Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"
Оценка 4.7

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Оценка 4.7
Мероприятия
docx
воспитательная работа
7 кл
31.03.2017
Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"
Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа мақсат та, арман да жоқ», - деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп жүрулерің қажет деп ойлаймын.тәрбие сағаты
ЕЛбасы тарбие сагаты.docx
Тақырыбы: Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз ­ Қазақстан Мақсаты: Оқушыларға Қ. Р. Президенті Н. Ә. Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы  атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған  істерін үлгі – өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге,  елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Көрнекілігі: кітаптар, слайдтар көрсету, Президенттің портреті. Барысы. Кіріспе. Мұғалім: Оқушылар елбасы еңбектерінің қандай тақырыптарын оқысаңдар да, ел  экономикасын, ел тарихын, ұлт рухын, халықтың салт – санасын дүр сілкіндіріп оятқан  ойлар, мол өмірлік тәжірибе, ғибратты тағылым жатқанын көре аламыз. Сондықтан да  еліміздің болашаққа үміт күтетін ұрпағы сендер, Елбасының «... садағаң кетейін, айналайын халқым! Сенің жолыңда бойда қуат, ойда нәр – бәрін аянбай сарп етуге пейілмін» немесе  «Менде қазақтың елдігін, Қазақстан Республикасының мемлекеттігін нығайтудан басқа  мақсат та, арман да жоқ», ­ деген сияқты сертпен тең тегеурінді ойларын, елім деп еңіреген ерінің жасампаздыққа толы жан сырын, қанатты қағидаларын және өмір жолдарын біліп  жүрулерің қажет деп ойлаймын. «Миға шабуыл» оқушыларға сұрақтар қойылады. ­ Біздің президентіміз кім? ­ Н. Ә. Назарбаев ­ Қазақстан Республикасында Президент сайлауы қай жылдан басталды? ­ 1991 жылы 1 желтоқсанда өткен ең алғашқы бүкілхалықтық сайлауда 98, 7% дауыспен Н.  Ә. Назарбаев сайланды. ­ Соңғы сайлау қай жылы өтті? 2011 жылдың 3 сәуірінде сайлаушылардың 95, 5 процент дауысын алып, Қазақстан  Республикасының Президенті болып қайта сайланды. ­ Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолдары туралы не білеміз? (ойымызды ортаға салып көрелік) Слайдтар көрсету. Карина: 1995 жылдың 29 сәуірінде жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан  Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өкілеттігі 2000 жылға дейін ұзартылды. 1999 жылдың 10 қаңтарында өткен баламалы сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79, 78  процент дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентi болып қайта сайланды. 2005 жылдың 4 желтоқсанында сайлаушылардың 91, 5 процент дауысын алып, Қазақстан  Республикасының Президенті болып қайта сайланды. 2010 жылдың 14 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық  заңдарына Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының қызметін  қамтамасыз ету саласында заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы» № 298 ­ ІV Қазақстан Республикасының Конституциялық  Заңы күшіне енді.  Маржан: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 ­ шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең  ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей  таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау ­ бақша өсіруіне көмек көрсету  керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз ­ маз өнімдерін сатып, үй ­ ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім  алды. Ата ­ анасын қатты құрмет тұтты. Назым: Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен жіберген. Карина: Жесірге пана, қашанда қамқор боп жүрсің жетімге, Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде. Қалам тербесек жүрек берді есеп басынан өткен жылдарға, Маржан: «Елбасына» Ауыр күнді артымызға тастауы – Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім, жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады ­ ау кісілік! Ислам: Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен ­ кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.  Назым: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі  Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз  еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына  барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің  көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. Мұғалім: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық  және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.  Металлургиялық комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды  облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін  хатшы болды.  Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны  басталады.  1991 жылы 1 ­ желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы  Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды. 11 ­ оқушы: Елбасы үлкен саясаткер болуымен қатар жан ­ жақты дамыған тұлға, барлық  қазақ азаматтары сияқты жылқыны жақсы көреді. Сондай ­ ақ өнерге де көп көңіл бөлетін адам. Ол кісінің «Елім менің» және «Үшқоңыр» әндері бар. Бұл әндердің сөзі Н.  