Білім беру қызметтерін қажетсіну және оларды ұсыну жағдайларының
жоқтығы;
Педагогикалық мәдениеттің төмен деңгейі және МҰД-да оларға оқыту
жүйесінің жоқтығы;
Ата – аналар жиналыстарының, отасымен жұмыс жеткіліксіз жіктелген
мазмұны;
Тәрбиеленуші отбасымен өзара әрекеттестікке нақты отбасылардың
мүмкіндіктері мен жағдайларының, мүдделерінің есепке алынбауы;
Педагогикалық ұжым жұмысына ата – аналардың аз тартылуы.
Алынған нәтижелер тәрбиеленушілер отбасыларымен өзара әрекеттестік
алгоритмін әзірлеуге көмектесті
ЖОБА тақырыбы:
“Тәрбиешінің тәрбиеленуші
отбасымен әлеуметік әріптестігін
бағалау моделі”
Жоба дайындағандар: Муберекова Ш.ТЖобаның өзектілігі
2017ж
Білім беру қызметтерін қажетсіну және оларды ұсыну жағдайларының
жоқтығы;
Педагогикалық мәдениеттің төмен деңгейі және МҰДда оларға оқыту
жүйесінің жоқтығы;
Ата – аналар жиналыстарының, отасымен жұмыс жеткіліксіз жіктелген
мазмұны;
Тәрбиеленуші отбасымен өзара әрекеттестікке нақты отбасылардың
мүмкіндіктері мен жағдайларының, мүдделерінің есепке алынбауы;
Педагогикалық ұжым жұмысына ата – аналардың аз тартылуы.
Алынған нәтижелер тәрбиеленушілер отбасыларымен өзара әрекеттестік
алгоритмін әзірлеуге көмектесті
Мақсаты:
МДМң отбасымен өзара әрекеттесу ерекшеліктері туралы түсінік
қалыптастыру
міндеттері:
• Тәрбиеші мен тәрбиеленуші отбасы қатынасының жаңа құрылымын
жасау
• Жұмыстың
дәстүрлі емес формаларымен әдістерінің тиімділігін
•
артыру;
Атааналардың ар түрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруінде өздігінен
даму мен өзін –өзі көрсету үшін жағдайлар қамтамасыз ету;
Кіріспе
Мәдениеттің әртүрлілігіне және педагогикалық ғылым мен тәжірибені
дамыту жолдарының өзіндік ерекшеліктеріне қарамастан, әртүрлі елдердің
педагогтары ұқсас мәселелерді шешеді: баланың үйлесімді, психологиялық –
физикалық және әлеуметтік дамуына бағытталған мектепке дейінгі білім
мазмұнын, әдістері мен құралдарын анықтау; әртүрлі жастағы балалардың
өзара ісәрекетінің тәжірибесін байыту үшін жағдайлар құру; мәдени
этникалық көптүрлілілік туралы түсінігін кеңейту; дені сау балалармен және
ерекше қажеттіліктері бар балалармен бірлескен тәрбие мен оқыту; отбасы
қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында мектепке дейінгі ұйымдар
қызметін қайта құру. Ағартудың көлемінің кеңдігіне қарамастан кейбір
шетелдік моделдерді талқылып көрелік. Мектепке дейінгі білімнің шетелдік
тәжірибелеріне шолу жасау оның дамуындағы мемлекеттің рөлі мен статусынанықтауға және салыстыруға мүмкіндік береді. Бірқатар елдердің
тәжірибелерін қарастыралық
Жапонияда
Тәрбиешілерді балалардың оларға тым қатты үйреніп қалмауы үшін
ауыстырылады. Мұндай жағдайда егер педагог бір себептермен баланы
ұнатпай қалса, бұл оқиға балаға өте қиынға соқпайды. Өзге тәрбиешімен
балада достық қарымқатынас орнауы мүмкін, сондықтан бала ересектердің
барлығы өзін сүймейді деген ойға қалмайды.
Жапонияда кішкентай балаларды тәрбиелеу адамның шығармашылық
қабілеттерін дамытуға бағытталмайды, бірақ балада адамзат қоғамы туралы
түсінік қалыптастырады, ұжымда тиянақты, ешкімге кедергі келтірмей жұмыс
істей алатын физикалық және психикалық дені сау адамды тәрбиелейді
Австралияда тәрбиешілердің жақсы дағдылары мен олардың балаларға
қарым қатынасының ерекшелігі: тәрбиешілер атааналарға баласының дұрыс
тәрбиеленбегенін немесе қолынан ештеңе келмейтінін айтпайды. Олар
тәрбиелеу үрдісіне сәйкес атааналармен бірге жұмыс жасайды.
Австралиялық мемлекет халықаралық елдер ішіндегі балалардың
мектепке дейінгі білім кезеңінде атааналарға көмек беретін жалғыз
мемлекет.
АҚШ–та Америкалық зерттеушілер тәрбиеленуші отбасы мен балабақша
тәрбиешісінің өзара ісәрекетінің алты түрін атап көрсеткен:
1. атааналарға үйде бала дамуы үшін жағдайлар жасауына көмектеседі,
сәбимен қарымқатынас дағдысына оқытады, дұрыс тамақтану және қоғамдық
қызметтерге байланысты ақпараттар береді.
2. атааналарға бала дамуы туралы ақпарат ұсынады. Атааналар мен
педагогтар кездесуі ұйымдастырылады, пошталық хабарламалар қолданады
және балабақша сайты жұмыс істейді.
3. Атааналар балабақша жұмысына, сыныптан тыс сабақтарға
тартылады. Олар балаларды тоқуға, сурет салуға үйретеді, оқып береді,
сабақтарды ұйымдастыруға көмектеседі және өзге де ісшараларға қатысады.
4. атааналар балалармен сабақтың оқу жоспары туралы және осы
жоспарды үйде жүзеге асыру мүмкіндіктері туралыақпарат алады. Бұл
жағдайда балабақша атааналарды қажетті оқыту материалдарымен
қамтамасыз етеді.
5.
