Аннотация
Тақырыптың өзектілігі. Иса Тіленбайұлы патшалық өкіметке қарсы
шығып,көтерілісте қол бастады.Бұл көтерілістің дабылы патшаның өзін
састырды.Мұздай қаруланған әскерге қарсы тұрды, аянбай ерлік
көрсетті.Шешендігінің арқасында талай даулы мәселелерді шешті.
Зерттеу мақсаты-Қазақ хандығының 550жылдығы аясында,Иса мен
Досан көтерілісіне 140 жыл толу қарсаңында Маңғыстаулық қазақ
батырларының ерлігін, билігін, өнерін, жүріп өткен жолдары туралы
мәліметтерді, еңбектерін, кейінгі ұрпаққа үлгі,өнеге ретінде таныстыру.
Міндеті:
-Иса Тіленбайұлының ерлігін, ақындығын, шешендігін, басқа да
қырларын ашу;
-Өзімізге қайсар мінезді батырларымыздың өмірін үлгі-өнеге тұту;
-Батырлар ерлігін насихаттау және елін, жерін , Отанын қорғауға тәрбиелеу;
Ғылыми жоба —1..docx
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ МҰНАЙЛЫ АУДАНЫ
“№ 10 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ОРТА МЕКТЕБІ” КММсі
ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: ИСА БИ
БАҒЫТЫ: ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
ОРЫНДАҒАН:ЖОЛДАСБАЕВ НАУРЫЗБЕК,
11СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІСІ:ЖАЙЫЛГАНОВА АЙЫМГҮЛ,
ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ 20172018 ОҚУ ЖЫЛЫ
Аннотация
Тақырыптың өзектілігі. Иса Тіленбайұлы патшалық өкіметке қарсы
шығып,көтерілісте қол бастады.Бұл көтерілістің дабылы патшаның өзін
састырды.Мұздай қаруланған әскерге қарсы тұрды, аянбай ерлік
көрсетті.Шешендігінің арқасында талай даулы мәселелерді шешті.
Зерттеу мақсатыҚазақ хандығының 550жылдығы аясында,Иса мен
Досан көтерілісіне 140 жыл толу қарсаңында Маңғыстаулық қазақ
батырларының ерлігін, билігін, өнерін, жүріп өткен жолдары туралы
мәліметтерді, еңбектерін, кейінгі ұрпаққа үлгі,өнеге ретінде таныстыру.
Міндеті:
Иса Тіленбайұлының ерлігін, ақындығын, шешендігін, басқа да
қырларын ашу;
Өзімізге қайсар мінезді батырларымыздың өмірін үлгіөнеге тұту;
Батырлар ерлігін насихаттау және елін, жерін , Отанын қорғауға
тәрбиелеу;
Ұсыныс:1.Мектеп бағдарламасындағы оқулықтарға Маңғыстаулық
батырлар ерлігі, өмірі , соның ішінде Иса мен Досан көтерілісіне қатысты
көбірек мәлімет енгізілсе;
2.ФортШевченко қаласындағы Маңғыстау этнографиялық
музейінде Иса мен Досан батырларға арналған бұрыш ашылса;
Жұмыстың жалпы сипаттамасы:Иса Тіленбайұлының
өмірі,отбасы кең ауқымда қарастырылған.
Күтілетін нәтиже:Бүгінгі менің және басқа да оқушылардың
ғылыми жұмыстары республикалық,облыстық,аудандық газеттерде жарияланса,тәуелсіздіктің қадірін білетін білімді де тәрбиелі жастар
қалыптасар еді.
. 1.
. . Аннотация
Смысл темы:Иса Тиленбайулы вышел против ханство,возглавил
восстание.Встал против вооруженных войск и показал свое мужество.Решал
всевозможные споры опираясь на свою словесность,поэтизм.
Цель опыта: Накануне 550летия Казахского ханства,исполнению 140
летия со дня восстания Исы и ДосанаМангистауских батыров ,ознокомить
нынешнее поколения с их мужеством,творчеством а также с их пройденным
путем и дать сведение об их трудах. И воспитывать будущее поколение на их
примере,т.е. Ису и Досана показать образцом.
