Мақсаты: оқушылардың арасында жағымды қарым- қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен сыйлас болуға үйрету, коммуникативті өрісті дамыту, толеранттылық дегенді ұғындыру.
Міндеті:
адам қарым- қатынасындағы достық ұғымы туралы түсінік беру;
оқушылардың арасында достық сезімдерін дамытуға ықпал ету;
оқушыларды сыйластыққа, әдептілікке, шынайылыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
Мемлекет басшысы – Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласы мен «Қазақстан білім қоғамы жолында» интерактивті дәрісі қазіргі уақытта барша қазақстандықтардың басты назарында болып отыр. Елбасы аталмыш мақалаларында тәуелсіздік жылдары мен бейбіт кезеңдегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық қайта түрленуіне толыққанды талдау жасаған болатын. Сондай-ақ, Елбасы ХХI ғасырдың реалийлеріне сәйкес әрекет етудің тактикалық жоспарларын нақтылай отырып көрсеткен. Әсіресе, Президенттің қазақстандық табысқа қол жеткізудің үш кілті туралы ережені шығармашылық көзқараспен қарастыра келе, оны байыпты да терең тұрғыдан мазмұндауында да үлкен теориялық және практикалық мән жатыр. Бұл, біріншіден, 135 этностың басын біріктіруші бүкіл қазақстандықтардың ынтымақтастығы. Екіншісі – толеранттылық болса, ал үшіншісі – тарихи тағдырлардың қауымдастығы. Толеранттылық XXI ғасырда экономикалық дамудың маңызды факторы және әлемдік экономиканы рецессия жағдайынан алып шығушы тұтқа болып отыр. Қазақстанда бұл тәсіл уақытпен тексеріліп, сынақтан өткізілген, сондай-ақ оның тиімділігі тарихпен дәлелденген. Қазақстан осында өмір сүріп жатқан әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың шынайы Отаны бола білді. Олардың жалпы тарихи тағдырлары ұқсас және біздің бәріміз үшін бейбітшілік пен достықты, ұлтаралық және конфессияаралық татулықты сақтау маңызды болып қала бермек. Тек өзінің ұлттық шығу тегін сыйлаған адам ғана басқалардың мәдениетін сыйлай алады. Басқа этностардың рухани дүниесін терең түсіне білгенде ғана сол түрлі ұлт адамдарының басын біріктіре алады.
Толеранттылық (лат. tolerantia — төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Толеранттылық — адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Толеранттылық — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші.
Бүгін әлеуметтану ғылымы толеранттылықтың мынадай түрлерін атайды:
Келіспеушілік, бас тартушылық;
2. Өздігінен, өз бетімен келісу;
3. Өзара келісім;
4. Бірауыздан келісу;
5. Алауыздық – келіспеушілік;
6. Өзімен өзі келіспеушілік;
7. Өзара келіспеушілік;
8. Қарсы келісім.
Оқыту үдерісінде интеграция негізінде оқушылардың толеранттылығын қалыптастыру
Білім, ғылым мен өндірістің интеграциялануы
ҰСТАНЫМДАРЫ
Топтық-диалогтық қатынас
Толерантты қарым-қатынастағы оқыту үдерісінің ізгілік бағыттылығы
Оқушылардың қарым-қатынасындағы мәдениеттің тұтастығы
Оқыту үдерісіндегі оқытушы мен оқушының ықпалдастығы
Жалпы адами құндылықтардағы арақатынас
Өлшемдері
Жалпы мәдени құндылықтарды қалыптастырудағы ізгілік бағдар оқушылардың субъектілік тұлғалық дамуы ретінде
Толерантты қарым-қатынастағы құндылыққа бағыт
Толерантты қарым-қатынастағы тұлғаның өзін-өзі бағалауы
КӨРСЕТКІШТЕРІ
Субъектілерінің формалары ретіндегі қажеттілік пен ұмтылыс, тұлғаның рухани адамгершілік дамуында толерантты және ізгілік қарым-қатынаста мақсатты, формаларды, құралдарды жеке таңдауға ұмтылыс, басқа ұлт өкілдерінің адамгершілік нормаларына қызығушылық.
Өзіне, қоғамға, ҚР азаматы ретінде толерантты және жауапты қарым-қатынастың мағынасын білу, қарым-қатынастың ұлттық ерекшеліктерін түсіну, ізгілікті түсіну, ұлтаралық этноэтикет мінез-құлығындағы ережелер мен нормаларды білу.
Адамға құрал емес, мақсат ретінде қатынас жасау, ұлтаралық қатынастағы этикане ізгілендірудегі, өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы, ұлттық ізет көрсетудегі, ізгілік қарым-қатынас жасаудағы, басқа ұлт өкілдеріне құрмет көрсетудегі ептілік.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.