Өзін-өзі тану» пәнінде жүргізілетін
ойындар, жаттығулар
Ойын: «Танысайық»
Ойынның шарты: Әр баланың қолында гүл, осы гүл арқылы өздерін таныстырып, гүлді келесі балаға тапсырады.
1. Балаларға видеофильм арқылы «Осколки доброты» атты үзіндіні көрсету.
• Балалар,қалай ойлайсыңдар, әже теңіз жағасында не істеп жүрді?
• Ол неліктен олай істеді?
• Оның бұл қылығын мейірімділікке жатқызуға бола ма?
Егер барлық адамдар осы әжей сияқты болса,жер беті қандай болады деп ойлайсыңдар?
Менің адам бойындағы бағалайтын қасиетім
Мақсаты: Тілдесу барысында бірін-бірі жақынырақ қабылдау үшін жағдай жасау, шығармашылық қиялын дамыту.
Тапсырма: Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.
Нұсқау: Адам бойындағы қандай қасиетті бәрінен жоғары бағалайтыныңызды ойланып көріңіз. Осы қасиет көрініс беретін әңгіме, хикая, аңыз, ертегі, өлең немесе әнді еске түсіріңіз не ойдан шығарыңыз. Өз қалауымен шығып сөйлеушілер әңгімелерін айтқанда, қалғандары қандай қасиет туралы айтылғанын табу керек.
Талдау:
• Қандай қасиет жайлы әңгімеленді?
• Сіз оны қандай белгілері бойынша таптыңыз?
• Әңгімелеушінің пікірі сіздің пікіріңізбен сәйкес келе ме?
• Қасиетті баяндау түрі әңгімелеушінің айтқысы келгенін тереңірек түсінуге көмектесті ме?
Сәлем, бұл - менмін
Мақсаты: Өзін-өзі таныстыру дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс орнату.
Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге дайын екендігін көрсету.
Нұсқау: Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді өзің таныстыру үшін әртүрлі әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама, газеттегі хабарландыру, өзі туралы әңгіме, өлең, ән, афоризм.
Жаттығуды талдау:
• Қай қатысушының өзін-өзі таныстыруы сізге көбірек ұнады, неліктен?
• Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?
• Шығып сөйлеу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарым-қатынасқа бет бұрғандығын сезіндіңіз бе?
Тренинг «Армандар»
• Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен таныстыру.
• Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз алдына елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі.
• Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды. Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.
• «Жағымды сөздер»
• Мақсаты: өзін-өзі одан әрі ашу, өзін-өзі тану, өзінің және айналасындағылардың психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
• Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта отырып, кез-келген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі қатысушылардың кез-келгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады. Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
«Өзін-өзі жарнамалау»
• Мақсаты: Өзін-өзі ашу, өзін-өзі тану , психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
• Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 25-30 минут ішінде өзінің көрсетететін қызметін, психологиялық ерекшелігін, икемділігін жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші авторлардың есімін оқымай, тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойындағылар хатқа талдау жүргізеді. Хат авторын табу керек.
«Өзін-өзі тексеру»
• Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке позициясын түсіну.
• Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.
• Нұсқау: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұраққа ата-анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз (нақты әкеңді немесе шешеңді таңдап ал). Үшінші бағанға сенің сол жағыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді, соны жаз.
• Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер. Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады , ал топ кім туралы екеніні анықтьау керек. (жазған ойыншы үндемей отыру керек) Осы берілген мінездемемен топтың қаншалықты келісетіні талқыланады.
• Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.
• Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз.
Жаттығу «Шабадандағы хат»
• Мақсаты: Жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашу, өзіндік сананы, өзін-өзі реттеу мен тексеру қабілетін дамыту.
• Әр қатысушы ойыншылардың санына қарай бос картон карточкаларын алады да, оған топтың қалған мүшелерінің әрқайсысына жеке тілек жазады (немесе теңеу формасында сурет салу) Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзін-өзі тексеру және өзін-өзі реттеу қабілеті күшейеді.