Атааналар балабақшаны басқаруға тартылады. Бұл жағдайда
бюджетті жоспарлайтын және балабақша қызметкерлерін жалдау саясатын
анықтайтын қамқоршылық кеңес құрылуы мүмкін.6. Балабақша мен атааналар мектепке дейінгі жастағы балалар үшін
оқыту бағдарламаларын қолдайтын және жүзеге асыруды қамтамасыз ететін
қоғамдық ұйымдармен тығыз қызмет етеді.
Сол себептен, АҚШ – тағы мектепке дейінгі білім беру балабақшалар
функциясының сапалылығын қамтамасыз етуде атааналар мен мемлекеттің
күшін интеграциялау бойынша озық тәжірибені демонстрациялайды. Бұл
тәжірибені Қазақстанның мектепке дейінгі білім беру жүйесіне де бейімдеуге
болады.
Еуропалық елдер тәжірибесі
Европалық елдер қатарында мектепке дейінгі білім беру кезеңіне дамуында
мәселелері бар балаларды қалыпты дамудағы құрбылары арасында
интеграциялау сұрақтарына ерекше көңіл бөлінеді. Олар мектепке дейінгі
білім беру орындарына бірге барады. Балалықтың ерте жасынан жағымды сау
ортаға түскен дамуында мәселелері бар балалар оңай әлеуметтенеді. Ал
олардың қалыпты дамудағы құрдастары бала кезден толерантты болуға,
дамуында ерекшелігі бар адамдарды қабылдауға және бағалауға үйренеді
Шет елдердегі мектепке дейінгі ұйымдардағы атааналармен жұмыс түрлері
мен модельдеріне жасаған мониторинг және сараптаманы қорытындылай келе,
баланы бірлесіп тәрбиелеуде атаананың қатысуы әр елде әртүрлі екеніне көз
жеткіздік. Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар модельдерін қысқаша
талдау әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық
мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады. Сонымен
қатар, жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін шетелдік тәжірибе
тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді
Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат
мұраттарының ең бастысы өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегін берік
ететін басты фактор болып саналады.
Адамзат қоғамы даму тарихында қалыптасқан тәрбие мен оқыту, теориясы
және практикасын дамыту саласындағы маңызы мен тәрбиелік мүмкіндіктері
жайлы Я.А.Коменский, К.Д. Ушинский, В.Г.Белинский, Н.К.Крупская,
А.С.Макаренко, Н.Н.Хан, В.А.Сухомлинский,Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин,
А.Құнанбаев,А.П.Сейтешов М.Ә.Құдайқұлов, А.А.Бейсенбаева,
Қ.К.Жампейісова, Г.Т.Хайруллин, В.В.Трифоновтар маңызды педагогикалық
ой пікірлер қалдырды.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі
тәрбие беру – қазіргі білім беру және тәрбиелеудегі басты міндеттердің бірі.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтікқұрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан
Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында
«Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Ол баланың
жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.
Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы мен
балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы.
Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып, өмір бойы қалыптасатын күрделі
құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып, балабақшамен
байланыс арқылы одан әрі жалғасады.
«Жаста білген,басқа сіңген тәлімің,
өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас», деп классик жазушы айтқандай балалық
шақтан бойына орныққан, ана сүтімен даритын, ұлттық сезім нышандары, сөз
өнері оның болашақ шамшырағына айналып, рухани байлығын кеңейтеді.
Оны туған жерге, елге, халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттыққа
тәрбиелеу – аса жауапты міндеттердің бірі.
«Жұмыла көтерген жүк жеңіл»дегендей бала тәрбиелеуде осындай
міндеттерді іске асырушылар – балабақша мен отбасы.
Осы екі арнада жүргізілген тәлім тәрбие сабақтаса, ұштаса жүргізілгенде ғана
мақсатымыз нәтижелі болмақ.
Отбасы тәрбиесіндегі ең маңызды мақсаттардың бірі – айналаны тану,
сезіну,қабылдау, түсіне қарай таңдау, әсерлей білу, өзіне мақсат қоя білуге
баулу. Өмірдегі, өнердегі, табиғаттағы тамаша көріністерден жан азығын алып
әсерлене білуге үйрету. Білімге, білуге, құштарлыққа, әсемдікке,
талғампаздыққа тәрбиелей отырып, баланы болашақ білім ордасы – мектепке
дайындау.
ТӘРБИЕШІОТБАСЫ
БАЛА
Педагог ғалымдардың тұжырымдарына сүйенсек тұлғаның қалыптасу
нәтижелілігі ең алдымен отбасындағы өнегеге байланысты екенін білеміз.
Отбасылық тәрбиелеудің басымдылығын тану дегеніміз – отбасы мен мектеп
жасына дейінгі мекеменің жаңа қарым – қатынасын талап етеді.Бұл қарым
қатынастың жаңашылдығы «ынтымақтастық» және «өзара қарымқатынас»
деген түсініктермен анықталады.Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандартында: атааналарды мектепке дейінгі ұйымдар мен мектепалды
топтардың педагогикалық процеске тарту мақсатында мектепке дейінгі
ұйымдар мен отбасының өзара ісәрекетін қамтамасыз ету қажеттілігін
ұсынады.
Мектеп жасына дейінгі мекеменің отбасымен өзара қарымқатынас барлық
нысандары мен түрлерінің негізгі мақсаты балалар, атааналар, педагогтар
арасында сенімділік қатынасты орнату, оларды бір командаға біріктіру,
өздерінің проблемаларымен бөлісу және бірлесіп шешу қажеттілігіне
тәрбиелеу.
Мектеп жасына дейінгі мекеме педагогтары мен атааналардың өзара
сабақтастығы мен серіктестігін мынадай жұмыс бағытында іске асыруға
болады:
педагогикалық және психологиялық сауаттылықты жетілдіру;
ісәрекеттің түрлі формалары (ұйымдастырылған оқу ісәрекеттеріне
қатысу, әртүрлі үйірмелер, клубтар) және қосымша қызмет көрсету;
балалардың шығармашылық жоспарларын іске асыруға жағдай жасау;
қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу;
әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету;
І.Педагогикалық психологиялық сауаттылыққа жетілдіру,яғни тәрбиешінің
тұлғалық құзреттілігі стандарт талабына сай болуға тиіс
Гностикалық
құзіреттілік
Арнайы
құзіреттілік
Педагогикалық-
құрастырушылық
құзіреттілік
Коммуникативтік
құзіреттілік
Ұйымдастырушылық –
басқарушылық
құзіреттілік
Баланың жеке, жас,тұлғалық
ерекшеліктерін, жанұясын зерттей
біледі.