Әбішұлыныкі екенін біз мақтанышпен айтамыз. «Үшқоңыр» әнін тыңдау. Н. Назарбаев ­ бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген  міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте  мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу ­ бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса  ауыр жұмыс және өмір дағдысы.  Астана ­ ҚР ­ ның саяси, әкімшілік және мәдени орталығы. Елбасы ­ Н. Назарбаевтың  жарлығына сәйкес 1997 жылы мұнда бұрынғы астанамыз Алматыдан Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР ­ ның Үкіметі және Парламент көшіп келді. Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. 1998 жылы 10 ­ маусымда жаңа астананың ресми тұсау кесері болды. Қала Есіл өзенінің оң  жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жаңарып қалам, жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Слайд  Кезінде Н. Ә. Назарбаев: «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам,  қазақ деген халықты дүниежүзіне танытып, терезесін тең етер едім»,­ деп армандаған  болатын. Жасыратыны жоқ, бүгінде асқақ арманын орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның  кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін, дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы  біледі. Кезінде назардан тыс жатқан, материктің ортасындағы Орталық Азиядағы қазақ елі де  сыртқы саясатта өз орнын айқындап, төрткүл дүниемен айналасы аз ғана уақыт ішінде  байланыс орнатты. Ал ел өміріндегі осындай маңызды тарихи кезеңдерде мемлекет  басшысы Н. Назарбаевтың қосқан үлесінің орасан зор. Слайд:  2006 жылы 7 ­ қаңтарда әнұран қабылданды. Егемен елім әнұраны жанарды,“Менің Қазақстаным” жер жүзіне таралды. Сонымен қатар Гербіміз жарқырап , Туымыз желбіреді. Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!  Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Қорытынды. Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты  да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.  Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы  болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін  танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел  бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар ­ намысты ту еткен  ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Ән: «Жаса Қазақстан». Тақырыбы: Еңбегімен ерекшеленген ­ Елбасы. Мақсаты: Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолын, Тәуелсіз Қазақстанның  дамуындағы, жеткен жетістіктеріндегі атқарған қызметтерін, халқына арналған  Жолдауларын ауыл тұрғындарына насихаттап, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім  ұялатып, әр азаматтың еліміздің дамуына өз үлестерін қосу. Армысыз құрметті қауым! «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» ҚР 2001 ж.  13 желтоқсандағы Заңына 2011. 14. 12. өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, 1 ­ ші  желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп бекітіліп биыл бұл  мереке 2 ­ ші рет атап өтпекпіз Олай болса «Елімен ерекшеленген ­ Елбасы!» ­ атты сайысқа қош келдіңіздер. Ел болдық, ерік алдық астаналы ПЕРЕЙТИ НА САЙТ На правах рекламы Енді кімнен қазағым жасқанады? Тәуелсіз мемлекеттін шежіресі, Нұрсұлтаннын атымен басталады. – дегендей Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және қоғамдық – саяси дамуының келешегіне  айқын жол ашқан 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Егемендік туралы Декларация екені  баршамызға белгілі. Бұл мемлекет ретінде өз алдына отау тіккен республикамыздың  мәртебесін асқақтатқан бүкіл әлем алдында « Қазақстан» деген ел бар екенін паш еткен  тарихымыздағы тұңғыш құжат. Егеменді ел болып, Тәуелсіздіктің көк байрағын көтерген сәті – Қазақстанның әр азаматы  үшін қуаныш, көл – көсір зор оқиға, тарихтың үлкен бетбұрысы болғаны анық. Ғасырлар  бойы бостандықты аңсаған қазақ халқы үшін бұл шынында да айтып жеткізілмейтін мол  бақыт, асыл арманның жүзеге асуы еді. Осының бәрі еліміздің тұңғыш Президенті  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтіңкөрегендігі мен салихалы саясатының арқасында! Қазақстан – егеменді, тәуелсіз мемлекет, сондықтан оның өз әнұраны, туы, елтаңбасы бар. Әнұраным – жан ұраным. Айтар әнім, сөйлер сөзім. Туған жерім – сағынарым, Жүрсем егер дүние кезіп. Бақыт, бірлік күн талабы, Тоқтамайды дабыр әні, Мәңгі бақи шырқалады, Республикамның әнұраны Әнұран орындалады Құттықтау сөз кезегі «Әдемі ­ ау» әжелер ансамбілінің орындауында «Ақмаңдайлым» әнін қабыл алыңыздар. Құрметті ата ­ аналар, мерекелік жиының қонақтары Тұңғыш Президенті күніне орай  мектебізіде 25 ­ 30 ­ шы қараша аралығында «Елін сүйген, елі сүйген ­ Елбасы» атты  апталық өткізілуде. Соның бір дәлелі ретінде бүгін ата ­ аналар арасында «Еңбегімен  ерекшеленген ­ Елбасы» тақырыбында сайыс өткізледі. Олай болса сайысқа қатысатын ата ­ аналарды ортаға шақырамыз. Сайыс ережелерімен таныс болыңыздар. 