Толағай 3 сынып
Оценка 4.6

Толағай 3 сынып

Оценка 4.6
Руководства для учителя
doc
воспитательная работа
3 кл
16.11.2018
Толағай 3 сынып
Мақсаты: оқушылар мен ата - аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата - аналарды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болу үшін денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Document(1)тоңағай.doc
Толағай отбасылық сайысы Тақырыбы: «Толағай»  Мақсаты:  оқушылар мен ата ­ аналарға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Оқушыларды және ата   ­   аналарды   сұлу   да   сымбатты,   денсаулығы   зор,   күшті   болу   үшін   денені шынықтыру, оларға спортпен айналысуын қажет екендігінің маңызын түсіндіру. Салауаттану ­ адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. Көрнекіліктер:  Толағай   жазуы,  нақыл   сөздер,   доп,   секіртпе,   парақшалар, кедергілер, жалау. Барысы: 1 ­ жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата ­ аналар және оқушылар қауымы! Бүгінгі «Денсаулық   ­   әлеуметтік   байлықтың   негізі»   дегендей   бүгінгі   «Толағай» отбасылар сайысына қош келдіңіздер! 2   ­   жүргізуші:   «ТОЛАҒАЙ»   отбасылар   сайысы   ­   еліміздегі   отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын ­ сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама бүгінде біздің мектебіміздің 1 ­ 4 сынып аралығындағы оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата ­ аналарының арасында өткізілгелі отыр. Әр отбасы қатысады. Соның бірі жұлдызды отбасы. Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс. 1 ­ жүргізуші: Денсаулық ­ ол шыныққан Барлық денең мүшесі. Денсаулық ­ ол тыныққан Жүйке тамыр жүйесі. Денсаулық ­ ол күлуің Көңіл ­ күйің жадырай. Денсаулық ­ ол жүруің Ешбір жерің ауырмай. 2 ­ жүргізуші: Әр таңды бақытпенен атырамыз Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға Үлгілі де өнегелі, жылдам да шапшаң Отбасыларымызды шақырамыз. Ұстанған салауатты өмір салтын, Жасқанып, ешқашан да мойымайлын, Болашақ спортшылар келді ортаға Қол соғып қарсы алайық қане халқым! (әр отбасы орындарына келіп тұрады)  1. «Шымыр» тобы.  2. «Бірлік» тобы.  3. «Ынтымақ» тобы.  4. «Денсаулық» тобы. 1 ­ жүргізуші:  Сайысты   бастамас   бұрын,  біздің  жетістіктерімізді  бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер! 1. Мектеп директоры – Раимбекова Бидагүл Бибатырқызы. 2. Тәрбие жұмысының орынбасары – Айгужина Толқын 3. Мектеп кәсіподақ ұйымының төрағасы – Есеналина Назира Ақылбекқызы. Спорттық сайысымыз 5 балдық жүйемен бағаланады. 2 ­ жүргізуші:  Тәлімді   тәрбие   отбасынан   бастау   алса,   дені   сау   ұрпақ   –   ұлт болашағы болмақ. Әр отбасында ата ­ ана – шаңырақтың негізгі іргетасы болып есептелінеді. Сондықтан, бала өмірінде салауатты өмір салтын қалыптастыруда әке мен ананың рөлі орасан зор. 1 ­ жүргізуші: Спорт   –   денсаулық   кепілі   десек,   «ТОЛАҒАЙ»   отбасылар   сайысы   отбасылық тәрбие   мен   салауатты   өмір   салтын   насихаттау   мақсатында   ұйымдастырылып отыр.   