Обязанности:
Открыть ум,силу,мужество, поэтизм и все другие черты;
Вставить образцом для себя мужество наших героев;
Воспитать будущее поколения на примере героев любить и защищать свою
Родину и свое Отечество;
Предложение: 1.Как можно больше включить в школьную программу
материалы об жизни и героизме Мангистауских героев Исы и Досане
2.Открыть уголок посвященный Мангистауским героям Исе и Досану в
этнографическом музее в городе Фортшевченко
Общие описание работы: Жизнь и семья Исы Тиленбайулы изучен и
обработан всесторонне. Abstract
The relevance of the theme. Isa Tilenbayul began to revolt against the
government of the kingdom. This alarm himself the king of the uprising
confusion. Icy hard against the army was armed with courage. He decided many
contentious issues with his oratory.
The aim of the research:Kazakh Khanate within 550 years Isa and Dosan 140
on the eve of the anniversary of the uprising of Kazakh Mangistau heroes of
courage, power, art and on the way passed information, works to introduce the
next generation model as an example.
Objective:
Opening feat, poetic, oratory another aspects of Isa Tilenbayuly
Mourning is an example of life brave young heroes;
Propaganda heroic of heroes and education to defend the land of the country;
Recommendation:
1.School program textbooks Mangistau heroic feat of life, including Isa and
Dosan uprising more information is entered;
2.FortShevchenko, In Mangistau ethnographic museum opened exhibition for
the heroes Isa and Dosan.
General description: Isa Tilenbayuly’s provides a wide range of family
life.
Expected result: Today, my students and other scientific work of
national and regional newspapers declared independence, was formed by young
people who know the value of education and educated. МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ..............................................................................................................3
I.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫ19шы ҒАСЫР КӨСЕМІ
1.1.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ...............................................47
1.2.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫАЗАТТЫҚ ҮШІН КҮРЕСКЕН БАТЫР...........810
II. ЕСТЕЛІКТЕРІ,ЕҢБЕКТЕРІ
2.1.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫӘДІЛ БИ............................................................1112
2.2.ШЕЖІРЕ.......................................................................................................13
III.ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................14 2
КІРІСПЕ
Иса би туралы оқушылардың зерделеу жоба байқауы (Қазақ
хандығының 550 жылдығы аясында) бойынша Маңғыстауда туылған,
патшалық Ресейдің қысымына қарсы қол ұйымдастырған ұйымдастырушы,
әділет үшін болған көтерілістің қолбасшысы, тактикалық шебері, қара
қылды қақ жарған әділ де тура би, 22 жыл қатарынан старшина, болыс
болып 57 жыл ел басқарған, елдің қамы үшін ханның да, қараның да
алдында тайсалмай дара шығып мәселе шешкен, халқына пайдасы тиген
басшы болған Иса Тіленбайұлы туралы зерттеген ғылыми жұмысымды
қорғау үшін келдім.
Мақсатымбіз тек көтеріліс басшысы,батыр қолбасшы ретінде танып
келген Иса Тіленбайұлын басқа да қырларынан танытып,ерліктері туралы
мәліметтерді, өмірін, естеліктерін жинақтап кейінгі ұрпаққа үлгіөнеге
ретінде таныстыру еді.
Осы зерттеу жұмысының барысында маған көп көмек берген ,бағы
тымды айқындауға үлес қосқан жазушы,Махамбет сыйлығының лауреаты
Әбілқайыр Бақытұлы Спан аға болатын. Әбілқайыр аға XIX ғасырдағы,
1870 жылдары және XXғасырдағы Адайлар көтерілісінің себебін кең
көлемде зерттеген . Бірақ 1870 жылғы ИсаДосан көтерілісіне тереңірек тоқталғанын ,Исаның мықты қолбасшы,стратег болғандығын,жалпы айт
қанда көтерілістің тарихи маңыздылығын дәлелдеу үшін зерттеген.2004ж
жазушының Иса Тіленбайұлы деген кітабы шықты.
Бұл жобада Иса Тіленбайұлының қара қылды қақ жарған әділ билігімен
халықтың сүйікті шешен биі болғандығына көбірек тоқталғым келді
3.
I.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫ19шы ҒАСЫР КӨСЕМІ
1.1.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІР ЖОЛЫ
Сөзімізді шежіре жігінен басталық. АдайКелінбердіМұңалБәйімбет
Сабытай – Жандай – Боққара – Жанбоз – Жаманғара – Тіленбай Иса.