1. Таныстыру 2. Сұрақ ­ жауап 3. Елбасына тарту 4. Мақал ­ мәтелдің жалғасын табу 5. Постер құрау 6. Өз өнерлерін көрсету. Бүгінгі сайысты сараптайтын сарапшылармен таныс болыңыздар. Ауыл әкімі Қабыл Сабырұлы. Мектеп психологы Нұржан Бейсембекұлы Тарих пән мұғлімі Нұргүл Берікқажықызы География пән мұғалімі Жанара Құдайбергенқызы. 1. Топтарымыз дайын болса сөз кезегі өздеріңізде. 2. кезең « Бәйге» ойыны. «Елбасы ағашы» сұрақтар берілген. Бір топқа 3 сұрақтан берілген 1. Қазақстан Республикасының рәміздері мен авторларын атаңыздар? Әнұранның Ш. Қалдаяқов, Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев. Тудың авторы: Ш. Ниазбеков. Елтаңбаның авторы. Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов. 2. Н. Ә. Назарбаев қашан республикамыздың президенті болып сайланды? 1991 жыл. 1желтоқсан. 3. «Ұлттық валюта» дүниеге қашан келді? 1993 жылы 15 қараша 4. Қазақстан Республикасының алғашқы Ата заңы қашан қабылданды? 1995 жылы 28 қаңтар ҚР – ның «Ата заңы» қабылданды. 5. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз республика деп жарияланды 6. 1992 жылы 4 маусымда қандай оқиға болды? Мемлекеттік рәміздер қабылданды. 7. « Тәуелсіздік» монументі қай қалада орналасқан? Алматы 8. Қазақстан қандай мемлекет? Тәуелсіз зайырлы мемлекет. 9. Қазақстан қандай ұйымға мүше болды, қай жылы? БҰҰ ­ на, 1992 жылы 10. Астана. 14 желтоқсан. 2012 жылы қазақстан халқына жолдауы қалай аталады? «Қазақстан ­ 2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 11 ­ Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірі туралы не білесіздер? • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6 ­ шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең  ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті.  Үлкендердің мал бағуына, бау ­ бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп,  отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз ­ маз өнімдерін сатып, үй ­ ішіне қажетті заттар  алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет  мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата ­ анасын қатты құрмет  тұтты. 12. Жұмысшы Нұрсұлтан жайлы не білесіздер? • Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек  еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург – жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі  жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. 13. Президенттің саяси өмірбаянының бастауы • Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және  республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургиялық  комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және  республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды. Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны  басталады. 14 • Басқа лауазымдары мен мансаптары *Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы. *Қазақстанның Қарулы Күштерінің Жоғары Бас Қолбасшысы. *Дүниежүзілік қазақтар қауымдастығының төрағасы. * «Нұр Отан» партиясының төрағасы. *ОБСЕ ­ нің бас төрағасы 15• Отбасылық жағдайы туралы не білесіз? Жұбайы — Сара Алпысқызы — Халықаралық «Бөбек» балалар қайырымдылық қорын  басқарады. Қазақстанның бірінші ханымы. Дариға — саясат ғылымдарының докторы, "Хабар" Ақпараттық агенттігінің директорлар  Кеңесінің Төрайымы; халық қалаулысы Динара — Н. Ә. Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия — бизнеспен айналысады, «Элитстрой» құрылыс компаниясын басқарады. 16. Елбасының бірінші халыққа жолдауы қай жылы жолданды, қалай аталады? 1997 жыл «Қазақстан – 2030»даму стратегиясы. 17. Елбасы туралы қандай көркем фильм бар? Кино қайда түсірілді? «Балалық шағымның аспаны», Үшқоңырда түсірілген. 18. Елбасының қандай еңбектері / кітаптары/ жарық көрді? «қазақстан жолы», ғасырлар тоғысында», «Ой бөлістім халқыммен», «Тарих тағлымдары  және қазіргі заман», «Тәуелсіздік белестері», «Жүз жылға татитын 10 жыл», «Бейбітшілік  кіндігі» “... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын  садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген  халыққа, арғы ­ бергідегі қазақ баласының бірді ­ бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты ­  толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат ­ қабілетімді,  білім ­ білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...” Нұрсұлтан Назарбаев 3 кезең «Елбасына тарту» Ән 4 кезең Ойын « Тапқырлар». Отан, туған жер туралы мақал – мәтелдердің жалғасын табу.  Әр топ 2 мақалдан алады. • 1. Отан үшін күрес — ерге тиген үлес. • 2. Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды. • 3. Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас. • 4. Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім. • 5. Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды. •. 6. Туған жер — тұғырың, Туған ел — Қыдырың 7. Ұлтарақтай болса да ата қоныс — жер қымбат. Ат төбеліндей болса да туып ­ өскен ел қымбат 8 Отаны жоқтық ­ нағыз жоқтық. 9. Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер. 10 Ел үшін аянба ­ ерлігіңе сын Жұртың үшін аянба ­ жігіттігіңе сын 11 Отаны бірдің жүрегі бір, Жүрегі бірдің тілегі бір. 12. Атамекен — анаң екен, Қысылғаңда панаң екен 5 кезең постер жасау. 7. « Өнерлі өрге жүзер.» Әр топ өз өнерін көрсетеді. Марапатта Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңінде: Тәуелсізбін! Бар ма мұң? Тәләйлі болсын талғамың! Өркені өссін қазақтың, Осы – менің арманым! Күн тұрғанда тұратын, Жұрты сайран құратын Қала болсын Астана, Осы – менің мұратым! О, Ақорда, Ақ шатыр, Ұлысыма бақ шатыр. Баянды болсын Азаттық, Осы – менің мақсатым! Халқым – менің тірегім, Құрбан жаным, жүрегім! Атымыз озсын бәйгеде, Осы – менің тілегім. Ән «Өз елім» Кері қайту Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев 1 желтоқсан тұңғыш президент күні тәрбие сағаты(Елбасы еңселеткен Елорда)   Ашық тәрбие сағаты «Елбасы еңселеткен Елорда» Мақсаты: 1.қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы                                Назарбаевтың  өмір  жолы,туып­өскен,оқып  білім  алған ,қызмет еткен жерлері   туралы  мағлұмат  беру;                    2.елбасының  өмір жолынан үлгі  ала  отырып Отанын ,халқын                         сүюге, ержүректілікке,азаматтыққа, патриоттық  сезімге                       тәрбиелеу;                   3.шәкірт  жүрегінде  елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін                       ояту,құрметтеу. Көрнекілігі:слайдтар  көрсету,үнтаспа, шарлар,суреттер,буклет « Нұрсұлтан Назарбаев­ тұңғыш президент» Біздің Елбасымыз­Н.Ә.Назарбаев   Әнұран орындалады. 1­    Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!  2­    Жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары  бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасы Еңселеткен Елорда» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.  1­жүргізуші: Саламат сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге  жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз  кімнің арқасында? 2­жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп  жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Нұрсауле сен қалай ойлайсың Қазақстан  тәуелсіздігіне міне 21 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды? 1­    Жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды,  экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен  байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?  2­    Жүргізуші Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой.  Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай  әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне  арналған Мұхтар Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы» өлеңін  тыңдайық. 1­жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз¬дің ата­бабаларымыздың санғасырлық  азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата­бабаларымыздың  осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының  арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен  мұраты.  1­жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып  жарияланды.  1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы­ Президенттің сайлауы болды.  Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.  2­жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен  аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4  желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент  болып сайланды. Туған жердің жайқалған алқабы егін,  Биік сенің мәртебең, дарқан елім. Пейіліндей қазақтың байтақ далам, Сен не деген кең едің, шалқар едің. Ашық аспан жайнаған жұлдыздары, Тұр асқақтап Алатау шың­құздары. Анасындай туған ел қамқор болып, Тербетеді құшақтап ұл­қыздарын Әсем сазы басталған таза ағыстан, Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан. Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.  І жүргізуші: Қазақстан  Қазақстан дейтін менің бар елім,  Жатыр алып жарты дүние әлемін!  Бұл даланы анам жаспен суарған,  Бұл далада атам қолға ту алған.  Бұл далаға жылап келіп, уанғам,  Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,  Бұл далада өскен жанда жоқ арман!  ІІ жүргізуші:  Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы.  Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,  Бұның бәрі Елбасының арқасы. І жүргізуші: Шықты тарап ой­данадан,  Бері қарап жұлдыз беті.  Өзі қалап сайлап алған,  Елімнің бар Президенті ІІ жүргізуші: Оянады көңілден қайдағы арман,  Бақыт желі ескендей жайлап алған.  