Ток күші.Амперметр.
Оценка 5

Ток күші.Амперметр.

Оценка 5
Разработки уроков
docx
физика
8 кл
02.03.2018
Ток күші.Амперметр.
1.Білімділік: Оқушыларға ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, өлшейтін құралы жайлы түсінік беру. 2. Дамытушылық: Ток күші, және өлшейтін құралды түсіндіруді ойын түрінде өткізе отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту 3. Тәрбиелік: Ток күші, және оларды өлшейтін құрал амперметрді түсіндіре отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, есептер шығару.1.Білімділік: Оқушыларға ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі, өлшейтін құралы жайлы түсінік беру. 2. Дамытушылық: Ток күші, және өлшейтін құралды түсіндіруді ойын түрінде өткізе отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, дамыту 3. Тәрбиелік: Ток күші, және оларды өлшейтін құрал амперметрді түсіндіре отырып, оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау, есептер шығару.
ток куші.docx
Сыныбы: 8 «Ә» Тақырыбы:  §36. Ток күші.Амперметр. Мақсаты:  1.Білімділік: Оқушыларға ток күші, анықтамасы, өлшем бірлігі,  өлшейтін құралы жайлы  түсінік беру.  2. Дамытушылық: Ток күші, және өлшейтін құралды түсіндіруді ойын түрінде өткізе  отырып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру, ой­өрісін, дүниетанымын  кеңейту, дамыту 3. Тәрбиелік: Ток күші, және оларды өлшейтін құрал амперметрді түсіндіре отырып,  оқушыларды ұқыптылыққа, техникалық қауіпсіздік ережесін есте сақтауға, өз ойын толық  жеткізе білуге тәрбиелеу. Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, баяндау,  есептер шығару. Сабақтың көрнекілігі:  интерактивті тақта, амперметр, кестелер, суреттер. Пән аралық байланыс: математика, география, тарих, сызу, денешынықтыру Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі: 1.Сәлемдесу,түгелдеу.                                            2.Оқушылардың құрал жабдығын тексеру.                                           3.Оқушылардың назарын сабаққа аудару. ІІ. Үй жұмысын тексеру: 1. Электр тогы дегеніміз не? 2. Электр тогының пайда болуы мен ұзақ сақталуы үшін қажетті және жеткілікті  шарттарды ата. 3. Вольт бағанасы туралы не білесің? 4. “Электр қозғаушы күші” дегеніміз не? (өлшем бірлігі мен белгіленуін жаз) 5. Өткізгіштегі электр тогын оның өткізгішке тигізетін әрекеттерін ата. 6. Қандай ток көздерін білесің және олардың шартты белгісін сыз. 7. Зарядтардың бөлінуі дегеніміз не? 8. “Электр тогы” түсінігін алғаш рет кім енгізді? ІІІ. Жаңа түсінік беру: Электр тогын өлшеу және салыстыру үшін ток күші деген арнайы шама енгізіледі.           Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы қандай да бір уақыт аралығында  тасымалданатын электр мөлшерінің сол уақыт аралығына қатынасын ток күші деп атаймыз: I = q/t  Халықаралық бірліктер жүйесінде ток күші ампермен (А) өрнектеледі.  1 ампер – вакуумде бір – бірінен 1 м қашықтықта орналасқан, көлденең қимасының ауданы өте аз, шексіз ұзын түзу екі өткізгіштің бойымен өтетін тұрақты ток күші. Мұндай ток  ұзындығы өткізгіштердің әрбір кесіндісінде 2*10­7Н­ға тең өзара әрекеттесу күшін  тудырады.   1 мА = 10­3А 1 мкА = 10­6А   1кА = 103А ІV.Есеп шығару.  1. Мөлшері 2000 мА, 100 мА, 55 мА, 3кА болатын ток күшін ампермен өрнектеп  көрсетіңдер. Жауабы: 2000 мА = 2 А, 100 мА = 0,1 А, 55 мкА =55?10­6А, 3кА = 3000 А 2. Қыздыру шамы арқылы 0,4 А ток өтеді. Бір секундта шамның көлденең қимасы арқылы  еркін зарядтардың қандай мөлшері өткен? 3. Ток күші 0,5 А болғанда, 20 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады? V. Жаңа сабақты бекіту.  Физикалық диктант 1. Ток  күшін өлшейтін құралды _________________деп атайды. 2. Ол тізбекке қалай  ______________қосылады? 3. 1А 1А═                                            1мА═                                1мкА═                           1кА═ 4. Алғаш рет «электр тогы» түсінігін физикаға енгізген француз ғалымы 5. Ток күшінің формуласы? 6. Ток күшін ____ әрпімен белгілейміз? 7. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 1 минут сайын 42 Кл­ға тең электр  заряды өткен  кездегі өткізгіштегі ток күшін есептеңдер. 8. Ток күші 0,5 А болғанда 7,7 Кл зарядты тасымалдау қанша уақытқа созылады? 9. 1 сағатта 25 Кл заряд өту үшін өткізгіштегі ток күші қандай болу керек? VI.Жаңа сабақты қорытындылау:          Біздің үйімізді жарықтандыруға қолданылатын қыздыру шамдарының ток күші,  олардың қуатына сәйкес 7­ден 400 мА­ге дейін болады. 1 А ток күші адам өміріне қауіпті. VІІ. Үй тапсырмасы: §36. Ток күші. Амперметр.  А.Ампер өмірбаянына  реферат жазу. VІІІ. Оқушыларды  бағалау.

Ток күші.Амперметр.

Ток күші.Амперметр.

Ток күші.Амперметр.

Ток күші.Амперметр.

Ток күші.Амперметр.

Ток күші.Амперметр.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.03.2018