Сонда Иса Адай атамыздың 11 ұрпағы болып есептеледі. Жазба тарихы
жоқ шежіре атаулыға тән кемшілік болуына байланысты біз бұл дұрыс деп
кепілдік бере алмаймыз.[Ә.Спан.34бет] Бұл деректер 1832 жылы
Бозашыға келген Абросимов деген саяхатшының жазбаларында кездеседі.
Ол Жаманға рамен туыстас саудагер Айымның уйінде қонақ болған.
Тағы да Бас штаб полковнигі Иваниннің 1874 жылғы жазбаларында
ұшырасады.
Жаманғараның(Өтебай)екінші әйелінен Тілембай атты бір ғана баласы
болады. Ол ержеткесін жаңай руының әлі тақтасының Молдаберген
ауылынан Көңілімқос дегеннің қызына қосылады. Сол жұбайынан
1829 жылы Иса өмірге келеді.Одан кейін Орақ, Құлбарақ деген балалар
туылады.Иса ауыл мешітінде мұсылманша сауат ашқан.Исаның бірінші
әйелінің аты Сарықыз.Бірінші әйелінен бала болмаған.Екінші әйелі
Қытайыға қалай қосылғанына келесі бөлімде тоқтала кетейін.Осы
Қытайыдан 1878жылы Нұрберген,1888жылы Кемелхан деген екі ұл болады. Нұрбергеннен: Жолаш, Шүкірәлі, Ақын, Салық тарайды. Жолаштан:
Диқанғали,Ескі Өзенде тұрады.Шүкірәліден: Мырзағали,Жолдығали(Жөкен)
Құрық поселкесінде.Ақыннан бала қалмаған.Салықтан Жұмаш,Жұмаштан
Теңел,Серік,Берік;Теңелден:Жолболды,Нұрбол;Серіктен Ахат тараған.
Кемелханнан Әбдіғали,Исламғали,Махмұт,Уәли тарайды.Әдіғалидан
Амангелді Тұщықұдықта,Исламғалидан Салиха Тұщықұдықта тұрады.
. 4.
Махмұттан Ғабит Жаңаөзенде тұрады,сондағы мұнай техникумында оқы –
тушы,Уәлиден Азанбай Құрықта,Бөкенбай Ақтауда тұрады.Иса қайтыс
болған соң оның орнына 1910 жылы баласы Нұрберген болыс болып бір
сайлау жұмыс жасап,денсаулығының нашарлауына байланысты бұл қызмет
тен өзі босайды.1931 жылы болыстың баласы,өзі де болыс болған деген айып
тағылып түрмеге жабылады, сол жылы Гурьев түрмесінде қайтыс болды.
Атырау сыртындағы «Адай мола»деп аталатын қауымда жерленгені белгілі.
Екінші баласы Кемелхан да өз дәуірінің белгілі азаматы болған.1942
жылы өзі сұранып Ұлы Отан соғысына аттанып,содан қайтпаған.Бауырластар
зиратында жерленген.Жеңістен кейін жетіскен ұрпақтардан оқып,жоғары
білім алып, еліне пайдалы қызмет атқарғандары көп. Заңгер, инженер,
мұнайшы, сауда саласы сияқты бағыттарда еңбек етіп келеді.
Иса Қытайыдан соң тағы екі әйел алған. Екі әйелден екі қызы
болған. Екі әйелі мен қыздары туралы басқа мәлімет табылмады. Иса
мыңғыраған малы бар бай емес десек, онда оның тағы екі некелі болуы
кәдімгі ескі қазақ ауылындағы билік иесінің саяси жағдайына қатысты деп
түсіну керек.
Енді осы жоба барысында атқарған істерімізге тоқтала кетсем. Иса Тіленбайұлының Нұрбергеннен тараған ұрпағы Шүкіраліұлы
Жолдығали(Жөкен)аға Құрық кентінде тұрады екен.Жобаға қатысты сұхбат
алу үшін арнайы іздеп бардық.Жөкен аға мінезі ашық,жақсы кісі екен.Бізге
ата жайында көп әңгімелеп берді.Біз Жөкен ағадан осы жоба барысында Иса
атамызға қатысты жерлілікті халық ішінде теріс көзқарас қалыптасқанын,
Досан батырмен бірге аталуға лайық емес деп есептеушілер бар екенін және
бұған ағаның ойын сұрадық.
