ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің маңызды бағыттары
Оценка 4.7
Научные работы
doc
обществознание +1
Взрослым
20.11.2018
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнер¬¬кәсіптік революция жағ¬да-йындағы жаңа мүмкіндіктер» Жол¬дауында адам капи¬талын дамытуға ерекше¬ мән бере отырып, оның сапасын жақсартудағы маңызды бағыт-тардың бірі – «Те¬гін кәсіптік-тех¬никалық білім – бар¬лығына» жобасын ұсынған болатын. Содан кейін барып, аталмыш жоба 2017-2021 жылдарға арнал¬ған¬ «Тиімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарла¬ма-сымен біріктірілді. Ал ол жобаны қаржыландыру жер¬гілікті және республикалық бюджеттен де жүзеге асырылатындығы айтылды. Сол себепті де ендігі жерде ешқандай жас ата-анасының қолына қарамай, қайта өз отбасына көмектесіп, өзінше қаржы табуға мол мүмкіндік туды. ТжКБ ұйымдарында оқи отыра жастар жұмыс кәсіптерін мең¬геруге, қысқа мер-зімді курс¬тардан өтуге де болатын мүмкіншілікке қол жеткізді. Жалпы бағдарламада көрсетілгеніндей, 2021 жылға дейін ТжКБ те¬гін біліктілігін 720 мыңға жуық¬ азамат¬ алады екен. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы кезге дейін ТжКБ ұйымда¬рында кадрларды даяр¬лау¬ға мемлекеттік білім беру тапсы¬рысының көлемі 24,8 мың орын¬ға дейін ұлғайтылыпты. Осы кезге дейін оқуға түскен жастардың 60 пайызы әлеуметтік әлсіз тұрғындар қатарына жатады.
Байсынов А.doc
Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі
Өндірістік оқыту шебері: Байсынов Әбілқайыр Рахымбердіұлы
ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің маңызды
бағыттары
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағда
йындағы жаңа мүмкіндіктер» Жолдауында адам капиталын дамытуға ерекше
мән бере отырып, оның сапасын жақсартудағы маңызды бағыттардың бірі –
«Тегін кәсіптіктехникалық білім – барлығына» жобасын ұсынған болатын.
Содан кейін барып, аталмыш жоба 20172021 жылдарға арналған «Тиімді
жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасымен біріктірілді. Ал
ол жобаны қаржыландыру жергілікті және республикалық бюджеттен де
жүзеге асырылатындығы айтылды. Сол себепті де ендігі жерде ешқандай жас
атаанасының қолына қарамай, қайта өз отбасына көмектесіп, өзінше қаржы
табуға мол мүмкіндік туды. ТжКБ ұйымдарында оқи отыра жастар жұмыс
кәсіптерін меңгеруге, қысқа мерзімді курстардан өтуге де болатын
мүмкіншілікке қол жеткізді. Жалпы бағдарламада көрсетілгеніндей, 2021
жылға дейін ТжКБ тегін біліктілігін 720 мыңға жуық азамат алады екен.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, осы кезге дейін ТжКБ ұйымдарында
кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 24,8 мың
орынға дейін ұлғайтылыпты. Осы кезге дейін оқуға түскен жастардың 60
пайызы әлеуметтік әлсіз тұрғындар қатарына жатады.
Тегін білім беру бағдарламасына қатысушылар үшін жеңілдіктер
қарастырылған. Мәселен, мемлекет ТжКБ және қысқа мерзімді курстардағы
оқудың төлемін өтейді. ТжКБ ұйымдарында оқудан өтіп жатқан бағдарламаға
қатысушыларды бір реттік ыстық тамақпен және стипендиямен қамтамасыз
етеді. Қажет болған жағдайда олардың оқу орнына дейінгі жол жүру өтем ақылары да төленеді. Қысқа мерзімді курстарда жобаға қатысушылар да
стипендия алады және жолақы төлеу мәселесі де қарастырылады. Басқа
қалалардан келетіндер үшін тұрғын үй жалдауға кеткен қаражат та өтеледі.
Күннен күнге жұмыскердің құралы қайла мен күрек емес,
бағдарламалық жасақтамасы бар компьютерлер, роботтар, техникалық
агрегаттар және механизмдер болып өзгеруде. ITтехнологиялар өмірімізге,
өндіріске және экономикамызға түбегейлі енді. Бағдарлама құру кезінде
әрине қазіргі заманғы үрдістер ескеріледі. Жұмысшы кадрларын 1ден 6 айға
дейін қысқа мерзімді кәсіби оқытулар колледждер, оқу орталықтары, әскери
техникалық мектептер базасында жүзеге асырылады. Сервис және қызмет
көрсету, технологиялық, техникалық, ІТбілім беру, медицина және құрылыс
секілді бағыттар бойынша курстар өткізіледі. ТжКБ ұйымдарында
мемлекеттік тапсырыс бойынша кадрларды даярлау техникалық, ауыл
шаруашылығы технологиялық мамандықтары бойынша жүзеге асырылады.
Қазіргі күні сервис және қызмет көрсету саласындағы мамандар ерекше
сұранысқа ие. Оқу ордалары еңбек нарығының жаңа сұраныстарына жауап
береді. Мысалы, құрылыстағы дизайн, қайта жандандырылатын энергетика,
ақпараттық қауіпсіздік, мехатроника сияқты жаңа мамандықтар пайда болды.