• Әрине, өзіндік сананы дамыту тренингі жасөспірімдердің өзін-өзі дамытуының жеке әлеуетін ашатын тек жүргізуші механизм ғана, қатысушылардың әрқайсысы өзін-өзі өзгертуге немесе бәрін ескіше қалдыруға шешім қабылджайды.
• Тренинг тек бозбаланың өзіндік санасын өзгертуге , осылайша оны жаңа қылықтар жасауға дайын болуға жағдай жасайды, ал «жаңа қылықтар өзіндік санада өзгерістерді бекітеді».
• Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Тапсырманы орындау кезінде не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?
Жаттығу «Ассоциациялар»
• Мақсаты:Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.
• Қатысушылардың бірі-жүргізуші-есік сыртына шығып тұрады. Топ өзара келісіп, қалған қатысушылардың ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек. Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың жауаптары бойынша адамды табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар ассоциаацияға беріледі: Бұл адам қандай аңмен ассоциацияланады?
• Қандай ауа-райымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т.с.с.
• Әдетте 5 сұрақ қойылады, жүргізуші жұмбақ Адамды табу керек. Дұрыс жауап берілсе, табылған адам жүргізуші болады, жауап дұрыс болмаса- жүргізуші осы жаттығуды орындайды.
• Талдау: Жұмбақ адамды табуда не көмектесті? Қандай қиындықтарға тап болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар? Енді өздеріңізді қалай сезінесіздер?
Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»
Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту
Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы айтылатындай – олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 5-10 минут беріледі. Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.
Жаттығуды талдау. Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады?
Жаттығу «Тыңдай білу іскерлігі»
Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Жаттығу жұппен орындалады. Жұптың біреуі 3-5 мин. Ішінде екіншісіне өзін мазалап, абыржытып жүрген маңызды нәрсесін әңгімелейді. Ол үнсіз тыңдайды, тек вербальды емес мінез-құлыққа рұқсат беріледі. Одан кейін серіктестер рөлін ауыстырады. Жаттығудың басталуы мен аяқталуын топ жетекшісі белгілейді. Жаттығу аяқталған соң жұптар 1-2 минутта күйзелістерімен алмасады. Содан кейін жаңа жұптар жаттығуды тағы орындайды.
Талдау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жаттығуда не қиын , не оңай болды.? Жаттығу барысында қандай сезімдер болады? Мұқият тыңдау, қолдау көрсету сезілді ме? Серіктесінің қандай әрекетінде ол көрінді. Не кедергі жасады, не көмектесті? Әр серігін тыңдағанда өзгешелік болды ма?
Жаттығу «Мен сізді тыңдап отырмын»
Мақсаты: Қарым-қатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Қатысушыларға парақ тартылады. Олар бөлмеге отырғызылады. Қатысушылардың әрқайсысының міндеті жазбаша түрде бірқатар сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды алдын-ала тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қою керек. Сұрақ: мен жеңіл түрде тыңдай аламын ба? Мен үнемі тыңдап отырған сыңай танытамын ба? Эмоциялық реңмен айтылған сөзді мен сезінемін бе? Мен сұқбаттасушының сөзін үнемі бөлемін бе? Мені мұқият тыңдамайды деп, маған айтты ма? Егер тыңдау қызықсыз болса, мен қалай тыңдаймын? Әңгімелесуші баяу сөйлесе, мен алаңдамаймын ба? Әңгімелесушінің мінез-құлқындағы қателіктерге менің қатысым қалай? Мен асығыс қорытынды жасамаймын ба?
Қорытынды: Жұмыс аяқталған соң қатысушылар шеңбер бойымен отырады, парақтарын өткізбейді. Жаттығу бойынша пікірлер талқыланады.
