Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы
Оценка 4.7

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Оценка 4.7
Исследовательские работы
doc
история +1
Взрослым
27.01.2019
Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы
Бұл ғылыми жобада Желтоқсан оқиғасында қан кешкен аға-әпкелеріміздің басынан кешірген және көздерімен көрген оқиғалары туралы өз ауыздарынан айтқан әңгімелері жиналған. Сол дәуірдегі өмір шындығын ашып айтуға, Тәуелсіздікке осындай ауыр жолмен жеткені жайлы кейінгі ұрпақ ұмытпайтындай, біле жүретіндей мағлұмат беру-біздің басты мақсатымыз.
желтоқсан алауын жаққан жүректер.doc
ШҚО Бесқарағай ауданы  «Үлкен Владимировка орта мектебі»  КММ­нің директоры:                                    Садвакасова Б.А.                       ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУ КҮНДЕЛІГІ Зерттеу тақырыбы  «Желтоқсан алауын жаққан жүректер» Секция: гуманитарлық Бағыты: теориялық, эксперименттік Оқушының Т. А. Әлібек Әсия, Есенаманов Жан. Мектеп, сынып «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ 9 сынып Ғылыми жетекшінің А.Т.Ә. Кусманов С.К. 2015­2016 оқу жылы. Күнделіктің негізгі бөлімінде оқушының істеген жұмыстары кезең кезеңімен сипатталады  және ол төмендегідей болады:   №  1 Жұмыс мазмұны  Тақырып таңдау. Зерттеу әдістері  Газет, журнал, ғылыми  еңбектерді парақтау. Ескерту  «Егемен Қазақстан»  газеті, «Жұлдыз» журналы т.б. 2. Ғылыми жұмыстың  өзектілігіне көңіл бөлу. А) ҚР Тәуелсіздігінің 25  жылдығына берілген старт. Ә) Сол тәуелсіздік қазақ  даласына қалай келді? – деген  сұрақ төңірегінде жұмыс істеу. 2016 жылы ҚР тәуелсіздік  алғанына 25 жыл толады.  3. Қазақстандық, ресейлік,  әлемдік әдебиеттермен  жұмыс жасау. КСРО кезіндегі он бес одақтас  республикалар, оның ішінде  Қазақстанның жағдайы. Мектеп, аудан, қалалық  кітапханалар 4. 5.  КСРО құрамында болған ҚР  басынан кешкен  зобалаңдарына тоқталу, шығу себептері. 1986 жылғы желтоқсан  оқиғасы, себебі, нәтижесі. Голощекин, колбин Сталин  құрбандары туралы мәліметтер. Бейбіт шерудің аяғы қанды  көтеріліске айналу себептерін  іздеу. Куәлердің айғақтарын, тарихи  оқиғамен байланыстыру Ғаламтор, М.Шахановтың  «Желтоқсан зобалаңдары» атты кітабы. Ғаламтор материалдары,  М.Шахановтың  «Желтоқсан зобалаңдары» атты кітабы. 6. 1986 жылғы желтоқсан  оқиғасының құрбандары Олар туралы нақты мәліметтер  іздеу кім, қай оқу орнының  Бейнероликтердегі  шындық. студенті, шеруге бару себебі. 7. «Қазақстан жолы»  кабинетіндегі желілік жұмыс. «Мәңгілік ел» кабинетіндегі  жаңадан келген материалдармен жұмыс істеу. Айжан Қожанбекқызынан  қосымша мәліметтер алу. 8. Ғылыми жобаны жазу. Кіріспе, негізгі бөлімдерімен  жұмысты тиянақтау. Жоба құрылымын реттеу. 9 Жетекші мұғалімнен пікір  алу 10 Шәкәрім атындағы  университетпен байланыс. Жобаны оқу, мазмұнымен  жұмыс жасау, қорытынды  бөліміне тоқталу. Пікір, аңдатпамен жұмыс Жобаға пікір алу. 11 Жетекші мұғаліммен жоба  жұмысын қайта бір қарау.  Аңдатпасын жазу. 12 Баспасөз материалдары мен  ғаламтор материалдарын  реттеу. Жұмысты негіздеу Үш тілге аудару. Қажет жерлерін жоба ішіне  белгілеу 13 Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігі Шығыс Қазақстан облысы         Тақырыбы:  «Желтоқсан алауын жаққан жүректер»   Бағыты: теориялық, эксперименттік Секциясы: : гуманитарлық               Авторы: Әлібек Әсия, Есенаманов Жан,  9 сынып, «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  Бесқарағай ауылы, Бесқарағай ауданы, ШҚО .(аты­жөні толығымен, сыныбы, мектебі, қаласы)     Жетекшісі: Кусманов Серикбол Казкенович  Тарих және география пәні мұғалімі. ,  «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  Бесқарағай ауылы, Бесқарағай ауданы, ШҚО  (аты­жөні толығымен, пәні, мектебі, қаласы)     Кеңесшісі: Пащенцев Александр Петрович  Шәкәрім атындағы СМУ доценті,  тарих ғылымдарының кандидаты,  Семей қаласы. (аты­жөні толығымен, дәрежесі, оқу орны, қаласы) 2016 жыл Мазмұны І Кіріспе.  «Тәуелсіздік» сөзінің ұғымы. ІІ Негізгі бөлім. 2.1. Қазақстан КСРО құрамында. 1986 жылғы саяси ахуал, оқиғаның   алғышарттары 2.2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының барысы.                                                                           2.3. 1986 жылғы Алматы облысында орныққан саяси жағдай. ІІІ. Қорытынды бөлім. «Желтоқсан – тарихи маңызы бар зор оқиға» Аннотация   алуына         қарқын жұмысының                                  Бұл тақырыпты таңдауға түрткі болған жағдай 2006 жылғы «Егеменді Қазақстан»   газетінде   «Желтоқсан   желі   ызғарлы»   мақаласында   берілген   жастар   легінің суретіне қарап отырып, сол алаңға барған жастардың кімдер екендігі, қай оқу орнынан екен деген   сұрақ   мазалады?!   Сол   ой   жетегінде   іздену   жұмыстары   басталды.   