Қысқа мерзіміді сабақ жоспары |
||||||
Мектеп:
|
||||||
Күні: |
Мұғалімнің аты жөні: Токишева Жазира Еженхановна, Чекетаева Роза Саркытбеккызы |
|||||
Сынып: 10 Қазақстан тарихы |
Қатысқандар: |
Қатыспағандар: |
||||
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
|
Ұлы дала көшпенділерінің империялары |
|||||
Сабақтың тақырыбы:
|
Түркі империясы – көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі. Түркі империясының мұрагерлері |
|||||
Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары |
10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау
|
|||||
Сабақтың мақсаты |
Барлық оқушылар: Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалайды. Оқушылардың басым бөлігі: Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының халықаралық аренадағы жағдайын бағалайды. Кейбір оқушылар: Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде орын алған өзгерістерді дәлелдеп, бағалайды |
|||||
Бағалау критерийі |
Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түрік қағанатының рөлін бағалайды |
|||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: Түркі империясы – көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі екендігін дәлелдейді. - «Ұлы дала дүбірі» бейнефилмі үзіндісінен Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуын дәйектейді /тыңдалым/; - Гумилев, Кляшторныйдың дерегін зерделейді /оқылым/; - Түркі империясының рөлін талқылап, бағалайды /айтылым/; - Түріктердің көшпенділер өркениеті феномені екендігі жайлы жазады /жазылым/ |
|||||
Пәнге қатысты терминология. Империя, қағанат, «он-оқ бұдын», қаған, миграция ,этнос |
||||||
Диалогпен жазылымға қатысты бірліктер Талқылауға арналған тапсырмалар: Орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде империяның белгілері болды, өйткені..... Сіз неліктен екенін айта аласыз ба? Неліктен Түрік империясы халықаралық аренаға көтерілді? Жазылым бойынша ұсыныстар: Менің ...... туралы көзқарасым өзгерді. Себебі, ..... Мен ....... жайлы хабардар болдым. Себебі, ......
|
||||||
«Құндылықтарға баулу |
Түркі әлемінің дамуындағы сабақтастықты талқылау арқылы Мәңгілік Елдің «тарих пен мәдениет, тілдің біртұтастығы» құндылығына баулу |
|||||
Пәнаралық байланыс |
Қазақ әдебиеті, дүние жүзі тарихы |
|||||
Алдыңғы білім |
10.3.2.2 ерте және дамыған орта ғасырлардағы түркі мемлекеттерінің геосаяси белсенділігін сипаттауды оқыған, сол білімдерін 10.3.2.3 оқу мақсатына жетуде қолданады |
|||||
Сабақ барысы
|
Концепт: Өзгеріс пен сабақтастық
|
|||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||
Сабақтың басы (10 минут)
4 минут
1 минут
5 минут
|
а). Ұйымдастыру шаралары (сәлемдесу, түгендеу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру).
Тапсырма 1 /Ұжымдық/. Осы тақырыптың №2 сабағы бойынша «Элективті тест» тәсілімен үй тапсырмасын сұрау. Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап «Элективті тест». Саралау. Қарқын (оқушылар жылдамырақ жауап береді). Нұсқаулық: сұрақтарға жауап беріңіз, А жауабына қызыл стикер, В жауабына сары стикер көтеріңіз. Сұрақтар: 1.Түкі мемлекеттері көршілес елдермен қандай байланыс жасады? А. Сауда-экономикалық. саяси В. Технологиялық. 2.Түркі мемлекеттерінің сабақтастығы қанша уақытқа созылды? А.Қысқа. В.Ұзақ 3.Қыпшақтардың Бағдат халифатымен байланысы А.Жалдамалы әскер. В.Мәдени 4. Қыпшақтардың Хорезммен байланысы А.Жер үшін талас В. Білім беру. 5. Қытай деректерінде Түріктерде мұрагерлікпен берілетін қанша шен болды А. 10. В 28 Қалыптастырушы бағалау: Ашық микрафон (оқушы стикердегі жауапты көтеру барысында, өзінің дұрыс не қате жауап бергенін өзін өзі бағалайды).