Жаттығу «Мәтінді әңгімелеу»
Мақсаты: Ақпаратты дәлме-дәл жеткізу дағдысын дамыту
Нұсқау: «Қазір бәріңіз бөлмеден шығасыз, тек бір қатысушы қалады.Оған мен мәтін оқып беремін. Осыдан кейін мен бөлмеге екінші қатысушыны шақырамын, ал бірінші қатысушы оған тыңдаған мәтінін әңгімелейді. Содан соң бөлмеге үшінші қатысушы шақырылады, оған екінші қатысушы естігенін әңгімелейді. Сөйтіп барлық қатысушылар аяқталғанша бөлмеге шақырылады. Әр қатысушыны мұқият тыңдау қажет. Содан соң нұсқауға сәйкес жаттығу орындалады. (жетекші кез келген мәтінді алады, ешкімге таныс емес мәтін болғаны жақсы. Мәтін көлемі 50 жолдай. Жүргізушіде мәтіннің екінші нұсқасы болғаны дұрыс, себебі жаттығу қайталануы мүмкін)
Талдау: Ненің есебінде ақпарат бұзылды? Әр қатысушы әңгімеге «өз тарапынан» не қосты? Өмірде солай бола ма? Ақпарат аз бұрмалануы үшін не істеу керек?
Жаттығу «Кім жылдам?»
Мақсаты: Ұғымды дәлме-дәл бейнелеу
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Жүргізуші алдын-ала сөздер тізімін дайындайды (қандай да бір ұғым, нақты да, абстрактілі де болуы мүмкін). Әр командаға жүргізуші тағайындалады., ол жүйелі түрде бес сөз көрсетеді. Ол осы ұғымдарды үнсіз (ымммен не ишарамен) бейнелеуі керек. Команда мүшелері түсініп, оның қандай сөз екенін айтуы қажет. Жүргізуші уақытты есептейді. Оның міндеті «түсінуге» қажет уақыт аз болатындай ұғымды дәлме-дәл бейнелеу. Басқа командада осыны орындайды. Тапсыроманы бірнеше рет қайталауға болады. Аз уақыттың ішінде тапсырма орындаған команда жеңеді.
Талдау: қатысушылар пікірлерімен бөліседі. Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ненің есебінде? Ақпаратты дәл беруді қандай тәсілдермен жақсартуға болады?
Тест “Өзіңді тексер”
1. Адамдарға көңіл-күй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?
2. Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба? Қарсылықты тура білдіресіз бе?, әлде “бұл қиын” деп айтасыз ба?
3.Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба?
4.Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан, паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба?
5.Өз қызметтестеріңізге жиі бұйрық бересіз бе? немесе әріптестеріңізге ешбір таңу мақсатын көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?
6.Сіз адамның көңіл-күйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар туралы жағымды сөз айта аласыз ба?
7. Сіз өз-өзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба? Өзінді-өзің сынау бәрінен бұрын айналаңыздағыларға жағымды әсер етенінін түсінесіз бе?
“Мен –ғажаппын!”
Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік іс-әрекетіңді лайықты бағалай білуің керек. Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңді-өзің дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау, мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
- Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
- Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
- Мен ғажаппын, мен кереметпін.
- Менің күш-жігерім көп, денсаулығым мықты.
- Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
- Мен тамаша жанмын.
- Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
- Мен сабырлымын, салмақтымын.
- Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
- Мен әділетті, адал жанмын.
- Мен айналама бақыт шуағын шашамын.
- Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
- Менің қолымнан бәрі келеді.
- Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
- Мен үшін өмірдің қызығы мол.
- Мен бәріне ризамын.
- Мен бақытты адаммын.
Мейірімділік ережесі
Шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап өз ұрпағыңызды мол мейірім мен жүрек жылуыңызбен аймалаңыздар!
Барша жұртқа, ата-анаға, үлкен-кішіге, құрбы-құрдасқа деген сүйіспеншілік сезімдерге тәрбиелеңіздер!
Рухани азық – үнемі қуаныш, шаттық, бақыт пен сыйластық, шынайы көңілдегі махаббат сезімдеріңізді сыйлаңыздар!
Балаға көңіл-күйін көтеретін жақсы сөзхдерді үнемі айтудан жалықпаңыздар, бір-бірлеріңізбен қарым-қатынаста олардың ойын тыңдап, пікірін ескеруге дейін қойыңыздар!