Бағыт   бағдар берген, ұстазым Кусманов Серикбол ағай еді. Бұл жұмысқа деген қызығушылығым артып, зерттеу тигізді. Осы тақырыпты зерттеу барысында «Декабрь 1986» құжаттық хроникалық материалдарды оқып шығып, жұмыс барысында осы құжаттағы көрсетілген стат.есептерді негізге алдым. Мұхтар   Шаханов   «Желтоқсан   эпопеясы»,   «Алматы   1986   желтоқсан»   айғақ   кітаптарын басшылыққа алдым, зерттеу жұмысының барысында желтоқсан оқиғасына қатысқан аудан көлеміндегі азаматтардың естеліктері мен құжаттары келтіріледі. 300 жылға жуық уақыт бойы   аңсаған   егемендігіне,   еркіндікке   жетеміз   деген   үмітті   қайта   жандырған,   тарих қойнауына қате бағаланып енген, жастарымыздың саяси сауаттылығын айқындатқан оқиға. Егемендік   алғалы   бері   тек   желтоқсан   оқиғасы   кезінде   ұсталып,   сотталған,   оқудан шығарылғандар   ғана   желтоқсаншылар   деп   танылуда.   Ал   қалған   бұғып,   қашу   арқылы жазадан   аман   қалған   желтоқсан   қатысушылардың   бұл   оқиғаның   өріс   алуында   ықпалы болмағаны ма?! Бұл сұрақ Желтоқсаншылар мәртебесін көтеру мақсатында қайта қаралу қажет. ықпалын Бұл   жинақталған   материалдарды   тарих   сабағында   «1986   Желтоқсан»   9­11 сыныптарында тақырыпты оқу барысында өлке тарихы ретінде пайдалануға болады. Аннотация Толчком для выбора данной темы послужило фотография из статьи в газете  «Егемен Қазақстан» 2006 года «Желтоқсан желі ызғарлы». Возник вопрос кто они, это  молодежь на снимке, что привело их на площадь, из каких учебных заведении они. Чтобы  найти ответы на наши вопросы, мы обратились к своему учителю истории Кусманову  Серикбол Казкеновичу, беседа с ним еще больше подтолкнула нас к исследовательской  работе, вызвало интерес. Мы узнали, что это студенты исторического факультета КазПИ. В основу нашей исследовательской деятельности лежит хронологические материалы, статьи  «Декабрь 1986».  В своей работе руководствовались материалы из книги М.Шаханова  «Желтоқсан зобалаңы», и воспоминаниями и документами людей из нашего района.  Эти  события показали политическую грамотность нашей молодежи в борьбе за независимость  страны, о чем мечтали более 300 лет. Только обранья независимоть, мы узнали правду о  событиях декабря 1986 г, о тех кто был осужден, изгнан из ВУЗов, вынужден был  скрываться. Считаем, что декабрские события 1986 года должны быть изучены, им должна  быть дана справедливая оценка.  Материалы наших исследовании могут быть использованы 9­11 классах как дополнительный материал по краеведению на уроках истории. Photo in newspaper "Egemen Kazakhstan" was cause for this theme.We had different questions."Who are they?","Who they came?","Which public schools Annotation they are came?".We treat to our teacher of history Kusmanov Serikbol Kaskenovich for answer the questions.These conversation for us big interest.Student of KazPI were on photo "Desember 1986" was the basis of our research.And M.Shahanovs book "Zheltoksan zobalany" gived a lot of information.Those events shown literacy of our young people.Our materials will be take in 9,10,11 classes on history subject. Жетекшінің пікірі Оқушының осы оқиғаны зерттеу барысында желтоқсан оқиғасының тарихын қайта қарау керек деген пікірінің өзі зерттеушінің оқиғаны зерттеу барысының мақсатын айқын көрсетеді. Болашақта жұмыс жалғасын табады, мақсатына жетеді деп ойлаймын. Жұмыс   барысында   КСРО   кезіндегі   Конституциядан   үзінді   келтіре   отырып тоталитарлық жүйе кезіндегі адам құқыңының тапталғандығын фактілер келтіре отырып дәлелдеуге тырысады. Бұл да зерттеу барысындағы жетістік деп  бағалаймын. Бірінші   жыл   айналысқандықтан   бұл   жұмыста   тек   қана   жалпылама   құжаттық  Аудан   көлеміндегі   желтоқсанға   қатысқандардың   тарихы мәліметтер   жинақталған. толықанды қамтылмай қалды. Осы   тақырыпты   зерттеу   барысында   «Декабрь   1986»   құжаттық   хроникалық материалдарды оқып шығып, жұмыс барысында осы құжаттағы көрсетілген стат.есептерді негізге алды.  Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы», «Алматы 1986 желтоқсан» айғақ кітаптарын   басшылыққа   алды,   зерттеу   жұмысының   барысында   желтоқсан   оқиғасына қатысқан аудан көлеміндегі азаматтардың естеліктері мен құжаттары келтіріледі.  Жетекшісі: тарих пәні мұғалімі Кусманов Серикбол Казкенович. ШҚО Бесқарағай ауданы «Үлкен Владимировка орта мектебі» КММ  9 сынып оқушылары Әлібек Әсия, Есенаманов Жанның  мектеп оқушыларының ғылыми жобаларына дайындаған  «Желтоқсан алауын жаққан жүректер» атты ғылыми жобасына Ғылыми  жетекшінің   пікірі. Зерттеу   жұмысының   тақырыбының   өзі   тың,    аз   зерттелген   тақырып.   Жұмыстың  барысында қойылған  мақсатының өзі айқын. Желтоқсан оқиғасының мәнін, нақты  оқиғаға қатысушы куәлердің  айғақтары арқылы дәлелдеп, тарихи оқиғаға  баға берген.  Тақырып  барысында   сол   кездегі   қоғамдық   жүйенің   дағдарысын   ашық   көрсеткен.   