"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"
Оценка 5

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

Оценка 5
Работа в классе
doc
английский язык
Взрослым
14.03.2018
"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"
Обращаясь к казахскому и русскому языкам на уроках английского языка, я стараюсь поощрять ученика уважать его собственный язык, изучать другой язык, изучать самые могущественные его искусства и чувствовать, что он является искусством речи, мотивировать студентов работать самостоятельно и повышать уровень владения языком, знания и социальную активность. Создание возможностей для людей раскрывать свои способности. Увеличение этих действий позволит убедиться в том, что стратегии критического мышления - отличная помощь.Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка
Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка.doc
Шетел тіл үйренудегі сыныптан тыс жұмыстың маңыздылығы. Әсемгүл Тілеужанқызы Тілеужан Ақтөбе техникалық колледжі «Жеті   жұрттың   тілін   біл,   жеті   жұрттың   қамын   же»   деген   бабаларымыз   тілдің   құдіреттілігін ертеден айқындап берген. Ел ертеңіне алаңдайтын саналы да білімді ұрпағымыздың қалыптасуына тілдің әсері мол. Өнер атаулысының ішіндегі ең құдіреттісі сөз өнері, сөйлеу өнері екендігін оқушыға сезіндіре отырып, ағылшын  тілі  сабағында  қазақ ,   орыс тілдерін      сабақтастыра  отырып, оқушының  өз тілін қастерлеуге, өзге тілді білуге, үйренуге талпынысын артырамын. Ойы терең, сөзі өткір, өзіндік пікір болжамы қалыптасқан жеке тұлғаны тәрбиелеуде тіл үйренудің заман талабы екені баршамызға мәлім екені анық . Осы орайда сыныптан тыс жұмыстардың тіл үйренудегі   алатын орны ерекше.   Әсіресе сыныптан тыс жұмыстар арасындағы байланыс оқушыларды сабақтан алған білім дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге  төселдіреді.Тек  сонда ғана оқушылардың  өз бетімен жұмыс  жасауға  ынтасын арттырып, тілдік қатынасын, білмдік және әлеуметтік белсенділіктерін арттыра түсуге болады. Жеке тұлғалардың   қабілеттерінің   ашылуына   жағдай   жасалынады.   Осы   белсенділіктерді   арттыруда   Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының стратегияларының көп көмегі тиетініне көзіңіз жетеді. Осы кезеңдегі оқушылардың іс­әрекетіндегі төмендегідей өзгерісте байқалады: 1. Бірлесіп жұмыс жасауға, білгендерін ортаға салуға үйренеді. 2. Топтық, ұжымдық, жұмыс жасау дағдылары қалыптасады. 3. Тілді игеруге белсенділігі артады. 4. Пікір алысуда өз ойын дәлелдей алу мүмкіндігі туады. 5. Бір­біріне жүйелі сұрақ қоюға үйренеді. 6. Өзіне сенімі артады.           Ал мұғалімнің іс­әрекетіндегі өзгеріс төмендегідей байқалады. 1. Оқушымен бірлесіп жан­жақты жұмыс жасауға мүмкііндік болады. 2. Оларды әр түрлі қырынан танып, мұғалім мен оқушыда тығыз қарым­қатынас орнайды. 3. Жүйелі тапсырмалар беруде жеңілдіктер болады. 4. Оқушылармен еркін пікір алмасуға болады. 5. Сабақты шығармашылықпен жоспарлауға мол мүмкіндік болады.  Осының   көрінісі   ретінде   1   курс   оқушыларының   қатысуымен   үш   тілде   өткізген  «Бақытты   сәт», («Счастливый   случай»,   «Happy   chance»)      деп   аталатын   сынып   сағатын   назарларыңызға   ұсынып отырмын.  Сынып   сағатының   мақсаты:    Алынған   лексикалық   білімді   3   тілде   толықтыру   мен қорытындылау. І гейм. 1 минут ішінде командаға ат қою керек. 1 минут ішінде сұрақтарға жауап беру керек. Дұрыс   жауапқа   1   балл.   Сұрақ       3   тілде   қойылады.   Секундант   уақытты   белгілеп,   жауапты қорытындылап, ұпайды есептеп отырады  1 командаға сұрақтар  1.  What is the foreign language do you learn?  (English, англиский язык, ағылшын тілі) 2. Родилась в воде, живет на земле.  (лягушка, frog, бақа) 3. Тық­тық ұрып,      Шегесін қадап.       Мезгілді саған,      Айтады санап. (сағат, clock, часы) 4. How many countries does the U.K. consist of? (4) 5. Қара сиыр қарап тұр, Қызыл сиыр жалап тұр  (От пен қазан, fire and bucket, огонь и кострюля ) 6. Без рук, без ног, а ворота открывает.(ветер, жел, wind) I am cold, 7.     I am white,     I am funny, I live in winter     I have a head, eyes, a nose, arms but     I am not a man. What am I? ( snowman, снеговик, қарбала) 8. Сделано из дерева, плавает по воде (лодка, қайық, boat) 9. This animal is small       It lives in the woods       It runs very fast       It is afraid of  everything       What animal is it? (It is rabbit, кролик, қоян) 10.When does the Christmas celebrate? (25 of December, 25 декабря, 25 желтоқсан) 2 командаға сұрақтар.  1. The official name of the country which language do you study? 9  (Great Britain, Ұлыбритания, Великобритания ) 2. Девочка из цветка? (Дюймовочка).         3. Біреуден екеу шығады. (зеркало, айна, mirrow).         4.What is the traditional food of Christmas?  (Pudding, roast turkey).         5. Самая первая книга ученика (букварь, АВС, әліппе)         6. Үш көзі бар қаз­қатар              Кезек­кезек ашады,             Үшеуінен байқасаң,             Үш түсті нұр шашады. (Светафор,  traffic light, бағдаршам)         7. What is the traditional Kazakh home? (юрта, ағаш үй) 8. Что мешало спать принцессе? (горошина, pear, бұршақ). 9. Судан шығады, судан қорқады. (соль, salt, тұз). 10. I have a bushy tail          I am grey, I am red         I like nut. Who am I? ( squirrel, белка, тиін) ІІ гейм. Сен білесің бе?   Do you know? Әр командаға 3 сұрақтан қойылады. Команда мүшелері сұрақтарды кезекпен алады.  1. How many legs has a spider? (8) 2. Ол келсе орман шулайды Толқын теңіз тулайды,  Қуса өзін қуады, Ешкім оны қумайды. (Жел) 3. Science about animals. (Fauna) 4. How many dogs has the queen of Great Britain? (6) 5. Тас тасқа шағылады, Одан от жағылады. (Шақпақ тас) 6. Science about plants (Flora) ІІІ гейм Полиглот.  1.  