Ән салып би билейді,қуыршақ
театрын ұйымдастыра алады
Тәрбиелеу мен оқыту
технологияларын біледі.
Педагогикалық үдерісті жобалай
Балалар арасында өзара жағымды
қарым-қатынас қалыптастырады.
Баламен,топпен, ата-аналармен
педагогикалық мақсатқа сай қарым-
қатынасты орната біледі.
Баланың білім алуы мен дамуы үшін
қолайлы ортаны қалыптастыра біледі.
Серіктестерімен, ата-аналармен өзара
байланысты іс-әрекетті үйлестіре
алады.
1. МДМ мен отбасының мәліметтіканалитикалық блогы
2. МДМ мен отбасының өзара әрекетінің істәжірибелік блогы
3. МДМ мен отбасының бақылау, бағалау өзара әрекетінің блогыСтруктурафункционалдық модель 3 блоктан тұрады: мәліметтік
аналитикалық,істәжірибелік және бақылаубағалау
Мәліметтіканалитикалық блок атааналар мен балалар туралы мәлімет
жинау,
қорытындылау,отбасыны зерттеу,олардың қиындықтары мен
мәселелрін зерттеу.
Осы блоктағы міндеттер педагогтың ары қарайғы жұмысының формалары мен
әдістерін анықтайды. Бұл әдістерге: сұрақжауап, анкетілеу, патронаж, ин
тервьюировілеу, бақылау, медициналық карталарды зерттеу
Атааналармен мәліметтіканалитикалық болк тұрғысындағы жұмыста өзара
байланысты 2 бағыт бар.
Бірінші бағыт — атааналарды сауаттандыру,белгілі бір сұраққа байланысты
керек мәліметті беру. Сұрақтарға жауап беру үшін әртүрлі формалар
қолданылады: лекциялар, жекелей және топтық кеңестер, мәліметтік
қағаздар, газеттер, парақеске салулар, атааналарға арналған кітапханалар,
видеотека, аудиотека және т.б.
Екінші бағыт — білім беру аймағына қатысатындардың барлығының жемісті
қарымқатынас орнатуы, яғни пікірлермен, идеялармен, сезімдермен бөлісу.
Осы мақсатта атааналар мен балалар қарымқатынасқа түсетін ісшаралар
жоспарланады және өткізіледі. Атааналардың балаларымен дәстүрлі қарым
қатынас орнатудағы сұрақтары, мысалы, «не жедің», «шалбарың неге кір»
деген сұрақтармен аяқталады.
Педагогикалық ұжымның басты міндеті ретінде ситуациялыққызметтік және
тұлғалықориентациялық тұрғыда ортақ істі іске асыру ( сурет салу,
спектеакльдегі рөлдер, кітаптар, ойындар, мейрамға дайындалу, серуенге
дайындалу, ортақ жоба жасауға дайындалу).
Екінші блок балалардың денсаулығы мен дамуына байланысты белгілі бір
міндеттерді шешуге байланысты болғандықтан ол істәжірибелік деп аталады.
Медициналық қызметкерлердің, мамандардың, психолгтардың, педагогтардың
одан арғы жұмысының формалары мен әдістері бірінші блоктағы анализ
қорытындысында алған мәліметке байланысты.
Соңғы екі жылда ғалымдар мен істәжірибешілер атааналармен жұмыстың
қызықты формаларын ойлап тапты.
Үшінші блок – бақылаубағалау блогы.
Бақылаубағалау блогы – бұл балабақшаның мамандары өткізетін ісшараның
өнімділігінің қорытындысы.
Ісшараның өнімділігін анықтау үшін мынадай әдістерді қолдануға болады:
сұрақжауап, бағалау парағы, экспрессдиагностика және әрбір ісшарадан
кейін өткізілетін басқа әдістер. Педагогтардың өз анализдерін жасаудың да
маңызы зор.
Арнайы зерттеу нәтижесінде модельмен жұмыс істеу педагогикалық ұжым
мекеме тұрғысында және балабақша немесе топтың көлемінде әрекетті
структілеуге мүмкіндік береді..Атааналарды педагогикалық үдеріске тарту арқылы бала тәрбиесінің мақсат,
міндеттерінің түсінуіне, бала тәрбиесін ойдағыдай іске асыруына ықпал
етеміз. Атаана баланың мүмкіндігін ескеру, сонымен қатар кідіріс те
болдырмау керектігін түсінеді. Атааналардың педагогикалық мүмкіндіктерін
анықтайтын жағдайлардың кешені өз деңгейінде болу қажет. Олар отбасының
тұрмыстық жағдайы, құрылысы және отбасы мүшелерінің саны,
психологиялық жағдайы, мәдени білім деңгейі, атаана өнегесі.
Баланы тәрбиелеу,дамыту,білім беруде отбасы мен балабақшаның бірлескен
өзара тығыз байланыста болуы маңызды.Тәрбиенің ең алғашқы негізі
отбасында қаланып,балабақшада одан әрі жалғасады.Отбасының ықпалын
өмірдегі еш қандай күшпен салыстыруға болмайды.Отбасындағы атаанамен
баланың қарым қатынасы нәтижесінде адамгершілік,эстетикалық,дене
тәрбиесінің алғашқы үлгілері қалыптасады.
Қазіргі кезде бала тәрбиесін жузеге асыруда тәрбиелеудің дұрыс жолын табу
үшін атааналарға кеңес түрінде көмек беру өзекті болып отыр.Балаларды
оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындап,инновациялық
тәсілдерді пайдалана отырып,атааналардың педагогикалық мәдениетін
көтеру,баланың психикалық ахуалы жөнінде біліктілігін арттыру мақсатында
балабақшада кеңес беру пункттерін ұйымдастыруға болады.