Куәлердің айғақтарын, тарихи оқиғамен байланыстыра   отырып   ой­түйіндеуге   ұмтылады.  Зерттеу  жұмысы барысындағы  осы  жетістіктерді  атап өткен жөн. Зерттеу   барысында   тарауларды   құжаттамаларды   қосу  қажет. толықтыра   түсу   қажет,   қосымша  деректік  Оқиғаға   қатысушылардың   деректерін   толық   қамтыса,түссе   тақырыптың   құндылығы  артатыны  сөзсіз. Оқушының  алғашқы жылдары  жазып отырғандығын  ескерсек, жоғарыда аталған  кемшіліктердің болашақта түзелетіндігіне   сенім  білдіруге  болады. Қазақ халқы бабаларымыз, ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздікке ұлт болып  қалу–қалмауы қыл үстінде тұрған алмағайып заманда қол жеткізді.      Н.Ә.Назарбаев Кіріспе Қазақ   халқының   ертеден   ешкімге   тәуелсіз,   жеке,   дара   мемлекет   болып   өмір   сүруді қалайтыны,   сол   егемендік   жолында   қаншама   батырларымыз   бен   ұлы   тұлғаларымыз жандарын   пида   еткенін   соңғы   тамшы   қанына   дейін   «елім,   жерім»   деп   тұратыны   тарих қойнауынан   мәлім,   оның   дәлелі   қазақ   халқы   басынан   300­ден   астам   ұлт­азаттық көтерілістер   мен   толқуларды   өткізді.    Ұлт­азаттық   көтерілістердің   басты   мақсаты тәуелсіз, егеменді мемлекет құру. Ата­бабамыз ертеден қоныстанған кең­дархан даламызда бұрынырақтарда да қуатты мемлекет Қазақ хандығын құрғаны белгілі. Алайда, сол Қазақ хандығын   қорғап   қалу   үшін   халқымыз   өзі   аса   қастерлейтін   егемендігінен   айырылды, Ресейдің отаршылдық тұзағына түсті.   Ұзақ жылдар бойы өз атамекенін қанымен қорғап келген халыққа «Тәуелсіздік» сөзінің ұғымы ерекше. Үш ғасырға жуық Ресей құрамында болған қазақ елі отаршылдық езгінің небір сұрқия саясатының құрбаны болды, ғасырлар бойы   ата­бабаларымыз   мұра   қылып   қалдырған   шұрайлы   жерінен   айырылды.   Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын салт­дәстүр, әдет­ғұрпымыздан тілімізден айырыла бастадық. Осы қордаланған мәселенің мұз құрсауын еріткен оқиға – Желтоқсан. Желтоқсан оқиғасы  әлі күнге дейін тарихта аз зерттеліп өз бағасын ала алмай келеді. Менің   тақырыпты   таңдаудағы   мақсатым   желтоқсан   оқиғасының   тарихын   жан­жақты зерттеп,   аудан   көлеміндегі   қатысқан   азаматтардың   өмір   деректерін   зерттей   отырып, олардың тәуелсіздік жолындағы қосқан үлесін айқындау және тарихқа енгізу. Желтоқсан оқиғасының маңызы ТМД елдері көлемінде де бар, Кеңестер үкіметінің Одағында болған, кейіннен бөлініп шыққан барлық мемлекеттердің егемендігінің бастауы, тәуелсіздік рухын оянуына   түрткі   болған   тарихи   маңызы   зор   оқиға.   Бірақ   әлі   күнге   дейін   Желтоқсан оқиғасына   әлемдік   деңгейде,   тіпті   ТМД   елдері   арасында   дұрыс   бағаланбай   келеді.   Ол жөнінде   Мұхтар   Шаханов   «Бірнеше   жылдан   бері   желтоқсан   тақырыбына   халықаралық конференция өткізу туралы ұсынымыз аяққа басылуда. Осы немқұрайлықты тудырған тағы бір себеп – біз тек материалдық байлықты ғана пір тұтып, рухани құндылықтарды көзге ілмеуге   тырысамыз.   Ал,   бабаларымыздың   ұлы   арманы   –   рух   егемендігіне   жету болатын»дейді.¹ Материалдық байлыққа ұрпағымыз ақша арқылы қол жеткізуі мүмкін, ал рухани байлық білім   арқылы   келетінін   ескерсек,   болашақ   ұрпаққа   тарихи   оқиғаларды   зерттеп,   өз дәрежесінде баға беріп жеткізу бүгінгі күннің еншісінде. Осы тақырыпты жаза отырып, мен де тарихқа өз үлесімді қоссам деймін.   ¹. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» Деректі роман Алматы 2006 3­бет Негізгі бөлім.  2.1. Қазақстан КСРО құрамында. 1986 жылғы саяси ахуал, оқиғаның алғышарты. Әр қоғамның әлеуметтік­экономикалық дамуы басқарушы үкіметтің жүргізетін саясатына тікелей   байланысты.   КСРО   уақытында   да   Қазақстанның   дамуы   КОКП­ның   саясатына тәуелді   болған   еді.   Социалистік   партиялардың   жүргізген   саясатының   қаталдығы   мен өрескел   талаптары   арқасында   Қазақстан   тарихында   1960­1980   жылдарына   «Тоқырау жылдары» деген баға берілді. Бұл жылдары бүкіл қазақ даласы әлеуметтік­экономикалық жағынан да, білім, ғылым, мәдениет саласында да зор зардап шекті. 30­жылдардағы Сталинизм, оған дейінгі жағдайы мәз емес халықты одан сорақы қанады. Жазалау   шаралары   қаталданды:   ату   жазасы,   жер   аудару,   еңбекпен   түзеу   лагерьлеріне қамау, КСРО­дан тыс жерлерге қудалау. Үкімет саясатына сын айтқан, халықтың ұлттық намысын   қозғаушылар,   жеке   адам   құқығын   қорғаушылар   «халық   жауы»   деген   айыппен жазаланды.   Олардың   қатарына   біздің   алға   басар   қоғам   қайраткерлеріміз   де   кірген   еді, сауаты   ашық   мемлекет   қайраткерлері,   ғалымдар   «халық   жауы»   жеп   жала   жабылып қудаланып, жазаланды. Осылайша бұл саясат еліміздің мәдени дамуына кедергі келтіріп, халқымызды қараңғылыққа, сауатсыздыққа алып келді..  2.2.      1986  жылғы желтоқсан оқиғасының барысы. 