Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Толымды және толымсыз сөйлемдер.
Сабақтың мақсаты: 1.Жай сөйлем түрлерін қайталай отырып, толымды және толымсыз сөйлемдер жайлы білімдерін қалыптастыру;
2. Жұмысты түрлендіру барынсында, деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділіктерін
арттыру, шығармашылыққа баулу, синтаксистік
талдау дағдыларын жетілдіру;
3. Ұжымдық іскерлікке ұштау, деңгейлеп-саралап оқытуда оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарын жетілдіру.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ барысы:
3. Жаңа тақырыпты меңгерту.
Ойға қатысты сөйлем мүшелерінің барлығы қатысқан сөйлемдерді толымды сөйлем дейді.
Ойға қатысты сөйлем мүшесінің бірі түсіп қалған сөйлемнің тірін толымсыз сөйлем дейміз.
Толымсыз сөйлем жасалуы жолдары:
1. Өзара желілес сөйлем тобы
2. Сөйлемнің қажетті мүшелерінің айтылмай қалуы, әсіресе диалог дағдайында жиі кездеседі.
толымды сөйлем |
Толымсыз сөйлем |
-Ныгметжан!-деді Балуан Шолақ,-анау Ақбоз сенікі ме? -Ақбоз менікі -Ақбоз асау ма, өзі? - Ақбозға жүген-құрық тимеген - Ақбозды сатуға әкелдің бе? -Әрине, сатуға әкелдім. |
-менікі -Асау ма, өзі? -Жүген-құрық тимеген -Сатуға әкелдің бе? - әрине |
Толымсыз сөйлемде тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің бірі не бернешеуі түсіріліп айтылуы мүмкін. Бірақ сол түсірілген мүшенің қай сөз екені алдыңғы сөйлемнен, толымсыз сөйлемдегі басқа мүшелердің жалғауларынан, сөйлемдердің , сөздердің өзара қатынасынан белгілі болып тұрады. Толымсыз сөйлемдер, әсіресе сөйлеу тіліне, солай болғандықтан, диалогты сөйлемдерге тән:
Кім жазды?
Слесарь Лапшин.
Қарындасым, сіздің атыңыз кім?
Лиза.
Бұл екі сөйлемнің алдыңғысында не жазылғаны айталмаған. Слесарь Лапшин деген сөйлемде анықтауыш пен бастауыш қана айтылған. Ал баяндауыш (жазды) пен тура толықтауыш (жазуды) ерекше айтылмаған. Сонда да өзара сөйлеуші кісілерге де, оларды оқушыларға да әңгіме не жайында болып отырғанын мына үзіндіден толық аңғаруға болады:
«Сағаттың сыртындағы « Ардақ Мырзабекқызына социалистік мәдениет майданында көрсеткен екіпніді ерлігі үшін берілді» деп Асыл бізбен жазылған әдемі жазуды оқыған соң ғана тіл қатты;
Кім жазды?
Слесарь Лапшин.
Біз ол кезде жайлауда тұрамыз. Дәуімбай деп аталады. Аудан орталығынан қашық емес. Екі арада темір жол жатыр. Менің балдай балалық шағым сол әсем жайлауда қалды. Қандай алаңсыз еді, шіркін! Ертеңнен кешке шейін асыр салып ойнаймыз. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз. Әжем бие саууға шығады. Не бары екі биеміз бар.
толымды сөйлем |
Толымсыз сөйлем |
|
- |
80-жаттығу, 81-жаттығу. (ауызша)
Сөйлем мүшелеріне талдау.
Әуелде айдың туғанынын байқамай қалдым. Өрістен сауын кезінде жылқыларды қуып келеміз.
Лек-грамм.талдау : өрістен, қуып келеміз.
Бекіту сұрақтар арқылы
Бағалау
Үйге тапсырма: 82-83-жаттығу
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлемдер.
Сабақтың мақсаты: 1.Жай сөйлем түрлерін қайталай отырып, жалаң
және жайылма сөйлемдер жайлы білімдерін қалыптастыру;
2. Жұмысты түрлендіру барынсында, деңгейлік
тапсырмалар арқылы оқушылардың белсенділіктерін
арттыру, шығармашылыққа баулу, синтаксистік
талдау дағдыларын жетілдіру;
3. Ұжымдық іскерлікке ұштау, деңгейлеп-саралап оқытуда оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарын жетілдіру.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпты меңгерту.
І деңгей
1. Сұрақтарға жауап беру.
- Жай сөйлем дегеніміз не?
- жай сөйлемнің неше мағыналық түрелір бар?
- жақты сөйлем дегеніміз не?
- жақсыз сөйлем дегеніміз не?
- жақсыз сөйлемнің жасалу жолдары қандай?
2. Сөйлемге синтаксистік талдау.
І топ. Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ.
ІІ топ. Бұл өмірден жылап кеткім келмейді!
ІІІ топ. Семантикалық кестені толтыру.
бастауыш |
баяндауыш |
толықтауыш |
анықтауыш |
пысықтауыш |
мен |
Түстім. |
Сөзін |
Құрманбайдың |
қызықтай |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Мен Құрманбайдың сөзін қызықтай түстім. Біз әдейі саған келдік. Тәуелсіздікті аңсамайтын халық ешқашан болмайды. Қаһарлы қыс биыл ерте түсті.
