Физика математика 5ылымдарыны4 докторы профессор Төленді Ғарифұлы Мустафиннің туғанына 95 жылды5ына орай мектепте өткен тағылымды кездесу кеш туралы. Бұл білімге құштар жастар үшін тәрбиелік мәні зор, ғылымға жол ашар кездесу кеш болды. Мустафиннің балалық шағы өмірбаяны жеткен жетістіктері кейінгі ұрпаққа үлгі.
Ұлы есім.doc
Жамбыл облысы Меркі ауданы
№1 жалпы білім беретін мектептің
математика пәнінің мұғалімі
БекжановаМанат Шекербековна
«Халық мәңгі ұмытпайды данасын» тағылымды
кездесу
№1 жалпы білім беретін мектептің физика,математика
информатика бірлестігінің ұйымдастыруымен физика
математика ғылымдырының докторы профессор жерлесіміз Төленді
Ғарифұлы Мустафиннің туылғанына 95 жыл толу құрметіне орай
«Халық мәңгі ұмытпайды данасын» атты танымдық кеш өткізілді.
Бұл — МИФ бірлестігінің онкүндігі аясында өткізілген іс шара.
Кештің мақсаты — Төленді Ғарифұлының шығармашылық еңбегіне
математиканы сүйер қауымның, оқушылардың назарын аудару, өмірімен,
шығармашылығымен таныстыру және оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру.
Кешті мектеп директоры Алтынбаева Айгерім Ақанқызы ашып, кештің
мақсатымен, келген қонақтармен соның ішінде Төленді Ғарифұлының
қарындасы Мадина Ғарифқызының келіп отырғанын мәлімдеді. мектеп
директорының ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Адильбекова Айнұр
Серікқызының, математика пәні мұғалімі әдістемелік бірлестік жетекшісі
Келгенбаева Гүлсара Абдыманаповнаның
11 «Б» сынып оқушылары
өздерінің «Математикаға арнау» әнімен кешті жалғастырса, 6 «Б» сынып
оқушылары Мұхаммед Данияр,Төлеаман Диана ғалым ағамызға арнаған
арнауларын оқыды. 8 «А» сынып оқушылары «Сен үшін,Қазақстан!»әнін үш
тілде орындап берді.
«Халық мәңгі ұмытпайды данасын» атты кештің келесі бөлімінде
ғалымға арналған ұлы ғұламалардың пікірлері оқылды.
Физикаматематика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық
Ғылым Академиясының Құрметті академигі, ҚР Ұлттық инженерлік
академиясының және ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары
академиясының мүшесі Кенжеғали Кенжебаев: Төленді Мустафин—
еліне сіңірген адал еңбегімен келген үлкен абырой иесі ,оның іргелі оқу
орнының басшысы ретінде берісі Қарағанды өңірі, әрісі бүкіл еліміз үшін білікті мамандар даярлау ісіне сүбелі үлес қосқан азамат,әлем мойындаған
ғалым.
Белгілі математик профессор Төленді Ғарифұлының төл шәкірті
Айбат Ешкеев:
Математика нақты, әрі күрделі ғылым.Бұл ғылымның
тізгініне жармасқан жанға шығармашылық әлеует қажет.Өйткені
математиканың бар құпиясы логикаға сүйенеді,математикалық амалдардың
түп төркіні логикадан ауытқымауды талап етеді. Осы салада дарынды
ғалымды әлем мойындаған. Қарағанды ғылымын алты құрылықтың алғырлары
санасатын деңгейге жеткізуге өлшеусіз еңбек сіңірді. Оның еңбектерін әлемнің
танымал ғалымдары бас шұлғи мойындап жүрді.
Мұхамбетжанов:
Төленді Ғарифұлы математика ғылымының дамуы жолында жалыны бар
жастарды өз қарамағына алып тәрбиелейтін.Сандар теориясы мен
математикалық логикаға ден қойған жастарға «модельдер теориясы»,
«ионсондық теориялар» деген ұғымдарды зерттеуге баулыған шәкірттері
қазір Қазақстанымызды әлемге танытып, мойындатып, ұстаз ұлағатын
абыроймен жалғастырып келеді.
Физикаматематика ғылымдарының докторы Салтанбек
Математика пәнінің мұғалімі Бекжанова Манат Шекербековна
ұлы ғалымның өмірбаяны, атқарған қызметтері туралы баяндама жасады.