1986 жылы желтоқсанның 16 жұлдызында бүкіл елді дүр сілкіндірген ғаламат оқиға болды. Бұл   кеңес   өкіметі   тұсында   бұрын   –   соңды   кездеспеген   құбылыс.   «Алматыда демонстрация»,   «Брежнев   алаңында   қаптаған   жұрт»,   «Көшеде   сап   түзеп   бара   жатқан жастар» деген лебіздер ескен желдей гулеп тарап жатты. Елеңдеген ел түсіне алмай дал болды.   Бұл   оқиғаны   сол   кездегі   Қазақ   Педагогикалық   институтының   студенті,   16 желтоқсан күні алаңға алғашқы  болып  барған жастардың  бірі Ермухамбетова  Салтанат Ешмухамбетқызы былай деп есіне алады: «Ол кезде мен ҚазПИ­дің тарих факультетінің І­курс студенті едім. 16 желтоқсан күні Абай көшесіндегі №5 жатақханадан оқуға кетіп бара жаттық, сағат 10:00­дер шамасында трамвайда бір орыс әйелінің «Наконец, ваш царь пал с престола?!», ­деген сөзін және сол жерде Д.А.Қонаетың биліктен алынып оның орнына ішкі Ресейден Колбин деген бір орыс басшы келгенін естіп, оны ортаға салып талқыладық. Оқу ғимаратына келгенде, ғимаратқа кіретін жерде бір топ сурет­графикалық факультетінің студенттері жиналып тұрды.» Сондағы   қазақ   жастарының   бірлігі,   ұйымшылдығы   адам   таңғалдырарлық.   Тіпті   сонда алаңға   шығуға   жиналуға   әрекет   етпеген   студентерді   намысына   тиіп,   жинауға,   алаңға баруға көндіруге тырысты. Бұл жөнінде сол кездегі ҚазПИ­дің филология факультетінің І­ курс студенті Құрманбаева Рыскүлдің естелігі: «15 желтоқсан күні менің туылған күнім болатын. Сол күні кешкілік курстастарымызбен отырыс жасап, туған күн ойнағанбыз. Келесі күні сабаққа шаршаңқы, ұйқылы­ояулы келдік. Ол кезде біз ештеңеден бейхабар едік. Сөйтіп 16 желтоқсан күні таңертеңгісін сабаққа барып отырсақ, терезеден далада тұрған студенттер «Сендердің намыстарың жоқ па, не?», «Қорқақтар,   перваштар»,   «Намыс   қайда?»,   «Шығыңдар   қане   далаға?!»   деп   айқайлады. Кейіннен не болғанын сұрап біліп, арамыздан жастар алаңға баруға топтасты.» Жастардың алғашқы легі осылайша топтасып жоғарғы оқу орындарына барып басқа да жас студенттерді шақырды, «Жазушылар үйіне» барып, қалаулы ақын­жазушыларды іздегені жөнінде Сартолов Қанат Әбілжанұлы естеліктерінде: «Жастардың алғашқы легі болып «Жазушылар үйіне» бардық. Ол жерден О.Сүлейменовты, М.Шахановты іздедік. Терезесінен адамдардың шыққысы келгені көрінді, бірақ ғимараттан ешкімді шығармады. Сондағы О.Сүлейменовты іздегеніміз, Олжас — қазақ ақындарының ішінде саясатқа жақын дарының        бірі болатын, біз оның КОКП ОК­ніің осы шешіміне баға беріп, өз ойын айтып, алаңға бара жатқан жастарға  бағыт­бағдар берер деген аңғалда  таза   көңіл   еді.   Бірақ   тотаритарлық   жүйенің   жандаралдары   ол   сезімді   таза   көңілді түсінгілері   келмеді.   Желтоқсанның   ызғарлы   сол   күнінде   жастар   Олжас   пен   Мұхтар  Шахановты   іздеді. Егерде   сол   жастар үкіметтің сипаттағанындай «нашақор, маскүнем болса» өздерінің   рухани   ағаларын  іздер ме еді?   Олар нағыз   Отанының   патриоттары, Олжас   пен Мұхтар өлеңдеріндегі өрліктен   үлгі алған, өз елінің болашағына   алаңдаған  жастар   болатын.   М.Шахановты   да   белді   саясаткер   жазушы   ретінде   көргіміз   келді.  Жазушылар үйінен ешбір жауап ала алмаған соң, әрі қарай алаңға бет алдық». «Алаңға кетіп бара жатқанда Партияның тағы да бір  құйтыртқы әрекетінің куәсі  болдық: Халық  пен зиялы   қауымды бір­біріне   қарсы   қойды, Әр   көшенің бұрышына халыққа танымал адамдарды  шығарып, Партияны жақтап сөз сөйлететін. Алайда келе жатқан жастарды олар тоқтата   алған   жоқ.»­деп   желтоқсан   куәгерлері   еске   алады.   Осылайша   үкімет   халық зиялыларын халыққа қарсы айдап салды. Ұлттық идеалогияны екі жікке бөлді. Барлығы бірлесіп «Әр халыққа­өз көсемі!», «Лениндік идеялар жасасын!», «Ешбір халыққа артықшылық берілмесін!», «Қазақстан қазақтардікі», «Ресейге қайт» деген транспораттар мен лозунгтар жазып алып,  Брежнев атындағы алаңға түс ауған уақытта жетті.   Кешке қарай жиналғандардың саны шамамен 2­3 мыңдай болды. 1977 жылы қабылданған КСРО Конституциясының 48, 49 баптарына сәйкес: «48 бап КСРО азаматтары мемлекеттік және қоғамдық   басқару   жұмыстарына   және   мемлекеттік   және   қоғамдық   маңызды   заңдармен шешімдерді   талқылауға   және   қабылдауға   қатысуға   құқылы.   Бұл   құқық   мемлекет басшыларын, халықтық депутаттарды сайлауға қатысуда көрініс табады»  49 бапқа сәйкес «КСРО­ның   әрбір   азаматы   мемлекеттік   органдарды   жақсарту   мақсатында   өзінің ұсыныстарын беруге және билік басындағылардан кеткен қателіктерді сынауға құқылы.» Осы   заңға   сүйеніп   орталық   алаңға   шыққан   жастар   бейбіт,   жайбарақат   еді.   Өздерінің талаптарын   КОКП   ОК­не   жеткізуге   тырысты.   Сондағы   шыққан   жастардың   талаптарын Сартолов   Қанат   Әбілжанұлы   естелікерінде:   «Біз   алаңға   шыққандағы   мақсатымыз Д.А.