ІІ деңгей
1. Тірек сызбаға түсіру
І топ. Жалаң сөйлем Венн диаграммасына түсіру.
ІІ топ. Жайылма сөйлем
ІІІ топ Синтаксис
І топ.
|
Сиыр |
|
жылқы |
|
Ит |
|
Мысық |
|
доңыз |
ІІ топ. Қыс келді. Күн суытты. Қар жауды. (шағын мәтін құру)
ІІІ топ.
Грамматикалық белгісі |
Жай сөйлемнің түрлері |
|
Жақты сөйлем |
|
Жақсы сөйлем |
|
Жалаң сөйлем |
|
Жайылма сөйлем |
ІІІ деңгей.
«Ұстаз» сөзіне бес жолды өлең құрастыру.
1-жол. Бір сөз-зат есім
2-жол. Екі сөз-сын есім(қандай)
3 –жол. Үш сөз-етістік (не істейді)
4- жол. Төрт сөзді сөйлем.
5-жол. Синоним.
Ұстаз
Білімді, мейірімді
Оқытады, тәрбиелейді, үйретеді.
Ұстазы оқушыларға білім береді. Ұстазы жақсының ұстамы жақсы.
Мұғалім.
Сабақты қайталау.
Үйге тапсырма. 79-жаттығу.
Бағалау.
|
|
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Жақсыз сөйлемдер , жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: 1.Жақсыз сөйлем туралы, оның жасалу жолдарын
меңгерту;
2. Жақсыз сөйлемді сөйлем ішінен таба алуына дағдыландыру, сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. оқушы бойындағы адамгершілік құндылықтарын жетілдіру, ұжымдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
3.Жаңа тақырыпты меңгерту.
Жақсыз сөйлемнің баяндауышының жасалу жолдары:
1. Етістік жұрнағы –қы, -ғы, -кі, -гі тәуелденіп кел көмекші етістіктің тіркесуі арқылы: айт+қы+м келді.
2. у- тұйық етістікке (ға, ге)барыс септік жалғауы жалғанып, бол, жара, тура, кел сөздерімен тіркеседі:
айт+у+ға тура келді.
3. у-тұйық етістікке тәуелдік жалғау жалғанып, керек, жөн, мүмкін сөздерімен тіркеседі:
кел+у+іміз керек
4. –ып,-іп,-п көсемше жұрнақтарынан кейін бол сөзі болымсыз тұлғада (ма,ме,ба,бе,па,пе):
айт+ып болмайды.
5. Баяндауышы тұрақты сөз тіркесінен келу
Енді біраздан кейін көз байлануға айналды
73-жаттығу.
-Жан ашырдың жоқ болғаны ғой! Бірақ тобыңа бөтендігім жоқ. Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді. Базаралыға қамшы жұмсамаса, қарап қалуға болмайды. Абайдың ішек-сілесі қатып еді.
Сөйлем мүшелеріне талдау.
І топ. Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келді.
ІІ топ. Базаралыға қамшы жұмсамаса, қарап қалуға болмайды.
Сөйлемдер |
Жақты сөйлем |
Жақсыз сөйлем |
Менің оқығым келеді. |
|
|
Маған сабақтан қалуға болмайды |
|
|
Арман сүзіле қарады. |
|
|
Тұқымды құрғатпай-ақ себе беруге болады. |
|
|
Қазақ хандығының алғашқы кезеңінде жаңа мемлекетті сақтап қалу жолында қанша түрлі қауіп-қатер болды. |
|
|
Сол кезде де үлкен мәмлегерлік іске жүгінуге тура келді. |
|
|
Оның төбе шашы тік тұрды. |
|
|
Камарға кінә қойып болмайды. |
|
|
Бекіту: Сұрақтар арқылы
Үйге тапсырма: 75-76 жаттығу.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Жай сөйлемнің түрлері туралы түсінік. Жақты
сөйлемдер жасалу жолдары
Сабақтың мақсаты: 1.Жай сөйлем туралы, оның жақсы жай сөйлем жайлы білімдерін қалыптастыру;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Топқа бөлу.
1. тапсырма. Жай сөйлем түрлеріне тірек сызба арқылы түсіндіру.
2. тапсырма. Берілген мысалдар арқылы жай сөйлем түрлерін ажырату.
3. тапсырма. Жақты сөйлемдер жайлы оқып, жақты сөйлемнің ашық түрі мен жасырын түрін ажырату
4. талдау жұмыстары. Сөйлем беру сөйлем мүшелеріне талдау.
5. тест тапсырмаларын орындау.
6. Бағалау
7. Үйге тапсырма беру.
1. Тірек сызбаға түсіру.
І топ. ІІ топ
2. Жай сөйлем түрлерін ажырату.
ІІ топ |
І топ |
Қараңғы түн. Жаңбыр жауды ма? Баланы жаман үйретуге болмайды. Қайдан? Өзеннен балық аулаймыз. |
Күн суытты. Бізге көбірек оқу керек. –Қайда барасыз? Дала. Мен бүгін суреттен бес алдым.
|
3. тапсырма 69-70-жаттығу
4. тапсырма
Сәуле бүгін келді ме, апа? Кесек оқты жаудыра бердік.