Отбасындағы қарым-қатынасты және әрбір іс-әрекетті қортындылауда адами /этикет / әдептілікпен, әділетті шешім қабылдаңыздар!
Баланы қорғаңыздар, ұрып, соғып, балағаттаудан аулақ болыңыздар!
Баланың жаның түсініңіздер, сезім сыйлаңыздар, ынтасын арттырыңыздар, талабына қанат бітіріп, талпындырып, ой-қиялын шарықтатып қабілет –қарымын, дарындылығының ашылуына көмек көрсетіңіздер!
Әр ата-ана бақытты балалықтың қорғаны, адамзат ұрпағының тал бесігі, сеніммен сүйіспеншіліктің, жан-жүрек жылуының қызметшісі бола біліңіздер!!!Өзін -өзі танудан арналған тренингтер жинағы
тренингтер ө.ө.т.docx
Өзінөзі тану» пәнінде жүргізілетін
ойындар, жаттығулар
Ойын: «Танысайық»
Ойынның шарты: Әр баланың қолында гүл, осы гүл арқылы өздерін таныстырып, гүлді
келесі балаға тапсырады.
1. Балаларға видеофильм арқылы «Осколки доброты» атты үзіндіні көрсету.
• Балалар,қалай ойлайсыңдар, әже теңіз жағасында не істеп жүрді?
• Ол неліктен олай істеді?
• Оның бұл қылығын мейірімділікке жатқызуға бола ма?
Егер барлық адамдар осы әжей сияқты болса,жер беті қандай болады деп ойлайсыңдар?
Менің адам бойындағы бағалайтын қасиетім
Мақсаты: Тілдесу барысында бірінбірі жақынырақ қабылдау үшін жағдай жасау,
шығармашылық қиялын дамыту.
Тапсырма: Әрбір қатысушының адам бойындағы бағалайтын қасиетін айқындау.
Нұсқау: Адам бойындағы қандай қасиетті бәрінен жоғары бағалайтыныңызды ойланып
көріңіз. Осы қасиет көрініс беретін әңгіме, хикая, аңыз, ертегі, өлең немесе әнді еске
түсіріңіз не ойдан шығарыңыз. Өз қалауымен шығып сөйлеушілер әңгімелерін айтқанда,
қалғандары қандай қасиет туралы айтылғанын табу керек.
Талдау:
• Қандай қасиет жайлы әңгімеленді?
• Сіз оны қандай белгілері бойынша таптыңыз?
• Әңгімелеушінің пікірі сіздің пікіріңізбен сәйкес келе ме?
• Қасиетті баяндау түрі әңгімелеушінің айтқысы келгенін тереңірек түсінуге көмектесті
ме?
Сәлем, бұл менмін
Мақсаты: Өзінөзі таныстыру дағдысын дамыту, тілдесу үшін жағымды байланыс орнату.
Тапсырма: Өзі туралы айту, өзінің қайталанбас дара тұлға екендігін, тренингке
қатысушылармен бірге жұмыс жасап, тілдесуге дайын екендігін көрсету.
Нұсқау: Өзіңді көрсет, өзің туралы айтып бер. Өзіңді өзің таныстыру үшін әртүрлі
әдістерді пайдалануға болады. Мысалы: жарнама, газеттегі хабарландыру, өзі туралы
әңгіме, өлең, ән, афоризм.
Жаттығуды талдау:
• Қай қатысушының өзінөзі таныстыруы сізге көбірек ұнады, неліктен?
• Тренингке қатысушы туралы қандай жаңа мәлімет алдыңыз?
• Шығып сөйлеу барысында сіз адамның ашық, тілектестік қарымқатынасқа бет
бұрғандығын сезіндіңіз бе?
Тренинг «Армандар»
• Мақсаты: Топ жұмысына қолайлы жағдай жасау, тренингтің негізгі принцптерімен
таныстыру. • Бәрі көздері жұмулы шеңбер бойымен отырады. Қатысушылар өздерінің тілегіне
құлақ түре отырып, келешек кәсібін, қоғамдағы орнын, айналасындағы жақындарын көз
алдына елестетуге тырысады. 1,5 минут уақыт беріледі.