Никогда не откладывай на завтра, то что ты можешь сделать­­­­­­­­ (сегодня, today, бүгін) 2. Нет дыма без ­­­­­(огня, fire, от) 3. Куй железо, пока­­­­­­­(горячо, hot, ыстық) 4. Без труда не вынешь и ­­­­­­­­­­ из пруда (рыбку, fish, балық) 5. На вкус и ­­­­­­­­­ товарищей нет. (цвет, color, түс) 6. Лучше поздно, чем ­­­­­­­­­­­­ (никогда, never, ешқашан) ІҮ гейм. Темная лошадка. Dark horse. Екі командаға бірдей 3 сұрақ қойылады. Қай команда жылдам жауап береді ұпай сол командаға беріледі.  1. What is the shortest person in the world? (Tom Thumb 102 cm tall). 2. What had the king George 4? ( bath 4.88 m long, 3,05 m wide, 1,83 m deep). 3.  What is the hottest place in the world? ( Mali 28 0 C). Ү. Гейм. Riddles. Екі командаға бірдей 3 жұмбақ беріледі. Қай команда жылдам жауап береді ұпай сол командаға беріледі.  1. What has a face but no head, and hands but no fingers. (a clock) 2. In what month do children talk the least (February) 3. What can fly but has no wings (time) Ү гейм. Гонка за лидером. І командаға сұрақтар. Is the penguin bird or animal? (bird) 1. Царица русского леса. (береза) 2. What is the name of small fox in the steppe? (қарсақ) 3. Где у кузнечика ухо? ( усах) 4. 5. Бывает песочный, бисквитный с кремом. (торт) 6. Её получает каждый ученик (оценка) 7. Бывает вкусная, бывает и нет (еда) 8. Қырық қабат тоны бар, Кім шешіндірсе сол жылар (пияз) 9. Разноцветное коромысло Над рекой повисло (радуга) ІІ командаға сұрақтар. 1. Самая маленькая птица (калибри). 2. Кто спит головой вниз? ( летучая мышь) 3. What is the bird fly highest than other? (орел) 4. Кто может пить ногой? (лягушка) 5. Who has the longest tongue? (дятел) 6. Быстрая на лошади. (езда) 7. Говорят, что он без палочки (ноль) 8. Сидит дед, в сто шуб одет, кто его раздевает, тот слезы поливает (лук) 9. Аузымен сурет салады.      Демімен ағаш жарады. (аяз, мороз) Қорытындыда ұпай есептеліп жеңімпаз топ марапатталады. Инновациялық технология – білім сапасын арттыру кепілі. Мұғалім ­ өзінің білімін үздіксіз көтеріп  отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді     тоқтатқанмен оның мұғалімдігі де жойылады. К.Д.Ушинский. Оқудың педагогикалық технологиялары  Жоспары  1. Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі  2. Оқудың педагогикалық технологияларына сипаттама  ə ə ə ə ə Оқудың педагогикалық технологиялары түсінігі  Көптеген уақыттар желісінде «технология» түсінігі педагогикалық ұғымдар қорынан тыс  қалып келді. Шынайы м ні («шеберлік жөніндегі ілім») педагогикалық міндеттерге:  педагогикалық процесті сипаттау, түсіндіру, болжау, жобалау – сай келсе де, ол  технократиялық тіл элементі ретінде қарастырылды.  Педагогикалық  дебиеттерде қандай да педагогикалық технологиялар сипатын  айқындаушы көптеген терминдер ұшырасады, мысалы: оқу­үйрену, т рбиелеу, оқыту  технологиялары, білімдендіру ж не д стүрлі технологиялар, бағдарламаластырылған  ə ж не проблемді оқу технологиялары, авторлық технология ж не т.б. Алғашқыда педагогтар «педагогикалық технология», «оқу­оқыту технологиясы» ж неə «т рбиелеу технологиясы» келді. Ал бүгінде педагогикалық технология оқу ж не т рбие аймағындағы  педагогикалық міндеттердің шешілуіне байланысты орындалатын педагог іс­ рекеттерінің бірізді жүйесі ретінде танылуда. Осыдан «педагогикалық технология» м ні ə «оқу  технологиясы», «т рбие технологиясы» де ауқымдылау.  Педагогикалық технология – бұл педагогикалық  рекеттер табысына кепіл болардай  қатқыл ғылыми жоба.  рі сол жобаның д л жаңғырып іске асуы. Педагогикалық технология кешенді, бірігімді процесс. Ол өз құрамына адамдарды,  идеяларды, құрал­жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау ж не ə білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалар шешімін басқаруды қамтиды.  ұғымдарының өзіндік м н­мағыналарына назар аудармай   ұғымдары м ндерімен салыстырғанда тереңдеу ə   ə ə ə ə ə Ə ə ə   ə ə 2 БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ҰҒЫМЫ Технология – қандай да бір істе, шеберлікте, өнерде қолданылатын әдіс­тәсілдердің  жиынтығы (түсіндірме сөздігі).   Педагогикалық технология – оқытудың түрлерінің, әдіс­тәсілдерінің арнайы құрамын  анықтайтын психологиялық­педагогикалық нұсқамалардың жиынтығы; ол педагогикалық  үрдістің ұйымдастырылған әдістемелік құралы (Б.Т.Лихачев).         Педагогикалық технология – оқу үрдісін іске асырудың мазмұнды құралы  (В.П.Беспалько).   Педагогикалық технология – оқытудың жоспарланған нәтижелерге жету үрдісінің  сипаттамасы (И.П.Волков).   Технология – өнер, шеберлік, дағды, өңдеу әдістерінің жиынтығы, күйдің өзгеруі  (В.М.Шепель).   Оқыту технологиясы – дидактикалық жүйенің құрамдас процессуалды бөлімі.  (М.Чошанов).   Педагогикалық технология – оқытушы мен оқушы үшін ыңғайлы шарттарды сөзсіз  қамтамасыз ететіндей оқу үрдісін жобалауда, ұйымдастыруда және жүргізуде бірлескен  педагогикалық іс­әрекеттің барлық жағынан ойластырылған үлгісі (В.М.Монахов).   Педагогикалық технология – бүкіл оқу үрдісін бағалаудың жүйелі әдісі және білімді  адами және техникалық ресурстарды ескере отырып игеру және білім берудің ең тиімді  әдістеріне жету мақсатындағы олардың өзара ынтымақтастығы (ЮНЕСКО). Педагогикалық технология педагогикалық мақсаттарға жетуде қолданылатын барлық  тұлғалық, аспаптық, әдіснамалық құралдардың жүйеленген жиынын және жұмыс істеу  ретін білдіреді (М.В.Кларин).   Білім беру технологиясы – оқытудың жоспарланған нәтижелерін, оқушылардың  ағымдағы жағдайына диогностика жасау құралдарын, оқытудың көптеген үлгілерін және  берілген нақты жағдайда оқытудың ыңғайлы үлгілерін таңдау белгілерін көрсететін жүйе. 3 Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз  білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық  технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді,  қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы»  Заңының 8­бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа  технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық  коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Педагогикалық технология – мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және  сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс­әрекеттер жиынтығы.  