Бағыты: Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 29 жыл
Касенова Гульжан Каирбековна
Көкпекті ауданы
«Ж. Болғанбаев атындағы
Самар орта мектеп-лицейі» КММ
«Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ»
Н.Ә. Назарбаев
Тақырыбы: Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз.
Мақсаты:Тәуелсіз Қазақстан туралы білімдерін арттырып, оқушылардың қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру. Қазақ тарихын өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан-жақты білімін, ойлау, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.
Міндеті: сөйлеу, ойлау шешендіктерін арттыру, өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс
Сабақтың әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап, пікірталас
Ойынға қатысушылар: әділқазы алқасы, жүргізуші,
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Кіріспе сөз.
Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Тарих сырт көзге оп-оңай сияқты болып көрінгенімен, терең қатпарлы,күрделі ғылым. Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері, тарихымыздың көлеңкелі беттері ашылып, өз тарихымыздағы шындықтарға көзіміз жетіп отыр. «Тәуелсіз еліміздің тірегі - білімді ұрпақ» дейтін болсақ, солардың бірі өздеріңсіндер. Сондықтан да бүгінгі танымдық сабағымыз «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтарымыз» деп аталады.
Жүргізуші: Құрметті ойыншылар және көрермендер, келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық
1. «Бәйге» 20 сұрақ 1 сұрақ 5 ұпай
2. «Дода» әр дұрыс жауап 10 ұпай
3. «Ғажайып әлем» әр жауап бір ұпайдан
4. «Кім жылдам» әр сұраққа 5 ұпай
Жүргізуші:
І кезең. «Бәйге» ережесімен таныстыру.
Жаңа ғана қазағымның таңы атты.
Алу мақсат Ел деп алғыс, сауапты.
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,
Тәуелсіздікті сақтау үшін жауапты! – дей келе сайысымзды бастаймыз
1. Қазақстан Республикасы қай жылы өзінің тәуелсіздігін жариялады? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2. Н.Ә. Назарбаев қашан Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды? (1991 жылы 1 желтоқсан)
3. ТМД Қашан құрылды? (1991 жылы 21 желтоқсан)
4. Қазақстан Республикасы қай жылы БҰҰ мүше болып қабылданды? (1992 жылы 2 наурыз)
5. Тәуелсіз Қазақстанды ең алғаш таныған мемлекет? (Түркия)
6. ҚР тұңғыш конституциясы қай жылы қабылданды? (1993 жыл)
7. ҚР рәміздері қай жылы қабылданды? (1992 жылы)
8. Жер көлемі бойынша Қазақстан нешінші орында? (9)
9. ҚР Оңтүстігінде қай елдермен шектеседі? (Қырғызстан, Өзбекстан; Түркменстан)
10. ҚР туының авторы (Ш. Ниязбеков)
11. ҚР Конституциясына биыл неше жыл болды? (20 жыл)
12. Еліміздің оңтүстік астанасы (Алматы)
13. Н.Ә. Назарбаевқа берілген атақ (Ғасыр адамы)
14. Астана қаласының символы (Бәйтерек)
15. ҚР Үшінші ғарышкері (Айдын Аймбетов)
16. «Қазақстан – 2050» стратегиясы қашан қабылданды? (2012 жылы желтоқсан)
17. Халық санағы қай жылы өткізілді? (2009 жылы)
18. Қазақстанның егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? (1990 жылы 25 қазан)
19. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қай жылы өтті? (1992 жылы Қыркүйек-қазан)
20. Ақмола қай жылдан бастап Астана деп аталды? (1998 жыл маусым)
Жүргізуші:
ІІ кезең. «Дода» әр дұрыс жауап 10 ұпай
Білгенге білім - байлық, бағасы артық,
Салмағы сан жетпейтін қорғасындай.
Үйренсең өнер білім, өнеге мұра,
Таусылмас тау кенінің қордасында»- деп Омар ақын айтқандай сайысымызды жалғастырамыз.