• Әр қатысушы өзінің әсерлерімен бөліседі. Тренер айтылғандарды жинақтайды.
Топтың әр қатысушысының өз арманы, мақсаты болатынын айтады.
• «Жағымды сөздер»
• Мақсаты: өзінөзі одан әрі ашу, өзінөзі тану, өзінің және айналасындағылардың
психологиялық мінездемесін анықтау және талдау іскерлігін дамыту.
• Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жүргізуші жағымды сөздер айта
отырып, кезкелген біреуге доп лақтырады. Допты алған ойыншы шеңбердегі
қатысушылардың кезкелгенін таңдайды да, оған жағымды сөзін айтып допты лақтырады.
Доп қатысушылардың бәрінде болып шыққанға дейін ойын жалғаса береді. Жағымды
сөздер қысқа, ең жақсысы бір сөзден тұрса болады.
«Өзінөзі жарнамалау»
• Мақсаты: Өзінөзі ашу, өзінөзі тану , психологиялық мінездемесін анықтау және
талдау іскерлігін дамыту.
• Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 2530 минут ішінде өзінің көрсетететін
қызметін, психологиялық ерекшелігін, икемділігін жетістіктерін көрсетіп хат жазады.
Хатына қолын қойып оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші
авторлардың есімін оқымай, тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Шеңбер бойындағылар
хатқа талдау жүргізеді. Хат авторын табу керек.
«Өзінөзі тексеру»
• Мақсаты: Өзі туралы, өзінің қоғамда алатын орны туралы өз ойын дамыту; жеке
позициясын түсіну.
• Әрбір қатысушы бір парақ қағаз алады және оны төрт бөлікке бүктейді.
• Нұсқау: «Мен кіммін?» деген сұраққа 10 жауап жаз. Оны жылдам жаса, басыңызға
бірінші қандай жауап келсе, соны жазыңыз. Оны жылдам жаса, басыңызға бірінші қандай
жауап келсе, соны жазыңыз. Оны бірінші бағанға жаз. Екінші бағанға сол сұраққа ата
анаңның пікірі сеніңше қалай, соны жаз (нақты әкеңді немесе шешеңді таңдап ал). Үшінші
бағанға сенің сол жағыңда отырған топтың мүшесі қалай жауап берер еді, соны жаз.
• Сенің жазғандарың көрінбейтіндей етіп, парақты бүкте де, сол жақтағы көршіңе бер.
Парақты алып, бос бағанға «Осы парақты саған берген адам қандай?» деген сұраққа 10
жауап жаз. Осыдан кейін жүргізуші парақты жинап алады да, араластырады. Ең соңғы
бағандағы мінездеме кезекпен дауыстап оқылады , ал топ кім туралы екеніні анықтьау
керек. (жазған ойыншы үндемей отыру керек) Осы берілген мінездемемен топтың
қаншалықты келісетіні талқыланады.
• Талдау: Содан кейін парақ қатысушыларға таратылады, ал олар өздері 4 бағандағы
жауаптарды салыстырады, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды.
• Нәтижесінде үйге тапсырма беріледі: тренинг аяқталған соң өзіңіздің жақындарыңызға
сіздің жеке ерекшелігіңіз туралы 10 анықтаманы беруді ұсыныңыз және оны сіздің
жорамалдаған ерекшелігіңізбен салыстырыңыз. Жаттығу «Шабадандағы хат»
• Мақсаты: Жасөспірімдердің өзінөзі дамытуының жеке әлеуетін ашу, өзіндік сананы,
өзінөзі реттеу мен тексеру қабілетін дамыту.
• Әр қатысушы ойыншылардың санына қарай бос картон карточкаларын алады да, оған
топтың қалған мүшелерінің әрқайсысына жеке тілек жазады (немесе теңеу формасында
сурет салу) Тренингтің нәтижесінде жасөспірімдердің өзара тұлғааралық қырлары
жаңаша ашылады, эмпатия деңгейі және басқа адамдардың күйзелісін сезіну деңгейі
артады, өзі туралы білімі кеңейеді, өзінөзі тексеру және өзінөзі реттеу қабілеті
күшейеді.