. 5
Ол кісі Досан көзсіз батыр болса,Иса ақылмен ,алыстан ойлайтынын,сол
кезде солай әрекет етуге де халық үшін барғанын айтты.Жалпы осы жоба
бойынша зерттеген материалдарым мен Жөкен ағамен сұхбаттан соң бәрін
саралай келе мындай ой түйдім: «ИсаДосан атаулары бөлінуге
келмейді.Досан соңғы оғы,қасық қаны қалғанша күрескен,патшалық билікті
мойындамай өлім құшқан батыр болса,Иса ақылмен билікті мойындай
отырып елдің,халықтың жағдайына көп көмек бере алатынын ойлаған ,әділ
билігі,шешендігімен қарапайым халыққа шарапаты тиген,тіпті өлгеннен соң
да елге шипасы тиіп келе жатқан батыр,би,дана адам болған деп ойлаймын»
Құрықтағы іссапарымыздан соң облыстық мұражайға бардық.Ол жерден
мұражай қызметкері,өлкетанушы, Қ.Р.жазушылар Одағының мүшесі
Отыншы Көшбайұлын кездестірдік.Ол кісіден біраз мәлімет алдық.
Бұдан кейінгі бағытымыз Иса Тіленбайұлын зерттеп ,дәріптеуді мақсат
етіп , зерттеу жұмысын кітап қылып шығарған ақын ,жазушы Әбілқайыр
Спан ағамен кездесу болды.Бұл кездесудің де берер көмегі көп болды деп
ойлаймын.Әбілқайыр аға Иса өмірі әлі де зерттеуді талап ететінін,Иса мен
Досан көтерілісі төңірегінде әр түрлі пікір қалыптасқандығын айтты.Біз өз ізденісімізді толықтыру мақсатында ФортШевченко қаласына жол тарттық.
Осы қалада 2010жылы ИсаДосан көтерілісіне 140 жыл толуына байланысты
сол кездегі облыс басшысы Қырымбек Көшербаев мырзаның қолдауымен
қос батырға ескерткіш орнатылған еді. Ескеркіш қала көркіне көрік қосып
тұр. Қалада екі мұражай бар екен.Біз Маңғыстау этнографиялық музейне
бардық.Өкініштісі сол,бұл музейден сол жерде туып –өскен қос батырға ,
олардың ерліктеріне,өміріне арналған бір бұрыш бұйырмапты.
Керісінше Ақтау қаласындағы обылыстық кітапханадан ,архивтен біраз
. 6
мәлімет таптық. Біз Исаның екі баласын ғана атап едік. Тағы бір деректерде
үшінші баласы туралы айтылады.Ол баланың аты Нұрмағанбет.Иса бір
сапарында Нұрмаганбет деген Ноғай баласын әкеліп Сарықыздың бауырына
салады.Ол ақын болады.1910жылы қайтыс болады.Одан 1897 жылы туған
Дәулетбай қалады.Ол емші,зікір салатын бақсы,көріпкел болады.
Иса Тіленбайұлы әруақты батыр, әділетті би болуымен қатар, ақын, ит
жүгіртіп, құс салған саяткер, мерген болған екен. Қазақтың жеті қайқысын
тануға да Иса мұрындық болған деседі.
. 7
1.2. ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫАЗАТТЫҚ ҮШІН КҮРЕСКЕН БАТЫР
Иса Тіленбайұлы 1829 жылы Маңғыстау жеріндегі Үстірт жай
лауы, Алаторпа ауылында Өтебайұлы (кей деректерде Жаманқара)
Тіленбайдың шаңырағында дүниеге келеді.Артынан Орақ,Құлбарақ деген
інілері ереді. Иса жергілікті мешіттердің бірінде оқып, сол кездегіше
сауат ашқан.1843 жылы Қаңбақтының аузында әлім мен адайдың арасында
болатын қақтығысқа қатысады.Бұдан кейінгі түрікпендермен ,тағы басқа
да ел арасында болған соғыс,қақтығыстарға қатардағы жауынгер ретінде
қатысып отырады.Иса сол кездерден бастап әңгіме тыңдап,шешімді билік
айтуға әуестенеді.Осылайша Ермембет,Қожық,Бәймембет Маяұлы сияқты
Адайдың белгілі билері мойындайтын дәрежеге көтеріледі.