Біріншіден,   дені   сау   ұлттың   қалыптасуына   атсалысады,   екіншіден бағдарламаға қатысқан әр отбасыға рухани және мәдени мереке сыйлайды. 2 ­ жүргізуші: Ендеше, «ТОЛАҒАЙ» отбасылар сайысы – отбасыларды спортқа баулиды.   Ата   ­  ана  мен  баланың   арасындағы   бірлік   пен  татулық  қасиеттерін нығайта түспек! 1­ жүргізуші: Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Күшімізді көрсетейік, сынайық! Жеңсең де, жеңбесең де ренішсіз болайық, Қаймықпай, көңілді болып тарайық! 2 ­ жүргізуші: Бүгінгі спорттық сайыс 8 кезеңнен тұрады. 1. «Таныстыру»  2. «Мұртты кенгуру» сайысы. 3. «Пингвин» сайысы. 4. «Футбаскет» сайысы. 5. «Кім көп секіреді?» сайысы. 6. «Қақп.ашы» сайысы 7. «Желаяқтар» сайсы. 8. Жеңіске жету. 1 ­ жүргізуші: Сайысқа арнайы 4 отбасы қатысады. Өнер қуып отбасы өтер дейміз, Бір басына өнері жетер дейміз. Сайысқа келген топтар кезектесіп. Таныстырып өздерін кетер дейміз.   1 турымыз бірінші бөлімі отбасымен таныстыру Ал, енді І «Таныстыру» кезеңін бастайық! (топтың атауы, эмблемасы, ұраны) Әр отбасы топтары өздерін таныстырып өтеді. 1. «Шымыр» тобы. Біз шымыр сергек денеміз, өнер сүйер өренбіз. 2. «Бірлік» тобы. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін! 3. «Ынтымақ» тобы. Біз әрқашан мықты Бәрін жеңіп шықты 4. «Денсаулық» тобы. Шынықсаң шымыр боласың, Сауығып айдай толасың. 2 ­ жүргізуші: «Шынықсаң шымыр боласың» дене жаттығуларын жасаудан сайыс өткізіледі. Ойнайық, ойнайық та ойлайық! Қатардан артта қалып қоймайық, Белсенді болайық ортада, Уақытты тектен ­ тек жоймайық! Олай болса, екінші турымызға өтеміз. ІІ тур. 2. «Мұртты кенгуру» сайысы, ойынның шарты: Бала қарындашты мұрына қысып,   жартылай   отырып   жүріп   отырып   екінші   жаққа   келіп   берілген   есепті шығарады. Қайтарда жүгіріп барады да топтың келесі қатысушының алақанынан ұрып   келесі   эстафетаны   келесі   қатысушысына   береді.   Сонан   соң   қайта қайталанады. (Ойыншылар жарыса бастайды).  Сәт сапар, бастаймыз! 1 – жүргізуші:  пингвиндер  жүрісімен  жүріп  ІІІ  тур: «Пингвин»  сайысы,  ойынның  шарты:  Допты  аяққа  қысып  алып,  жерге құлатпай  келгенде инструкторлардың алақанынан ұрып, қайтар жолда жүгіріп кетеді. Сайысты кіші балалар бастайды да сонан соң келесі қатысушы жалғастырады. Сәт сапар, бастаймыз! мәре  сызығына 2 ­ жүргізуші: ІҮтур:   «Футбаскет»   сайысы,   ойынның   шарты:   Балалар   допты   футболдағыдай аяқтарымен теуіп барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Келесі сайыс қатысушысы допты аяғымен ұрып барады да, қабырғаға соғады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Анасы допты алып баскетболдағыдай жерге ұрып отырып барады да, қабырғаға ұрады. Қайтар жолда жүгіріп келу керек. Сәт сапар, бастаймыз! 1 ­ жүргізуші:  Ү тур: «Кім көп секіреді?» сайысы, ойынның шарты: Балалар секіртпені тебу арқылы кедергілерден өтіп, қайта секіртпені тебу арқылы келесі қатысушыға береді. (Ойыншылар жарыса бастайды).  