• Әрине, өзіндік сананы дамыту тренингі жасөспірімдердің өзінөзі дамытуының жеке
әлеуетін ашатын тек жүргізуші механизм ғана, қатысушылардың әрқайсысы өзінөзі
өзгертуге немесе бәрін ескіше қалдыруға шешім қабылджайды.
• Тренинг тек бозбаланың өзіндік санасын өзгертуге , осылайша оны жаңа қылықтар
жасауға дайын болуға жағдай жасайды, ал «жаңа қылықтар өзіндік санада өзгерістерді
бекітеді».
• Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Тапсырманы орындау кезінде не туралы ойладыңыз?
Қандай әсер алдыңыздар? Қазір не сезінудесіздер?
Жаттығу «Ассоциациялар»
• Мақсаты:Өзгенің даралығын бағалау, коммуникациялық дағдыны дамыту.
• Қатысушылардың біріжүргізушіесік сыртына шығып тұрады. Топ өзара келісіп,
қалған қатысушылардың ішінен бір адамды таңдап алады, ал жүргізуші оны табу керек.
Жүргізуші топ мүшелеріне сұрақтар қояды және олардың жауаптары бойынша адамды
табуға тырысады. Жұмбақ адамға байланысты, сұрақтар ассоциаацияға беріледі: Бұл
адам қандай аңмен ассоциацияланады?
• Қандай ауарайымен? Өсімдікпен? Түспен? Музыкамен? Т.с.с.
• Әдетте 5 сұрақ қойылады, жүргізуші жұмбақ Адамды табу керек. Дұрыс жауап
берілсе, табылған адам жүргізуші болады, жауап дұрыс болмаса жүргізуші осы жаттығуды
орындайды.
• Талдау: Жұмбақ адамды табуда не көмектесті? Қандай қиындықтарға тап
болдыңыздар? Қандай әсер алдыңыздар? Енді өздеріңізді қалай сезінесіздер?
Жаттығу «Футболкадағы қолтаңба»
Мақсаты: Өзін өзі құрметтеу, өзі туралы ойын дамыту
Қатысушыларға парақ таратылады, оған өз футболкаларына қандай жазу жазатындары
туралы жазу керектігі айтылады. Ол жазу адамның бір нәрсеге бейімділігі туралы
айтылатындай – олардың немен айналысатынын, ойындарын, әлемге қатысын және т.с.с
білдіруі керек. Бірнеше қол таңба ойлауға да болады. Жұмысқа 510 минут беріледі.
Осыдан кейін қатысушылар өздерінің қол таңбалары туралы әңгімелейді.
Жаттығуды талдау. Осы қол таңбалар не туралы айтады. Өзіміз туралы өзге адамдарға не
айтқымыз келеді? Бәрінен де ұнайтын қолтаңба қандай? Өзіңнің қол таңбаң ұнай ма? Оны
өзгерткің келе ме? Әр түрлі қатысуға қандацй қол таңба ойлауға болады? Жаттығу «Тыңдай білу іскерлігі»
Мақсаты: Қарымқатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Жаттығу жұппен орындалады. Жұптың біреуі 35 мин. Ішінде екіншісіне өзін мазалап,
абыржытып жүрген маңызды нәрсесін әңгімелейді. Ол үнсіз тыңдайды, тек вербальды
емес мінезқұлыққа рұқсат беріледі. Одан кейін серіктестер рөлін ауыстырады.
Жаттығудың басталуы мен аяқталуын топ жетекшісі белгілейді. Жаттығу аяқталған соң
жұптар 12 минутта күйзелістерімен алмасады. Содан кейін жаңа жұптар жаттығуды тағы
орындайды.
Талдау: Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Жаттығуда не қиын , не оңай болды.?
Жаттығу барысында қандай сезімдер болады? Мұқият тыңдау, қолдау көрсету сезілді ме?