в) Оқушыларды карталардың қиындысын құрату арқылы құрылмдалған топқа топтастыру. Мақсаты: жаңа тақырыпты ашу. 1-топ. Түрік қағанаты. 2-топ. Батыс Түрік қағанаты. 3-топ. Шығыс Түрік қағанаты. 4-топ. Қыпшақтар Мұғалім: Оқушылардан не үшін осылай топқа бөлінгенің сұрау арқылы тақырыпқа жол ашу. Оқу мақсатын хабарлайды: 10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау
Тапсырма 2 /Бастама стимул тудырушы/. «Ұлы дала дүбірі» бейнефилмі үзіндісін көріп, берілген фразаларға жауап беріңіз. Әдіс-тәсіл. Үш минуттық үзіліс. Саралау. Дереккөз арқылы саралау. Мақсаты: оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын ояту, 10.3.2.3 оқу мақсатына бағыттау.
3-минуттық үзіліс стратегиясында жазылымға фразалар ұсынылады: Менің ...... туралы көзқарасым өзгерді. Себебі, ..... Мен ....... жайлы хабардар болдым. Себебі, ...... Менде ...... жайлы айқын түсінік қалыптасқан тұсы, себебі Мені ...... таң қалдырғаны, себебі .......
Дескриптор -Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуы жайлы жазады; - Түркі империясының мұрагерлерін анықтайды; -саяси құрылымының ерекшеліктерін көрсетеді |
стикерлер
Түрік, Батыс Түрік, Шығыс түріктердің, қыпшақтардың территориясының картасы
«Ұлы дала дүбірі» бейнефилмі |
||||
Сабақтың ортасы (17 минут)
10 минут
7 минут
|
Тапсырма 3. /Топтық/. Оқулықтағы және берілген деректегі мәтінді оқып, негізгі ойды «ФИШБОУН» -да талдаңыз. Әдіс-тәсіл. Фишбоун. Саралау. Дереккөз, жіктеу, қолдау көрсету арқылы саралау. Мақсаты: ақпаратпен жұмыс жасату, Түркі империясының рөлін бағалау үшін талқылау туғызу. Нүсқаулық: 1-қадам: Оқушылар мәтінді оқып, топта Фишбоун жасаңыздар. 2-қадам. Жасаған өнімдерін бүкіл сыныпқа ұсынып, қалыптастырушы бағалау жүргізіңіздер.
Зерттеу сұрағы: (оқушыларзерттеу сұрағын таңдап алады). - Неліктен Түрік империясы халықаралық аренаға көтерілді? - Орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде империяның белгілері болғандығын қалай дәлелдеуге болады?
1 топ /қолдауды көп қажет ететін оқушылар/. Түріктердің мемлекеттік құрылымы (Т.Барфилд дерегі). Дескриптор Түріктердің мемлекеттік құрылымының басымдықтарын анықтайды; Империяның үлгісіне дәлел келтіреді; Конфедерацияның белгілеріне дәлел келтіреді; Түркі мемлекеттерінің даму себептерін жазады; Түркі империясының мұрагерлері жайлы қорытынды жасайды.
2 топ /қолдауды орташа қажет ететін оқушылар/. Түрік мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі. (Оқулықтан Гумилевтің дерегі). Дескриптор Түрік қағанаты мен қыпшақтардың байланыс жүргізген мемлекеттерге дәлел келтіреді; Түркі мемлекеттерінің дипломатиялық қатынастардағы беделіне дәлел келтіреді; Түрік мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлінің жоғары болуының 2-3 себебін талдайды; Түрік мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі жайлы қорытынды жасайды.
3 топ /қолдауды орташа қажет ететін оқушылар/. Түркі империясы – көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі (Оқулықтан ). Дескриптор Мемлекеттілік жайлы мәселлерді анықтайды; Классикалық үлгідегі мемлекеттіліктің 2-3 дәлелін келтіреді; Геосаясат пен экономиканың мемлекеттің дамуына әсерінің 2-3 себептерін бағалайды; Көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі болғандығын қорытынды жазады
4 топ /қолдауды қажет етепейтін оқушылар/. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде орын алған өзгерістер (Кляшторный дерегі хрестоматиядан). Дескриптор Өзгеріске әкелген мәселелерді анықтайды; Түркі мемлекеттерінде орын алған өзгерістерге 2-3 дәлел келтіреді; Орын алған өзгерістердің 2-3 себебін бағалайды; Өзгерістердің елеулігі жайлы қорытынды жасайды Қалыптастырушы бағалау: Ойлау бутерброды (топтар жасаған фишбоундарын сыныпта талқылап, топтық кері байланыс жасайды)
Тапсырма 4. /Жұптық/. Қиындық деңгейіне байланысты тапсырманы жұптар конверттің түсіне байланысты таңдап алыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз. Тәсіл: Конверттегі сұрақ. Саралау: қиындық деңгейіне байланысты тапсырмалар. А-деңгейі. Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалаңыз. В-деңгейі. Түрік қағанаты мен Қыпшақ қандығының сыртқы саясатын салыстырып, халықаралық аренадағы жағдайын бағалаңыз. С-деңгейі. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде орын алған өзгерістердің бүгінгі күнімен байланысын бағалаңыз.