2017 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Білім және ғылым министрлігі 141
мамандық бойынша жаңа модульдік бағдарламаларды іске қосты. Мысалы,
құрылыс саласы бойынша білім алып жатқан студент «тас қалаушы», «плита
қасбет салушы» біліктіліктерін ала алады. Қалаған жағдайда оқуын
жалғастырып, орта деңгейлі маман – «техникқұрылысшы» бола алады.
Қазіргі таңда колледждерде қолданбалы бакалавриат енгізіліп жатыр.
Бұл кәсіби білім жүйесінде жұмыспен қамтуға бағытталған кеңейтілген
қолданбалы бөлігі бар мамандарды даярлау ретінде қарастырылады. Бұған
министрлік сәйкесінше заңнамалық нормаларды құрып, бекітті. 2018 жылдың
басынан бастап жоғары оқу орындарымен барлық мамандық бойынша
біріктірілген білім бағдарламаларын құру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда білім мекемелері жұмыс берушілермен бірлесе отырып,
білім беру бағдарламаларын қайта қарастырды, білім беру үдерісінің 80
пайызы өндірісте жүргізіледі. Өндіріске қайта оқытуды қажет етпейтін дайын
кадрлар келгені өте маңызды. Олардың бұл жерде қандай оқуды бітіргендігі
емес, алған білімінің нәтижесі өлшенбек.
Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беру
саласындағы сапалық өзгерістерге қажеттілік, білікті жұмыс күші
нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың арасындағы өсіп отырған алшақтыққа
байланысты. Экономикалық серіктестік пен дамыту ұйымының зерттеу
мәліметтеріне сүйенетін болсақ, Қазақстан компанияларының 70 пайызы
мамандарды даярлау деңгейінің төмен болуы бизнестің дамуы үшін маңызды
тосқауыл болады деп есептейді.
Озық индустриялды дамытуды қамтамасыз ететін экономиканың басым
салалары мұнайгаз химиясы, таукен металлургия саласы, электроэнергетика
саласы, жеңіл және тағам өнеркәсіп, машина жасау, ақпараттық және
коммуникациялық технологиялар, ғарыштық қызмет, фармацевтика және
агроөнеркәсіп кешені болып табылады. Сонымен қатар, білікті мамандардың
жетіспеушілігі осы салалардың көпшілігі үшін ортақ проблема болып
табылады. Әсіресе, техникалық және қызмет көрсету еңбегі кәсіпқойларының
тапшылығы өткір байқалады, себебі өңдеуші кәсіпорындарда жұмыс күшінің
негізгі бөлігін солар қалыптастырады.
ТжКБ беделінің жеткілікті түрде жоғары болмауы оқыту сапасының
төмендеуіне әкеп соғады. Бұл өз алдына, жұмыс берушілердің талаптарына
сай білім беру бағдарламалар мазмұнының үнемі жаңарып отырмауына
байланысты. Колледждің көптеген оқытушылардың өндіріс орындарында
жұмыс жасау бойынша практикалық тәжірибесі мен мамандығы бойынша
біліктілікті арттыру курстарынан өту мүмкіндігі жоқ, өйткені ағымдағы
курстар еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сай
келмейді. Мемлекеттік тапсырыс бойынша бір маманды оқыту шығыны мен қаржыландыру төмен, ол студенттің колледжде оқуы мен тұруы үшін тиісті
жағдайды құруға және студенттің практикалық дағдысын дамыту үшін
заманауи құралдарды алуға мүмкіндік бермейді.
Бірнеше жоғары технологиялық салалардың дамуы жаңа
мамандықтарды енгізуді және қолданыстағы бағдарламалар бойынша оқыту
мазмұнын жаңартуды талап етеді. Мәселен, Еуропа мемлекеттеріндегі
71пайыз тұрғындар үшін ТжКБ оң беделге ие. Қазақстан тұрғындарының 22
пайызы ғана үшін ТжКБ оң беделге ие, сондықтан, мемлекетте жоғары білім
беделі артып тұр. ТжКБ әртүрлі мемлекеттерде даму тәжірибесі
көрсеткендей, ТжКБ жүйесін тиімді құрудың әмбебап және біртұтас моделі
жоқ. ТжКБ мемлекеттік жүйесі саны және сапасы сипаты жағынан
ерекшеленеді. ТжКБ даму саласындағы мемлекеттік саясаттың халықаралық
тәжірибесін зерттеу негізінде, мемлекеттердің ТжКБ тиімді дамуға қол
жеткізу салдарындағы басты жетістіктерін және қолданылған
инструменттерін бөліп атауға болады.
Қорыта айтқанда, ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің
маңызды бағыттарының өзі бірнеше критерийлерден тұрады. Оның бірнешеуін
атап өтсек: 1)сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту; 2)жұмыс
берушілердің қажеттілігіне білім беру бағдарламаларының сәйкестілігі;
3)оқытушылар потенциалын дамыту; 4)заманауи оқытупрактикалық
құралдармен қамтамасыз ету; 5)өзекті оқу әдебиеттерін және жаңа әдістерді
және оқыту технологиясын қолдану; 6)өндірістік практиканы орындарымен
қамтамасыз ету; 7)біліктілікті тәуелсіз бағалау; 8)түлектерді жұмыспен
9)жұмыс берушілердің мамандарды даярлау
қамтамасыз
ету;
қаржыландыруына қатысу. Бұдан басқа да толып жатқан бағыттар жетерлік.
Солардың барлығының үдесінен шығу – қазіргі техникалық және кәсіптік
білім берудің алдында тұрған өзекті мәселе.
ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің маңызды бағыттары
ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің маңызды бағыттары
ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің маңызды бағыттары
ТжКБ мамандарын кәсіби сапалы даярлау үдерісінің маңызды бағыттары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.