Тізімдер
Оценка 4.9

Тізімдер

Оценка 4.9
Лекции
docx
информатика
Взрослым
04.10.2019
Тізімдер
"Алгоритмдеу және бағдарламалау" пәнінен Python бағдарламалау тілінде "Тізімдер" тақырыбында сабақ конспектісі. Тізім (list) типі элементтер реттілігін және жиынын сақтайды. Тізімді құру үшін тік жақшаның ішінде үтір арқылы барлық элементтерді жазып шығуға болады. Тізімдегі элементтерге қатынау үшін индекстерді қолдану керек, олар тізімдегі элемент нөмерін көрсетеді.
16.docx
Сабақтың тақырыбы: №16 Тізімдер 1. Тізімдер ұғымы 2. Тізімдермен жұмыс істейтін әдістер мен функциялар Python­да   берілгендер   жиынымен   жұмыс   істпеу   үшін   тізімдер,   кортеждер   және сөздіктер қолданылады.  Тізім (list) типі элементтер реттілігін және жиынын сақтайды. Тізімді құру үшін тік жақшаның ішінде ([]) үтір арқылы барлық элементтерді жазып шығуға болады. Мысалы, сандар тізімін анықтайық: numbers = [1, 2, 3, 4, 5]   Сондай­ақ тізім құру үшін list() құрылымын қолдануға болады.  numbers1 = [] numbers2 = list() Тізімді анықтаудың осы екі әдісі де бірдей ­ олар бос тізім құрады.  list құрылымы тізімді құру үшін басқа тізімді қолдануы мүмкін.  numbers = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9] numbers2 = list(numbers) Тізімдегі   элементтерге   қатынау   үшін   индекстерді   қолдану   керек,   олар   тізімдегі элемент   нөмерін   көрсетеді.   Индекстер   нөлден   басталады.   Екінші   элементтің   индексі   1 болады.   Элементтерге   соңынан   бастап   қатынау   үшін   ­1­ден   бастап   теріс   индекстерді қолдануға болады.  numbers = [1, 2, 3, 4, 5] print(numbers[0])   # 1 print(numbers[2])   # 3 print(numbers[­3])  # 3 numbers[0] = 125 # тізімнің бірінші элементін өзгертеміз print(numbers[0])   # 125 Егер тізімде бір мән брнеше рет қайталанатын болса, онда * белгісі арқылы жазуға болады: numbers = [5] * 6 # [5, 5, 5, 5, 5, 5] print(numbers) Егер сандардың тізбектелген тізімі қажет болса, онда range функциясын қолданған ыңғайлы:    range(end): 0­ден соңғы end санына дейінгі сандар құрылады. range(start, end): start санынан бастап end санына дейінгі сандар тізімі құралады. range(start, end, step): start санынан бастап end санына дейін step қадаммен сандар  тізімі құрылады. numbers = list(range(10)) print(numbers)      # [0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9] numbers = list(range(2, 10)) print(numbers)      # [2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9] numbers = list(range(10, 2, ­2)) print(numbers)      # [10, 8, 6, 4] Мысалы, келесі екі тізімді анықтау бірдей болады, бірақ range функциясының  арқасында код көлемі кішірейеді. Тізімнің бір типті элементтерден тұруы міндетті емес. Бір тізімге сандарды,  жолдарды, объектілерді орналастыруымызға болады: objects = [1, 2.6, "Hello", True] Тізімдерді салыстыру Екі тізім тең болып есептеледі, егер тізімдердегі элементтер бірдей болса. numbers = [1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9] numbers2 = list(range(1,10)) if numbers == numbers2:     print("numbers equal to numbers2") else:     print("numbers is not equal to numbers2") Тізімдермен жұмыс істейтін әдістер мен функциялар     append(item): item элементін тізім соңына қояды  insert(index, item): item элементін тізім соңына index индексі бойынша қояды  remove(item): item элементін жояды.  clear(): тізімдегі барлық элементтерді жояды. index(item): item элементінің индексін қайтарады.   pop([index]): элементті index индексі бойынша жояды және қайтарады.     count(item): тізімдегі элементтің пайда болу санын қайтарады sort([key]): элементтерді сұрыптайды reverse(): тізім элементтерін кері бағытта орналастырады.

Тізімдер

Тізімдер

Тізімдер

Тізімдер
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.10.2019