І. Тарих
1. Тастағы сурет жазу қалай аталады? (иероглифтер)
2. Теңгелер тарихын зерттейді? (нумизматика)
3. Геродоттың еңбегі қалай аталады? (тарих)
4. Адамзаттың жаратушыға, табиғаттың тылсым күштеріне табынуы, оларға деген наным-сенім (Дін)
ІІ. Астрономия
1. Адамның тіршілік етіп отырған ортасы? (табиғат)
2. Жеке жұлдыздар тобын қалай атайды (галактика)
3. Т. Мұсабаев ғарышқа неше рет ұшты? (үш)
4. Жетінші ғаламшарды ата? (Уран)
ІІІ. Биология.
1.Жануарлар туралы ғылым (зоология)
2. Жер бетіндегі барлық өсімдіктер нені құрайды? (флора)
3. Өсімдіктер туралы ғылым (ботаника)
4. Ең киелі құс (аққу)
ІҮ. Жануартану
1.Бұғының баласы (Бұғышақ)
2. Тұңғыш зоопарк қай елде ашылды? (Австралияда)
3. Өрмекшілер тобына жататын жәндік? (кене)
4. Арыстан баласы (абдан)
Жүргізуші:
ІІІ кезең. «Ғажайып әлем» ұпай саны ұяшықтардағы сандарға байланысты
Тауды биік деме сен.
Талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың! – сайысымыз жалғасады.
10 |
20 |
30 |
40 |
10 |
20 |
30 |
40 |
10 |
20 |
30 |
40 |
10 |
20 |
30 |
40 |
1. Алматы қаласының бұрынғы аты? (Верный) 10 ұпай
2. Томирис кім (Сақ патшайымы) 10 ұпай
3. ҚР қанша облыс бар (14) 10 ұпай
4. Абайдың анасы (Ұлжан) 10 ұпай
1. Бір жылда қанша апта бар? (52) 20 ұпай
2. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр) 20 ұпай
3. «Екінші ұстаз» атанған ғұлама (Фараби) 20 ұпай
4. Қазіргі демограф, ғалым? (Мақаш Тәтімов) 20 ұпай
1. Парламенттің жоғарғы палатасы (Сенат) 30 ұпай
2. Ел Астанасы Астанаға қашан көшірілді? (1997 жылы) 30 ұпай
3. Елбасымыздың мамандығы (Инженер- металлург) 30 ұпай
4. Халықтардың әдет- ғұрып, салт- дәстүрін зерттейтін ғылым (Этнография) 30 ұпай
1. ҚР «Халық Қаһарманы» және «Ғасыр адама» жоғарғы атағын алған кім? (Тоқтар Әубәкіров) 40 ұпай
2. Каспий теңізінің жағасында орналасқан порты қала Ақтаудың 1992 жылға дейінгі атауы (Щевченко) 40 ұпай
3. Қазақстанның астаналары болған қалаларды ата? (Орынбор, Қызылорда, Алматы) 40 ұпай
4. ҰОС неше күнге созылды? (1418 күн) 40 ұпай
ІҮ кезең. «Кім жылдам» әр сұраққа 5 ұпайдан
Ту тігілді халқымның бүгін бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық ұста.
Ғасырларға жалғастырып елдікті,
Дақ түсірме ата-баба арына.
1. Абылай ханның шын есімі /Әбілмансұр/
2. Сүттен жасалатын тағам (Ірімшік)
3. Ең қадірлі адам? (ана)
4. Алғашқы адамдар құралдары неден жасалды? (тастан)
5. Ұлттық аспап (домбыра)
6. Қасиетті тағам (нан)
7. Қазақстанның қазіргі астанасы?
8. ҰОС қай жылы басталды?
9. А. Құнанбаев атамыздың туғанына неше жыл (170 жыл)
10. Қазақ хандығына неше жыл болды? (550 жыл)
Жүргізуші: Елбасымыздың «Қазақстанның болашағы білімді жастар – сіздердің қолдарыңызда» деген ағалық сөзі бізге өмір бақилық үлгі.
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағатты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі. – дей келе сайысымызды аяқтаймыз.
Әділ қаза алқаса есептеп қорытынды шығарғанша ән тыңдау.
1 жүргізуші.: Қазылар алқасы бүгінгі ойынды қорытындыласа дейміз.
Марапаттау рәсімі.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.