Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.
Вариативтік компонент: «Қазақ ертегілер театры»
Тақырыбы: «Ұртоқпақ»
Мақсаты:
Тәрбиелік:Балалардың қызығушылықтарын арттыру , ертегі кейіпкерлерінің қылықтарынның жағымды жағымсыз тұстарын сезіне білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық:Ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Оқыту:Балаларды ертегімен таныстыру, кейіпкерге ене білуге үйрету
Педагогикалық технологиялар: АКТ, денсаулық сақтау технологиясы.
Ресурстармен қамтамасыз ету:Ертегі кейіпкерлері суреттері
Көптілділіккомпонент: Ұртоқпақ-бей бита.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі:
1. Балалар сендер ертегіні жақсы көресіңдер ме?
2. Ертегінің басы қалай басталады және қалай аяқталады?
- Балалар, сендер қандай ертегілерді білесіңдер?
- Ертегілердің атауын атайды: «Жыл басына таласқан хайуанаттар», «Мақта қыз бен мысық», «Жеті лақ», «Кім күшті», «Түлкі мен жолбарыс», «Арыстан мен түлкі», «Күшік пен мысық»ертегілері.
2. Негізгі кезең.
- Балалар біз бүгін сендермен «Ұртоқпақ» деген ертегісімен танысамыз және оны сахналаймыз.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай ертегі?»
«Ұртоқпақ» ертегісін оқып түсіндіру.
Автор:
Бұрынғы өткен заманда шал мен кемпір өмір
сүріпті, олар өте кедей болыпты. Күндердің бір
күнінде шал тұзақ құрыпты,
тұзағының ішіне бір қаз түсіпті.
Шал енді қазды бауыздайын деп жатса
Қаз: - Ата сен мені босат, бір жылдан соң маған кел, мен
сенің сұрағаныңның, айтқаныңның
бәрін орындайын.
Автор: Шал келіп кемпіріне болған жайтты әңгімелеп айтын
береді, ашуланған кемпір.
Кемпір:- Әй сенде бір, өзімізде аш отырмыз ғой.
Автор:
Осылайша бір жыл да өтеді. Кемпірі шалды әлгі «Қазға»
жібереді
Шал келе жатса алдында түйеші түйе
бағып жүреді.
Шал:
- Қарағым! Мына түйелер кімдікі?
Түйеші: - Бұл «Қазбайдың» түйесі
Автор: шал: Е, бұл сол қаздың түйелері шығар –
деп ойлайды. Шал келе жатса, алдында қойшы қой бағып
жүреді, ол қойшыға жақындап келіп.
Шал:
- Шырағым! «Ассалаумағалейкум»- мына қойлар кімнің
қойы?
Қойшы: - Бұл «Қазбайдың» қойы
Шал:
Балам Қазбайдың тағы несі бар?
Қойшы: - Оның үш қасиетті заты бар: 1 - ші
«Піс қазан» 2 - сі «Құс есек»
3 - сі «Ұр тоқпақ»
Автор: - Сөйтіп шал «Қазбайдың» ауылына да жетеді
Шал:
- Ассалаумағалейкум! Қазбай!
Қазбай: - Уағалайкум - ассалам, ата жеттің бе?
Шал:
- Мен сенен «Піс қазаныңды» сұрауға келдім
Автор:
- дейді шал. Осылайша Қазбай шалдың сұрағанын береді.
Шал келе жатса алдынан бір топ балалар шығады.
Балалар: - Ата асқа кіріңіз
Шал:
- Жарайды
Автор:
- Шал кіріп бара жатып былай дейді.
Шал:
- Балалар «Піс қазаным» демеңдер
Балалар: - Мақұл ата!
Автор: Балалар атаны тыңдай ма, жоқ, ата кіре салысымен олар шулап:
Балалар:- «Піс қазаным піс, Піс қазаным піс»
Автор:-
деп шулай бастайды. Шал астан шығады, бірақ балалардың қазанды
ауыстырып жібергенін білмейді.
Шал:
- Кемпірім мен саған бір қасиетті зат әкелдім
Кемпір: - Ол не?
Шал:
- Ол «Піс қазаным» - деп жауап береді
Кемпірі:- «Піс қазаным піс, піс қазаным піс»
Автор:
Қазанның пісірмей жатқанына көзі жеткен кемпір шалды
үйінен қуып жібереді. Шал Қазбайға келеді
Шал:
- Қазбай сенің мынауыңнан ештеме шықпады
Қазбай: - Піс қазаным піс
Автор: Қазаннан ешнәрсе шықпаған соң,
Қазбай «Құс есегін» береді
Шал келе жатса алдынан балалар шығады,
асқа шақырады.
Шал:-
Балалар «Құс есегім» демеңдер
Балалар: - Мақұл
Автор: Шал үйге кіріп кеткен соң - ақ балалар:
«Құс есегім, құс»- десе, есек алтын құсады.
Балалар есекті басқа есекпен айырбастап, шалдың есегін жасырып
қояды.
Шал есекті жетектеп үйіне келеді.
Кемпір: - Қазға барып алып келгенің осы ма?
Шал:
- «Құс есегім, құс»
Автор: - десе, еш нәрсе құспайды. Шал есекті жетектеп
Қазбайға тағы келеді.
Шал:
Қазбай, мына есектен еш нәрсе шықпады,-
Қазбай: - «Құс есегім, құс»- десе, еш
нәрсе құспайды
Автор: Шалға Қазбай «Ұр тоқпағын» береді. Шал
«Ұр тоқпақты» алып келе жатса, баяғы жерде тағы
да балалар жүр екен.
Балалар: - Ата, асқа түсіңіз,-
Автор:
Шал үйге кіріп бара жатып:
Шал:
- Шырақтарым, «Ұр тоқпағым, Ұр»-
Автор: - демеңдер,- дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң,
дәндеген балалар: «Ұр тоқпағым, Ұр!» - дейді.
Тоқпақ балалардың әрқайсысын ұра
жөнеледі. Ұрып жүр, ұрып жүр... Балалар
тоқпаққа жалынады.
Балалар: - «Ойбай, «Піс қазаныңды», «Құс есегіңді»
берейік»
Автор: - дегендерін шал шығып келе жатып естіп қояды. Шал келіп:
Шал:
- Әп, бәлем, «Піс қазанды», «Құс есекті»
бересіңдер ме?
Балалар:- Мақұл! Әкеліп береміз!
Автор:
- дейді. Шал «Ұр тоқпақты» қойғызды.. Балалар
«Піс қазанды», «Құс есекті» әкеліп береді. Шал «Піс
қазанды», «Құс есекті», «Ұр тоқпақты» алып
үйіне келеді. Сөйтіп мұратына жетеді.
Сұрақ-жауап арқылы балаларға түсіндіру.
-Ертегідегі жағымсыз кейіпкерлердің қылықтарын атаңдар?
-Ертегідегі жағымды кейіпкелерді атаңдар?
-Балалар ертегі сендерге ұнадыма?
-Ертегіде алғашында шал мен кемпірдің жағдайлары қандай болды?
-Қазбайдың жақсы үш нәрсесін ата?
-Шалдың тұзағына не түседі?
Ертегіні сахналау.
3. Қорытынды:
- Ертегідегі балалардың әрекеті дұрыс деп ойлайсыңдарма?
Бүгін қай ертегіні сахналадық?
Мақтап-мадақтау.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.