын соғады.  Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күшті, күркіреген ел тынды. Асқар Алтай – алтын ана есте жоқ, Батыр, хандар – асқан жандар ұмытылды! Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың, Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың … Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың! 2­жүргізуші:Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір  адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы ­ әрбір елдің ұлттық  мақтанышы. Өз ана тілін қадірлеп, қастерлемейтін адам жоқ. 1­жүргізуші:Тіл мәселесі – қашан да өткір, өзекті мәселе. Елбасымыз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде.  Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз  ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың  өсиетін ұран етіп, қазақ тілінің мәртебесін көтеруіміз керек. 2­жүргізуші: Қалды артта қиямет азапты күн, Қазақстан – Отаным азат бүгін Қасиетті тілімнен мың айналам Сақтап келген қазақтың қазақтығын.  Ал, балалар, енді бәріміз түгелдей назар аударып мына мақал­ мәтелдің,  қанатты сөздердің жалғасын табу керек. Тіл­ адам ойының…. (айнасы) Аңдамай сөйлеген…(ауырмай өледі) Ойнап сөйлесең де … (ойлап сөйле) Айтылған сөз … оқпен тең (атылған) Таза сөйлеу – биік… (мәдениеттілік) Бас кеспек болса да,… (тіл кеспек жоқ) Жақсы сөз­… (ырыс) Сөз тапқанға… (қолқа жоқ) Ел тірегі­…. (тіл) Тіл жетпейтін …. (түкпір жоқ) 1­жүргізуші: Жаяйыншы, Жаратқан, сырымды алға, Бәрін алсаң өзің біл, тілімді алма. Тілім барда елім бар еркелеткен Мен де бармын санатта тілім барда. 2­жүргізуші: Қайта туды қазағымның ай – күні, Күннен – күнге асар ма екен айбыны? Жетпіс жылда өтті талай кешуден, Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны. 1­жүргізуші: Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін, Қажеті не басқаның өлшемінің. Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын, Енді міне жетеді көпке үнім. 2­жүргізуші: Кіршіксіз қардай сақтаңдар, Қазақ тілін ғаламат. Ана тіл ­ арым, иманым, Аманат, саған, аманат. Берік:  «Бір досқа» Әдібай Табылды Өзге тілді белгенге, Білімді боп билейсің. Кергенменен құр кеуде, Өз тіліңді білмейсің. Төс қаққанмен күнде сен, Демес халқың «құлыным». Өз тіліңді білмесең, Неге керек білімің?! 1­жүргізуші: Халықаралық байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын 6 тіл  бар. Олар: ағылшын, француз, орыс, испан, қытай, араб тілдері. Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз  қажет. Сондықтанда біз бүгінгі бағдарламамызды үш тілде бастап отырмыз.  Бірақ Қадыр Мырзалиев ағамыз «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»  дегендей өз тілімізді қастерлеп, құрметтеп өсу біздің парызымыз. 2­жүргізуші: Тілім менің ғасырлардан аманат Аманатқа адам болсын қолғанат. Ар намысқа келтірмейік жаман ат. Қазақ болып туылдың ба, Ендеше, Өз тіліңді өзгелерге бағалат. 1­жүргізуші: Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз, Болашақтың қасиетті көзіміз. Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз. Қазақстан Республикасында 130­дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әр  халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай,  ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда. 2­жүргізуші: Тіл ­ халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана  тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату ­ тәтті  өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді  саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт  өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ  ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Ендеше сөзді  достарымызға берейік. Сүндет: Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын, Қастерлеймін тарихын, салт ­ дәстүрін. Өйткені мен өркендеп осы жерде, Топырағын қазақтың басып өстім. Қалдыбек: Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін, Қазақ жері ­ ол менің туған жерім. Сағынамын шет шықсам қазағымның Тау ­ тасын, өзен ­ суын, асқар белін Диас: Мен ағылшын, сүйемін қазақ тілін, Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің. Қазақ тілі лайық деп білемін, Болуға ортақ тілі халықтардың Аяулым: Шығыс ғұламасы Әл­Фараби  70­ке жуық тілді меңгерген. Ұлы Абай орыс­қазақ тілдерімен қатар парсы, араб тілдерін меңгерген. Орыс  тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген. Диас: А.С.Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян, испан, латын, грек,  славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген. Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен. Бекжан: Профессор Құдайберген Жұбанов көп тіл білген кісі. Тіпті ана  тілімізді салыстырмалы жүйемен үйренуге де, зерттеуге де себі бар деп жапон тілін де игерген. Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13 тілді зерттеген. Айбек: Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін сөйлей алады,  әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін төрт  жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде  оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады. Мейіржан: Дүниедегі барлық аударма шығармалардың 33% ағылшын тілінен  аударылса, 15 % – француз тілінен, ал 1%  неміс тілінен аударылады. 1­жүргізуші: Тілмен ғана қызық менің тірлігім Тату еткен ел мен елдің бірлігін. Туған тілмен асқақ шығып ізгі үнім, Туған тілде алып жүрміз біз білім. Қазақстан – алтын бесік Отаным (Слайд көрсетіледі, музыка ойнап  тұрады). Хафиз: Басымды иіп, Тіземді бүгіп тұрып, Ажарымда айдындай шуақ тұнып. Отанымды сүйемін күліп тұрып, Отанымды сүйемін жылап тұрып.  Байсұлтан: Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім, Мұхтар, Абай сөйлеген дана тілім. Таза сөйле, терең ұқ, көп ­ көп ізден, Жоғары ұста мәңгілік тілдің пірін  Хормен: Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры ­ қуат, сөзі – ана уызындай, Жасай бер, Ана тілім – Қазақ тілім! 1­жүргізуші: «Халықтың мәңгі ғұмыры – оның тілінде. Әрбір тіл өз халқы  үшін – ұлы», ­ деген Шыңғыс Айтматов. Сондықтан, әр адам өзінің ана тілін  қорғай да, құрметтей де білуге міндетті. 2­жүргізуші: Тәуелсіздік тірегінің бірі – тіл. Тіл – халқымыздың қазынасы,  сан ғасырлар бойы жүріп өткен жолымыздың шежіресі. Былайғы жерде  егемендігіміз баянды болсын десек, ұлттық рухымызға өріс тілесек, туған  тілімізді көздің қарашығындай сақтауымыз керек.  1­жүргізуші: Тарихы бар дастанымдай ерліктің, Дәстүрі бар үлгісіндей елдіктің. Қазақстан – алтын бесік Отаным, Ұлы ордасы татулық пен теңдіктің. 2­жүргізуші: Ел тарихы, жер тарихы – өзіміз, Болашақтың қасиетті көзіміз. Барлық ұлтпен бауырласып жетерміз, Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз. 1­ жүргізуші: Осымен тілдер күніне арналған мерекелік іс ­ шарамыз  аяқталды. Әрқашан достығымыз көп болсын, көп тілді меңгеріп, еліміздің  аяулы азаматы болып өсейік! Ендеше, тілі шұрайлы да оралымды ана  тіліміздің мерейі үстем болсын! Мұғалім:  Қалың елің қазағыңа қорған бол!  Жеткіншегім жайқала өсіп орман бол,  Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,  Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!  Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан  сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу;  үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен  жомарттық жолында жүрмек болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың:  көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.  Осымен бізді тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. С.Есқараев атындағы № 27 орта мектебі Сыныбы:    6 «Б» Сынып жетекші:   Файзуллаева А. 2016­2017 оқу жылы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы

Тіл - достықтың айнасы

Тіл - достықтың  айнасы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.04.2018