Атааналармен жұмыс жүргізудің алғы шарттары:
Атааналар мен бірлесе отырып,баланың тұлғасын дамытуға бірінғай білім
мен тәрбие беру кеңістігін қалыптастыру.Отбасымен бірігіп балалардың
өмірін қорғау,денсаулығын сақтау үшін қолайлы жағдай жасау.
Баланың тұлғалық әрекетінің дамуы үшін отбасында эмоционалды жағдай
туғызу,психологиялық жағынан кедергісіз жетілуін қамтамасыз ету үшін ата
аналарға көмектесу. Отбасының тәрбиесін,әдептерін,дәстурді сақтауын
ескере отырып,балаларды әлеуметтік ортаға қарымқатынас мәдениетімен
таныстыруға ықпал жасау.
Жұмысты ұйымдастыруда педагогикалық ісәрекеттердің белгілі тәсілдерін
қолдану және жаңашылдықты іздеу.
Педагогпсихолог тәрбиешілермен бірігіп,психологиялықпедагогикалық
қолдаудың тиімді бағдарламаларын құрып,атааналардың жеке
қызығушылықтары мен мүмкіншіліктерін ескере отырып,дидактикалық
материалдар таңдап ,іріктеп,атааналардың арасында психологиялық ағарту
жұмысын жүргізу.
Жұмыс түрлері:Балаларды тәрбиелеу мен оқытудың мемлекеттік
стандартында атааналарды мектепке дейінгі ұйымдар педагогикалық
процесіне тарту мақсатында балабақшамен отбасының өзара ісәрекетінің
қамтамасыз етуді қажеттілігі ұсынылады.1.Ұйымдастырушылық.Бала мен отбасы туралы деректер алу,отбасының
әлеуметтік жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін
анықтау,атааналардың пікірұсыныстарын,ойын бөлісу мақсатында
сауалнамалар,анкеталық сұрақтар алынады.
Атааналар баланы жанжақты дамытудың психологиялықпедагогикалық
жұмыс жоспарымен таныстырылып,балабақшада өткізілетін барлық іс
шараларға қатысу ұсынылады.
2.Үйретуші кезең.Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық,дене және
сөйлеу тұрғысынан дамуы,жалпы білімін кеңейту,отбасында баламен жұмыс
істеудің кейбір педагогикалық тәсілдеріне үйрету,әрбір баланың жалпы және
жеке –типологиялық барабар коммуникативтік мінезқұлық ерекшеліктеріне
қарай отбасы жағдайында қалыптастыру мүмкіндіктерімен таныстыру,ата
ананың отбасында баламен қарым –қатынас жасау негіздерін меңгеруіне ықпал
жасау,бала мінезқұлқындағы жеке басты өзгерістерін саналы түрде бағалауға
байланысты біліктіктерін қалыптастыру мақсатында атааналармен “Мен
және орта” тақырыбында тренинг,”Әке көрген оқ жонар,шеше көрген тон
пішер” тақырыбында дөңгелек үстел,”Ынтымақты жанұя” тақырыбында
семинар өткізілді.
3.Қорытынды кезең. Атааналар педагогтармен бірлесіп топтық
ұйымдастырылған оқу ісәрекеттерін өткізуге тартылып,ертеңгіліктер мен
мерекелерді өткізу сценарийлерін дайындап,оған өздері де белсене қатысуға
тартылды
Атааналарға педагогикалық сауаттылықтарын жетілдіру мақсатында
«Білгім келеді» сабағы өткізілді
«Бала тілі бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың
қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп
қойылды.
«Жылжымалы папка» атаанамен байланыс дәптеріне атааналар өз пікірлерін
жазып, кеңестермен танысты.
«Балам өсіп келеді...» тақырыбында атааналарға эссе байқауын өткізіп
пікірсайыста талқыланды.
ІІ. Іс әрекеттің түрлі формалары
Атааналарды ұйымдастырылған оқу ісәрекеттеріне қатыстырудың маңызды
нәтижесі атааналар өз балаларының оларға тән емес ортадағы қылығын, оның
басқалармен қалай араласуын, білім деңгейін, құрдастарының оған деген
қарымқатынасын зерттей алады. Өз баласының дамуы басқалардан артта
қалған жоқ па, балабақшада ол үйдегідей емес, өзін басқаша ұстауын еріксіз
салыстырады. Бәрін мен дұрыс істеймін бе, неге менде тәрбиелеудің өзге
нәтижесі қалыптасқан, неге үйрену керек деген рефлекстік қызмет «іске
қосылады».
Жыл бойы жүргізілетін жұмыс жоспарын атааналармен бірлесе отырыпжасаған тиімді. Себебі, атааналар заман талабына сай өзекті мәселерді,
отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен
қатар атааналардың ұсыныс –тілектерімен санаса отырып атааналарға
арналған әңгімелер мен лекциялар, кеңестер мен сұрақжауап кештері, тәрбие
жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, атааналарды педагогикалық
әдебиеттермен таныстыру әдістәсілдері қарастырылады.
Атааналардың балабақшадағы балалардың өмірін мейілінше қызықты етіп
өткізуіне үлес қосу үшін балабақшада «Шебер қолдар» үйірмесі
ұйымдастыруға болады. Балаларды қол өнердің кейбір түрлеріне, кесте тігуге
үйретсе, кейбір атааналар ертеңгіліктерге бірігіп декорация жасауға, киімдер
тігу, атрибуттар дайындау сияқты жұмыстарға атсалысады.
Мерекелер, балаларды қорғау күні қарсаңында «Сүйікті ойыншықтарым»,
«Ғажайып балалар әлемі» атты акциялар өткізіп атааналарымыз өз қалаулары
бойынша демеушілік жасап балаларға сыйлықтар тартуі.