Қонаевтың шығып КОКП ОК­ның бұл шешімін түсіндіруін қаладық.»   Алаңға шыққан жастар   бірлесіп   демонстрацияда   бірлік   пен   ұйымшылдықтың   анық   бейнесін   көрсетті. Барлық жастар тұрып бір ауыздан «Менің Қазақстаным» әнін айтқанда сондағы халықтың рухы бір серпііліп қалғандай болды./ осы   әнің   егеменді елінің гиміні болатынын жастар сезгендей­ақ/.Желтоқсанның   ызғарлы   күнінде   алаңдағы   жағдай   ушыға   бастаған уақытта»Елім­ай» әнінің  айтылуы,ғасырлар бойы сыздаған жан жарасының атылып сыртқа шыққан сәті еді.   Орталық аландағы жағдай бірден Мәскеудегі Бас хатшыға және басқа билік орындарына баяндалды. Өз ретінде билік алдына қатаң тарамайтындықтарын қойған бейбіт   шеруге   жиналушылар   нанымды   жауап   алмайынша   алаңды   босатпайтындықтарын мәлімдеді.   КСРО­ның   1977   жылы   қабылданған   Конституциясының   50   бабына   сәйкес «Халық   қалауын   жеткізу   мақсатында   КСРО   азаматтарына   сөз   еркіндігі,   баспасөз, жиналыстар, митингтер, шерулер мен демонстрациялар өткізу бостандығы кепілді түрде беріледі   және   осы   іс­әрекеттерді   жүргізу   барысында   барлық   бұқаралық   баспасөз құралдарын,   радио,   телевидение,   алаңдарды   пайдалануға   құқылы.»   Алаңға   шыққан жастарға   қолданылған   шаралар   жоғарыда   аталып   өткен   баптарды   аяқ   астына   таптады. Қазіргі   кезде   мектептерде,   қоғамдық   ұйымдарда,   форумдар   мен   жиналыстарда «Желтоқсан күніне» арналып аталып өтілетін ашық сабақтар мен кездесулерде көрсетілетін көріністер (алаңдағы жастардың алдына шығып сөйлеген прокурордың сөзі, жастардың ашына айтқан жан сөзі) сценарийстердің идеясынан туындаған көрінісі емес, шынайы сол күні болған оқиға. Ол жөнінде 16 желтоқсан күні кешкілік алаңда алдыңғы шепте тұрған Сартолов Қанат пен Ермухамбетова Салтанаттың естеліктері растайды: «Сол алаңға жиналған жастар арасында:   Естідіңдер ме? Бұл не масқара! Неге халықпен санаспайды? Қашанғы шыдаймыз. Ең болмаса өз ішімізден неге сайламаған? Ел қамын біз ойламағанда, кім ойлайды?   Қонаевты шақырыңдар! Ақиқатын айтып, түсіндірсін барлық жайды! Қазақстаннан адам табылмады ма? Қазақстанға басқа жерден басшы келгені несі? Талап­тілекті айтамыз. Шықсын ортаға басшылар. – деген айқайлар естіліп жатты.»  «Бір уақытта алдымыздағы трибунаға Қазақ  КСР Прокуроры  шығып, «Тараңдар! Партия өзі шешеді!»,­ деп жиналған топты тарқатуға тырысты.» «Партия  өкілдері  халықтың  пікір тыңдап   санаспақ   түгіл,   өздерінің   принциптеріне  жат   әрекеттерге   барды.  Түс   ауа   әр  топтан   бір­бір   адам   келгендердің   тізімін   жазып   алып,   ортаға   шықсын   деген   ұсыныс түсірді. Әлі де  болса  партияға сенетін аңғал  халық  өз қолдарымен  тізімдерін  жасап, бір адамды  өз  өкілдері ретінде  үкімет адамдарына  жіберді. Қайран ақкөңіл халық, тағыда  алданғандарын,өздері  жіберген өкілдерінің қолын  қайырып алып  бара жатқанын  көргенде ғана аңғарды. Осылайша бейбіт  шерудің, аласапыран   айқасқа  ұласуына  себепші  өздері  болды» деп еске алады Сабыров Қайрат. «Аралықта ортаға үлкенірек жаста бір әйел топты жарып шығып «Сол 1937 жылы кесілген қазақ бастары, бүгін міне, қайта өсіп шықты»,­деді, сөзін айтып бітер­бітпестен оны екі қаруланған әскери қос жағынан қолтықтап алып, ары қарай ғимаратқа алып кете берді» дейді ұлы Отан соғысының ардагері Бектемиров ақсақал. Сол   жиналған   халықты   алдына   көптен   бері   ел   үшін   игі   істер   атқарып   келе   жатқан Д.А.Қонаев   шығып   сөйлегенде,   кім   біледі,   мүмкін   ешбір   қантөгіс   болмас   еді,   жазасыз қиылған   жас   тағдырлар   аман   қалар   еді,   соққы   көріп,   азап   шеккен   жастар   осыншама қиналмас та еді?! Алаңда Д.А.Қонаеты көреміз деп отырған жастар, Үкімет үйінде не болып жатқанынан бейхабар еді. Оқиға басылғаннан кейін Геннадий Колбин «Орталық Комитетке келгенімен, алаңға жиналғандар алдына шығып сөйлеуден үзілді­кесілді бас тартты» деп Дінмұхамед Қонаевқа айып таққысы келгені мәлім. Алайда 1990 жылы «Бірлесу» («Единение») газетіне берген сұқбатында Дінмұхамед Қонаев болған жайды басқаша баяндайды: «Орталық   Комитеттің   мәжіліс   залында   үш   сағат   күтіп   отыруға   тура   келді.   Алаңдағы жастар   тағдыры   Мәскеу   мен   Геннадий   Васильевич   Колбиннің   кабинетінде   шешіліп жатты… Арада үш сағаттан кейін маған Виктор Мирошник келіп, кете беруіме болатынын айтты. Түсіне алмай: «Сонымен мен сөз сөйлемейтін болдым ба?» деп қайта сұрадым. Осы үш сағат ішінде алаңға жиналған жастарға айтар сөзімді жұптап та қойған едім. Олардың әрбірінің жандарына жылы тиетін, бірақ қатаң да шешімді сөз айтпақ болдым. Олармен коммунист және ақсақал ретінде сөйлесейін дегенмін. Бірақ Виктор Михайлович мені өзі үйге жеткізіп салатынын, үйден шықпағаным дұрыс болатынын қайталап айтты. Келгеніме тағы да рахмет айтты. Толқып тұрғанымды байқап қалып, менің бұл іске қатысуымның қажеті   жоқтығын   қайталап   түсіндірумен   болды.   