Серіктесінің қандай әрекетінде ол көрінді. Не кедергі жасады, не көмектесті? Әр серігін
тыңдағанда өзгешелік болды ма?
Жаттығу «Мен сізді тыңдап отырмын»
Мақсаты: Қарымқатынастың тәсілдерін меңгеру, тыңдай білу іскерлігін жетілдіру.
Қатысушыларға парақ тартылады. Олар бөлмеге отырғызылады. Қатысушылардың
әрқайсысының міндеті жазбаша түрде бірқатар сұрақтарға жауап беру. Сұрақтарды
алдынала тақтаға немесе үлкен қағазға жазып қою керек. Сұрақ: мен жеңіл түрде тыңдай
аламын ба? Мен үнемі тыңдап отырған сыңай танытамын ба? Эмоциялық реңмен
айтылған сөзді мен сезінемін бе? Мен сұқбаттасушының сөзін үнемі бөлемін бе? Мені
мұқият тыңдамайды деп, маған айтты ма? Егер тыңдау қызықсыз болса, мен қалай
тыңдаймын? Әңгімелесуші баяу сөйлесе, мен алаңдамаймын ба? Әңгімелесушінің мінез
құлқындағы қателіктерге менің қатысым қалай? Мен асығыс қорытынды жасамаймын ба?
Қорытынды: Жұмыс аяқталған соң қатысушылар шеңбер бойымен отырады, парақтарын
өткізбейді. Жаттығу бойынша пікірлер талқыланады.
Жаттығу «Мәтінді әңгімелеу»
Мақсаты: Ақпаратты дәлмедәл жеткізу дағдысын дамыту
Нұсқау: «Қазір бәріңіз бөлмеден шығасыз, тек бір қатысушы қалады.Оған мен мәтін оқып
беремін. Осыдан кейін мен бөлмеге екінші қатысушыны шақырамын, ал бірінші қатысушы
оған тыңдаған мәтінін әңгімелейді. Содан соң бөлмеге үшінші қатысушы шақырылады,
оған екінші қатысушы естігенін әңгімелейді. Сөйтіп барлық қатысушылар аяқталғанша
бөлмеге шақырылады. Әр қатысушыны мұқият тыңдау қажет. Содан соң нұсқауға сәйкес
жаттығу орындалады. (жетекші кез келген мәтінді алады, ешкімге таныс емес мәтін
болғаны жақсы. Мәтін көлемі 50 жолдай. Жүргізушіде мәтіннің екінші нұсқасы болғаны
дұрыс, себебі жаттығу қайталануы мүмкін)
Талдау: Ненің есебінде ақпарат бұзылды? Әр қатысушы әңгімеге «өз тарапынан» не қосты?
Өмірде солай бола ма? Ақпарат аз бұрмалануы үшін не істеу керек? Жаттығу «Кім жылдам?»
Мақсаты: Ұғымды дәлмедәл бейнелеу
Қатысушылар екі командаға бөлінеді. Жүргізуші алдынала сөздер тізімін дайындайды
(қандай да бір ұғым, нақты да, абстрактілі де болуы мүмкін). Әр командаға жүргізуші
тағайындалады., ол жүйелі түрде бес сөз көрсетеді. Ол осы ұғымдарды үнсіз (ымммен не
ишарамен) бейнелеуі керек. Команда мүшелері түсініп, оның қандай сөз екенін айтуы
қажет. Жүргізуші уақытты есептейді. Оның міндеті «түсінуге» қажет уақыт аз болатындай
ұғымды дәлмедәл бейнелеу. Басқа командада осыны орындайды. Тапсыроманы бірнеше
рет қайталауға болады. Аз уақыттың ішінде тапсырма орындаған команда жеңеді.
Талдау: қатысушылар пікірлерімен бөліседі. Кімде жаттығу жақсы орындалады. Ненің
есебінде? Ақпаратты дәл беруді қандай тәсілдермен жақсартуға болады?
Тест “Өзіңді тексер”
1. Адамдарға көңілкүй тудыра алатындай сәлемдесе аласыз ба?