ІІІ. Балалардың шығармашылық қиялы мен қабілеттерін дұрыс бағытта
дамыту үшін олардың жас ерекшеліктері мен нақты дара ерекшеліктерін
ескере отырып қалыптастыру қажет. Балаларға арналған көркем шығармалар
баланы шынайы болмысты нақты әрекетімен таныстыра отырып, оны
көркемдеп баяндап баланың сөздік қорын молайтып,тілін байытамыз.Мектеп
жасына дейінгі балалар бейнелеу өнерімен жалпы топтық ұйымдастырылған
оқу ісәрекеттерінен тыс уақыттарда шұғылдана алады. Барлық білім
салалары бойынша іске асыруға болады.
Балалардың логикалық ойлау қабілеті, интелектуалдық дарындылығы, есте
сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың
шығармашылық қабілеті дамып, ақылой белсенділігі арта түседі.
Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу
шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға
болады. Атааналармен жүргізілген жиналыстарда балалардың жұмыстарынан
көрме жасап қоямыз. Атааналармен біріге отырып қуыршақ театрлары мен
ертегілерді бірігіп сахналаймыз. «Тыңда балам, ертегі» айдарымен
ұсынылатын әжелердің ертегілерін тыңдаймыз.
Атааналармен, балалардың шығармашылықтарын шыңдай түсу мақсатында
«Жарасымды отбасы» сайысын өткізуге болады.. Онда отбасылар өз өнерлерін
көрсету, қол өнер шеберліктерін, тест тапсырмаларын орындау сияқты сайыс
кезеңдерінен өтіп өз бағаларын алады
IV. Қалыптасу мен дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу.
Атааналармен мейілінше кең тараған жұмыстардың бірі ол ашық есік күні.
Мектеп жасына дейінгі мекемемен, оның дәстүрлерімен, ережелерімен,
тәрбиелеу оқыту жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстыруға, олармен
қызықтыра білуге және қатысуға мүмкіндік береді. Атааналармен топтарға
саяхат жасау, балабақша жұмысынан үзінді көрсету (ұжымдық жұмыстар,
серуендеуге жинау т.с.с.) немесе әдіске атааналармен әңгімелеседі, олардың
алған әсерлерін анықтайды, туындаған сұрақтарға жауап береді. Әңгімелердіжеке дара, ұжымдық түрінде өткізуге болады. Бұл екі жағдай да, нақты
міндет: нені анықтау қажеттігі, немен көмектесуге болатыны белгіленеді, ата
аналардың пікірлерін де тыңдалады.
Атааналар конференциясы. Конференцияның негізгі мақсаты – отбасылық
тәрбиелеудің тәжірибесімен бөлісу. Атааналар алдынала мәлімдеме
дайындайды, немесе оларды бірігіп дайындауға болады.Конференцияның
өзекті тақырыбы мысалы, «Бала денсаулығына қамқорлық» атты
конференцияға дәрігерлерлердің қатысуымен балабақша ішілік конференция
өткізіледі.. Бұған барлық атааналар, тәрбиешілер, балабақша қызметкерлері
қатысады. Сондайақ мұндай конференцияларға балалар әдебиетінің
жазушыларын, заңгерді қатысуымен өткізіп, атааналармен пікірлер бөлісіп, өз
қызметтерінің бала тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы тәжірибелерімен бөлісе
алады.
Конференцияны мектеп жасына дейінгі мекеме балаларының,
қызметкерлерінің, отбасы мүшелерінің бірлескен концертімен аяқтауға
болады.
V. Әлеуметтік дамытушы орта қалыптастыруға көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке даралығын дамытуға отбасы мен
мектеп жасына дейінгі мекеменің дәстүрлі емес өзара ісәрекеті бірлігінің
педагогикалық принципі негізінде жүзеге асыруда байқауға
болады.Тәрбиешілердің, қоғамдық ұйымдардың және отбасының ұрпақты
тәрбиелеуде бірлесіп қоянқолтық жұмыс істеуін талап етеді.Егер де
тәрбиелеу күштері қалыптаспаса және бірбіріне қарамақайшы келсе, онда
бала психикалық жүктемелерге тап болады.
Дамытушы ортаға
• Демалыс аймағы;
• Интеллектуальдық танымдық аймақ;
• Өз бетінше бейнелеу әрекетін жасау аймағы;
• Ойын аймағы.
1.Балалардың педагогикалықпсихологиялық даму картасы
Балалардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуындағы жетістіктерін
бағалау индикаторлары
Тәрбие мен білім берудегі дамытушы ортаның деңгейін анықтаушы индикатор
жасаймын
2.Отбасындағы баланың дамуын зерттеу (отбасына бару
сауалнама,тест,интерпритация суреттері, т.б) жазып қоямын
3.Тренинг жұмыстарын ұйымдастыру
«Бала тәрбиесіндегі атаана жауапкершілігі»
4.Топтық,жеке кеңес беру
Кеңестер. Әдетте кеңестер жүйесі құрастырылады, олар жеке дара немесе
атааналар топтарымен жүргізіледі. Топтық кеңестерге бірдей проблемалы
немесе тәрбиелеуде бірдей табыстары бар әр түрлі топтың атааналарыншақырамыз.Атааналардың белгілі білімдерді, әдістерді меңгеруі,
проблемалық мәселелерді шешуге көмек көрсету кеңестердің басты мақсаты
болып табылады.Кейбір жас атааналарға семинар практикумдардың маңызы
зор. Бұл нышан оқытудың әдістері мнн тәсілдері туралы айтуға, кітапты қалай
оқу керектігін көрсетуге, иллюстрациялы суреттерді көруге, оқығаны туралы
әңгімелеуге, жазуға қолын жаттықтыруға мүмкіндік береді.Топтық
жиналыстарды талқылауға 23 мәселені ұсынады бір сұрақты тәрбиеші
дайындайды, басқа мәселелер бойынша атааналар немесе мамандардың біреуі
дайындайды. «Балалардың кітапқа деген қызығушылығын қалай ояту керек?»,
«Теледидар балаларды тәрбиелеуде дос па әлде жау ма?» өткізуге болады.
Атаанамен балабақша арасындағы тығыз қарымқатынас, бірлік, ынтымақ
жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі
болмақ.