Сөйтіп,   мен   шын   мәнінде   үйқамаққа алынған болып шықтым…» Мұның өзі сол оқиға барысын әдейілеп ушықтырудың дәлелі. Уақыт өткен сайын жиналған халық саны өсе берді. Сондағы қақаған аязда, суық асфальтқа барлығының   бір   адамдай   отырып,   «Елім­ай»   әнін   айтқаны,   алаңдағы   атмосфераны күрделендіре   түсті.   Аңғал   сеніммен   алаңға   шыққан   бейкүнә   қыз­жігіттер «контрреволюционерлер»   болмаған.   Олардың   ойы   халықтың   құқықтары   мен   көкейтесті мәселелері туралы сөз жүргізу. Алайда оларды бір қолында шоқпары, бір қолында қалқаны бар қарулы, сақадай­сай әскерлер қарсы алды. Бейбіт шеруге шыққан жастардың бейбіт тілегі ағаш жаңқасындай быт – шыт болып   ұшып жатыр. Үкімет үйінде жастар шеруін қуғындау   үшін   астыртын   «Құйын­1986»   дейін   оперативті   жоспар   құрылып   жатты.   Ал алаңдағы   жастар   жайбарақат,   аңғал,   алаңсыз   еді.   Ымырт   түскенде   аяқ   асты   айғай­шу, аласапыран басталып кетті.   Осы   кезде   алаңға   сырттан   қаруланған   әскери   адамдар   баса­көктеп   кіріп,   алаңдағы жастарды   ұрып­соға   бастайды.   Қарулы   әскер   алаңнан   жаралы   қыздар   мен   жігіттерді біртіндеп   сүйретіп,   жұлқылап   әкете   бастайды.   Осы   көріністі   Ермухамбетова   Салтанат  Ешмухаметовна есіне түсіреді: «Бірнеше минуттар аясында қайдан екені белгісіз үсті­басы жабдықталған әскери адамдар арамызға кіріп, топты жарып бөліп­бөліп қоршап алаңнан күшпен шығаруға тырысты. Өрт сөндіруші   көліктер   келіп,   суық   судың   қатты   сарынымен   алаңдағы   жастарды   құлатып, шайып   жатты.   Кейбіреуінің   қолдарында   дубинкалар,   ұрып­соғып   жатқандары   қаншама. Қолында ешбір қаруы жоқ, бейбіт   ниеттермен  келген жастар қар атып қарсыласты» Бұл қарулы қақтығыс жайында Сартолов Қанат естелігінде: «Аласапыран басталып кеткенде, қыздар соққы алмасын деп, оларды ертіп топтын шетіне шығарып, бөлектеп қойдық та, өзіміз қаруланған адамдарға қарсылық көрсеттік.» Бет­аузы қан, ұзын шашы жайылып бетін жапқан жас қазақ қызын екі әскери солдат сүйреп келді. Қыз жұлқынып, халыққа қарап ышқына сөйлейді:­Әй, туғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай  Қосылыңдар біздің қатарға! Осы кезде қарулы милиционер қыздың көк желкесінен шоқпармен ұрып қалады. Қыз сылқ етіп,   есінен   танып   түседі.   Міне   өмірден   тағы   бір   қыршын   жас   қыздың   көк   желкесінен шоқпармен осылай кеткен еді. Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін­өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың да алаңда болғаны анықталды. Тек Ләззат қана емес Алматының барлық жоғарғы оқу орындарындағы жас қыздар қаншама зорлық­зомбылық көрді. Қаншамасы кейін ауру болып қалды. Бұл шеруді билік басындағылар халыққа радио арқылы былай деп хабарлады: «1986 жыл желтоқсан Алматы» Кеше кешкісін және бүгін күндіз Алматыда ұлтшыл элементтер араңдатып салған оқушы жастар   тобы   көшелерге   шығып,   Қазақстан   Компартиясы   Орталық   Комитетінің   жуырда болған пленумының шешіміне наразылық білдірді. Бұл жағдайды бұзақылар, арамтамақтар және қоғамға жат басқа да адамдар пайдаланып, правоға қарсы әрекеттер жасады, сондай­ ақ бір азық­түлік магазинін, жекеменшік автомобильдерді өртеді, қала азаматтарына қарсы намысты қорлайтын әрекеттер жасады.» — деп алаңға шыққан жастардың адал ниеттерін жалған   жала   жауып,   нашақорлар,   ішкіштер   деп   айып   тақты.   Хабарландыруда   айтылған автокөлік   өртелуі   туралы   Сартолов   Қанат   былай   дейді:   «Алаңдағы   түрлі   жарақат алғандарды   алған   автобустар   сол   күні   ешбір   студентті   алмады,   тек   әскерилер   мен полицейлерді тасыды. Бұл жастардың ашу­ызасын тудырды. Сол себепті бір топ студент (арасында   мен   және   менің   курстастарым   болған)   автбусты   шайқап­шайқап   аударып жібердік.» Алаңнан   16­17   желтоқсан   күндері   ұстаған   жастарды   айуанша   автобустарға   тиеп, желтоқсанның   қақаған   аязында   қала   шетіне   апарып,   ұрып   соғып   суық   қардың   үстіне лақтырып кеткен еді. Қыздарды арам пиғылдарымен қала шетіне апарып аяқ­киімдерін, үстіндегілерін шешкізіп қара суықта қардың үстіне отырғызып қойғандарының өзі не деген қаныпезерлік?! Сондағы тек елімнің мүддесі, халқымның жағдайы деп ақ ниетпен алаңға шыққан жастардың көрген азабы мен қазасын кім өтейді?! 17   желтоқсан   күні   жастардың   тағы   бір   лебі   жиналып,   алаңға   қозғалды.   ҚазПИ­дің филология   факультетінің   І­курс   студенті   Құрманбаева   Рыскүл   сол   жиналған   топтың ортасында болып көргені: «Азаңда өз курстастарымызбен жиналып, алаңға барамыз дедік те, топтасып көше бойлап қозғалдық.   