Педагогикалық технологиядағы басты міндет – оқушының оқу­танымдық әрекетін  жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету. Ал бұдан педагогикалық  технологияның тиімділігі шығады. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе  – білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі, ғылым, тәрбие екендігіне  ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – мектеп, ал мектептің жаны –  мұғалімдердің басты міндеті ­ өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны  жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу.  Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті жай шеберлік емес, ол – үнемі жаңадан  жаңаны табатын өнер» деген, Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық  болмас. Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал  өркениетке жетуде жан­жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше.  Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан­жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға  қалыптастыру болып табылады. ХХІ ғасырдың жан­жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім  берудің  тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1­орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт  беруші болып, оқушы алдын­ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік,  өзіндік талдау жасап, бірін­бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін  алады. Осы заманғы білім беру ісінің өзекті мәселесіне оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардың бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс  істеу қабілеттерін арттыру жатады. Оқыту технологиясы "Оқыту технологиясы ”ұғымы  педагогикада және жеке әдiстемеде әсiресе соңғы  уақытта кең таралып отыр. Байқауымызша, бұл ұғымның педагогикада пайда болуы  техногендiк өркениеттiң дамуымен байланысты және ХХ ғасырдың басындағы Еуропаның  елдерi мен АҚШ–та "технология” ұғымының өзi де, оған байланысты мәселелер де арнайы зерттеулерге арқау бола бастаған кезге жатады. ХХ ғасырларда педология шеңберiнде  "педагогикалық технология” терминi туындады. Осы кезеңде педагогикалық техника  ұғымы да кеңiнен қолдалынады.   4 "Бiлiм берудегi технология” терминi оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ)  қолдаумен техникалық құралдарын қолдану әдiстемесi мәселелерiн қарастыруда оқыту  технологиясы (50­60 жж.), сондай­ақ педагогикалық технологиялар терминi қолданыла  бастады. 60­жылдары педагогикалық технология қандай да бiр әдiстеменi, мысалы,  бағдарламалық оқытуды ғылыми негiздей отырып қолданылуы тиiс деген түсiнiк  қалыптасты. 70–жылдарға қарай педагогикалық тәсiлi туындады. Педагогикалық әдiстер  технологиясы, яғни, оқу процесiн өзiн немесе оқытуды құру технологиясы пайда болды.  Осы бағыттың тұңғыш перзентi және педагогикалық технологиялардың салынатын  iргетасы бағдарламалық оқыту болды. Оған тән сипат – оқу мақсаттарын нақтылап алып,  соларға бөлiк­бөлiгiмен бiрiздiлiкпен жету. Бұл сипаттамада оқыту технологиясының  арқауы мектептегi оқыту жүйелерiн құрастыру болып табылады. 70 – жылдары жүйелiлiк  тәсiлдiң дамуына байланысты педагогикада педагогикалық технологиялар нақты  белгiленген мақсаттарға сай оқу процесiн басқаруға бағытталған  дидактикалық мiндеттердi шешуi тиiс деген идея қолданыс тапты. Бұл бағыттың мәнi  мектеп жұмысының толық басқарымдылығы  идеясында жатыр. 70­80 жылдары оқыту технологиясы және оқу процесiнiң технологиясы терминi  пайда бола бастады. Кейiнiрек педагогикалық технология терминi көбiнде оқыту  технологиясы терминiмен теңестiрiлдi. Кеңiнен қолданылатын "оқыту технологиясы”, "бiлiм беру технологисы”, "оқу  процесiнiң  технологиясы”, терминдерi ақыр аяғында оқу–тәрбие процесiн ұйымдастыру және басқару дегенге келiп саяды. "Педагогикалық технологиясы” терминдерiнiң өзара байланысына келсек: 1.Педагогикалық технологияда педагогикалық жүйесiнiң жобасы ретiнде  объектiлердi, процестердi және олардың өзара әрекет ету жағдайларын ажыратады, яғни,  педагогикалық технология кең мағынасында бүкiл бiлiм беру жүйесiнiң  тұжырымдамасын, стратегиясын бiлдiредi.  2.Оқу процесi технологиясының ерекшелiгi мұнда қойылған мақсаттарға жетуге  кепiлдiк бере алатын оқу процесi құрылады. Оқу процесi технологиясын  түсiнудiң бiрден бiр кiлтi бiрiздiлiкпен айқын белгiленген мақсаттарға бағытталу болып табылады;    Оқушының iшкi интелектуалдық, эмоционалдық, тұлғалық даму процестерi арқылы  мақсаттарды анықтау  Оқытылатын мазмұн арқылы мақсаттарды анықтау Оқушылардың оқу қызметi арқылы мақсаттарды анықтау;  Мұғалiм қызметi арқылы мақсаттарды анықтау.  Мұндай тәсiлде "қалай оқыту керек?” сауалы бiрiншi қатарға шығып, педагог оқу  материалын емес, оқушы мен оның оқу қызметiн басты назарда ұстайды. 5 3.Оқыту технологиясы – бұл оқытушылар мен оқушылардың қызметiн құру.  Мұнда оқушылардың өнiмдi қызметiн ұйымдастыруға мүкiндiк беретiн оқыту  жағдайларына (нысандарына, әдiстерiне, тәсiлдерiне, құралдарына) басымдық берiледi.  Соңғы жылдары педагогикалық технологиялар ұғымы оқу–тәрбие жүйесiн басқару  және жобалау құралдары мен процестерiнiң: оның мақсаттары мен мiндеттерiнiң,  мазмұнының, әдiс–тәсiлдерiнiң жиынтығы ретiнде түсiнiледi. Кең таралғандығы мен негiздiлiгiнде, бiлiм беру тарихындағы айқын белгiленген  мәнi орнына қарамастан, осы ұғымның мазмұнын ашу, оның көлемi үнемi талдану үстiнде  және бүгiнгi күнге дейiн оның бiрiңғай түсiнiктемесе жоқ. Педагогикалық сөздікте  мынадай анықтама берiлген: "Педагогикалық техника – оқу сабақтарын айқын да тиiмдi  ұйымдастыруға бағытталған тәсiлдер мен құралдар жиынтығы”.  Майкл Кларк бiлiм беруде технология жаңа нәрсе емес, ол тек оқытудың жаңа  жолдары ашылған кездерде ғана қызықтырады деп атап көрсетедi де, одан әрi  педагогикалық технологияларға "бiлiм сапасын тексеруге болатын бақылау жүйесi”,  сондай­ақ "бiлiм, дағдыны бағалау әдiстерiн әзiрлеу” ретiнде анықтама бередi.  