Біздің мақсатымыз ХХІ ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашыл,
мәдениетті, жанжақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.
Біздің ұжымның ата – аналар мен педагогтардың бірлескен қызметінің
инновациялық моделін жасау жөніндегі жұмысының негізгі мақсаты
балаларды тәрбиелеу мен дамыту бойынша өзара әрекеттің тиімді әдістерін
іздестіруге бағытталған.
Міндеттері
беделін айқындау.
жұмысын құрылымдау, оған кешендік сипат беру.
- Мектепке дейінгі ұйымның (бұдан әрі – МДҰ) ата – аналармен
- Отбасылық өзара қатынастар сипатын, отбасындағы ата – аналардың
- Жұмыстың дәстүрлі емес формалары мен әдістерінің тиімділігін
- Ата – аналардың әртүрлі әлеуметтік рөлдерді меңгеруінде өздігінен
- Ата – аналардың құзіреттілігін, психологиялық – педагогикалық
даму мен өзін – өзі көрсету үшін жағдайлар қамтамасыз ету.
арттыру.
білімдері деңгейін арттыру.
Ұжымда ата – аналарды оқу – тәрбиелеу үдерісіне тарту бойынша
жұмыстың жайкүйін зерделеу бірқатар проблемаларды
айқындады:
жоқтығы;
- Құқықтар мен міндеттерді пайдалана алмау;
- Білім беру қызметтерін қажетсіну және оларды ұсыну жағдайларының
- Педагогикалық мәдениеттің төмен деңгейі және МҰДда оларға оқыту
- Ата – аналар жиналыстарының, сабағаттарының жеткіліксіз жіктелген
- Тәрбиеленуші отбасымен өзара әрекеттестікке нақты отбасылардың
мүмкіндіктері мен жағдайларының, мүдделерінің есепке алынбауы;
жүйесінің жоқтығы;
мазмұны;- Педагогикалық ұжым жұмысына ата – аналардың аз тартылуы.
Алынған нәтижелер тәрбиеленушілер отбасыларымен өзара әрекеттестік
алгоритмін әзірлеуге көмектесті
Отбасымен өзара әрекеттестік алгоритмі
1қадам. Алғашқы кездесу кезіндегі қарым – қатынастар – тәрбиеші жоғары
педагогикалық әдеп, ата – аналарға шынайы құрмет, байсалдылық, әдептілік
танытуы, ойланбаған сұрақпен өзінен қашықтатпауға тырысуы тиіс.
2қадам. Оның дербестігі, қайталанбайтындығы ескеріле отырып, балада нені
дамыту, неге тәрбиелеу қажет екендігі талқыланады.
3қадам. Баланы тәрбиелеуге жалпы талаптар белгілеу. Педагог ата –
аналарды өз көзқарастарын білдіруге жұмылдырады, тіпті олар қате болса да,
ата – аналар пайдаланатын әдістері туралы пікірін тыңдайды, теріске
шығармайды, әсер етудің өз тәсілдерін ұсынады, бірыңғай талаптар жасап
шығару үшін күш – жігерді біріктіруге шақырады.
4қадам. Ортақ мақсатқа қол жеткізуде ынтымақтастықты нығайту.
Бірлескен ынтымақтастыққа келісе отырып, тараптар бір – бірінің
тәрбиешілік мүмкіндіктерін нақтылайды, бірыңғай мақсаттар мен міндеттерді
белгілейді. Даулар, келіспеушіліктер болуы мүмкін. Олардың бұдан кейінгі
ынтымақтастыққа бөгет жасамағаны маңызды.
Берілген алгоритмде әрекет ете отырып, біз ата – аналармен
жұмыстың мынадай формаларына тоқталдық:
Сабағат
(тақырыптық)
Қашықтықт
ан оқыту
Инклюзив
ті оқыту
Семинарлар
Сабағаттық пункт
(педагогтардың
мамандардың кеңестері)
Ата – аналар жиналыстары
(жалпы, топтардағы
жиналыстар)
Жас атааналар мектебі
Тәрбиеші және тәрбиеленуші отбасы
Ашық есіктер күні
Сенім поштасы
Қызығушылықтары
бойынша үйірмелер,
шеберханалар
Шығармашылық көрмелер,
конкурстар, фестивальдар,
жәрмеңкелер
Ақпараттық
көренктілік ағарту
Спорттық мерекелер,
қол бостағы дене
шынықтырулар,СӨС
н насихаттау
Үздік тәрбиені
насихаттау
(балаларды оқыту
мен тәрбиелеуде )
Экологиялық
акциялар, жобаларБүгінгі күні зерттеу – жобалық, рөлдік, имитациялық және іскер ойындар
сияқты атааналармен жұмыс формаларына көп мән берілуде. Бұл ойындар
үрдісінде белгілі бір білімді меңгеріп қана қоймайды, әрекеттің, қатынастың
жаңа моделдерін құрастырады. Талқылау үрдісінде ойынға қатысушылар
мамандардың көмегімен жағдайларды бар жағынан сараптауға және тиімді
шешім қабылдауға тырысады.
Атааналардың педагогикалық мәдениетін арттыратын формалардың бірі –
атааналар конференциясы. Бұл форманың бағалылығы, мұнда атааналармен
бірге қоғамдастық та қатысады. Конференцияға педагогтар, аудандық білім
бөлімінің қызметкерлері, медициналық қызмет өкілдері, бастауыш сынып
мұғалімдері, педагогпсихолог және т.б. қатыса алады.
Атааналармен жұмыстың бір формасы тренингтер. Тренингтік ойын
жаттығулары мен тапсырмалары баламен ісәрекеттің әртүрлі тәсілдеріне баға
беруге, жағымсыз формаларды конструкциялыққа ауыстыруға көмектеседі.
Ойын тренингіне тартылған атаана баламен сөйлесуді бастайды, жаңа
шындыққа жетеді.