Жолдан   «Автодорожный   институттан»,   «АГУ­дан»   жастар   келіп   қосылды. Барлығымыз бір бағдармен келе жатқанда бір мезетте жан­жақтан әскери көліктер келіп, денелі, дау­дау адамдар түсіп, топты тоқтатып, барлығын машиналарға тией бастады. Ине шаншар   жер   болмастай   етіп,   тығыздап   тұрып   көлікке   кіргізді.   Мені   біреу   жұлқылап желкеден ұстап алып, машинаға кіргізе бергенде басыма арт жағымнан қатты дубинка тиді. Солқылдап ауырып келеді, өстіп 1­1,5 сағат жүріп, қаланың шетіне апарып тастады. Суық, киімдеріміз жыртылып қалған, беті­басымыз қан қайта қалаға қарай бет алдық.» 17­18 желтоқсан күндері алаңға шыққан жастардың алаңда көрген озбырлығы, соққысы аздай жаппай жазалау басталды. Алаңда түсіріліп алынған суреттер арқылы жоғарғы оқу орындарын аралап, тінту өтті. Тінту   кезінде   өздерінің   курстас   қыздарын   тыққанын   оқиғаның   куәгері   Ермузхамбетова Салтанат айғақтайды: «Оқиға басылғаннан кейін оқу орнымызға КГБ­дан алаңда түсірілген суреттерімен   адамдар   келді.   Олар   жатаханадағы   қыздардың   барлығын   жартылай шешіндіріп, үстілерінде соққының ізі бар ма, жоқ па деп тексерді. Өзімізбен комнатада бірге жататын Омарова Бибігүл есімді қыздың желкесінде дубинканың ізі бар еді. Соны ұстап алып  кетпес үшін оны киім  салатын  шкафтың жоғарғы бөлігіне шығарып, тығып қойдық. Тексеруші байқамады да, біз бір жазадан аман қалдық» Ұсталынғандар қатаң жазаға тартылды. Сол жылдары Партия мүшесіне болған жастар да бұл оқиғадан тыс қалмады. Олар жасырын түрде желтоқсаншыларға көмектесіп, өздеріне берілген тапсырманы орындау барысында қолдарына келген көмектерін аямады. Мысалы: Чинтемиров.   Серік/партия   мүшесі/   жиналыстарда   жастарды   қорғап   ара   түсті.   Оларды қудалауға   жол  бермеді.   Ерғали   есімді   жігіт  (Ауған соғысының  ардагері  болған)  өзінің қолына   берген   суреттер   арасынан   өз   курстастарының   суреттерін   жойып   жібергендігін Сартолов Қ.А.­ның естеліктерінен білеміз. Осылайша оларды жазадан аман қалуына ықпал етті.   Егер   ол   суреттер   жазалаушылардың   қолдарына   түссе,   қазіргі   оқиға   куәгерлерінің тағдыры мүлде  басқа арнаға бұрылатыны  сөзсіз еді. Осындағы жастар  арасындағы бір­ біріне   деген   достық,   бауырмалдық   сезімдері,   сондай   игі   істері   қазіргі   ұрпаққа   үлгі боларлық әрекет. Желтоқсан оқиғасы алаңға шыққан жастардың қаншамасының тағдырын басқа   арнаға   бұрып,   олардың   өздерінің   ұлттық   санасының   шыңдалуына,   егемендіктің іргесін қалауына, тоталитарлық жүйенің мұз құрсауын жібітуге үлес қосқан, патриоттық рухтың   үлгісіне   айналдырды.   Оқиға   болып   жатқан   күндері   алаңда   болғандарғана  жазаланбады,   жайбарақат   кешкі   жұмыстан   қайтып   келе   жатқан   оқиғадан   хабары   жоқ  адамдар   «қазақ»болғаны   үшін   соққыға   жығылып   жатты   ол   жөнінде   Талғар Ауылшаруашылық  техникумының сол  жылдардағы студенті Үркімбаев Бақыт былай  деп еске   алады:»17­күні   КазПИ­дің   жатаханасынан   қайтып   келе   жатқан   біздер   отырған  автобусты өз бағытынан  тыс алап келіп , автопаркке тықты, ішінде екі қария, апалар бар еді   .   Тоқтаған   автобустың   ішіне   қолдарына   қызыл   байлаған   орыс   ұлтынан   құралған жасақшылар   лап   қойып   отырғандарды   ұрып,   соқты.   Әзер   қашып   құтылдық»   Осы   бір  айғақтан­ақ    жазалау   шараларының   әділеттсіз   жүргізілгенін   көруге   болады,Қазақ   КСР Жоғары Кеңесі төралқасының  Алматыдағы 1986 жылы  желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы М.Шаханов мынадай мәліметтер келтіреді: «Желтоқсан оқиғаларына қатысқан 8500­ге жуық адам ұсталып, жазаға тартылды. Толық емес мәлімет бойынша 1720 адам жарақат алды. Су шашқаннан, жер бауырлатып жатқызғаннан, қала сыртына апарып тасталғаннан ауырған адамдар есепке алынбады. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылды. 12 жоғары оқу орындарының ректорлары орындарынан түсіріліп, 246 студент оқудан шығарылды. 99 адам сотталды,соның 46­сы кейін ақталды. Оның екеуі  өлім  жазасына кесілді: Қ.Рысқұлбеков, М.Әлімқұлұлы» 2.3. 1986 жылғы Алматы облысында орныққан саяси жағдай. Бұл шеру Алматы қаласында өткенімен жаппай облысқа, тіпті барша республикаға әсер етті. Алматыдағы жастардың солай шеруге шыққанын естіп, басқа облыстарда, қалаларда жаппай шерулер өтті. Талдықорған қаласының студенттерінің бас көтеруі 16 желтоқсан күні Алматы жастарының  бас көтеруінен  кейін болды. Сол Талдықорғандағы  оқиғаның ортасында болған Адыбаева Ғалияның естеліктері: «Мен ол кезде (1985­1991) Талдықорған педогогикалық институты музыка факультетінің ІІ курс студенті едім. 1986 жылы 16 желтоқсанда кешкі сағат 19:00­де радиодан Алматыда шеру   болғанын   естідік.   Концерт   қоюға   дайындықта   болғанбыз.   Сағат   21:00­де   №2 жатақханада   студенттік   кеңесте   Айтжанова   Жанна   «Түңгі   сағат   12:00­де   қазақ студенттердің жиыны болады.»­деді. Айтқандай сағат 12:00­де жиналдық.    