Мұстафин Төленді Ғарифұлы (19421994) Жамбыл облысы,Меркі
ауданында
ұстаздар жанұясында дүниеге келген. Математика, логика
саласының маманы, физикаматематика ғылымдарының докторы, профессор
(1991). Новосібір мемлекеттік университетін бітірген(1965). 196567 жылдары
С.Сейфуллин атындағы Целиноград педагогика институтында қызметте, 1972
1992 жылдары ҚарМУ жоғары математика кафедра меңгерушісі, математика
факультетінің деканы, оқу ісі жөніндегі проректор, 199294 жылдары
қолданбалы математика институтының директоры. 80 ғылыми еңбегі жарыққа
шыққан. ҚарМУдың оқу корпусында (Гоголь к., 38) мемориалдық тақта
орнатылған.
Ғарифқызына берілді.
Сөз кезегі асылдың сынығы ғалымның қарындасы Мадина
Төленді Ғарифұлының атаанасы, балалық шағы, бауырлары туралы
жақсы мағлұмат берді.Көрме бұрышындағы ғалымның әр кездегі түскен
суреттерінен үздік сыр бөлісті. Ғалымның өз қолымен жазған хаттарынан
үзінді оқып берді. « Математиканы сүйетін қазақтың қара домалақ баласы болса, маған келсін, жағдайы жоқ болса да өзім оқытып, тәрбиелеймін» деген
сөздерінен ғалымның жүрегі кең, алып тұлға екенін байқауға болады.
Мадина Ғарифқызы ағасының «ғылым докторы»атағын телефонмен ғана
естіп қалғанын, жарқырап жанған жұлдыздай небары 52 жасында дүниеден
озғанын қимастықпен еске алды. Ғалымның жақсы көретін «Балбырауым»
күйін 8 «А» сынып оқушысы Жұматай Жанболат екеуі домбырада ойнап
берді.
Сөз соңында Мадина Ғарифқызы оқушыларға «егер жақсы әншінің әнін
естісең, әнші болғысы келетіні секілді» міне бүгіннен бастап өзіміздің
Мерейлі Меркіміздің қара домалақ баласы математика саласының күрделі
теориясы бойынша әлемді мойындатқан ағаларың сияқты білімді азамат
болыңдар, бар білім кітапта, кітап оқыңдар, еңбекті сүйіңдер деп ақыл
кеңесін берді. Бүгінгі кешті ұйымдастырған ұстаздарға алғысын білдіріп,
«шәкірттеріңіз алтындай жарқырап жүрсін» деп естелік гүл белгісін табыс
етті.
Кеш соңында ғалым шығармалары мен ғалымдар зерттеулері, баспасөз
беттерінде жарық көрген мақалалар,
жинақталған кітап көрмесі
таныстырылып өтілді. «Халық мәңгі ұмытпайды данасын» атты слайд
шоу көрсетілді.Меркідегі бір көше Төленді Мустафин атымен аталатындығы
айтылды.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айтбаева Айнұр
Күмісбекқызы Мадина Ғарифқызына шексіз алғыс білдіріп, гүл шоғын табыс
етті.Естелікке суретке түсті. ӘлФараби ғұламаның «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін
жете түсінген, көрген, естіген және аңғарғанның бәрін жадына жақсы
сақтайтын, шәкірттеріне білгенін үйрететін, ешнәрсені ұмытпайтын, алғыр,
аңғарымпаз ақыл иесі» дегеніндей, әрбір шәкіртінің биік белестерден
көрінуіне тілекші болған, өзінің нағыз ізденімпаз ғалым екенін таныта білген,
физика математика ғылымдарының докторы ,профессор Төленді Ғарифұлы
Мустафин ағамызды
ілтипатпен құрмет тұтамыз.
«Өз ұлыңды бағалап ардақтамасаң, сені өзге жұрт қалай құрметтеп, қалай
қадірлемек», деп ұлы жазушы Мұхтар Әуезов айтқандай, ғалымға арналып
өткізіліп жатқан ісшара өpіcі кең, өpecі биік, пapacaт иеcі, абзал азамат,
атақты ғалымға жасалып жатқан құрметтің біp парасы ғана деп білеміз.
№1 жалпы білім беретін мектептің математика пәнінің мұғалімі
Бекжанова Манат Шекербековна
ерекше
Төленді Мустафин-95 жыл
Төленді Мустафин-95 жыл
Төленді Мустафин-95 жыл
Төленді Мустафин-95 жыл
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.