5. Тест. Жабық тест. 5 сұрақ.
Топты бағалау.
Үйге тапсырма. Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлемдерге мысал жазып келу.
Тест
1. Жалаң сөйлем дегеніміз не?
А) бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.
В) Тұрлаулы мүшелермен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем.
С) Мазмұн толық берілген сөйлем.
Д) Бастауышы жоқ сөйлем.
Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем.
2. Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталды?
А) Жалаң сөйлем
В) жақсыз сөйлем
С) жақты сөйлем
Д) толымды сөйлем
Е) жайылма сөйлем.
3. Жалаң сөйлемді белгіле.
А) Қалың қар.
В) Қар жауды.
С) Бүгін жауды.
Д) Қар қалың жауды.
Е) Қарлы боран.
4. Жайылма сөйлемді белгіле.
А) Қалың қар.
В) Қар жауды.
С) Бүгін жауды.
Д) Қар қалың жауды.
Е) Қарлы боран.
5. Жақты сөйлемдердің ішінен бастауышы жасырын тұрған сөйлемді тап.
А) Мен ақын емеспін.
В) Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып, кү н болам
С) Сәбит ұшақпен кетті.
Д) Қартқожа сөйлеп отыр. Сабақтан кешігуге болмайды.
Е) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздерді қайталауға арналған деңгейлік
тапсырма
Сабақтың мақсаты: 1. Оқшау сөз, оның сөйлемдегі қызметі мен тыныс
белгілері жайлы білімдерін тексеру;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: деңгейлік тапсырма
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
І деңгей
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерін қой.
Саржан аға мен сізді бір көрермін. Уа Қайырбек. Ой әке-ай! Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз үшінші орысты айттыңыз. Сізде рас жұмысым бар еді. Ер қадірін әрине халық ұмытпас. Пау шіркін! Түу мынау нар жігіт қой! Әй анау кім? Сіздің халық менің аңғаруымша ақын халық.
2. Екінші ел алатын тәсілді ...деп басталатын сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей
1. Лексика-грамматикалық талдау.
Айтармын, беріп жатыр.
2. Сәйкестендіру тест
1. мысалдарды сәйкестендір
А) Пай,пай, Хаменұлы ма! |
1. қарапта |
В)Көңіл-күй, жекіру, шақыру |
2. қыстырма |
С)Апа, арқарды көрдің бе? |
3. одағай |
Д)Мүмкін сізге бұл сезім таныс болмас |
4 оқшау сөз түрлері |
Е) Қарапта, қыстырма, одағай |
5. одағай түрлері |
2. тыныс белгілері арқылы сәйкестендір.
А) мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысың |
1. қарапта сөз басында тұр |
В)Әттең, Ақыштың осы бір мінезі! |
2. қыстырма сөз ортасында тұр |
С)Өзі осында келіп пе, сірә? |
3. одағай басында тұр |
Д)Ағай, маған не дедіңіз? |
4 қарапта сөз ортасында тұр |
Е) Кінәлі, бәлкім, бұған кәрілігім. |
5. қыстырма сөз соңында тұр. |
ІІІ деңгей
«Оқшау сөздер» тақырыбында ертегі құрастырып жазу.
Үйге тапсырма: Байжан күпенің терезесін қайта түсіріп жіберді.
І деңгей
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерін қой.
Саржан аға мен сізді бір көрермін. Уа Қайырбек. Ой әке-ай! Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз үшінші орысты айттыңыз. Сізде рас жұмысым бар еді. Ер қадірін әрине халық ұмытпас. Пау шіркін! Түу мынау нар жігіт қой! Әй анау кім? Сіздің халық менің аңғаруымша ақын халық.
2. Екінші ел алатын тәсілді ...деп басталатын сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей
1. Лексика-грамматикалық талдау.Айтармын, беріп жатыр.
2. Сәйкестендіру тест
ІІІ деңгей
«Оқшау сөздер» тақырыбында ертегі құрастырып жазу.
І деңгей
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерін қой.
Саржан аға мен сізді бір көрермін. Уа Қайырбек. Ой әке-ай! Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз үшінші орысты айттыңыз. Сізде рас жұмысым бар еді. Ер қадірін әрине халық ұмытпас. Пау шіркін! Түу мынау нар жігіт қой! Әй анау кім? Сіздің халық менің аңғаруымша ақын халық.
2. Екінші ел алатын тәсілді ...деп басталатын сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей
1. Лексика-грамматикалық талдау.Айтармын, беріп жатыр.
2. Сәйкестендіру тест
1. мысалдарды сәйкестендір
ІІІ деңгей
«Оқшау сөздер» тақырыбында ертегі құрастырып жазу.
І деңгей
1. Сөйлемдерді көшіріп жазып, тыныс белгілерін қой.
Саржан аға мен сізді бір көрермін. Уа Қайырбек. Ой әке-ай! Ең әуелі жайдақ суға теңгердіңіз. Екінші ел алатын тәсілді айттыңыз үшінші орысты айттыңыз. Сізде рас жұмысым бар еді. Ер қадірін әрине халық ұмытпас. Пау шіркін! Түу мынау нар жігіт қой! Әй анау кім? Сіздің халық менің аңғаруымша ақын халық.
