Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017
Оценка 4.6

Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017

Оценка 4.6
Раздаточные материалы
docx
классное руководство
4 кл
29.03.2017
Тәрбие сағаты:  Ханшайым -2017
Кішкентай қыздардың бойында мәдениеттілік, әдептілік, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру. Жан-жақтыбілімді, сауаттыболуғаүйрету. Бойындағы өнерін және шеберлігін дамыту, жетілдіру. Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу.
Ханшайым-2017.docx
«Ханшайым­2017»  Күні:4.02.2017  Мақсаты:Кішкентай қыздардың бойында мәдениеттілік, әдептілік, сыпайылық  қасиеттерін қалыптастыру.  Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының  бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін  қалыптастыру.  Жан­жақтыбілімді, сауаттыболуғаүйрету. Бойындағы өнерін және шеберлігін  дамыту, жетілдіру.  Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді  азаматшалары болуға тәрбиелеу.   Анвар:  Бүгін біздің патшалығымызда дүбірлі той,  Ден қойып тыңдаңыздар,көңілді қой  Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,  Қош келдіңіздер, халайық, сергітіп бой.  Аркен:  Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Бүгін біз «Балдәурен» патшалығына қош  келдіңіздер! Жиын соңында «Балдәурен» патшалығының  «Ханшайымы­ 2017»  тағайындалады!  Ислам:  Назар аударыңыздар! «Балдәурен» патшалығының кішкентай ханзадасы!  Әмір:  Қош келіпсіз ханзада!  Ханзада Мирас «Балдәурен» патшалығында дүбірлі той екенін естіп қуанып  жатырмыз. Патшалықтың ханшайымын әділ сайыс арқылы тағайындауды жөн  көрдік.  Қайсысы әнші, кім биші,  Талабына қарайық.  Кімдер зерек, кім жылдам  Таланттарын табайық –өнер сүйер қауым бүгінгі байқау шарты 5 кезеңнен  тұрады.  1.«Сәлем сөздің анасы»(өзін­өзі таныстыру)  2.  Кортоп тазалау ( әдемі, таза аршыған жеңімпаз):  3. «Мен­ анамның көмекшісімін» (анасымен бірігіп жасалған салат түрі)  4.«Өнерлі өрге жүзер»(өз өнерін қөрсету: би, ән, өлең, рөльдер)  5. Қияр мен қызғалдақтан гүлдің, смайлк, сегіздің, жүректің бейнесін салу,  шеберліктерін  қолданып,  қиялын қосу. 6. «Сұлулықтың сыры»( (қолмен жасалған кешкі киім үлгісі)  Әділдікпен әр сайысты бастайтын,  Туралықтан ешқашанда қашпайтын – төрешілер алқасымен таныс болыңыздар:  1).  2).  3).  Асанғали :  Уа, халайық! Бастамас бұрын сайысты,  Әжемізден тобымыздың  Аталы бата алайық.  Әже:А, Құдайым оңдасын  Оң жолына бастасын  Бүгінгі мынау сайыстан  Еліне ұнар ару бол  Халқың сүйер аққу бол!  Әумин!  Асылжан:  Көңілге түй сен мұны,  Әр бүлдіршін ел гүлі.  Бақытты елде туғаның  Мың бұралған арулар аңдып басып  Келеді міне ортаға толқын тасып.  Аруларды сыйлаған халқым менің  Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық.  Аркен: 1.Ай секілді өзі де,  Сыңғыр, сыңғыр сөзі де  Сайлаубай Бибиінұр деген арудың  Әдемі ғой көзі де  Дамир: 2.Қуантады білімімен бізді Мадина Қол соғып қарсы алайық енді оны біз  Білімің серік болсын талабыңа  Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз.  Әмір: 3.Ай нұрынан жаралған  Ай мен күні анасының  Ақылдысы баланың  Әдиә деген сұлуды  Анвар: 4.Отбасының еркелеткен  Жарқыраған жұлдызы  Жақсылыққа ұмтылатын әрқашан  Алтынай деген қызыңыз  Ислам: 5.