Түзету-дамыту жұмыстары «Жазғы орманға саяхат»

  • Разработки уроков
  • docx
  • 28.03.2017
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық сүйемелдеу қажет ететініндігі баршамызға мәлім.Сондай- ақ балаларға өте тиімді және қызықты жаттығулардың бірі психожаттығу болып табылады. Психо жаттығу- баланың психикасының танымдық, сондай-ақ эмоционалды-тұлғалық сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты — қарым-қатынастағы кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Бала құрдастарымен жеңіл қарым-қатынасқа түсе алады, өз сезімін жеңіл көрсете алады және басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады
Иконка файла материала түзету дамыту жаттығулары.docx
Түзету­дамыту жұмыс  «Жазғы орманға саяхат» Мектеп жасына дейінгі балаларға психологиялық сүйемелдеу қажет ететініндігі  баршамызға мәлім.Сондай­ ақ балаларға өте тиімді және қызықты жаттығулардың бірі  психожаттығу болып табылады. Психо  жаттығу­ баланың психикасының танымдық, сондай­ақ эмоционалды­тұлғалық  сферасын, тағы басқа жақтарын түзетуге және дамытуға бағытталған арнайы сабақтар  (этюдтер, жаттығулар және ойындар т.б.) курсы. Негізгі мақсаты — қарым­қатынастағы  кедергілерді жеңу, өзін және өзгелерді дұрыс түсінуді дамыту, психикалық шиеленісті  шешу, әлеуметтік дағдыларды көрсету үшін мүмкіндік құру болып табылады. Бала  құрдастарымен жеңіл қарым­қатынасқа түсе алады, өз сезімін жеңіл көрсете алады және  басқалардың сезімдерін жеңіл түсіне алады. Айқын қозғалысқа ие болу деген ол басқа адам бетінің барлық өзгерістерін, дененің қозғалысын және ым — ишарасын түсіне алады.  Психожаттығуды қолдану процесінде мінездің жағымды қасиеттері қалыптасады:  сенімділік, адалдық, батылдық, кеңпейілдік; невротикалық көріністер жойылады:  қорқыныш, түрлі сипаттағы қауіп, сенімсіздік. Түзету­дамыту жұмыс «Жазғы орманға саяхат» 1.Сергіту Педагог: ­Балалар жазғы орманға саяхатқа барғыларыңыз келеді ме? Орманда теректер өте биік . Ол қандай? Көрсетіңіздерші? Биік теректің астында онша биік емес теректер өсіп жатыр. Онша биік емес , ол қандай, көрсетіңіздерші? Балалар , жерде өсіп жатырған шөптің биіктігі терекке қарағанда қандай? Аласа екен !  Қандай аласа? (қимылмен көрсетеді) Орманда тағы не бар ? Дұрыс , жануарлар бар екен! Олардың дыбыстары әр түрлі болады ! Қандай жануардың дыбысын білесіздер? (балалар дыбыстарды шығарады, басқа балалар  қандай жануар екенін тауып береді). Балалар орманда жүргенде оте сақ, зейінді болу керек.Кане көрейікші! Мен көкектің дыбысын шығарғанда , сендер бір аяқпен тұрып алға қарай жылжып  секіресіздер. Тоқылдақтың дыбысын естігенде басқа аяғыңызбен тұрып , алға қарай  секіресіздер. Сары шымшықтың дыбысын естігенде (соловей) екі аяққа бірдей тұрып алға  қарай секіресіздер. Жарайсыңдар , өте зейінді екенсіздер! Орманға жетіп қалдық! (табиғат дыбыстары шығады) 2.Жаттығу (жылдам, секіру) Біздер өзімізді серуенге шыққан кішкентай көжек деп елестетейікші . Аяқтарымызды  қосып жылдам секірейік. Біздер кішкентай болғасын кішкентай қашықтыққа секіреміз.(жәй , секіру) Көжектің мамалыры балаларын іздеуге шығады. Жайлап жоғары қарай секіреміз.  Мамалары қожекиерге қарағанда үлкен. Ол үлкен қашықтыққа секіреді. Секіріп жан­ жағына қарап бара жатады «Міне көжектер де табылды» қуанып  қарайды. (кернеулі бұлшық еттер) «Қар­қар ­қар», орманға қарға ұшып келді. Терекің бұтағына қонып жан­жағына қарап отыр. Оған бәрі қызықты. Астына, үстіне, жан­жағына  қарайды. Мойыныңыздағы бұлшық еттері қатайып тұрғанын сезіп тұрсыздар ма? (Босансыңған бұлшық еттер) Жан жағына қарап қарға қатты шаршап отырған жерінде ұйықтап қалыпты . (Бұлшықеттері тез қозғалу) ­Балалар орманда масалар көп екен , қолдарымызбен тезірек қуайық ! (Жәй, босансынған бұлшықеттер) ­Масаны қуып жүргенімізде аяқтарымызға тікенек жабысып қалыпты. Қолымызға тікендер  кіріп кетпес үшін жайлап алып көрейік. (Жәй , баяу ) Терек арасынан қу түлкі кележатыр. Көрсетіңіздерші , қалай жүреді. (Тоқтай қалу) Бір уақытта түлкі тышқанды көріп тоқтап қалды. Тышқанға көрінбеу үшін жерге қарай  еңкейіп тұрып қалды . (Баяу) Жерді жайлап жорғалап тышқанға жақындайды. (Бұлшық еттерді тез қозғалту) Тышқанды секіріп ұстап алмақшы болды, бірақ тышқан оның қолына ілікпей қашып кетті. 3.Қарым­қатынас Мақтаншақтық Педагог. Мақтаншақ тышқан түлкіден қашқан бойда , теректің түбіріне отырып ,өлең  жырлай бастады: (Музыка «Какой чудесный день») Күн қандай тамаша. Терек түбірі қандай тамаша , Мен де тамаша Өлең де тамаша! «Міне мен қандай батылмын! Ешкімнен қорықпаймын! Мен бәрінен де батылмын!» Тышқан қалай мақтанады , көрсетіңіздерші! ( балалар жеке көрсетеді) 4.Тәртіп Педагог. Басқа тышқандар ренжіп қалып, «Біздерден бөлек жүр, біздерді мазақтаған үшін ,  сенімен ойнамаймыз!» депті тышқанға. Балалар тышқан мақтанам деп барлық достарынан айырылып қалыпты, оған қалай  көмектесеміз? Қандай кеңес бересіздер? (Балалар бірге мақтаншақ пен сыпайлық қасиеті  мен мақтаншақ ұасиетті салыстырып талқылайды) ­Тышқан өзінің қатесін түсініп сіздерге бірдеңе айтқылары келеді. «Рахмет сіздерге , мен  мақтаншақ болғанын жаман екенін түсіндім, енді ондай қате жасамаймын»Балалар тышқан қалай ашуланғанын көрсетейікші. ( рөлді алмастыру арқылы тренинг  жүргізіледі) 5. Қорытынды Педагог. Тышқанның өленін есімізге түсірейікші: Күн қандай тамаша, Еңбек жасау оңай . Достар менімен бірге , Жырлаймыз ән бірге!(«Какой чудесный день» олені қосылады) ­Балалар балабақшаға қайтатын уақыт болды! Сіздерге орманға барғанымыз ұнады ма?  Немен ұнады? Келесі кездескенше сау болыңыздар!