2. Екінші ел алатын тәсілді ...деп басталатын сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
ІІ деңгей
1. Лексика-грамматикалық талдау.Айтармын, беріп жатыр.
2. Сәйкестендіру тест
ІІІ деңгей
«Оқшау сөздер» тақырыбында ертегі құрастырып жазу.
Сәйкестендіру тест
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Қаратпа сөз. Сөйлемдегі қызметі. Тыныс белгілері
Сабақтың мақсаты: 1. Қарапта сөз, оның сөйлемдегі қызметі мен тыныс
белгілері жайлы білім беру;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
А)Оқшау сөздер дегеніміз не? Ә)Оқшау сөздердің түрлері?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Болатбек, сен де сөйлейсің бе бүгін? Әпке, сізге бірдеңе айтайыншы. Азамат екенсің ғой, Иса!
Сөйлеуші біреудің назарын өзіне аудару үшін қолданылатын оқшау сөзді қаратпа сөз дейміз.
Қаратпа сөздің тыныс белгілері:
1. Қаратпа сөз сөйлемнің басында тұрса, одан кейін я үтір, я леп белгілері қойылады. Қаратпа сөз көтеріңкі дауыспен айтылса, соңынан леп белгісі қойылады. Леп белгісінен кейін бас әріппен жазылады.
Абай, осы сен ақынсың-ау! Ой, әке-ай! Алысқа барып келдім.
2. Қаратпа сөз сөйлемнің ортасында тұрса, екі жағынан, соңында тұрса, алдынан үтір қойылады.
Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.
Жаттығу жұмыстары: Қаратпа сөзге айналдыру.
Түс ауа үйге келдің бе, Рахат? Сәуле тәтей, атайдың айтқан сөздерін жазып алдың ба?. |
Түс ауа үйге Рақат келді. Сәуле тәтей атайдың айтқан сөздерін жазып алды. Жас жігіттер өмірге араласты. Оңалбек айтқан сөзінен танбады. |
Ойын.
а |
м |
р |
ы |
т |
с |
ы |
қ |
у |
ө |
а |
у |
а |
а |
р |
а |
ы |
р |
т |
а |
з |
й |
а |
р |
з |
у |
қ |
қ |
а |
ы |
қ |
а |
ы |
л |
у |
а |
л |
р |
ұ |
т |
у |
а |
т |
қ |
ы |
с |
ы |
п |
у |
а |
р |
ы |
қ |
у |
с |
а |
Талдау жұмыстары:
І топ. Бұлар үш қабат үлкен үйдің баспалдағымен жоғары көтерілді.
ІІ топ Жігіттер вагон ішінде қаз-қатар тұр.
Сөйлем мүшесіне, сөз тіркесіне талдау
Лексика-грамматикалық талдау: жоғары, үйдің
Бекіту:
Бағалау
Үйге тапсырма: Қарапта сөзге арнап мысалдар жазып келу.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Қыстырма сөздер. Қызметі жұмсалған сөздер мен сөз тіркестері
Сабақтың мақсаты: 1. Қыстырмасөз, оның сөйлемдегі қызметі мен тыныс
белгілері жайлы білім беру;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
№1
1. Қарапта сөздерді тауып, қажетті тыныс белгілерін қойып ажырат.
Жігіттер ертең сынақ басталады. Ұялма балам жоғары шық. Ендігі кезек сенде қарағым. Кел балалар оқылық!Біздің үйге қайт қалқам тезірек.Ата немереңіз келді. Тыңда дала Жамбылды.
№2. Сөйлем мүшесіне талда.
Аман, біздің үйге келдің бе? Менің ойлаған ойымның үстінен түстің, Ботагөз.
№3. Балама тест сұрақтарына жауап бер.
1. Оқшау сөздер үшке бөліне ме?
2. Оқшау сөздер сөлем мүшесі қызметін атқарады ма?
3. Қарапта сөз біреудің назарын аудару үшін қолданылады ма?
4. Қарапта сөз заттық мағынаны білдіре ме?
5. қарапта сөз тек сөздің басында кездеме ме?
6. Қарапта сөз үтір арқылы ажыратыла ма?
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Қыстырма сөз
☺сөйлемдегі ойға қатысты сөйлеушінің түрлі көзқарасын білдіретін сөздер.
☺сөйлем мүшесі қызметін атқармайды;
☺басында,ортасында, соңында келсе үтір арқылы ажыратылады.
Мысалы: Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Бұларды, әрине, осы жерде жасауға болмайды. Өзі осында келген шығар, сірә?
Қыстырма сөздер мағынасына қарай:
Ой тәртібін білдіреді. |
Бір ойдың алдыңғы жақта айтылған оймен байланысын қорыту ретінде айтылады. |
Шамамен ғана я сенер-сенбестікпен айтылғанын білдіреді |
Ойдың кімнен қайдан екенін көрсетеді. |
Сенушілікті, мақұлдауды, мойындауды білдіреді. |
Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіреді |
түрі |
Біріншіден екіншіден, бір жағынан, әуелі, ақырында |
Олай болса, демек, сөйтіп, сонымен, қысқасы, айтпақшы |
Сірә, мүмкін, тегі, кім біледі, байқаймын, бәлкім |
Меніңше, сөздіңше, оның пікірінше |
Сөз жоқ, бәсе, рас, әрине, шыныда, дұрысында |
Бағымызға қарай, амал қанша, абырой бергенде |
мысал |
Ақырында, Бесбайдың ойлаған сақтығы дұрыс болып шықты. |
Бүгін, сонымен, он жеті арба тары кетті. |
Сірә, дәл осы бұлақ бұл аймақтың нәрі болса керек. |
Асанның айтуынша, ол өзін өте әдепті ұстапты |
Сізде, рас, жұмысым бар еді. |
Бағымызға қарай, қария да үйінде болып шықты. |
мысал |
Талдау жұмыстары:
Лексика-грамматикалық талдау. Етістік.