Заманауи кезеңдегі тағы бір қызықты формалардың бірі – әртүрлі
конкурстарды – сұрақтар мен жауаптар кештерін өткізу болып табылады. Бұл
форма өзінің педагогикалық білімін нақтылауға, оларды практикада
қолдануға, жаңалықты білуге, бірбірімен білімін толықтыруға, бала
дамуындағы кейбір мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді
Қазіргі уақытта педагогтар көбінде ата – аналарды оқу – тәрбие
үдерісіне ата – аналарды тартуда интербелсенді әдістерді пайдалануға бой
ұруда:
Ирелендер мен
сатылар
Миға
шабуыл
Үзілістер мен
бой жазулар
Доп беру
Үстелүстілік және
карточкалық ойындар
Қоқысты тазалайық
Әңгімелеу
Тәрбиеші және тәрбиеленуші отбасы
Жұп болып жұмыс
істеңдер және ойлаңдар
пікір алмасыңдар
Ыстығырақ
қолсүрткіш
Плюс – минус қызықтыРөлдік ойындар мен
қойылымдар
Сендер нені білесіңдер?
Сендер нені білгілерің
келеді? Сендер нені
үйрендіңдер?
Фотосуретте
р, суреттер
мен
картинкалар
4 бұрышта
талқылау
Күшті және әлсіз
жақтарды талдау
(SWOT)
Мектеп алды даярлық тобының ата – аналарымен өткізілген
«Атаана баланың алғашқы ұстазы» атты іскерлік ойын.
Мақсаты:
Атаанамен балалардың арасындағы қарым –қатынасты бірлескен ісәрекет
арқылы нығайту.
Үй тапсырмасы: А4 форматындағы фото сурет коллажы «Менің отбасымдағы
орным»
Жұмыс барысы
Шаттық шеңбер:
«Амандасу ойыны»
4 түрлітүсті дөңгелек, бірінші дөңгелек – көк түсті қолмен амандасу, екінші
жасыл, шынтақпен амандасу, 3қызыл дөңгелек– иықпен, 4сары дөңгелек,
құшақтасып амандасу. Кіріспе әңгіме: Құрметті атааналар бүгінгі кешіміздін
аталуы «Атаана баланың алғашқы ұстазы» себебі баланың алғашқы тәрбие
алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінезқұлқы, әдет дағдысы
қалыптасады.
“Қашан бала ғылымбілімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның
аты Адам болады.” (А. Құнанбаев)
Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі – ішсем, жесем,
ұйықтасам деп тұрады. Біреуі білсем екен демекілік. Не көрсе соған
талпынып, “ол немене?”, “бұл немене?” деп, “ол неге үйтеді?”, “бұл неге
бүйтеді?” деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық
көрмейді. Мұның бәрі – білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен дегені.
(А.Құнанбаевтың жетінші қара сөзі)
Тәрбие – күрделі үдеріс. «Тәрбие отбасынан басталады» деп халық даналығы
бекер айтпаған. Саналы да, білімді болашағын қалыптастыру әрбір атаананыңмерейлі міндеті, парасатты парызы. Еліміздің болашағының тізгінін ұстар
тұлғаның бойына білімнің нәрін, тәрбиенің иісін сіңіруміз қажет. Ата
бабамыздан қалған ұлттық тәрбиемізге дақ түсірмеу үшін барлық қажетті
жауапкершілікті атаана өзіне алғаны жөн, себебі бала атаананың өмірінің
жалғасы. «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»
деп өткен ғасырдың ұлы тұлғасы А.Байтұрсынұлы айтқандай, баланың
болашағына толғанар ел, ойланар отбасы қалыптасса елдің болашағы зор
болмақ.
Атааналардың оқу мен тәрбие үдерісіндегі ынтымақтастық пен бірлескен
жұмысы жанжақты болса жемісті болады.
Ұрпақ тәрбиесі ұлағатты болу үшін, отбасындағы атаана берген тәрбие
балабақшада жалғасын тауып, кішкентай бүлдіршін сапалы азамат болып
қалыптасу үшін балабақша, тәрбиеші жауапты зор міндетті атқарады. Ең
бастысы – бала атаананың оның оқудағы жетістіктеріне қызығушылығын
сезінуі керек.
Кез келген бала үлгілі немесе үлгермейтін болсын, шапшаң немесе сылбыр
болсын, ол өзін жақсы көру мен сыйлауды қалайды.
Сондықтан бүгінгі ойын сауық кешімізді атаанамен баланың арасындағы
қарым қатынастарыңызды нығайту және балабақшадағы балалардың немен
айналысып жатқаның, қай нәрсеге назарыңызды салу керек екеніне үшін
ұйымдастырып тұрмыз.
Мектепке дейінгі жастағы балалардын негізгі іс –әрекеті ойын, ойын арқылы
балаға білім де, тәрбие де беріледі. Сондықтан сіздер де балалық
шақтарыңызға оралып ойын ойнаңыздар.
Ойын
1. Саусақ ойыны. Бірінші балалар көрсетеді.
Бір үйде біз нешеуміз
Кел санайық екеуміз
Бас бармағым әкем
Балалы үйрек – анам
Ортан терек – ағам
Шүлдір шүмек – мен
Кішкене бөбек – сен
Бір үйде біз нешеуміз
Бір үйде біз бесеуміз
Содан кейін атааналарға бір екі тақпақ беріледі олар оны саусақ ойынға
аудару қажет.1. Зейінін және еске сақтау қабілетін жақсартатын ойын: «Қара да қайтала»
суреттегі заттарды 10 секунд қарап, сосын еске сақтағанын айту.
2. Сөздік қорын молайтуға арналған ойын: «Сөздерді жина» шеңберде әр бала
сөз айтады келесі бала алдындағы баланың сөзін және өзі бір сөз айтады,
соңындағы бала барлық сөздерді айтып шығу тиіс.
Ертегі сахналау
Балалар «Үйшік» ертегісін сахналайды
Арт терапия
Балалар отбасымен бірлесіп «Отбасы» тақырыбына әр түрлі құралдармен
сурет салады да шағын презентация жасайды.