1849жылдары Бегдаш айналмасында отырган түрікпендердің ауылынан
аруаналар жоғала береді де олардың Мәмбетсапа деген ру басы,атақты биі
адайлар барымталап кетіп жүр деп кінә артады. Адай билері ақылдаса
келіп, жас та болса Исаны Мәмбетсапамен айтысқа жұмсайды. Иса нақты
дәлелдермен адай елін түрікпендер таққан кінәдан құтқарады. Осы жағдайдан кейін Исаның билік құру, әділ шешу, жеңіп шығу
жөніндегі беделі өседі. Осылайша, 1850 жылы сол кездегі ел басқаратын
бистаршина қызметіне тағайындалады. Оның қарауына бәйімбет руының
сабытайынан тарайтын жандай елі бекітіледі де,енді Исаға елдің әлеуметтік
жағдайымен айналысып,түрлі мәселелерін шешуіне тура келді.
1860 жылы патша Ресей үкіметінің Маңғыстау қазақтары үшін
«жаңа низам» саясаты қолданыла бастайды.Адайларға өзге елдердегілерден
көп салық салынады және екі жылдың салығын бір төлеу міндеті қойылады.
Бұл салықты төлеуге көпшілігінің мүмкіндігі болмаса , мүмкіндігі барлар да
. 8
төлеуге ниет етпеді.Билер мен ел басқарушылары бас қосып ,ақылдаса келе
Маяның ұлы Бәймембетті Петербургқа барып,жарлық шығарушымен тікелей
кездесіп, 1731 жылғы Әбілхайыр мен Ресей патшасы Анна Иоановнаның
жасасқан шарты бойынша мына шешімнің заңсыз екендігіне көз жеткізіп,
адайларға салық салу шешімін бұздырып қайтуға жұмсайды.Бәймембеттің
бұл сапары ел күткен нәтижеге емес, керісінше Ресей патшалығының
жергілікті органдары басшыларының адайларға көзқарасын шиеленістіріп
жіберді.Соның нәтижесінде 1870жылы наурыз айында ФортАлександровс
кіден Рукин бастаған жазалау отряды шығады.Бұл отрядтың шыққалы
жатқаны туралы Исаға хабар жетеді. Иса сол кездегі адайдың белгілі
батырларына ат шаптырып хабар бергізеді.Соның нәтижесінде үлкен қол
жиналады.Қолды Иса басқарады.Иса өзінің шебер тактикасы арқасында
жазалаушы отрядты талқандайды.Бірақ мұздай қаруланған қосымша әскердің
жетуі Исаны жақтаушыларымен бірге Хиуаға өтіп кетуге мәжбүр етеді.
1872 жылы Хиуа хандығы Иса Тілембайұлын адайдың 70 биінің үстінен Қарайтын төбе билік қызметінен түсіріп тастайды.Бұл жағдайдан кейін Иса
мен Досан өз жасақтарымен бөлініп,Досан қырға шығып кетеді де, Иса
Хорезм бойында қалып қояды.
1873жылы ауылдастарымен отырған Исаның жанына ақ есекке мінген
ақсақал келіп тоқтайды.Ақсақал: «Иса жат жерде шығындалма,елге қайт»
дейді де ,елес болып көрінбей кетеді. Осы күннің ертеңіне Иса Маңғыстауға
бет алады. .[Маң.14.10.2010]
Иса Хиуадан оралған соң Фортқа барып оязбен, жазалаушы полктың
басшысы Ломакинмен кездеседі.1874 жылы Қарағантүп болысына
болыстық басқарушы (волостной управитель) болып тағайындалады.
. 9
Исаның болыс болып іске асырған шарасы Сам жайылымынан бастап
Матай құмға дейінгі жердің Маңғыстауға беріліп,шекарасы белгіленуі болды.
Исаның 1874жылы тағайындалған болыстық қызметі 1909 жылы өзі
қайтыс болғанға дейін жалғасады.
Маңғыстау қазақтарының азаттық жолындағы туын көтеріп,ұранын
шақырып атойлаған қаhармандары Иса мен Досан.Екеуі бірігіп елді көтер
ді,патшаға қарсы шығып,жазалаушы әскерді жойып,өліспей беріспейтінін
көрсетті.