2. Сіз әрдайым ұстамды, сыпайысыз ба? Қарсылықты тура білдіресіз бе?, әлде “бұл қиын”
деп айтасыз ба?
3.Сіз берген сөзіңізде (мәні жағынан да, уақыты жағынан да) тұра аласыз ба?
4.Сіз адамдармен қатаңдық танытпастан, паңданбастан қатынасқа түсе аласыз ба?
5.Өз қызметтестеріңізге жиі бұйрық бересіз бе? немесе әріптестеріңізге ешбір таңу
мақсатын көздеместен жиі нұсқаулар бересіз бе?
6.Сіз адамның көңілкүйін көтеретіндей, оның келбеті туралы және басқа да заттар
туралы жағымды сөз айта аласыз ба?
7. Сіз өзөзіңізге соншалық сыни көзбен қарайсыз ба? Өзіндіөзің сынау бәрінен бұрын
айналаңыздағыларға жағымды әсер етенінін түсінесіз бе?
“Мен –ғажаппын!”
Әр адам өзіне қаншалықты баға берсе, соған соншалықты лайықты болады. Тұлға
ретінде қалыптасуың үшін өзіңді, өмірлік ісәрекетіңді лайықты бағалай білуің керек.
Өзіңе арнап неғұрлым жақсы, жағымды, жылы сөздерді көбірек айту керек. Өзіңдіөзің
дұрыс бағалағаның жөн. Әр адамның өзіне арнаған жақсы, жағымды қолдау, мадақтау,
мақтау сөздері болуы тиіс.
Мысалы:
Мен осы өмірге келуіммен кереметпін.
Мен сияқты бұл өмірде ешкім де болған емес, болмайды да.
Мен ғажаппын, мен кереметпін.
Менің күшжігерім көп, денсаулығым мықты.
Мен өмірді сүйемін, өмір мені аялайды.
Мен тамаша жанмын.
Мен мейірімді, жылы жүректі адаммын.
Мен сабырлымын, салмақтымын.
Мен ешкім жолымнан тайдыра алмайды.
Мен әділетті, адал жанмын.
Мен айналама бақыт шуағын шашамын. Мен алдыма қойған мақсатыма жетемін.
Менің қолымнан бәрі келеді.
Мені тек жақсы адамдар қоршаған.
Мен үшін өмірдің қызығы мол.
Мен бәріне ризамын.
Мен бақытты адаммын.
Мейірімділік ережесі
Шыр етіп жарық дүниеге келген күннен бастап өз ұрпағыңызды мол мейірім мен жүрек
жылуыңызбен аймалаңыздар!
Барша жұртқа, атаанаға, үлкенкішіге, құрбықұрдасқа деген сүйіспеншілік сезімдерге
тәрбиелеңіздер!
Рухани азық – үнемі қуаныш, шаттық, бақыт пен сыйластық, шынайы көңілдегі махаббат
сезімдеріңізді сыйлаңыздар!
Балаға көңілкүйін көтеретін жақсы сөзхдерді үнемі айтудан жалықпаңыздар, бір
бірлеріңізбен қарымқатынаста олардың ойын тыңдап, пікірін ескеруге дейін қойыңыздар!
Отбасындағы қарымқатынасты және әрбір ісәрекетті қортындылауда адами /этикет /
әдептілікпен, әділетті шешім қабылдаңыздар!
Баланы қорғаңыздар, ұрып, соғып, балағаттаудан аулақ болыңыздар!
Баланың жаның түсініңіздер, сезім сыйлаңыздар, ынтасын арттырыңыздар, талабына қанат
бітіріп, талпындырып, ойқиялын шарықтатып қабілет –қарымын, дарындылығының
ашылуына көмек көрсетіңіздер!
Әр атаана бақытты балалықтың қорғаны, адамзат ұрпағының тал бесігі, сеніммен
сүйіспеншіліктің, жанжүрек жылуының қызметшісі бола біліңіздер!!!
Тренингтер
Тренингтер
Тренингтер
Тренингтер
Тренингтер
Тренингтер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.