Келеді, барғанмын.
1.Бұл сөз құрамында қарай: 3 құрамнан тұр: кел+е+ді.
2. Тұлғасына қарай- негізгі түбір.
3. Құрылысына қарай- дара.
4. Сөзде 1 лексикалық мағынасы, 3 грамматикалық мағына бар.
5. Лексикалық мағына- қимыл іс-әрекетке берілген атау
6. Біріншгі граматикалық мағынасы.
а) жалпы граматикалық мағына.- етістік
7. Екінші грамматикалық мағынасы-е- көсемше жұрнағы категориялық грам. мағына- шақтық мағына
8. Үшінші грамматикалық мағына- ді-жіктік жалғаудың ІІІжағы, категориялық грам. мағына -жақтық мағына
9. Сұрағы. Не істейді?
7. Мағынасына қарай.
а) негізгі ә) объектіге қатысына қарай: салт
в) іс-әрекеттің орындалуына қарай: болымды.
10. Етістіктің өзіне тән ерекше категориялары.
ә) көсемше.
11. Етістіктің райлары.Ашық рай
12. Етістіктің шақтары. Келер ,ауыспалы келер шақ)
Бекіту: Сұрақтар арқылы
Үйге тапсырма. Талдау жұмыстарын аяқтау. Қыстырма сөзге 10 мысал.
Бағалау.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Одағай. Мағыналық топтары.
Сабақтың мақсаты: 1. Одағай, оның түрлері туралы түсінік
қалыптастыру;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
№ |
Түрлері
|
Қосарлы айқындауыш |
Оңашаланған айқындауыш |
Қарапта сөз |
Қыстырма сөз |
одағай |
Мысалдар |
А |
Ә |
Б |
В |
Г |
|
1 |
Аптаның соңғы күні, сенбі күні, саяхатқа шығамыз. |
|
+ |
|
|
|
2 |
Әйтсе де, сізді танымай тұрмын. |
|
|
|
+ |
|
3 |
Бұлардың сөзін Баян бәйбітше келіп бөлді. |
+ |
|
|
|
|
4 |
Ата, қалаға қашан барамыз? |
|
|
+ |
|
|
5 |
Ой, байғұс бала-ай |
|
|
|
|
+ |
6 |
Біздің үйге, қалқам, тезірек жет! |
|
|
+ |
|
|
7 |
Меніңше, сол орынды сияқты. |
|
|
|
+ |
|
8 |
Әрине, айта беріңіз, апа |
|
|
+ |
+ |
|
9 |
Уа, шіркін, ән деп осыны айт. |
|
|
|
|
+ |
10 |
Мәкіш, өз туысына, інісіне, тамашалай қарады. |
|
+ |
|
|
|
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Одағай
☼ дербес мағынасы жоқ, адамның көңіл-күйін білдіретін немесе жануарларға қаратылып айтылатын сөз табы.
☼ сөйлем мүшесі бола алмайды.
☼ мағынасына қарай: көңіл-күй одағайы, жекіру одағайы, шақыру одағайы
Шақыру одағайы |
Жекіру одағайы |
Көңіл –күй одағайы |
|
|
|
Алақай, шөре-шөре, тәйт, әттең, ойпырай, түу, қош-қош, тек, бәрекелді, пәлі, жә, көс-көс, мәссаған, шіркін-ай, уһ, ах, моһ-моһ, қане, құрау-құрау.
Талдау жұмыстары:
Лексикалық талдау. Батыр, биік
Лексика-грамматикалық талдау. Айтқанмын, үйренеді.
|
жұрнақтары |
мысал |
Шақтық мағына |
1. |
-ған,-ген,қан,-кен |
барған |
өткен шақ |
2 |
-ар,-ер,-р |
барар |
Келер шақ |
3. |
-атын, -етін,-итін |
баратын |
өткен шақ |
4 |
-мақ,-мек, -бақ-бек, -пақ, -пек |
бармақ |
Келер шақ |
5 |
(ма, ме, ба, бе, па, пе) кейін -с |
бармас |
|
|
жұрнақтары |
мысал |
Шақтық мағына |
1. |
-а,-е,-й |
Келе |
Келер шақ |
2 |
-ып,-іп,-п |
Келіп |
өткен шақ |
3. |
-ғалы,-гелі,-қалы,-келі |
келгелі |
|
Үйге тапсырма: Оқшау сөздер туралы ертегі құрастырып келу.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер. Оның түрлері.
Сабақтың мақсаты: 1. Оқшау сөздер, оның түрлері жайлы білімдерін
қалыптастыру;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Өткен материалды сұрақтарға жауап беру арқылы тексеру.