П.Буга мен В.Карпов оқыту технологиясы дегенiмiз ғылыми ұйымдастырылған  бiлiмдi практикалық тапсырмаларды орындауда жүйелi түрде iс жүзiнде қолдану деп  түсiндiредi және оқыту технологияларын оқытудың әртүрлi әдiстерiн қолданудың ғылыми негiзi ретiнде анықтайды. Жапон педагог ғылымы Т.Сакамотоның сипаттауынша, өз мәнi бойынша  педагогикалық технология барлық басқарылатын компоненттер:   Бiлу, түсiндiру, пайдалану, бағалау, түсiну, қолдану, жасау, атап көрсету және т.б.     Қайта құру, болжау, сауал, қою, қайта ұйымдастыру, топтастыру, жүйелеу, жеңiлдету  және т.б  Белгiлеу, қорытынды жасау, мәнерлеп оқу, айту және т.б Пiкiрiн айту, қолдау, ынтымақтаса қызмет ету және т.б Оқу процесiнің мақсаттарын нақтылау (Б.Блум таксономиясы негiзiнде)  технологиясының қисынды қорытындысы педагог қызметiнiң күнтiзбелiк – тақырыптық  және күнделiктi сабақ жоспары түрiнде көрiнiс табады 6 12 жылдық білім берудегі ойын технологиясы, оқушы құзыреттілігі. ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ОҚУШЫЛАРДЫҢ САБАҚҚА ДЕГЕН ҚЫЗҒУШЫЛЫҒЫН ТІЛІН ЗЕЙІНІН ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ Ойынның педагогикада, оқыту үрдісінде алатын орны Платон заманынан  белгілі  болған XVIII ғасырдың өзінеде­ақ Ж.Ж. Руссо мен И.Г. Песталоцци ойын арқылы  балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген. Ойынның сабақ барысында басты мақсаты – білім беруді ойынмен ұштастыру.  Баланың ойынға белсенді түрде қатысуы оның ұжымдағы басқа да әрекеттерін  айқындайды. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не әрекет сияқты болғанымен, ол  ұжымдық әрекет. Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?  Қисынды ой­қабілетін дамытады  Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді  Сөздік қоры баийды, тілі дамиды  Зейіні қалыптасады  Байқампаздығы артады  Өзара сыйластыққа үйретеді  Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды  Бір­біріне деген оқушы сенімі артады достыққа, ынтымақтастыққа  баулиды  Сабаққа қызығушылығы артады. Педагогикалық үрдісті жетілдіруде ойынның алар орнын қазақстандық ғалым Н.  Құлжанова да зерттеген. Ойын бала үшін еліктеу, инстинг, күнделікті негізгі әрекет және  оның жеке өмірі, ­  деп дәлелдеген. Н. Құлжанованың айтуы бойынша ойынды әдептілік,  тәрбиелік мақсатта пайдалану­баланың болашақ өміріне түзу жол салу, үлкендерге  еліктеуі және өмірдің талаптарына сай бейімделуі басты педагогикалық мақсаттар. Ғалым «Бала ойында ғана тынығып», «жұмыс жасап», өсіп жетіледі. «Оның ойлау қабілеті  жетіліп, қарым­қатынас жасау мүмкіндігі артады»,­деп атап көрсеткен. «Ойын – бала үшін өмірлік тәжірибе»,­деп М. Жұмабаев атап көрсетсе, «Ойын­ баланың рухани дамуының негізі»,­деп Ж. Плаже, К. Левин, Л.С. Выгоский, Д.Б.  Эльконин өз еңбектерінде атап көрсеткен. 1. Ойын­балалр үшін күрделі әрекет те бола алады. Балалар білімді ойын  арқылы қабылдап, үлкендерден үйренеді. Сондықтан сабақтағы ойын оқушы білімін  тыңдап, ой­өрісі кеңейте алады, білім алудағы қызығушылығы артады. Ойын арқылы бала  көптеген мәліметтер алады, психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады.  7 Баланың жас ерекшелігіне, сабақтың мақсатына сай ұжымдастырылған ойындардың берері мол. 12 жылдық білім беру бойынша мемлекеттік стандарт жобасында оқытудың ойын  технологиясына үлкен мән берілген. «Пәндік, пәнаралық сипаттағы дидактикалық және  сюжеттік, рөлдік ойындар білім алушыға өзін танытуға, жолдастарының пікірімен  санасуға, көпшілік алдында сөйлеу қабілетін үйренуге, жан­жақты білімін көрсетуге  мүмкіндік береді. Рөлдік, сюжеттік ойындардың көмегімен білім алушылардың  коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыратын оқу міндеттерін шешуге болады. Ойын  қарапайым тілдік жағдаяттарда білім алушыларды қарым­қатынас мәдениетіне  тәрбиелейді», деп атап көрсетілген. Сондай­ақ 12 жылдың білім беруде ұлттық ойындарға және шынайы өмірлік  әрекетпен ойналатын ойындарға мән беріледі. Ойын арқылы оқушының білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет­қабілеттерін  арттыру мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу­ұстаз  шеберлігіне байланысты. Оқушының тілін дамытуда сөздік ойындарын қолдану тиімдірек.  Сондай ойындардың бірі – «Керекті сөзді тауып айт». Ойынның мақсаты­қажетті сөздерді  дұрыс тауып айтуға жаттықтыру, оқушы зейінін қалыптастыру. Мұғалім сол сабаққа  қатысты жалпылама сөзді атайды, оқушылар қажетті сөздерді атайды немесе жазады. Бұл  ойын оқушыларды талдау жасауға да үйретеді. Мысалы: тіл дамыту сабағында  «Заттың  атаулары» деген сөз аталса, оқушылар, бірнеше сөздер айтады және сұрақтар қояды. Жауаптарды жазады. Сондай­ақ оқушы зейінін қалыптастыруда «Кім тез, шапшаң» ойынын өткізуге болады. Бұл ойынды барлық сабақтарда қолдануға болады. Сабақ барысында оқушылардың қызығушылығы, зейіні, тілін дамыту үшін  грамматикалық ойындардың орны ерекше. Сабақта тиімді қолданылған ойын  оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, сауатты жазу дағдысына мол мүмкіндік  береді. Оқушыларды өзбеттерімен жұмыс істеуге дағдыландырады, ізденімпаздыққа  баулиды. Грамматикалық ойындардың ерекшеліктері де бар. Бұл ойын әр түрлі  жағдаяттар арқылы жүзеге асады. Ойын сабақтың әр бөлігінде, әр мақсатта жекеленіп,  дараланып қолданылады. Жаңа тақырыпты түсіндіруде, өткенді қайталауда, пысықтау  сабақтарында пайдаланылады. Мұғалім ойындарды қолдану үшін жете дайындық жасап,  8 қажетті жабдықтармен қамтамасыз етеді. Олар: грамматикалық лото, грамматикалық  тренинг, грамматикалық гимнастика т.б. Сабақ барысында оқушының тілін дамытатындай, коммуникативтік құзыреттілігін  қалыптастыратындай ойындарды қолданамын. Олар: «Синтаксистік касса», «Сөйлем  қуаласпақ», «Құсбегі», «Кедергіден өту», «Кім болам?», «Асауды ұстау»,  «Аударыспақ», «Вагондарды құрау», «Қай әріп жоғалды», «Лоторея ұту»,  «Жасырынбақ», «Атын айт», «Түсін таны» т.