Ғылыми жұмыс
Оценка 4.8

Ғылыми жұмыс

Оценка 4.8
pptx
22.12.2024
Ғылыми жұмыс
Ә.Кекілбаев Ханша-Дария хикаясы ғылыми жұмыс — копия.pptx

Ханша – Дария» хикаясындағы Шыңғысханның түс көруі және сөздердің лексикалық қолданысы

Ханша – Дария» хикаясындағы Шыңғысханның түс көруі және сөздердің лексикалық қолданысы








Ғылыми жұмыстың тақырыбы:

«Ханша – Дария» хикаясындағы Шыңғысханның түс көруі және сөздердің лексикалық қолданысы






Дайындаған: 11 сынып оқушысы Пердебай З.

Жеткешісі: Махымова Г.



2024-2025 оқу жылы

Ғылыми жұмыс

Ғылыми жұмыс

Ғылыми жұмыс

Ғылыми жұмыс








Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш

Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш

Қазақ еліне еңбегі сіңген ұлы жазушысы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы білмейтін қазақ жоқ шығар. 1931 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстауда дүниеге келген Әбіш Кекілбаев қазақ әдебиетінде ойып орын алған, өз дәуірінің кемеңгер қаламгері. Тірі болғанда биыл қаламгер 93 жасқа толар еді. 2015 жылы 11 желтоқсанда Астана қаласында дүниеден озды. Әбіш Кекілбаевтың шығармаларында терең мағыналы философиялық ой жатқанын аңғаруға болады. Ол өзінің қайраткерлігі мен саясаткерлігінің арқасында інжу-маржан сөздерді тере отырып жазған үлкен көлемді шығармалар оқырмандардың оқуға құштарлығын арттыратын дарын иесі. Тағдыр тауқыметін ақын жастайынан көреді. Екінші дүниежүзілік соғысқа аттанған әкесі оралмағаннан соң, Әбіш Кекілбайұлы анасы Айсауленің тәрбиесінде болады. Анасы Айсауле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің тәрбиелі отбасында дүниеге келген.

І. Кіріспе

Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көреді

Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көреді

Қазақ әдебиетіне тарихи оқиғаларды суреттеуде сөз саптау шеберлігі мен тіл байлығы өте жоғары қаламгер. Қазақ сөзінің қайраткері, халық жазушысы 23 жасында 1962 жылы «Алтын шуақ» деген атпен өлеңдер жинағы жарық көреді. Елімнің заңғар тұлғасы, әдебиет әлемінің жеті асқар биігіне жеткен ұлы қаламгерді қазақ елі ақын ретінде қабылдаған. Бұл жинаққа «Арғымақ», «Айдай аузы, күндей көзі-шын сұлу», «Ай да бір сәт қалжырап», «Адам қолы талай жауды жайратқан» «Аласырап кетердей көп қой қауіп», «Іңірге кеп құлаған» атты өлеңдері енген. Әбішпен қоса қазақ әдебиетінің жанашырлары бола білген Төлеген Айбергенов пен Жұмекен Нәжімеденев, Тұманбай Молдағалиев пен Қадыр Мырзалиев, Сағи Жиенбаев пен Мұқағали Мақатаев секілді қазақ поэзиясының ерен жүйріктері де бар. Ақын боп туған жаратылыс ешқашан жоғалып та, жойылып та кетпейді.

1.1 Әбіш – қыры мол ірі дарын иесі

Мұп-мұздай көз жасы селдір шошқа сақалын түгел жуып, омырауын малшып тастапты» [1,32]

Мұп-мұздай көз жасы селдір шошқа сақалын түгел жуып, омырауын малшып тастапты» [1,32]

«Ұйықтап жатып ағыл-тегіл жылапты. Мұп-мұздай көз жасы селдір шошқа сақалын түгел жуып, омырауын малшып тастапты» [1,32]. Автор осы жолдармен Шыңғыс хан туралы ой-пікірлерден бөлек оқырманның басқа көзқарасын қалыптастырып, оның да адам баласы екенін негізге алады. Қаншалықты құдіретті болса, соншалықты дәрменсіз: «Дүниеде билеуші атаулы бет ажарын келіскенмен, денесінде тыртығы бар сұлу әйелмен бірдей ғой», - деп ұлы қағанның психологиясын, сезімін денесінде тыртығы бар сұлу әйелмен паралель алып отыр. Өйткені, ол әйелдің міні әшкерек болған соң, сұлу аты ұшты-күйлі құриды, «... билеушінің тағдыры да сұлу әйелдің тағдырындай. Қай күні жұрт оның ісі мен қылығына таңданудан қалса, сол күні оның да дәуренінің өткені» Шыңғысханның қуыстанатыны да осында: сары шатырына жолатпайды, түсін де ешкімге жорытпайды. Халықта сөз болып, ханның осал тұсын біліп қоятындығынан қорқады.