І топ:
1. Сөйлем дегеніміз не, оның түрлері.
2. Ат-көлік, қамшы-қару. Үш жердегі үш-тоғыз. Сөйлемдегі баяндауыштарын тап, қай сөз табынан екенін айт. Сызықшаның қойылу себебін түсіндір.
ІІ топ
1. Сөйлем мүшесі дегеніміз не, оның түрлері
2. Анықтауыш қай сөз табынан екенін тап.
Қысқа жіп. Ағаштың жапырағы. Жалбыраған бұтақтар. Алтын сағат. Сағат үш болды.
ІІІ топ.
1. Тұраусыз мүше дегеніміз не, оның түрлері.
2. Пысықтауыш сұрақтарын жатқа айт. 10-нан кем емес
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
|
|
|
|||||
67-жаттығу. Ауызша
Ситаксистікті талдау:
Инабатты отағасының үйіне иман тұрақтайды.
І. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай-хабарлы сөйлем.Себебі, ой баяндай жеткізіліп тұр.
ІІ. Құрылысына қарай- жай сөйлем. Себебі, бір ғана тиянақты ойды білідіріп тұр.
ІІІ. Сөздерді сөйлем мүшелеріне талдау:
1. Иман қайтеді?- тұрақтайды- дара, етістікті, жіктік тұлғалы баяндауыш;
2. Тұрақтайтын не?-иман- дара, зат есімді, атау тұлғалы бастауыш;
3. несіне иман тұрақтайды?- үйіне-дара, зат есімді, барыс тұлғалыжанама толықтауыш;
4. Кімнің үйіне?-отағасының-дара, зат есімді ілік тұлғалы анықтауыш;
5. Қай отағасының?-инабатты- дара, сын есітді қатыстық анықтауыш.
ІV. Жай сөйлем түрлеріне қарай.
А) жайылма
Ә) жақты
Б) толымды
6. Сөз тіркесіне талдау
Үйіне тұрақтайды
1. тіркесі тәсілі-жалғау арқылы
2. байланысу формасы- меңгере байланысқа тіркес
3. синтаксиситік қатынас-толықтауыш қатынас
4. Басыңқы сыңарына қарай-етістікті тіркес
Отағасының үйі, инабатты отағасы
Бекіту.
Бағалау.
Үй тапсырмасын беру. Мысалдар жинақтау. Талдау жұмыстары
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы түсінік
қалыптастыру
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы білімдерін тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Сабақ тақырыбын мысал арқылы шығару.
Үстелде не жатыр? (кітап, папка, қалам, журнал, бор)
Бүгін қазақ тілі сабағында оқушылар не істеді? (жазды, талдады, айтты, оқыды)
Мұғалім бүгін кімді тақтаға шығарды?(Жандосты, Мақсатты, Баяхтиярды)
Сынып бөлемесі қандай?(кең, таза, жарық)
Оқушылар дәптерге жаттығуды қалай қатысты?(жақсы, таза, тез)
|
Түйе, жылқы, өгіз көлік ретінде пайдаланады, оны шанаға, арбаға, жегеді, мінеді.
Жылқы-қазақтың кәделі, бағалы, қымбат қазынасы.
Жалпылауыш сөз.
Бірыңғай мүшелердің алдынан келсе, онда жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады.
Бірыңғай мүшелерден соң келсе, жалпылауыштың алдына сызықша қойылады.
Үлестірмелі қағаздармен жұмыс.
63-жаттығу. Тыныс белгілерін қою. Бірыңғай мүшелерін табу.
Талдау жұмыстары:
Сөйлем мүшесіне талдау
Сөз тіркесіне талдау
Морфлогиялық талдау. Қой мойынды, шоқпардай
Бекіту сұрақтар арқылы. Үйге тапсырма. 64-жаттығу. Мінездеме беру
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Коррекциялық жұмыс. Тоқсандық қайталау тест арқылы.
Сабақтың мақсаты: 1. Өткен материалды қаншалықты меңгергендігін
анықтау;
2. Сөйлем мүшелеріне талдау дағдыларын, ойлау қабілеттерін арттыру.
3. Алған білімдерін кіріктіру арқылы ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:бақылау .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
І деңгей
1. Сұрақтарға жауап беру:
А) сөйлем мүшелері дегеніміз не? Неше бөлінеді.
Ә) Тұралусыз мүшелердің сұрақтарын жаз.
2. Анықтау тест
Р/с |
Тапсырмалар |
Жауаптары |
1. |
Сөздердің әр алуан тұлғада өзара тіркесіп, біршама тиянақталған ойды білдіреді. |
|
2. |
Сөйлемдегі қызметі, тұлғасы, сұрақтары бірдей мүше. |
|
3. |
Сөйлемде кейде бір сөзді заттық жағынан айқындап, түсіндіріп тұратын сөз я сөздер тобы болады. Осыны ... |
|
4. |
Сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер |
|
5. |
Толық мағыналы бір сөзден болған мүше |
|
6. |
Сөйлемде атау септігінде тұрып, іс-оқиғаның иесін білдіреді. |
|
7. |
Сөйлемде бастауыш пен баяндауыш төңірегінде топтасып, бірі ойды анықтау үшін, екіншісі-ойды толықтыру үшін, үшіншісі-ойды пысықтауыш үшін алынған сөздерді сөйлемнің ... |
|
8. |
Баяндауыш білдіретін амал-әркетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалатын сөйлем мүшесі. |
|
ІІ деңгей
1. Синтаксистік талдау. Сөз тіркесіне талдау
Келгендер Құнанбай мен Алшынбайдың екі жағынан жарыла отырды.