Ынталы да инабатты  Өнегелі қызыңыз  Ата­анасының ақылдысы  Айсауле деген сұлуымыз  Анвар: 6. Қылығымен әртүрлі Бәрімізге жағатын Аяжан кейде қырсықса Түйіп алар қабағын. Аркен 7.Сыннан өзі бір елі қалмайды, Жалқаулыққа бармайды. Анель бүгін байқауда Ән мен жырын арнайды. 8. Арман: Мәпелейді анасың,  Қолыңдағы құсыңдай  Құлпыра өсіп келеді  Қысылмай ешкімнен Біздің  Аскарова Бибінұрымыз (Эмиль және Арман  қыздарды ізетпен сахнаға  ертіп келеді)  Аркен: ­Кішкентай арулар келіп жетті танысуға,  Бойындағы бар дарынды дарытуға.  Қорықпастан сахнаға келіп жетті,  Әдеппен,ізетпен танысуға.  1.кезеңӨзін­өзі таныстыру  ­Біздің арулар сайыстың келесі бөліміне дайындалғанша аналардың  құрметіне жігіттеріміз өлең шумақтарын арнамақшы:  Аркен: Құрметтейік балалар аналарды  Бізді өмірге әкелген даналарды  Себебі ана деген асыл жан ғой  Ойлауменен істелік әр қадамды.  Асанғали : Менің анам ақылшым,  Күн секілді білгенге  Шашырайды шуағы  Үйімізге кіргенде  Арман: Ана біздің күніміз  Ана біздің гүліміз.  Ұландарды қуантып,  Ұзақ өмір сүріңіз  Анвар: 2 кезең Құлпырған гүлдей,  Қөқтемгі күндей  Иіліп майысқан  Қолдар қандай шебер. дегендей  «Картоп аршу сайысы»  Аркен: 3­кезең «Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда соны алады» Дегендей  ендігі «Мен анамның көмекшісімін» (анасымен бірлесіп жасаған салат түрі)  Арулар дайын болғанша ұлдарымызды ортаға шақырайық  Эмиль: Бізді өсірген апатай,  Еңбегіңде зор екен  Құтты болсын апатай Құтты болсын мерекең  Дамир: Аялаған саялаған,  Бар бақытым берекем  Апатайым құттықтаймын  Бүгін сенің мерекең.  Асылжан Мақтаным апа  Шат әнім апа  Өзіңе тақпақ  Жаттадым апа.  Аркен: 4 кезең Сұлулықты,өнерді қанат еткен.  Паш етті қазағымды күллі әлемге,  Оларға ай қызығар қарап көктен :,­деп келесі «Өз өнерін көрсету»  Жігіттермізді ізгі ниет, жылы лебіздерімен ортаға шақырайық:  Арман: Ақ анашым, аппағым  Өзің жайлы тақпағым,  Өзің жайлы әнім де,  Арнадым саған бәрін де  Аркен 5 кезең Сенен өскен балалар,  Батырлар мен даналар,  Құттықтаймыз мейраммен  Құрметті аналар! ­ дегендей. Қияр мен қызғалдақтан гүлдің, смайлк, сегіздің,  жүректің бейнесін салу, шеберліктерін  қолданып,  қиялын қосу. Анвар: 6 кезең Көйлек киіп әдемі,  Тамсандырам елімді,  Түрлі­түрлі сән көйлек,  Көз тартады не керек,­ деп «Сән үлгісі» (Аруларымыздың өз қолдарымен жасалған кешкі киім үлгісін көрсетеді)  Хор «Анашым»  Әділқазылар бағаларын беру.  Аркен: Кең даламның ежелгі,  Қазақ дейтін халыкпыз.  Өзге ұлттай бізде де,  Бар дәстүр мен салтымыз.  Өнеріміз сайыста,  Жетелейді алысқа,  Бүгінгі күннің жемісі  Достық болып қалуда.  Қыздар балқып бақыт аралында,  Лайым мұң қонбасын жанарына.  Осымен сайысымызды аяқтаймыз Гүл бітсін бәріміздің қадамымызға.  Хор «Біз бақытты баламыз»     Әр қатысушы қызға мадақтама , сыйлықтары беріледі. «Ханшайым­2017»  1орын, 2 орын, 3 орын атағы беріледі.  Ханзаданың марапаттауы.

Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты:  Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты:  Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты:  Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты:  Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты: Ханшайым -2017

Тәрбие сағаты:  Ханшайым -2017
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.03.2017