Сәт сапар, бастаймыз! 2 ­ жүргізуші: ҮІ тур «Қақпашы» сайысы, ойынның шарты: Бұл ойында топтың бір   мүшесі   топтарына   қарама­қарсы   метр   жерге   барып   қолына   шелек   ұстап тұрады.   Қалған   ойыншылар   біртіндеп   волейбол   добын   лақтырады.   Шелек ұстаған ойыншы лақтырған допты қолындағы шелекпен қағып алуы керек. Сәт сапар, бастаймыз! 1   ­   жүргізуші:  ҮІІ   тур   «Желаяқтар»   сайсы,   ойынның   шарты:   Балалар желаяқтармен  жүрісімен   кедергілерден  өтіп  жылдам   жүріп   барады   да,  келесі қатысушының   алақынынан   ұрып   сайыскер   желаяқтармен   жүрісімен кедергілерден   өтіп   жылдам   жүріп   барады   да,   анасының   алақанынан   ұрып эстафетаны береді. Қайтар жолда аналары отырып жылдам мәреге жүріп келу керек.  Сәт сапар, бастаймыз! 2 ­ жүргізуші: ҮІІІ тур: «Жеңіске жету» сайысы. Ата   ­   аналар   кезекпен   ­   кезек   кездескен   кедергілерден   өтіп,   скакалкамен   ту тұрған   жерге   жетіп,   туды   алып   келеді   де   кезекте   тұрғанға   береді.   Ол   алып қайтадан орнына апарады. Және соңғысы алып келеді../ Кім жылдам, әрі бірінші алып келсе жеңіске жетеді. 1 ­ жүргізуші: Рахмет. Өте жақсы. Салауат бағы баулиды бізді жақсылыққа, Жетелейді елдің сәні ынтымаққа. Денсаулықтың түсіндіріп қадірін, Жол салады айдын шалқар болашаққа. 2 ­ жүргізуші: Өмір, өзің қайдасың, Күн мен түнді жалғайсың. Жақсыларға жақынсың, Жамандарға шалғайсың. Уақыт, уақыт, куәсің сен бәріне, Нұр төгеді сиқырлы кітап біздерге. Денсаулықтың әліппесі әрқашан, Жыр шашады қуана мына еліне 1 ­ жүргізуші: Ендеше, осы денсаулықтың әліппесін әрқашан жадында ұстанатын белсенді   де   білгір,   денсаулығы   мықты,   спорт   десе,   ішкен   асын   жерге   қойып, алтын уақытын спортқа арнайтын спортты сүйетін отбасылардың жетістіктерін марапаттау рәсіміне көшелік. 2 ­ жүргізуші: Жарыс заңы ежелден Жеңімпазды анықтау Жеңімпаз болу шарты сол Еңбектену, жалықпау. Біреу озса сайыста, Біреу артта қалады. Бұл сайыстан ренжімей Тараса бізге жарады ­ демекші   сайысымыздың   шарттары   бойынша   қорытынды   шығарып   жеңімпазды анықтап, марапаттау сөз әділқазыларға беріледі. (Әділқазылар алқасы марапаттау рәсімін өткізеді) 1   ­   жүргізуші:   Еліміздің   болашағы   дені   сау   азаматтардың   қолында. Денсаулықтың   кепілі   –   салауаттылық.   Салауатты   өмір   салтын   сақтап, болашағымызды   сәулендірейік!   «Толағай»   отбасылар   сайысы   осымен тәмамдалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп ­ көп рахмет! 2 ­ жүргізуші: Біз қазақпыз, Ел үшін атқа мінген. Жанып жатқан лапылдап отқа кірген, Бой тұмар ғып ар ­ ождан қазынасын, Отбасылар   ел   қамын   сақтап   жүргендемеші   бүгін   алтын   уақыттарын   қиып, «Толағай»   отбасылық   сайысқа   қатысқандарыңыз   үшін   әрбір   отбасыға, алғысымды білдіреміз! Жақсылықта, амандықта жүздескенше!!!

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып

Толағай 3 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.11.2018