2. Бірыңғай бастауыш, баяндауыш, толықтауыш, пысықтауыш, анықтауыш болатындай сөйлем құрастыру.
ІІІ де
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемнің құрамы. Сөйлем мүшелері
Сабақтың мақсаты: 1. Сөйлемнің құрамы мен сөйлем мүшелері жайлы
түсініктерін тереңдету
2. Оқушылардың ойын, тілін дамыту;
3. Жауапкершілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы білімдерін тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сөйлем мүшелері дегеніміз-сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
Сөйлем құрамына тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: шылаулар, одағай сөздер, көмекші етістіктер, қарапта, қыстырма сөздер.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
· Толық мағыналы сөз болуы керек;
· Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
· Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай: дара, күрделі, үйірлі.
Сөйлем мүшелері
тұрлаулы мүшелер тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш толықтауыш
Баяндауыш анықтауыш
пысықтауыш
34-жаттығу ауызша жұмыс.
Талдау жұмыстары
Сәкен Ыбырайдың ірі ақын, ірі әнші екенін бұрын да естіген еді.
Синтакасистік талдау.
Ыбырайдың, әнші сөздеріне сатылай кешенді талдау
Сәкен сөзіне фонетикалық талдау.
Бекіту кезеңі:Сұрақтар арқылы
Бағалау
Үйге тапсырма: 35-жаттығу
Сәкен Сейфуллин жайлы шағын дерек.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Анықтауыш.Анықтауыш болатын сөз таптары. Сұрақтары.
Сабақтың мақсаты: 1.Анықтауыш, оның болатын сөз таптары, сұрақтары туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Тақырыпты аша отырып, оқушылардың синтаксистік, морфлогиялық талдау жасау дағдыларын арттыру;
3. ұқыптылыққа, білімдерін жүйелі қолдануға тәрбиелеу, темекі зияндылығына көз жеткізу.
Сабақ түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы білімдерін тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Тірек сызбаға түсіру.
|
|
||||
|
|||||
Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдаушының құлағын тиері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді
Тыңдағанда, көңілдің өсері бар.
Анықтауыштарды табу.
Анықтауыш болатын сөз таптары. Кестемен жұмыс.
Байланысу формалары
қабысу |
матасу |
Ақшыл тас |
Саматтың қағазы |
Ақшыл тас, Саматтың қағазы, қайынның бұтағы, сөздің үй, үлкен терезе, күн сәулесі, түзу көше, ешқандай кінә, тулаған толқын, жым-жырт тыныштық, салт атты жолаушы, партизанның сөзі, осындай жылқышы, бұл әнші, бірер апта
49-жаттығу. Тұтанбаған темекі ғана зиянсыз.
Мәтінді оқып шығу. Мазмұнын ашу. Зияндылығын айту. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою. Анықтауышты табу.
Еуропаға темекіні XVІ ғасырдың әйгілі теңізшісі Х.Колумб әкелді.
1. Бұл сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай-хабарлы сөйлем
2. Құрлысына қарай жай сөйлем
3. Сөздерді сөйлем мүшесіне талдау
- не істеді?-әкелді- дара, етістікті баяндауыш;
- кім әкелді?- теңізші Х.Колумб-күрделі, зат есімді бастауыш;
- қандай?- XVІ ғасырдың әйгілі- күрделі, анықтауыш;
- нені әкелді?-темекіні- дара, зат есімді-тура толықтауыш
-қайда әкелді?-Еуропаға-дара, зат есімді пысықтауыш.
4. Жай сөйлем түрлеріне қарай
- жайылма
- жақсы
-толымды
5. Сөз тіркесіне талдау
Темекіні әкелді
І. Тіркесу тәсілі: -ні табыс септігі жалғауы арқылы байланыс;
ІІ. Байланысу формасы: меңгере байланысқан тіркес;
ІІІ. Синтаксистік қатынас: тура толықтауыштық қатынас;
ІV. Басыңқы сыңарына қарай: етістікті сөз тіркес.
әйгілі теңізші Х.Колумб
І. Тіркесу тәсілі: -орын тәртібі арқылы байланыс;
ІІ. Байланысу формасы: қабысу байланысқан тіркес;
ІІІ. Синтаксистік қатынас: анықтауыштық қатынас;
ІV. Басыңқы сыңарына қарай: есімді сөз тіркес.
Морфлогиялық талдау.
І топ жомарт, ақылдың
ІІ топ өнерлі, бақташының
Рефлексия.
Үйге тапсырма51 жаттығу.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Пысықтауыш.Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын
сөздер
Сабақтың мақсаты: 1.Өтілген тақырыптарды байланыстыра отырып, жаңа
материалды өздіктерінен меңгерту;
2. логикалық ойлауын, мәтінді оқушылардың синтаксистік, морфлогиялық талдау жасау дағдыларын арттыру;
3. нақыл сөздер арқылы жақсылыққа, ізгілікке тәрбиелеу.