Балардың отбасы туралы, тәлім тәрбие туралы тақпақтары:
Ерасыл :
Атамнан басталар
Әжемен қосталар
Отбасым мыналар
Ең жақын адамдар
Әкем мен анам бар
Бір туған ағам бар
Бір туған апам бар
Бәрін жақсы көремін
Еркелеймін, еремін
Мансұр:
Бақшамызға барғанда
Кездескен бар жандарға
«Қайырлы таң» деймін
Күндіз де елеймін
«Қайырлы күн» тілеймін
Кешке үйге келемін
Не дерімді білемін
«Кеш жарық» деп кіремін
Мұхаммед:
Алдымыздан кездескен
Көп танысты көреміз
Барлығына ізетпен
Біздер сәлем береміз
Мирас:
Дүкенге өзім барамынҮйге ассу аламын
Әжем дейді мың алғыс
Айтады мені «Тіл алғыш»
Психогимнастика
Балалармен жеке өткізіледі:
Оң жақ тізені сол жақ жұдырықпен соғу – сол жақ тізені оң жақ жұдырықпен
соғу;
Шынтақпен тізені қиғаш соғу,
Иықтарды қиғаш соғу.
Құрметті атааналар сіздер барлықтарыңыз массаждың пайдасын білесіз. Қазір
біз сіздермен миға массаж жасаймыз.
Психолог арнайы гимнастика өткізеді.
Қоштасу шеңбері: атааналар өз пікірлерін айтады да жадынама алады.
«Ата – аналарға өсиет»
Адам азса, тәрбиенің жоқтығынан азады, қоғам азса адамдардың
тәрбиесіздігінен азады. Балаға дұрыс тәрбие беру қоғамның болашақ
дамуының кепілі. Сондықтан да баланың тәрбиесін тәрбиешілерге,
балабақшаға тапсырып қоймай, атаана, бүкіл қоғам, ақпарат құралдарымен
байланыста болып ат салысуымыз керек.
Ата – анамен өткізілген “Ертегі айта білесіз бе?”ойынвикторинасын
ұсынамын
Ата – анамен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты :
Ата – ананың өмірге деген көзқарасын өзгерту;
Баланың бүгінгі жасаған қадамының – болашақта тұлға болып қалыптасуына
әсер етуі,
Балаға қолдау көрсету.
Тәрбиешілердің іс – тәжірибесінде ата – аналармен бірігіп жұмыс жасаудың
көптеген формалары қалыптасып, өз жемісін беруде. Педагог ата – анамен
жекелей және ұжымдық жұмыс жасауы тиіс.
Жекелей жұмыс – бұл педагогтың әр баланың жеке басындағы ерекше
қасиеттерін ескере отырып, олардың ата – анасымен өз жоспарымен бөлісуі,
баланың даму мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып өз жоспарымен
бөлісуі, баланың даму мүмкіндігі, кем тұстары жайлы ақылдасып бірлесе
жұмыс істеуі.
Ұжымдық жұмыс бұл ұжымның немесе ата – аналардың жеке тобының
жұмысы. Бұндай жиындарда ата – аналар балабақшадағы белгілі бір жастобындағы және отбасындағы тәрбиенің мақсаты және міндеттерімен, түрлері
және әдістерімен жүйелі түрде таныстырылып отырады.
Белгілі жазушы Мұхтар Әуезов: «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар.
Ең алдымен ниет, онан соң күш, содан кейін тәртіп керек» , деген. Өмірлік
тәжірибе қалмгер сөзі даналығының дәлелі.
Біздің балабақшада ата – аналарға арналған консультациялық пункт ашылған,
онда ата – аналар өзіне бала тәрбиесіне қажетті ақпаратты, сондай – ақ
психолог, мамандардан кеңес ала алады.
Өскелең ұрпақ тәрбиесі қашанда маңыздылығын жоғалтқан емес. Бүгінгі
заманның педагогына қойылатын талап та өте жоғары. Педагог үнемі ізденісте
жүрсе, ал ата – ана бұл үдерісте қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса,
жұмыс табысты болмақ.
Күтілетін нәтижелер
- Отбасы мен МДҰда серіктестік пен ынтымақтастық негізінде ортақ
талаптары бар бірыңғай білім беру кеңістігін қамтамасыз етіледі.
- Балаларды отбасы мен қоғамның құндылықтары, дәстүрлерінде
- Отбасы және МДҰ жағдайларында жеке тұлғаны дамыту мен тәрбиелеу,
- Педагогтар мен тәрбиеленушілер отбасыларының тығыз өзара
қалыптастыру мәселелері бойынша ақпараттық идеялар қорын жасау.
тәрбиелеу.
әрекеттестігі негізінде ата – аналардың психологиялық – педагогикалық
сауаттылығын арттыру.
Отбасы тәрбиелеудің әлеуметтік институты болып табылады, бұл жерде
балалар қоршаған дүниені танып – білудің алғашқы тәжірибесін алады,
қарым – қатынас жасауға үйренеді, онда ұрпақтардың сабақтастығы,
балалардың әлеуметтенуі жүзеге асырылады. Сондықтан отбасылық
тәрбиені қолдаудың басымдыққа ие болуы, бала мен отбасын
психологиялық – педагогикалық жағынан демеу қоғам дамуының бүкіл өн
бойында өзекті болып қала бермек.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Окна в мир ребенка / В. Оклендер.М.: 1997.
2. ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
3. Давыдова О.И., Богославец Л.Г., Майер А.А. Балабақшада атааналармен
жұмыс: Этнопедагогикалық тәсіл М.: ТЦ Сфера, 2005. – 144 б. («МДҰбасқару» журналына қосымша).
4. Зверева О.Л. МДҰ атааналар жиналысы: әдістемелік құрал /О.Л. Зверева,
Т.В. Кротова. М.: Айрис — пресс, 2006. – 128 б. (Мектепке дейінгі тәрбие
мен дамыту)
5. Макаренко А.С. Атааналарға арналған кітап / А.С. Макаренко. – М.:
Просвещение, 1968.
6. Республикалық педагогикалық журнал Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
журналы № 6 – 2014 жыл.
7. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы № 3 2012 жыл
8. Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы № 11 2014 жыл.