Негізгі бөлім

2.1. Ә. Кекілбаевтың Шыңғысхан бейнесін суреттеуі

Касар мерген: -Таңғұттардың Шидүрге деген бір бекзадасының

Касар мерген: -Таңғұттардың Шидүрге деген бір бекзадасының

Касар мерген: -Таңғұттардың Шидүрге деген бір бекзадасының Гүрбелжін деген әйелі қараңғы үйге кіріп барғанда, самалдай жарқырап кетеді. Болса тек соның жүзі ғана осындай шығар,-деді шала-жансар қоянды тамағынан орып жатып. Шыңғыс хан: - Таңғұттардың дейсің бе? Шыңғысхан ойланып қалады. [ІІ бөлім, 37-б.]. Міне, осыдан «Ханша-Дария» хикаясы басталады. Шыңғыс ханның ойлағаны Гүрбелжін болады. Таңғұт елін жаулаған Шыңғыс хан Гүрбелжінмен кездеседі. Алайда, жауына жар болғысы келмеген ханым оны өлтіреді де, өзі дарияға құлап өледі. «Ханша –Дария» хикаясының өмірге келіп, дамуына дәнекер болған әлгі түс Шыңғыс ханның өліміне әкеліп тірейді. «Ханша-Дария» хикаясында Әбіш ақын әдеби түс көруді талдаудың ерекше түрін, яғни кейіпкердің бір мазмұнда бірнеше рет қайталанып енетін сана актісін таңдап алуы. Бір мазмұнда қайталанып енетін әдеби түс қазақ прозасында әзірге тек Ә.Кекілбаевтың шығармаларында ғана кездеседі.

2.2. Ханша Дария әңгімесіндегі Шыңғысханның түс көруі

Ханша-Дария» хикаясында архаизмдер, көнерген сөздер мен тарихи сөздер және сын есімді тіркесті сөздер, кірме сөздер, диалект және одағай сөздер жиі кездеседі

Ханша-Дария» хикаясында архаизмдер, көнерген сөздер мен тарихи сөздер және сын есімді тіркесті сөздер, кірме сөздер, диалект және одағай сөздер жиі кездеседі

«Ханша-Дария» хикаясында архаизмдер, көнерген сөздер мен тарихи сөздер және сын есімді тіркесті сөздер, кірме сөздер, диалект және одағай сөздер жиі кездеседі. Атап айтсақ: 1. Шаһарлар – парсы тілінен енген «қалалар» деген мағынаны білдіреді. 2. "Түмен" сөзінің өзі түркі-моңғол тілінен шыққан «әскери бірлік» сөзі. 3. Жасауыл - тарихи сөз «әскер» деген мағынаны білдіреді. 4. Мінажат (араб. сыбырлап сөйлеу, үнсіз егіліп тілеу, жалбарыну) – тілек, дұғаның бір түрі. Өтінішін Алладан сұрап жалбарыну дегенді білдіреді. Ә.Кекілбаев өз шығармасында қолданған «мінәжат» сөзі әйелдің ең соңғы рет құдайға сыйынуы мағынасында жазады. 5. Гарем (араб.: حرم‎ , харам тыйым салынған) – бай, дәулетті мұсылмандар үйіндегі әйелдер бөлмесі, басқа мағынада үй иесінің заңды әйелі мен еркі жоқ әйел тұратын болме. 6. Қораш мақұлқат – жұпыны деген мағынада айтылған. 7. Мәшһүр - араб сөзінен енген. «Атақты» деген мағынаны білдіреді. 8. Бекзадалар, хан, тақсыр – әкімшілік басқару ісіне байланысты айтылған историзм сөз. 9. Жүз басы, мың басы – историзм сөз «әскери лауазым» 10. Сеңсең бөрік – Марқайған қозының жүні қырқылмаған терісі осылай аталады. Моңғол тілінен енген сөз деген деректер бар. 11. Сампылдап сөйлеп, самбырлатса, саңқылдап күлді- диалект сөздер(жергілікті жерлерде қолданылатын сөз) 12. Туу,туу алысқа- шалғай жерде деген мағынаны білдіретін одағай сөз.

2.3. Ә.Кекілбаев ақынның «Ханша-Дария» хикаясындағы сөздердің қолданысы

Михраб – араб сөзі. Мешіттің ішінде құбылаға бет бұру деген мағынада айтылады

Михраб – араб сөзі. Мешіттің ішінде құбылаға бет бұру деген мағынада айтылады

Михраб – араб сөзі. Мешіттің ішінде құбылаға бет бұру деген мағынада айтылады. Яғни Аллаға сыйынатын адам құбылаға (михрабқа) бет бұрған.