Сабақ түрі:Жаңа тақырыпты түсіндіру .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру. Тест арқылы білімдерін тексеру
3. Жаңа тақырыпты түсіндіру. Кестемен жұмыс. Тірек сызбаға түсіру.
Пысықтауыш анықтамасын талдау. Негзігі белгілері:
- Іс-қимылдың мекен, мақсат, сын-қимыл, себеп, мөлшер жағынан пысықтап тұрады.
- Қашан? Қайда ? қалай?неге? не үшін? Неліктен? Т.б сұрақтарға жауап беру
- Байланысу түрлері-меңгеру, жанасы және қабысу
- Құрылысына қарай:дара және күрделі болып бөлінуі
52-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп алып, біртектес сөздерге сұрақ қою. Айырмашылығын табу.
53-жаттығу.(ауызша)Талдау жұмыстары: Синтаксистік талдау.
Тәуелсіздік тірегі-білімді ұрпақ.
1. Бұл сөйлем айтылу сазы мен мазмұнына қарай-хабарлы сөйлем
2. Құрылысына қарай-жай сөйлем
3. сөйлем мүшесіне талдау.
- тірегі кім?-ұрпақ-дара зат есімді баяндауыш;
- не ұрпақ?-тірегі-дара, зат есімді бастауыш;
-қандай тірегі?-тәуелсіздік-дара зат есімді анықтауыш
- қандай ұрпақ?-дара, сын есімді анықтауыш.
4. Сөз тіркесіне талдау. Білімді ұрпақ.
Семантикалық кестені толтыру.
Сөйлем |
бастауыш |
баяндауыш |
толықтауыш |
анықтауыш |
пысықтауыш |
Мен |
+ |
|
|
|
|
Құманбайдың |
|
|
|
+ |
|
Сөзін |
|
|
+ |
|
|
Қызықтай |
|
|
|
|
+ |
түстім |
|
+ |
|
|
|
Біз әдейі саған келдік. Тәуелсіздікті аңсамайтын халық ешқашан болмайды. Қаһарлы қыс биыл ерте түсті. Асқар тауларды кеуделеп жүріп келеміз.
Қайталау: Сұрақтар арқылы.Бағалау. Үйге тапсырма беру. 54-55-жаттығу.
Күні: _______________
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау
Сабақтың мақсаты: 1.Тұрлаусыз мұшелерін қорытындылау, пысықтау;
2. сөйлем ішінде мүшелерді тауып, оларға сұрақ қойып, синтаксистік дағдыларын қалыптастыру
3. ұымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Сабақ типі:Бекіту сабағы
Сабақ түрі: сайыс сабақ .
Сабақ барысы:
1.Ұйым кезеңі: Амандасу. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Сыныпты топқа бөлу. Топтың аты мен ұранын тақырыптқа сай сөзжұмбақ арқылы шығару. Топ атына сай тірек сызба арқылы қорғау.
І топ: Толықтауыш
ІІ топ Анықтауыш
ІІІ топ Пысықтауыш
1 тапсырма. «Сұрақтың ойынын тап» ойыны. Шарты: Әр оқушыға сұрақтар таратылады, қай сөйлем мүшесіне жататынын табу керек.
2 тапсырма. «Кім жылдам» ойыны
І топ. Тура және жанама толықтауыштарын бөліп жазу
ІІ топ Анықтауыштың сындық, сапалық, сандық, иелік мағынасы бар сөздерді бөліп жазу.
ІІІ топ пысықтауыш түрлерін бөліп жазу
3 тапсырма. Сәйкестендіру тест. Әр топқа тест беріледі.
4 тапсырма. Сатылай кешенді талдау.
А) синтаксистік талдау Қаһарлы қыс биыл ерте келді.Алғашқы қар қарашада жауды.
Ә) сөз тіркесіне талдау
Б) морфологиялық талдау
5. тапсырма.
Сөйлем мүшелері дегеніміз-сөйлем құрауға қатысқан толық мағыналы сөздер.
Сөйлем құрамына тұрса да, сөйлем мүшесі бола алмайтындар: шылаулар, одағай сөздер, көмекші етістіктер, қарапта, қыстырма сөздер.
Сөйлем мүшесінің белгілері:
· Толық мағыналы сөз болуы керек;
· Сөйлемдегі басқа сөзбен байланысып тұруы керек;
· Сөйлем мүшелерінің бірінің сұрауына жауап беруі керек.
Сөйлем мүшелері құрамына қарай: дара, күрделі, үйірлі.
Сөйлем мүшелері
тұрлаулы мүшелер тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш толықтауыш
Баяндауыш анықтауыш
пысықтауыш
34-жаттығу ауызша жұмыс.
Талдау жұмыстары
Сәкен Ыбырайдың ірі ақын, ірі әнші екенін бұрын да естіген еді.
Синтакасистік талдау.
Ыбырайдың, әнші сөздеріне сатылай кешенді талдау
Сәкен сөзіне фонетикалық талдау.
Бекіту кезеңі:Сұрақтар арқылы
Бағалау
Үйге тапсырма: 35-жаттығу
Сәкен Сейфуллин жайлы шағын дерек.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.