Президентім бар менің елі түгел,  Ақ киізге көтеріп сайлап алған.    Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер» 1­оқушы:  Самат  Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың, Халықпен  бір  ашығасың да,халықпен бірге  тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері,  Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың. 2­оқушы:  Жадыра Халықтың мұңы мұңдайтынын да,халықтың жыры жырлар  жыр, Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдаржыр, Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа, Бақытқа  баста  байтақ  еліңді,бақытсыздықтан құр қалдыр. 3­оқушы:  Айнұр Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені,санамыз,сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген. 4­оқушы:  Ермек  Жесірге  пана,қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге, Ананың тілі,баланың тілі сөйлей білесің не тілде. Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға, Саған  сенбесек ,кімге сенеміз осынау жердің бетінде... Оқушы Монологы. «Менің Президентім».  Гулжамал Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан  Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар:  «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», ­ деуден  жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен  тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да  көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін  табу, көрші мемлекеттермен тату­тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды,  парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір  қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына  денсаулық тілеймін.   Оқушы Монологы «Менің Президентім». Темірлан  Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің  бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді  десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер  қайраткерлері. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл­ ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған  Елбасының ақыл­ойына кім басын имес? Ән: «Жаса Қазақстан»  1­ оқушы. Азиза  Қасиетті Қазақстаным, мекенім, Ақиқаттың алтын бесігі екенсің. Елім, Жерім, Отаным, бақ­дәулетім, Болашағым, өнер­ білім, өркенім. 2­ оқушы. Гулфайруз Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным, Парақтап сені киеңді түсіне бастадым. Сен менің арым, бағым, барымсың, Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның! 3­ оқушы.  Әмір  Желтоқсаннан бастау алған теңдігі, Қазағымның өркендеді елдігі. Құрбан болған Тәуелсіздік жолында, Ағалардың ұмытылмас ерлігі. 4­ оқушы. Марлен  Бірде шырқап, бірде төмен құлаған, Өмір жолы болған қиын бұралаң. Қазағымды жарқын жолға бастады Елбасы боп сайланды да Нұр ағам. 5­ оқушы. Жадыра Естімейік енді елдің жылағанын, Қайта құлап, бостандық сұрағанын. Абылайдың жолымен алға басқан, Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның. 6­ оқушы. Самат  Биіктей бер, Нұр аға, Қыран қанат талмасын. Қадірлемей тұра ма, Халық сіздей тұлғасын. 7­ оқушы. Ринат Гүлдене бер, Отаным, Көтерген туын Нұр ағам! Көбейткен достың қатарын, Нұр аға – біздің ұлы адам. 8­ оқушы. Гулжамал  Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар, Көк алқапты жасыл жайлау далам бар. Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген, Ақ ниетті халық деген данам бар. Би «Бипыл»  І жүргізуші Елбасымыздың  өмірбаянына тоқталсақ.  Н.Назарбаев­бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын  терең сезінетін, үлесіне тиген  міндетті жауапты әрі қажырлықпен  атқаратын  адам.Ол әр  қадамын шын  мәнісінде өте  мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу­бойға  біткен дарынмен  қатар күн сайынғы аса  ауыр жұмыс  және өмір дағдысы. ІІ жүргізуші  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  6­шілде 1940 жылы Алматы  облысы Қаскелең  ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде  айта беретініміздей  таршылық  жағдайда өтті.Үлкендердің  мал  бағуына,бау­бақша  өсіруне көмек көрсету  керек болды,шөпшек  теріп,отын  жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз­маз өнімдерін  сатып,үй­ішіне қажетті  заттар алу үшін есек  жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол  стансасына бару  дегенің  керемет мереке  саналған.Мектепті  жақсы оқып,жақсы білім  алды.Ата­анасын қатты құрмет  тұтты. І  жүргізуші Ол ерте есейді,орта мектепті  бітіре  салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды  металлургия комбинатының көлемді құрылысына  аттаннды.Құрылыста біраз еңбек  еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск  қаласына  барып металлург –жұмысшы  мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна  пешінің  көмекшісі жұмыстарын  атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді. ІІ  жүргізуші  Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап  көрінді.