Қазір біздің елімізтәуелсіз,азат ел. Бұл Иса мен Досанның ,азаттық
жолында шейіт болған батыр бабаларымыздың жан алысып,жан беріскен
шайқастарының тарихи нәтижесі деп түсінуіміз керек. Иса елдің
амандығын ойлады ,күресу үшін ұрпақтың өсіп,елдің іргесі бекіп,ес жинауы
қажет екенін түсінді және сол үшін қызмет етті. Иса мен Досан –тек ақын ғана емес ,сол ел мен жер үшін қан төгіп,қасық
қаны қалғанша күрескен қазақтың батыр ұлдарының бірі әрі бірегейі.Олар
әрқашан екі туысқан жандардай болмақ.Тарихтан білетініміз,Иса мен Досан
ел ертеңі үшін бірге күрескен. Көтерілісшілердің жеңіліс тапқанына
қарамастан, төрт жыл бойы табандылық көрсетіп, қаруын қолынан
тастамай, жанкешті соғыс жүргізуі де Маңғыстау адайларының қайтпас
қайсарлығын, тәуелсіздік жолында табандылықпен күрескенін көрсетеді.
10
II. ЕСТЕЛІКТЕРІ,ЕҢБЕКТЕРІ
2.1.ИСА ТІЛЕНБАЙҰЛЫӘДІЛ БИ
1. 1875ж. Арқа жақтағы адайлардың малын ұрлап 7 жігіт қолға түседі.
Сол кездегі жиырма мың үйлік Адай уезінде 12 кісіден тұратын мировой сот
деп аталатын соты бола тұра ,ұрылар мен адайлардың орналасу принципіне
байланысты сот процесі ашылмай, мәселені шешу билердің қарауына
беріледі.Адай билері жиналып ,өз жиынында Исаны төбе би сайлайды.Билер
7 ұрыны асып өлтіру жазасын ұсынады.Төбе би Иса оларға ұрланған адай
елінің малдарын мойнына қосақ,артына тіркеумен әкеліп табыстау талабын
қояды.Ұрылар босаса қосақ түгілі өз құйрығын да ұстатпай кетеді деп,билер
Исаның шешіміне риза болмайды.Бірақ шешңімге риза болған ұрылар арада
бірнеше ай өткеннен кейін билер алқасының шешімін бұлжытпай
орындайды.Қосағын да ,тіркеуін де қосып әкеледі. Мал ұрлатқандар малына
мал қосып алғанына риза болса, өлімнен құтқарылған ұрылар тірі қалғанда рына мәз болды.
Осы кезде Исаның үйіне бір кісі келеді. Амансаулық сұрасқан соң
Иса деген сіз бе?деп сұрайды.Иса «иә,мен»деп жауап береді.Олай болса мен
Мына 7 ұрының біреуінің әкесі едім.6қыздың ортасындағы жалғыз ұлым
еді.Сондай ауыр қылмыс істесе де сіз оны тірі алып қалыпсыз.Сол жақсылы
ғыңыз үшін ең кенже қызымды алып келдім.Інің болсын,ұлың болсын
қалағаныңа қосарсың .Иса сізге рахмет,менде үйленбеген іні жоқ,ұл да жоқ.
Ниетіңе рахмет ,ризамын.Қызыңды еліңе алып кете бер дейді.Оған көнбеген
ұрының әкесі онда өзің аларсың дегенде Иса оған «маған жапжас қызыңды
ұсынып не болды»деп ұрысады.Сонда ұрының әкесі «Қытайы,ішке кір»дейді.
Қызға әкесі «Шырағым,мына кісі ауыр қылмысты ағаңды өлімнен алып
. 11
қалған Иса деген би екен.Сол жақсылығы үшін қазірден бастап сен осы
кісінің әйелісің .Оның әмірі сен үшін заң.Алла бағыңды берсін»,деп бетін
сипап кетіп қалады. Қытайы әкесінің тапсыруы бойынша үйде қалады.
[Маңғ.14.10.2010ж]
2.Жаманқара Иса болыс болып тұрғанда , көрші ауылдан Табынай
Кенжалы деген кісі келіп,амансаулықтан кейін Исаға: «Жарлыжақыбай
ауыл едік, ұрыға мал алдырып келдік. Жоғалған малдың ізіне түсіп едім,
сіздің ауылға алып келді, бірақ жігіттеріңнен сұрасақ “көрмедік,білмедік”
деп жолатпайды,көкке ұшқан ,жерге кірген жоқ,жоғымызды табуға және де
ибалық етіп төрелік сұрағалы келіп отырмыз»деген көрінеді.