б. ойындар Әр ойын сабақ мақсатына сай қолданыс табады. «Синтаксистік касса» ойыны. Карточкада бірнеше суреттер көрсетіледі (адам,  құс, т.б.) беріледі және қойылатын сұрақтар карточкасы жасалады. Суреттің үстіне  сұрақтары айтылып қойылады. «Сөйлем қуаласпақ» ойыны. Интерактивті тақтадан мазмұнды суреттер  көрсетіледі. Топта сөйлемдер арқылы мәтін түрлері немесе хат, эссе, ой­толғау,  хабарландыру, жарнама құрастырылады (ауызша). «Кедергіден өту» ойыны. Интерактивті тақтадан «кедергілер» көрсетіледі. Әр  кедергінің өз тапсырамасы тақтадан көрінеді. Тапсырмалар топқа беріледі. Осылайша  ойын соңында кедергілерден өтіп мәреге жеткен топ жеңіске жетеді. «Вагон құрау» ойыны. Әр топқа бірнеше вагондар беріледі. Әр балаға 1 вагоннан.  Вагонның артындағы тапсырманы орындаған оқушы вагонды ретімен тақтаға келіп іледі.  Қай топтың вагондары алдымен құралса, сол топ жеңіске жетеді. «Алтын айт» ойыны. Интерактивті тақтадан бір­бірімен араласқан бірнеше  суреттер тұрады. Оқушылар кезекпен шығып суреттерді «белгісі» арқылы топтан себебін  түсіндіреді. Сабақтан тыс уақытта қимыл­әрекет ойындарына көңіл бөлінеді. «Туған күні»,  «Ақ терек, көк терек», «Ақ тоқаш», «Айға ұшу», «Кім болам?» сияқты ойындар  ойналады. Қимылдары дамуымен қатар ойын барысында өлең, тақпақ жаттайды. Сонымен қатар 12 жылдық білім беру және оқушы құзыреттіліктерін  дамытатындай рольдік, сюжеттік ойындарға үлкен мән беремін. Оқушылар алдына түрлі  өмірлік жағдаяттар беріліп, оқушылар лйнай отырып, сол туындаған проблеманы шешуге  дағдыланады. Ойын үстінде бала сұранысы мен мұғалім тапсырмасы өзара ұштасады.  Мысалы: «Біздің үйіміз» ойыны. Топ өздері тұрғысы келетін үйдің сұлбасын  9 сызады немесе суретін салады. Одан кейін осы үйді салу үшін материалдарды анықтап  алады. Осылайша ойын өмірмен байланыста болып, оқушы құзыреттілігін дамытуға  септігін тигізеді. Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттер: баланың қоғамдық қатынастарға  бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің  мәдениеттерін меңгеруі: баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін коммуникативті іс­әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр  қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және  әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды. Білім саласындағы жаңа технологиялар         10   Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш  техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға,  модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға,  интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.  Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді.        Ақпараттық – коммуникациялық технологияның келешек ұрпақтың жан –  жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол  ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса  мол.          Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті  күшейте түсуде. Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына кіру стратегиясы атты жолдауында « Білім беру реформасы –  Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін  аса маңызды құралдарының бірі » деп атап көрсетті.        ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі,  айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият  қарайтын дәуір.          Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды  пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын  жүзеге асыра отырып, оқу – тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен  сапасын жоғарлатуды көздейді.        Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры»  деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі  белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.       Заманымызға сай қазіргі қоғамды ақпараттандыруда педагогтардың біліктілігін ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану саласы бойынша көтеру  негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында : «Білім беру жүйесінің басты  11 міндеттерінің бірі ­ білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау  керек» ­ деп көрсетілген. Солардың бірі білім беруді ақпараттандыру барысында  дидактикалық және оқыту құралы болып компьютер саналады. Сондықтан кез  келген білім беру саласында мультимедиялық электрондық оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға пайдаланады. Бұл бағытта ақпараттық технологияны  оқыту үрдісіне екпінді түрде енгізу бағытында және қолданылатын жаңа  құралдардың бірі ­ бағдарламалық – техникалық кешен болып саналатын « Активті  экран » болып табылады.           Ақпараттық қоғамның негізгі талабы ­ оқушыларға ақпараттық білім  негіздерін беру, логикалық ­ құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық  технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану  дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімдеу.        Олай болса, ақпараттық бірліктердің білімге айналуы әлемнің жүйелік ­  ақпараттық бейнесін оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен құндылық  бағдарларын дамыту арқылы қалыптастыруды көздейтін, адамның  дүниетанымының құрамдас бөлігі болып табылатын интеллектуалды дамуды  қалыптастырудың бір жолы.         Ақпараттық бірлікті қалыптастыру: мектептің материалдық ­техникалық  базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың  ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне;  оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың  информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу ­ тәрбие  бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді.         Қазіргі уақытта жаратылыстану ­ ғылыми білім беруде сабақ барысында  интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен  мұғалімнің , оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.         