Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш./Жоғары сыныптарға/
Оценка 4.6
Мероприятия
docx
классное руководство
10 кл
05.03.2019
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кештің сценарийі.Сынып жетекшілерге,мұғалімдерге,оқушыларға арналған.Жас ұрпақтың Тәуелсіздік туралы ұғымдарын кеңейту, патриоттыққа тәрбиелеу.Жан дүниесі рухани дамыған, салауатты, елім,жерім деп рухтана білетін саналы тұлға қалыптастыру.Бауырмалдылыққа, адамгершілікке, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге үйрету. Ел тәуелсіздігі жолында құрбан болған халық батырларына әрдайым тағзым ету.
Тәуелсіздік қорытынды кеш.docx
1жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27
жылдығына арналған «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстаным» атты мерекелік
кешімізге қош келдіңіздер!
Тәуелсіздік – атабабамыздың аңсаған арманы. Тәуелсіздік бізге оңай келген
жоқ. Тәуелсіздіктің жолында талай қазақ жастарымыз құрбан болды.
Еркіндікке жету үшін, қаншама қиын кезеңдерді бастан кешірді. 1986 жылғы
оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 16желтоқсанда қазақ жастары
Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті. Қаншама қазақ
жастары қыршыннан қиылды. Олар әділдік үшін күресті. Желтоқсан
құрбандары Қ.Рысқұлбеков, С.Мұхамеджанова, Л.Асанова, Е. Спатаев ерен
ерліктерімен көзге төсті. Олардың жасаған ерлігі мен қайратжігері мәңгілік
біздің есімізде қалады. Желтоқсан оқиғасы – ұмытылған емес,
ұмытылмайдыда.
2жүргізуші:
Міне, тәуелсіздік алғанымызға 27 жыл толыпты. Осы жыл ішінде Қазақстан
талай жетістіктерге жетті. Бар әлем қызыға да, қызғана да қарайтын
мемлекетке айналды. Әлемнің дамыған мемлекеттерімен терезесі тең болды.
Қазақстанды биік деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтай
көреген саясаткердің арқасы екенін айтқанымыз жөн.
1жүргізуші:
Иә, бұл күнге жету үшін ата – бабамыз қан төкті, жанын берді, бүкіл
жеріміздің тұтастығын сақтап ұрпақтан – ұрпаққа табыс етті. Қазақтың өр
ұлдары мен ер қыздары көбеймесе азаймады. Оның айғағы 27 жыл бұрынғы ел
намысы үшін жанын құрбандыққа қиған желтоқсандықтар болатын.
Желтоқсанда Алматыда, ақ қарда,
Алма бақтар ак қырауға батқанда,
Күңірене күн күркіреп тау жақтан,
Жайдың оты жалаң қақты шатқалдан.
2жүргізуші:
Күн кешіп лапылдаған жастарым,
Дүрліктірді желтоқсанның аспанын.
Жерді, дінді, тілді баба дәстүрін
Қорғау үшін көтерді олар бастарын
Жас арудың жанарында – Желтоқсан,
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан.
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында – Желтоқсан.
1жүргізуші
Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да – Желтоқсан. Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Абақтыға тастаған да – Желтоқсан.
Намысымның шырағы да – Желтоқсан,
Сұрқай өмір сынағы да – Желтоқсан.
Жігіттердің ұраны да Желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да – Желтоқсан.
2жүргізуші:
1.Ән:
1жүргізуші:
Тәуелсіздік – менің байтақ Отаным
Бір өзіңсің Мұхтар, Абай, Шоқаным
Тәуелсіздік – сәбилердің шаттығы
Тәуелсіздік, тәуелсіздік – жыр әнім
Жаңа ғана қазағымның таңы атты,
Алу мақсат ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты.
2жүргізуші
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім..
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
2Ән:
1жүргізуші
Еліміздің тәуелсіздігін алудағы кешегі елінжерін қорғауда күрескен
батырлардың ерлігі – кейінгі ұрпаққа үлгіөнеге. Туған жер үшін, ел үшін
хандарымыз,
батырларымыз айқасып, халық бірлігін сақтап нығайтты. Билеріміз әділ
төрелігімен, асқан дархандылығымен халықты бірлікте ұстады. Ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, қазақ жерін сақтап қалып, ұрпағына аманат
етті.
2жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат.
Мен қазақпын деген сөз қандай ғажап.
Мақтан етсін халықтар халықтығын,
Жетер сан жыл шеккенің малдай азап.
3.Ән:
1жүргізуші:
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы құт, жері дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәріне айтам.
2жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ дәулетім,
Болашағым, өнер білім, өркенім.
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Бостандықты алып берген кешегі
Бас иемін қайсар жастар рухына.
4.Ән:
1жүргізуші
Тәуелсіздік ту көтерген жеңісің,
Өмір бойы өзің жейтін жемісің.
Ата бабаң тірлігінде аңсаған, Құт береке,бейбіт өмір келісім.
2жүргізуші:
Жеткен арман,жаса тәуелсіздігім
Өз қолыма берген ерік тізгінін
Ие болған әлем ілтипатына,
Дербес,бейбіт мемлекетпіз біз бүгін.
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өзөзінен жүрегім ән салады.
5.ӘН
1жүргізуші:
Қара мынау ғажапқа,
Теңдік тиді қазаққа.
Езгідегі ұрпағың,
Енді айналмас мазаққа.
Өзіңдікі елің де,
Өзіңдікі жерің де.
Өзіңді өзің еткен бақ,
Тәуелсіздік төріңде.
2жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге өткен күннің ерлігі
Елдік үшін құрбан болған шерлі үні.
Тәуелсіздік туы көктен түспесін,
Бүгінгі ұрпақ есіңде ұста сен мұны,
Оңайлықпен келмеді ел теңдігі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің
27жылдығына арналған «Жасай бер,Қазақстаным!» атты мерекелік кешіміз де
өз мәресіне келіп жетті.
1жүргізуші.
Қазақ елім!
Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды,еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын!.
Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш./Жоғары сыныптарға/
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш./Жоғары сыныптарға/
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш./Жоғары сыныптарға/
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш./Жоғары сыныптарға/
Тәуелсіздік мерекесіне арналған кеш./Жоғары сыныптарға/
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.