|
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-2 том. – Алматы: «Атамұра», 2010 ж
Қазақстан тарихы. Оқу жоспары. 10 сынып. Астана, НЗМ ДББҰ. -2019.
|
||||
Сабақтың соңы (13 минут)
11 минут
1 минут
2 минут |
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы. Тапсырма 5. /Жекелей/. «Түріктер көшпенділер өркениеті феномені болды ма?» тақырыбында эссе жазыңыз. 150 сөз.
Бағалау критерийі: Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түрік қағанатының рөлін бағалайды. Дескриптор. Түркі империясы мемлекеттілігінің мәнін ашады; Мемлекеттіліктің болғандығына 1-2 дәлел келтіреді; Ғылыми көзқарасқа негіздеп жазады; Ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасайды; Түрік империясының мұрагерлерінің тағдырын бағалайды; Бүгінгі күнмен байланыс жасап бағалайды Қалыптастырушы бағалау: Кезбе тілші (мұғалім кезбе тілші ретінде оқушылардың эссесін оқытып, кері байланыс жасайды).
Үйге тапсырма. Міндетті деңгей: кесте толтыру (оқулықтағы параграфтың соңында берілген). Ерікті деңгей. Л.Гумилевтің «Көне түріктер» кітабынан үзіндіоқып, қызықты мәлімет алып келу.
Рефлексия: Қызыл лента арқылы оқушылар мұғалімге кері байланыс жасайды |
Қазақстан тарихы. Оқу жоспары. 10 сынып. Астана, НЗМ ДББҰ. -2019.
|
||||
Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау-Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||
Тапсырма №2-де Дереккөз арқылы саралау. Тапсырма №3-те Дереккөз, жіктеу, қолдау көрсету арқылы саралау. 1 топ /қолдауды көп қажет ететін оқушылар/. Түріктердің мемлекеттік құрылымы (Т.Барфилд дерегі). 2 топ /қолдауды орташа қажет ететін оқушылар/. Түрік мемлекеттерінің халықаралық аренадағы рөлі. (Оқулықтан Гумилевтің дерегі). 4 топ /қолдауды қажет етепейтін оқушылар/. Ерте және дамыған орта ғасырлардағы Түркі мемлекеттерінде орын алған өзгерістер (Кляшторный дерегі хрестоматиядан). Тапсырма №4-те Қиындық деңгейіне байланысты тапсырманы жұптар конверттің түсіне байланысты таңдап алады. Тапсырма №5-те қабілетті балалар 150 сөз жазады, ғылыми деректер келтіреді |
Тапсырма №1-де «Элективті тест». Тапсырма №2-де Үш минуттық үзіліс. Тапсырма №3-те Ойлау бутерброды Тапсырма №4-те Конверттегі сұрақ. Тапсырма №5-те Кезбе тілші
|
Қауіпсіздік ережесі міндетті емес. Тек сабаққа қажетті жағдайда ұялы телефон қолдануда қауіпсіздікті сақтау |
||||
Сабақ бойынша рефлексия |
|
|||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұданда жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |
||||||
1-ресурс. Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы:
Тақырып |
Түркі империясы – көшпенділер мемлекеттілігінің классикалық үлгісі |
Оқу мақсаты |
10.3.2.3 Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түркі империясының рөлін бағалау |
Оқу дағдыларының деңгейі |
Жоғары |
Бағалау критерийлері |
Түркі әлемінің қалыптасуы мен дамуындағы Түрік қағанатының рөлін бағалайды. |
Тапсырма. «Түріктер көшпенділер өркениеті феномені болды ма?» тақырыбында эссе жазыңыз. 150 сөз.
|
|
Дескриптор. Түркі империясы мемлекеттілігінің мәнін ашады; Мемлекеттіліктің болғандығына 1-2 дәлел келтіреді; Ғылыми көзқарасқа негіздеп жазады; Ғалымдардың еңбектеріне сілтеме жасайды; Түрік империясының мұрагерлерінің тағдырын бағалайды; Бүгінгі күнмен байланыс жасап бағалайды
|
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.