Білім берудегі интерактивті технология ­ мұндағы интерактивтісөзі­ inter  (бірлесу), act (әрекет жасау)ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен  жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін­бір толықтыратын, сабақ барысында  барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы. 12 Интерактивті тақта ­ дегеніміз не?         Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және  де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін:  ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бүгінгі күні бірнеше ИТ түрлері бар. Олардың ішінде білім саласында қолданып жүргендеріне  қысқаша шолу жасайық.         ACTIVboard(Promethean компаниясы) ­ ACTIVstudio программасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады. 13           Активті қалам – дегеніміз не?  Aктивті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта  арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.            ACTIVwandуказкасы Электронды ACTIVwand указкасының ұзындығы 54 см тақтаның жоғарғы  бөлігінен кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. Жанында орналасқан  батырма ташқанның сол жақ батырмасының қызметін атқарады. ACTIVboard –  интерактивті тақтасында жұмыс жасаушыға проектордың сәулесінен астынан  шығуға мүмкіндік береді. "Оң қол" сонмен бірге "сол қолмен" жұмыс жасауға  қолайлы құрал. 14            ACTIVpanelpro ACTIVpanelpro (Активпанель) үлкен аудиторияларда қолдануға өте қолайлы, онда  үлкен экранға проекцияға қолданады. ACTIVpanelpro арнайы қарындаштың  көмегімен дисплейде жазылған жазулар компьютер арқылы тақтадан көруге  мүмкіндік береді. ACTIVpanelpro (Активпанель) өте жеңіл зат, бөлмеден бөлмеге  қиындықсыз – ақ алып жүре беруге болады, ал проектор болса кескінді үлкейтіп  көрсетеді. ACTIVpanel­pro ДК басқарады, сурет салады, жазу жазады – бұл  ақпаратты енгізетін құрылғыға жатады.           ACTIVslate Радио портты ACTIVslate панель құрылғысы топпен жүргізілетін конференцияға  қатысушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Конференция немесе  презентация кезінде аудиторияда еркін қозғалуға болады ACTIVslateXR панель  аудиторияның кез келген жерінен тақтамен жұмыс жасай алады. ACTIVslateXR  көмегімен қатысушылар өз шешімдерін орындарынан тұрмай­ақ тақтада жаза  алады. 15 ACTIVtablet ACTIVtablet планшет қарапайым тышқанның қызметін атқара алады, презентация  мен конференция материалдарын ACTIVstudio2 немесе ACTIVprimary тақтасыз  (ACTIVboard көмегенсіз) компьютерде дайындауға мүмкіндік бетерін құрылғы.  ACTIVtablet компьютерге USB порт арқылы қосылады, бағдарламаның барлық  функцияларын қолдануға болады. Арнайы батареясыз қаламмен флипчарт  беттерінде жазу жаза алады.             ACTIVote ACTIVote тестілеу жүйесі конференцияның барлық қатысушыларына сұрақтарға,  бірнеше берілген жауаптардың нұсқаларынан желісіз радио пульттің батырмасын  басу әдісімен жауап беруге мүмкіндік береді. Пульттың көмегімен ақпарат  ACTIVboard қабылдайды және де өңделіп конференция қатысушысының жауабын  қабылдайды. ACTIVote қарапайым тест жүргізуге өте қолайлы зат. ACTIVote 16  немесе 32 пульттан кішкене чемоданда тест жүргізу үшін қолданылады. 16                       ACTIVote қолдана отырып:           «Тест дайындау шеберінде» ACTIVstudio бағдарламасында флипчартта  мәтіндік немесе графиктік түрде тест сұрақтары кітапханада сақталады да, тестің  нәтижесін кесте немесе диаграмма түріндекомпьютердің жадында сақталады.  Тестің нәтижесін EXСEL немесе WORD редакторларында экспорт жасауға болады              ACTIVstudio программасы             ACTIVstudio PE программасы арнайы презентацияларды өткізуге және оны  сабақ барысында қолдануға негізделген программа. Бұл программа            ACTIVboard және ACTIVpen қаламымен жұмыс жасау үшін жасақталған.  ACTIVstudio программасының мүмкіндіктері өте көп. Атап айтқанда,  презентацияларды құруға, өткізуге, материалдарға арнайы эффектілер  қосуға, негізгі кезеңдерді көрсетуге, көрсеткіштерді қосуға, қосымша ақпараттарды  енгізуге және басқа да көптеген мүмкіндіктері бар.  Флипчарт            Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.  Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың  барлығы көрсетіледі. Бірнеше флипчарттарды бірден ашып, бір флипчарттан келесі флипчартқа, объектілерге сілтемелер қоюға немесе объектілерді бір мезетте  келесі бетке көшіруге болады. Флипчартты басу құрылғысынан шығаруға немесе әр түрлі форматтарда экспорттауға болады.         «Активті экран» кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге  және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе  болып табылады.       «Активті экран» бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық  мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың  оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін,  арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын  қалыптастыруды қамтамасыз ете алатыны белгілі болды.          Бағдарламалық ­ техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік  тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық  құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға  мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында  мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD,  CD­ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. Бұл кезде мұғалім  қосымшаны іске қосу, CD­ROM, Web­ түйін мазмұнын қарастыру, ақпарат сақтау,  белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т. б. әрекеттерді жеңіл орындай алады.              Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше  мәселелерді шешуге көмектеседі :         ­ Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;         ­ Алған білімді жүйелеу ;        ­ Өзін ­ өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;       ­ Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру      ­ Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік көмек беру. Бұл технологияны оқу материалын хабарлау және оқушылардың ақпаратты  меңгеруін ұйымдастыру арқылы, көзбен көру жадын іске қосқанда арта түсетін  қабылдау мүмкіндіктерімен қамтамасыз ететін әдіс деп қарауға болады. Оқушылардың көпшілігі естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны  белгілі. Аудио – және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40­50 %  дейін арттырады.  