Сонда Иса «Шырағым, егер расталса жоғыңды апарып бергіземін,
сендер елдеріңе қайта беріңдер» деп жоқ іздеуші жігіттерді ауылына
аттандарады. Иса жігіттерін жинап:'' Егер алмағандарың рас болса,жылқыға барып
жүгенқұрық тимеген екі асау ат ұстап әкеліңдер''деп тапсырма беріпті.
Жігіттер “мұны не қылайын деп отыр екен”деп аңтаң қалып, айтқанын
орындап, үйірден екі асау ат ұстап әкелген. Екі асауды алып келгеннен
кейін Иса “Ал,шырақтарым,алмағандарың рас болса ,мына екі асау аттың
астынан (бауырынан)біртіндеп өтіңдер”деп жылқының басын байлатқан.
Жүгенқұрық тимеген асау аттың астынан өту оңай ма,жігіттер ұрлықтарын
Мойындаған көрінеді.Сонда Иса жігіттерге малын алдырған Табынай
Кенжеалыдан кешірім сұрап,жоғын апарып беруді бұйырыпты.
Ел сонда “апырмай мынадай да тапқырлық болады екенау”деп
таң қалған көрінеді.[ Әділ Жұмалыұлы. Адай билері айтқан...45бет ]Иса
болыстығымен қатар билікке шешімді,сөзге жүйрік,тапқыр,әділ адам болған
көрінеді. 12
2.2.ШЕЖІРЕ
ӨТЕБАЙ
ТІЛЕНБАЙ
ИСА
НҰРБЕРГЕН КЕМЕЛХАН ЖОЛАШ
ДИХАНҒАЛИ .
ӘБДІҒАЛИ
ШҮКІРӘЛІ ИСЛАМҒАЛИ
АҚЫН МАХМҰТ
САЛЫҚ ЖОЛДЫҒАЛИ УӘЛИ
.
МЫРЗАҒАЛИ АМАНГЕЛДІ
САЛИХА
ҒАБИТ
АЗАНБАЙ БӨКЕНБАЙ
13
III. ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен Иса Тіленбайұлы 14 жасынан бастап елін сыртқы жаулардан,
қиянаттан қорғап, азаттық әперу үшін күрескен батыр.Патшалық Ресейдің
ерекше қысымына қарсы қол ұйымдастырған ұйымдастырушы. Ұйымдас
тырған қолды соғысқа көтерген,әділет үшін болған көтерілістің қолбасшы
сы.1870 жылғы көтерілістің тактикалық шебері, 18 жасынан би, 21 жасынан
22 жыл қатарынан старшина, төбе би, 45 жасынан өмірінің соңына дейін
35 жыл үздіксіз болыс болып 57 жыл ел басқарған, елдің қамы үшін ханның
да, қараның да алдында тайсалмай дара шығып мәселе шешкен, халқына
пайдасы тиген басшы. Елдің елдік, ағайынның туыстық, татулық қасиетін қалыптастырған, ділмәр ұйымдастырушы, қара қылды қақ жарған әділ де
тура билігімен ел көңілінен шыға білген халықтың сүйікті шешен биі, көзі
нің тірісінде де, ауру, кәріптерге шапағатын аямаған әулие.
Ойымызды түйіндей келе айтарымыз,батыр бабаларымыздың ерлік
істері қай кезде де ұрпақ үшін үлгіөнеге болуы керек.Егер біз бабалары –
мыздың асыл мұрасын сақтап,үлгі тұтсақ ,олардың есімін ұмытпай ,қадір
лесек бұл жастар үшін тәрбие бастауы болары анық.
Сөз соңында ұсынысым,Иса Тіленбайұлына қатысты оқулықтарға
қосымша мәліметтер енгізілсе,ФортШевченко қаласындағы мұражайдан
Иса мен Досан өмірі,ерліктері мен еңбектеріне арналған бөлім ашылса,
есімдері көше атына берілсе екен деймін.
Елі сүйген батырлар есімі ешқашан ұмытылмайды.
14
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Маңғыстау газеті.8 қыркүйек 1992ж
2.Маңғыстау газеті.14 қазан 2010ж
3,.Егеменді Қазақстан.15 қазан 2010ж
4.Қазақстан патриоты.№1 2013ж
5. Әділ Жұмалыұлы. Адай билері айтқан...
6.Әбілқайыр Спан. Иса Тіленбайұлы 15
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Ғылыми жоба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.