Қалалық,облыстық және  республикалық  көлемде басшы органдарда жауапты  қызметтер  атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және  республикалықпартия ұйымдарында  экономикалық салаға жауап  беретін хатшы  болды. І  жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста  болды.Осылайша оның саяси  өмірбаяны басталады. ІІ  жүргізуші .1991 жылы 1­желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш  рет Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп  сайланды І  жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы  Жоғарғы сессиясы  «Тәуелсіз  демократиялық  және құқылық  мемлекет» деп жариялады. ІІ  жүргізуші :1992 жылы 4­маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран  бекітілді. Елтаңба  авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.                                           І  жүргізуші :   Шаңырақ –Отан отбасынан  басталады.ортақ шаңырақ  биік ,босаға берік  болсын деген  мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла  танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін  дегенді  білдіреді.Ай мүйізді ,алтын  қанатты қос пырақ­арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара  күшін,еліктің  шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің  жауын жер соқтырар айлакерлігін  білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай  берсін» деген  асыл  арманды арқалап тұр ІІ  жүргізуші :Мемлекеттік Ту­1992 жылы 4­маусымда қабылданып,6­маусымда күшіне  енді.Тудың ортасында  шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген  ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі  бар.Жалаудың ұзындығы ­2  метр,ені­1метр.Жалаудың  жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.                   І жүргізуші :1993 жылы 15­қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге  айналымға енді.  Айнұр   Ақшам шықты өзімнің тұңғыш рет, Білдім дербес елімнің үлгісі деп. Бейнеленген хан,ақын, ғалымдарым, Беттерінен көз тартып тұрды сурет. Теңдікті айтып тұр аты теңге деген, Құт­береке болшы бір елге келген. Өз туы,елтаңба,әнұраны бар Айтындаршы, енді елім кем де неден? ІІ  жүргізуші : 1995  жылы 28­қаңтарында  тәуелсіз ҚР –ның тұңғыш «Ата Заңы» қабылданды. Жадыра «Ата Заң» Азат елдің басталған айқын жолы тәрізді, Ата Заң деп аталған Конституциямыз бар біздің. Ата Заңмен бекіткен дербестігін еліміз, Ата­баба мұра еткен, тұтастығын жеріміз. Халық сенген заңымыз әділдікті қолдайды, Жақсарсын деп халіміз адам құқын қорғайды. Дейді заңы мемлекет үлкенге де,балаға: “Оқу оқы, еңбек ет, кәсіп жаса қалаған!” Әрбір бабы маңызды, әр көңілдің жыры бір, Бізде 30 тамыз – Ата Заңның күні бұл.                                                          Ермек Өтетілеуұлы. І  жүргізуші :Астана­ҚР­ның саяси,әкімшілік  және мәдени орталығы. Елбасы­ Н.Назарбаевтың жарлығына сәйкес 1997  жылы мұнда  бұрынғы астанамыз Алматыдан  Республиканың басшы орындары Президент кеңесі, ҚР­ның Үкіметі және Парламент  көшіп келді.Еліміздің  басқару жұмыстары осы жерден жүзеге асырылады. ІІ  жүргізуші :  1998  жылы 10­маусымда жаңа  астананың  ресми  тұсау кесері  болды.Қала  Есіл өзенінің оң жағалауында Сарыарқаның солтүстік бөлігінде  орналасқан. Көтереді шаңырақ Астанам асқақ, Жанарып қалам,жасарып далам! Басыңнан серпі бодандық жүгін, Кетпейді ойдан Отандық ұғым. Арыстан жүрек, айбынды елім, Таниды сені бар әлем бүгін. Ән «Атамекен»  қыздар  1­оқушы: «Елбасына» Мөлдір  Ауыр күнді артымызға тастауы –  Қиын сәтте қиындықтан қашпауы. Тілім,дінім, ұлтым қайта көгерген, Елбасымыз Нұрағаңның бастауы Туды ұстап тура жолға түсіріп, Жас Отанның өмірін де түсініп, «Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай, Бір керемет жасады­ау кісілік! 2­жүргізуші:   Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен­кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                  1 ­жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым! 2­жүргізуші:  Төле би сөзімен сынып сағатымызды аяқтаймыз. Уа, халқым, сөз қадірін білесің. Жаңбыр жаумаса, жер жетім, Басшысы болмаса, ел жетім. Көсіле шабар жерім бар, Тау көтерген елім бар. Қол бастайтын ерім бар, Атадан қалған сара жолым бар. Барлығы:«Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,  қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз» Ән: «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)  Мұғалімнің сөзі: Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның  бүкіл әлемге танылуы,шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына  шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр  күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі. Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз  Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"

Тәрбие сағаты "Елбасымыз –Нұрсұлтан, еліміз - Қазақстан"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
31.03.2017