Қазіргі кезде сабаққа дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар  үшін танымдылығы жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы  уақытын қажетті материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс  бойынша мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «  мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және қайталауды жаңаша  ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның барлығы жүзеге асуы үшін  мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы бойынша білімдер мен іскерліктерді  игеруі қажет. Бұл дайындық диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән  мұғалімдері үшін компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа ие.         Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.        Сабақта уақытты үнемдеу, демонстрациялық материалдар даярлау мақсатында интерактивті тақтаны пайдаланған тиімді. Интерактивті тақтаның үш режимінде де жұмыс жасауға болады.  Ақ тақта режимі – ең қарапайым режим. Ақ тақта режимін қолданғанда оны ақ бет  қағазбен жұмыс жасағандай және тақырыпқа қажетті жерін белгілеулермен, негізгі  ұғымдарын ерекшелеу үшін түрлі түсті қаламды қолдануға болады. Ақ беттің  артына фон ретінде мазмұнды суретті пайдалануға болады. Тақтаның бұл қасиеті,  мысалы географиядан, физика, биологиядан және т.б. пәндерден сабақ жүргізгенде  ыңғайлы. Фон ретінде географиялық картаны, физикалық аспаптардың суреттерін  алуға болады және сабақ барысында қажет болса картаға белгі салуға, жазуға  мүмкіншілік бар.        Екінші режим – Office режимі. Бұл режим сабаққа қажетті дайындық жұмыстарын, яғни материалдар даярлауға ыңғайлы. Сабаққа дайындық  жұмыстары Word мәтіндік редакторының, Excel электрондық кестесінің  құжаттары, Power Point – презентациясы болуы мүмкін. Мысалы , Microsoft Word  құралдарымен төрт түрлі мәтіндік тапсырмаларды қамтитын құжат әзірлеуге  болады. Осы құжатта тапсырмаларды қайталап, жауаптарының дұрыс нұсқаларын  немесе амалдардың дұрыс тізбегін көрсету керек. Қайталанған тапсырмаларды  сурет салу панелінің « төртбұрыш » объектілерімен жасырамыз. Сабақта қажет  кезде бұл құжатты интерактивті тақтаның Office режимінде ашу қажет. Бұл режим  Microsoft Office – нің барлық мүмкіншілігін ұсынады. Сондай мүмкіншіліктерінің  бірі – құрылған құжатқа мәтінді қосуға болады, яғни экраннан түсірілген суретпен  емес құжатпен тікелей жұмыс жасаймыз. Сонымен, мұғалім оқушыны тестілік  тапсырмаға жазбаша жауап беруге тақтаға шығарып, оқушының жауабын дұрыс  жауаптарымен салыстыра алады ( « тік төртбұрыш » объектісін жылжыту немесе  жою арқылы ) және дайындалған материалды шаблон ретінде келесі сабақтарды  пайдалану үшін сақтап қоюға болады.         Үшінші режим ­ тақтаның интерактивті режимдегі жұмысы. Сабақтарды жүргізуде өткен материалды қайталау қажет, сондай жағдайда  интерактивті тақтаның сілтеме жасауға арналған компонентін қолдануға болады.  Бұл компонент арқылы Microsoft Office құралдары арқылы құрылған құжаттарға,  графиктік редакторлардың немесе программалау ортасының көмегімен құрылған  файлдарға, интернет беттеріне сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіншілік береді.         Прожектор және Шторка құралдары экранның белгілі бір кішігірім аумағын көрсетуге арналған. Прожектор құралы аудиторияның назарын бір  объектіге аударуға арналған. Экран бетінде бір мезгілде бірнеше объектілер  орналасқан болса, оның қажет объектісін ерекшелеп, қалғанын жауып қоюға  арналған. Шторка экранның бір бөлігін жауып қоюға арналған ( есеп  шығаруда дұрыс жауаптарын, оқушыларға әзір белгісіз ақпаратты ) және  материалды оқу барысында мүмкіндігінше тақтаның қажет бөлігін көрсету.         Қазіргі уақытта « қоғамды ақпараттандыру », «білім беруді  ақпараттандыру » деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызға еніп кетті. Олай  болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз не ?Қоғамдық ақпараттандыру  дегеніміз – ғылыми техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа  ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс ­ әрекеттің интеллектуалды  түрлерінің жан – жақты әсер етуі мен ролінің жоғарылауына байланысты  объективті процесс.         Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді.  Бұл процестегі негізгі мәселе білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту  болып табылады, ал оны технологиялық жағынан қамтамасыз ету ­ өндірістік  мәселе.        Қоғамды индустрияландыру кезеңінде білім беру жүйесі алдыңғы кезекте,  маманданған сауатты тұтынушыларды дайындауға бағытталса, ал білім беруді ақпараттандыру жағдайында бұл мәселе білім берудің негізгі мақсатына  ауысады. Мұндағы негізгі мақсат – оқушының қоршаған әлем жайында табиғи  ғылыми болжамын қалыптастырумен жалпы ізгілікті адамгершілікке  дайындау болып саналады.       Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи  танымдық, педагогикалық – психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық  білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай  білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу  мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан  болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.      Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың  ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында  оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін  қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу  көзделіп отыр : компьютерлік техниканы, интернет, компьютерлік желі,  электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, интерактивті  құралдарды, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Еліміздегі саяси, әлеуметтік – экономикалық өзгерістерге сай білім беруді  ақпараттандыру бағытында мектебімізде жүргізіліп жатқан жұмыстар  ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылуда. XXI ғасыр – ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік  сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер, интерактивті  құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін зерттеудегі ғылыми  проблемаларды шешу ең басты орын алады. Бұған себеп оқыту процесінде  туындайтын компьютерлендірудің педагогикалық­ психологиялық жаңа  проблемалары әлі толық шешілмегені. Білім беру жүйесін ақпараттандыру білім беру үшін үлкен перспективалар  ашады. Соңғы жылдары компьютерлік, телекоммуникациялық техника мен  технологиялардың қоғам өміріндегі ролі мен орнында түбегейлі өзгерістер  болды. Ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру  қазіргі заманда әрбір жеке тұлға оқу және жазу қабілеті сияқты сапалармен  бірге қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналды. Әрбір елдің технологиялық даму дәрежесіне оның экономикалық қуаты мен  халқының тұрмыс деңгейі ғана емес, сол елдің әлемдік қоғамдастықта алатын  орны, басқа елдермен экономикалық және саяси ықпалдасу мүмкіндіктері,  сондай – ақ ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешуіне байланысты. Сонымен қатар, әлдебір елде қазіргі технологияның дамуы мен қолдануының деңгейі  оның материалдық базасының дамуымен қатар емес, негізінен қоғамды  парасаттандыру деңгейімен, оның жаңа білімді туындату, игеру және қолдана  білу қабілетімен де анықталады. Жедел дамып отырған ғылыми – техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық  салаларын ақпараттандырудың ғаламдық процесінің негізіне айналады.  Ақпараттық ­ технологиялық дамуға және оның қарқынына экономиканың  жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік  қауымдастықтағы мемлекеттің ролі тәуелді болады. Тұтас дүние  қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік  қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде  ақпараттық ­ телекоммуникациялық технологиялар маңызды роль атқарады. Ғылым мен техниканың даму қарқыны оқу – ағарту саласының оқыту үрдісіне  жаңа технологиялық әдістер оның ішінде интерактивті құралдарды кең  көлемде қолдануды қажет етеді. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің  дамуымен тығыз байланысты. Қай халықтың, қай ұлттың болсын толығып  өсуіне, рухани әрі мәдени дамуына басты ықпал жасайтын тірегі де, түп  қазығыда – мектеп.           Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интерактивті құралдарды  пайдалану арқылы оқу – тәрбие процесін тиісті деңгейге көтеру, мектеп  ұстаздарының, басшыларының, педагогикалық ұжжымның жүйелі  басшылыққа алған бағыты деп есептейміз. Интерактивті құралдарды қолдану  негізінде мектепте жаратылыстану бағытының пәндерін оқыту сапасын  арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады.           Мектепті ақпараттандыруға осылай мемлекет тарапынан үлкен  экономикалық қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету мәселесі бүкіл халықтық  деңгейге көтерілсе ғана біздің еліміз өндірістің жоғары психологиясын  меңгерген дүиежүзілік бәсекеге төтеп беретін, өндіріс өнімдерін өндіре алатын алдыңғы қатарлы мемлекетке айналады. Ол дәрежеге жетуге қажетті білім  алуына біздің жас ұрпақтың қабілетінің жететініне сенім мол.         «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты  әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет » деп, Ел басы атап  көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу  үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.             Компьютер және интерактивті құралдар арқылы жасалып жатқан оқыту процесі оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастырып, оларды жүйелік  байланыстармен заңдылықтарды табуға итеріп, нәтижесінде ­ өздерінің кәсіби  потенциалдарының қалыптасуына жол ашу керек. Бүгінгі таңдағы ақпараттық қоғам аймағында, оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыратын және  компьютерлік оқыту ісін дамытатын жалпы заңдылықтардан тарайтын  педагогикалық технологияларды ғана тиімді деп санауға болады.          Оқушылардың интерактивті құралдар көмегімен қалыптасатын және  жүзеге асырылатын ойлау қабілеті бұрынғы технологиялар арқылы берілетін  ойлау жүйесінен өзгеше болатындықтан, тек ойлау қабілеті түсінігі ғана емес,  қабылдау, есте сақтау жоғарғы деңгейде болады.           Интерактивті құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады: 1.Бормен тақтаға жазылған кескінді интерактивті тақтадағы түрлі – түсті  айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды 2. Тақта мен бордың көмегімен әр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру  қиын әрі мүмкін емес. 3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады 4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға  болады 5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне  кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді. 6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады. 7. Сабақтың өнімділігі артады. 8. Оқушылардың білім деңгейіне оң әсер етеді           Біз бейбіт елде, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде  тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты – терең білімнің, кәсіби дағдылардың  негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін ­ өзі дамытуға адамгершілік тұрғысынан  жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, яғни  жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпаратты технологияны терең  меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл  тұлғаны қалыптастыру.

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"

"Важность внеурочной работы по изучению иностранного языка"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.03.2018