Ә.Кекілбаевтың «Ханша-Дария» хикаясын толық зерттеу барысында жалқы есімдер, жер-су атаулары, бейнелеуіш сөздер және үстеу сөздер де кездеседі.
1. Жер-су атауларына байланысты айтылған жалқы есімдер мыналар: Сучжоу, Лянчжоу, Ордос, Сартаулы, Бұқара, Қара-Қала, Сэ, Қара өзен, Тибет пен Терістік Қытай, Чжам-Хак өзені, Сэн, Жейхун.
2. Адамның есімдеріне байланысты айтылған жалқы есімдер мыналар: Дэ-Ван, Шыңғыс хан, Гүрбелжін, Ан-Цюан, Шидүрге, Чахэ ,Аша-Гамбу, Касар.
3. Ә.Кекілбаевтың «Ханша-Дария» хикаясында қолданылған бейнелеуіш сөздер: кердең-кердең, бұлғаң-бұлғаң, маң-маң басып, изең-изең, қалтыратып-дірілдеп.
4. Тұрақты тіркес сөздер: ай десе аузы,күн десе көзі бар – сұлу деген мағынаны береді.
4. «Ханша-Дария» хикаясында қолданылған қос сөздер: тапыр-тұпыр, гүрс-гүрс, абыр-сабыр, бұзып-жарып, бет-бетіне, қалш-қалш, ләм-мим, аяқ-қолын, салдыр-күлдір, сүйек-пүйек, бірінен-бірі, бұлғаң-бұлғаң, жып-жылтыр, теңкиіп-теңкиіп, қуана-қуана, тып-тыныш, таласып-тармасып, олпы-солпы, жалма-жан, бірте-бірте, қайқиып-қайқиып, ойсыз-отсыз, жып-жылтыр, жұп-жұқа, жан-жағы, күні-түні, күннен-күнге, елден-жерден, қараптан-қарап, емін-еркін, өзін-өзі, жалма-жан, мөп-мөлдір, ит-қит, ыза-қиқы, ың-жыңына, ағыл-тегіл, бір-бір, гүрс-гүрс, шақыр-шұқыр, іле-міле, қызыл-жоса, шақыр-шұқыр, бұрын-соңды, топ-топ, күрт-күрт, жайма-шуақ, әрі-бері, арса-арса, тамыр-тамыр, аңдап-аңдап, жеке-жеке, білем-білем,үй-үйдің, сүйріктей-сүйріктей, үсті-басы, ду-ду, ішек-сілесі, еміс-еміс, зірк-зірк т.б.
Демек, Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясының өміршеңдігі сөздерді қолдану ерекшелігінің өте жоғары болуында екенін байқадым.

Ақын Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясының мағынасын оқырмандарға түсінікті болу үшін архаизмдер, көнерген сөздер мен тарихи сөздер және сын есімді тіркесті сөздер, кірме сөздерді қолданады

Ақын Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясының мағынасын оқырмандарға түсінікті болу үшін архаизмдер, көнерген сөздер мен тарихи сөздер және сын есімді тіркесті сөздер, кірме сөздерді қолданады

ІІІ. Қорытынды. Ақын Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясының мағынасын оқырмандарға түсінікті болу үшін архаизмдер, көнерген сөздер мен тарихи сөздер және сын есімді тіркесті сөздер, кірме сөздерді қолданады. Повестің мән-мағынасын ашып, әсерлендіре түсу үшін сын есімдер мен жалқы есімдерді жиі қолданады. Ә.Кекілбаев «Ханша-Дария» хикаясы повесінде қолданылған синоним сөздер автордың тіл байлығын көрсетіп, оның көркем сөздің көсемі екендігін дәлелдейді. Ә.Кекілбаев қолданған синоним сөздердің барлығы шығарманың тақырыптық-идеялық негізінің ашылуына, көркемдік дәрежесінің одан әрі сапалана түсуіне жәрдем еткен.

Кекілбаевтың шығармаларын келешек ұрпақ жастарымыз оқып шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізсе; - «Ханша-Дария» хикаясы бойынша ауылдарды аралап көрермендерге көрсетілсе; - Ә

Кекілбаевтың шығармаларын келешек ұрпақ жастарымыз оқып шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізсе; - «Ханша-Дария» хикаясы бойынша ауылдарды аралап көрермендерге көрсетілсе; - Ә

- Ә.Кекілбаевтың шығармаларын келешек ұрпақ жастарымыз оқып шығып, зерттеу жұмыстарын жүргізсе; - «Ханша-Дария» хикаясы бойынша ауылдарды аралап көрермендерге көрсетілсе; - Ә.Кекілбаев шығармалар шет тілге аударылып, әлем бойынша танылса.

Ұсынысым:

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1.

Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Кекілбайұлы Ә. Ханша-Дария хикаясы. - Алматы: Олжас кітапханасы, 2012. 2. Ә.Кекілбаев «Дала балладалары» І том. Алматы: Жазушы, 2002ж. 3. «Әбіш Кекілбаев - заманның заңғар тұлғасы» Алматы. 2019ж. 5. Қазақ әдебиетіндегі Шыңғыс ханның бейнесі. articlekz.com 6. Әбіш Кекілбаев - замананың заңғар тұлғасы» атты халықаралық ғылыми практикалық конференцияның материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2019. - 312 б. 7. Қазақ әдебиеті. 11 сынып. Арман ПВ

Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.12.2024