Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)
Оценка 4.9

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)

Оценка 4.9
Работа в классе
doc
биология
9 кл
13.02.2018
Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)
Сұрақтар қою арқылы үй жұмысын сұрап, өткен тақырыпты еске түсіру. 1. Қарағайлы немесе шыршалы ормандардағы өсімдіктердің бір түрінің жарық үшін бәсекелестігі қай тіршілік үшін күреске мысал? (Түрішілік күрес) 2. Қысқы ұйқы немесе түлеу қай күреске тән? (Абиоздық факторлармен күрес) 3. Жыртқыштар және олжалар арасындағы күрес? (Түраралық күрес) 4. Табиғи іріктелу популяцияда белгінің көрсеткішінің сақталуына байланысты неше типке бөлінеді, оларды ата? (3 типке бөлінеді: Қозғаушы, тұрақтандырушы, дизруптивті немесе сыртқа тебуші)Теорияны тәжірибеде үйлестіру үшін тақырыпқа тиісті тапсырмалар береді. Биологиялық диктант ..................... дегеніміз – бұл популяциядағы дарақтар санының өзгеруі. (Популяциялық толқындар) 2. .................. оқшаулану дегеніміз – бұл дербес түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын тетік. (Биологиялық немесе ұрпақжаңғырта) 3. .................... – саны аз оқшауланған популяциядағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі. (Гендердің ығуы) Тақырыпта берілген сұрақтарды талдауға үйренеді. Оқушылар бір-біріне жуан және жіңішке сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты тағыда бір пысықтайды. Жаңа тақырып бойынша алған білімдерін жинақтап, түйіндеу үшін тест тапсырмалары беріледі. 1.Популяциялық толқындар ұғымын енгізді? а. Д.Д.Ромашев б. Н.П.Дубинин. с. С.С.Четвериков 2.Оқшаулану неше түрге бөлінеді? а. 3 б. 2 с. 4 3.Көбею мерзіміндегі айырмашылық немесе тозаңдық түтікте өнуі? а.анатомиялық оқшаулану б.этологиялық оқшаулану с.физиологиялық оқшаулану 4.Саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ,бағытсыз өзгеруі? а.популяциялық толқын б.экологиялық оқшаулану с.гендердің ығуы 5.Бір түр популяциясын белгілі аумаққа бөлетін мекен ету жағдайларының кешені? а.биологиялық оқшаулану б.географиялық оқшаулану с.экологиялық оқшаулану Жауаптары: 1.с 2.а 3.с 4.с 5.с
Сабақтың тақырыбы.doc
Сабақтың тақырыбы: §30 Көгалдандыру. Ағаштар мен бұталарды  отырғызудың мерзімі, тәсілдері.  Мақсаты:  Білімділік : Табиғат пен адам арасында ең басты байланыстың бірі өсімдіктер  арқылы түсіндіре келіп, ағаштарды отырғызудың мерзімі мен тәсілдері ,  көгалдандырудың маңызы туралы білім беру.  Дамытушылық : «Жасыл ел» бағдарламасына оқушылардың үлес қосуы үшін  биология және технология пәндерінен алған білімдерін жоба жасап зерттеуге  шығармашылық бағыт беру. Топтық жұмыстануға үйрету.  Тәрбиелік : Туған өлкесінің табиғатына деген суйіспеншілігін оятып,  адамгершілікке тәрбиелеу.  Сабақтың көрнекілігі: «Менің мектебімнің –ботаникалық бағы» атты оқушы  жобасы. «Жасыл дәріхана әлемі» көрме . Видеопроектор, кеппешөптер,  презентациялар.  Сабақтың түрі: Топтық дамыта оқыту  Сабақтың әдісі: Биологиялық –технология пәндерінен жаңа білімді игерудегі  конструкторлық жобалау, оны дәлелдеу, қорғау.  Сабақтың барысы:  І. Ұйымдастыру.  ІІ. Ой қозғау (өткен тақырыпты қайталауға арналған тапсырмаларды ұжыммен талдап, қорытынды шығарады. )  а) Тыныс алуда қажетті ережелерді тауып жаз?  1. Өсімдіктер тыныс алу кезінде оттегін сіңіріп көмірқышқыл газын  шығарады.  2. Өсімдік мүшелеріндегі қоректік заттардың біраз бөлігі тыныс алуға  жұмсалады.  3.Тыныс алу кезінде көмірқышқыл газын сіңіріп оттегін шығарады.  4.Жапырақ –тыныс алу мүшесі.  5.Өсімдік мүшелеріне қоректік заттар тыныс алу нәтижесінде жиналады.  6.Қоректік заттардың бәрі тыныс алуға жұмсалады.  7. Өсімдіктер арнайы тыныс алу мүшесі болмайды.  8.Егер күн жылы ылғал мөлшердегідей болса тыныс алуға қоректік заттар  көбірек жұмсалады.  9. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына  жұмсалады.  10. Тұқым өну үшін сыртқы ортаның жағдайы неғұрлым қолайсыз болса,  соғұрлым тыныс алуға қоректік заттар көбірек жұмсалалды.  11. Мына заттар органикалық заттар : магний, нәруыз, май, нуклейн  қышқылдары.  12. Органикалық заттар: май, көмірсу, нәруыз, нуклейн қышқылдары.  ә) Экологиялық есеп:  1.Тұқымдардың тыныс алуы +500­та тоқтайды. Неге? 2.Неге сары тусті бананның дәмі сыртқы қабығы көк­сары бананның дәміне  қарағанда тәтті болады  3.Тұқым кебу болса (10­12%) су онда тұқым баяу тыныс алады. Егер тұқым  судың мөлшері 33%­ке жетсе , 2г көмірқышқыл газын бөледі. Ал ылғалдық  15% ­ке жетсе , қанша мөлшерде көмірқышқыл газы бөлінеді?  Бұл тұқым үшін пайдалы ма, зиянды ма?  б) І топ. Мектеп ауласында өсетін ағаштармен бұталарды білесің бе?  ІІ топ. Биология бөлмесінде өсетін гүлді өсімдіктерді ата.  ІІІ топ.Мектеп ауласында қандай гүлдер өсіріледі?  ІІІ. Жаңа білімді игеру  А) Алгоритімдік деңгей (тақырыпты оқи отырып ой қозғау)  1 «Бағбан болсан бақ өсір , балама деп тағы өсір» аталы сөзді қалай  түсінесің?  2. Көгалдандыру түрлері мен мерзімі (8­9 кестемен жұмыс)  3. Көшетті отырғызу ережесін қалай түсіндің?  Ә) Эвристикалық саты. (Оқушылар жұмысы бойынша)  1. Жәнібек стоционарына сырттай саяхат (фото­презентация)  2. «Жасыл дәріхана әлемі» атты көрмеге саяхат.  3.Мектеп жанындағы гүлзар . (презентацияға шолу)  Б) Шығармашылық деңгей. (Топтың жасаған жобасын қорғауы)  1 Жобаның аты: «Менің мектебімнің –ботаникалық бағы»  Қорғау жоспары:  А) Тақырып объектісі және өзекті проблемасы.  Ә)Технология пәні бойынша жасаған макет –жобаны қорғау.  В)Жобаның болашағынан күтетін нәтиже.  IV. Сабақты қорытындылау.  V . Бағалау  VI. Үйге тапсырма: §31(көгал, өсімдік, гүл туралы үш мақалдан жазып келу)

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)

Тұрақтандырушы сұрыптау. Гендер дрейфі. Популяциялық толқындар. Оқшаулану (9-сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018