Алматыда жастар көтеріліпті, себебі: Қонаевты алып, айдаладағы бір орысты алып кеп орнына қойыпты. Біз неге шықпаймыз?! Біздің   неге   намысымыз   жоқ.   Айдаладағы   бір   орысты   неге   қолдаймыз?!   Ертең шығамыз! – деген ойлар айтылды. Осындай ашына айтылған сөздерден кейін барлық қазақ жастары намысымызға тырысып, ұлтжандылығымыз оянып, бірігіп   талқылап   жатқанда,   астындағы   вахтерша   апай   болып   жатқан   жиналыс   туралы деканға және милицияға хабарлап қойыпты. Олардың келе жатқанын ести сала, ештеңені білдіртпес үшін, бір мезетте­ақ тарап кеттік. Еш сыр білдірмедік. Түңгі 1:00­де қайтадан жиналдық. Түнімен лозунгтар «Бізге қазақ басшы керек», листовкалар «Барлық қазақтар таңғы 7:00­де алаңға жиналыңдар» деп жазып дайындадық. Сағат   4:00   терезеден   секіріп   шығып,   листовкаларды   Заведтехникум,   Индустриалдық техникум, Пединституттың №1 жатақханасы, Юртехникум студенттеріне тараттық. Заң   техникумына   келгенде   топты   қаруланған   әскер   күтіп   тұрды.   Олар   техникумның жатақханасын қоршап, студенттерді сыртқа шығармады, өрт сөндіргіш машиналармен су шашып,   қару   қолданды.   Сол   жердегі   қақтығыста   қалғаны   қалып,   шыққандары   шығып алаңға қарай жылжыды. Сағат 7:00­де барлығымыз алаңда болдық. Бірақ ол кезде алаңды милиция қызметкерлері қоршап тұрды. Барлығымызды   автобустарға   тиеп,   тез­тез   таратуға   тырысты.   Бірақ   автобустың   ішінің өзінде орыс­қазақ арасын араздастық болып, жанжал туды. 1 ай тергеуде болдық. КГБ­ның адамдары тергеуге алғандар психилогиялық күйзелістерге  ұшырады,сұрақ астына алынған қыздар қайтып келгенде, етек­жеңі жасқа толып келетін.» Дәл   осылай   Алматының   шетінде   жүріп   жастардың   бас   көтергені   туралы   естіп   Алматы гидромелиоративтік   техникумының   (Шамалғанда   орналасқан)   студенттері   де   шеруге шығуға   тырысқан.   Ол   жайында   сол   техникумның   І   курс   студенті,   Қазақстан Компартиясының Алматы облыстық  Ұйғыр аудандық комитетінің мүшесі   Қыстықбаева Ә.Қ./ жазаланып  партия  мүшелігіне шығарылған/ естеліктері: «Біз 16 желтоқсан кешкілік Алматыда болған жағдайды естідік. Ол жайында талқылап, келесі күні таңға Алматыға барамыз деп келістік. Келіскеніміздей таңға Алматыға қарай жылжи берейік дегенде, барлық автобустарды тоқтатып тастапты, оған қарамастан жаяу, күн суық, трассаға шығып, Шамалғаннан Алматыға бет алдық. Қаскелеңге жете бергенде жолдан әскерилер күтіп алды. Барлығымыз қайтаруға тырысты, ұрып­соғып, автобустарға тиеп   қайтадан   оқу   орындарына   апарып   тастады.   Сондағы   ұстаған   кездегі   ұрғандары, тепкендері, соққыға жыққандары барлығы да кеше ғана болғандай есімде. Бізді қайта оқу орнына алып келгеннен кейін сұрақ астына алды. Мені Партия құрамында болғаным үшін жеке тергеуге алып, бірнеше аптаға түрмеге қамап қойды. Жиналыстарға салып, қинап, ұрсып, сүйектен өтер сөздер айтты. Жүрекке салған ізі қандай?!» Желтоқсан оқиғасы тек  Алматы   қаласында ғана емес, барлық   облыстарды    стихиялы   болсада қамтыды. Халық алдында   тотаритарлық   жүйенің бет­пердесі   ашылып,нағыз   бейнесі   көрінді.»Мені өзім  бала   күнен   бері   санамызға   сіңген   партияның,   комсомолдың   кіршіксіз   бейнесінің   бір  сәтте жоқ  болғандығын түсіндім.  Мұздай  қаруланған әскердің  халыққа қарай тап беруі,   тотаритарлық  жүйенің нағыз айуан бейнесін ашып берді» деп есіне алады Ермухаметова. Салтанат. Оқиғаның куәсі болған кез­келген адамның жүрегінде із қалды,оның өмірі мүлде   басқа  арнаға   бұрылды./   оқудан   шықты,   жұмыстан   қуылды,   партия   ,комсомол   қатарынан шығарылды т.с.с./ҚазПИ­дің тарих факультетінің студенттері   алаңда/ тақырыпқа  арқау  болған сурет/ Бір өкінішті жағдай сол кезде алаңда болған жастардың нақты деректері қазіргі   таңда   аудан   көлемінде   жинақталмаған,   болашақта   осы   мәселе   төңірегінде   біраз   іздену жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Ел тарихы –ер ерлігіне бастау   алатынын ескерсек, желтоқсаншылар ерлігінің өтеуі еліміздің егемендігі. Егемендік,   тәуелсіздік­болашақ   ұрпаққа   аманат.Желтоқсанның   ызғарлы   аязында  шыңдалған, ұлттық  рухымыздың  еңсесі биік  болғай. Қорытынды Бұл зерттеу жұмысының барысы тәуелсіздік  алдындағы шешуші оқиға болған «Желтоқсан оқиғасының» әлі де айтылмаған сырларының көп екендігін көрсетеді.   Желтоқсан — мұз құрсауды   еріткен   тотаритарлық   жүйенің   күйреуінің   алды   болған   тарихи   маңызы   зор оқиға. Бірақ  әліде  болса үстірт зертеліп, өзінің оң  бағасын  алмаған, қыры мен сыры мол, тың   тақырып.   Мен   өз   жұмысымда   тек   бірнеше   адамдардың   естеліктерін   негізге   ала отырып, сол күндердің  тарихына  үңілуге  тырыстым. Оқиға  қатысушылардың  саны 8,500 мың  десек, аудандағы  қатысушылардың  саны қанша ма? Олардың әр қайсысының естелігі бір­бір тарауға   жүк   болатыны сөзсіз.  Осы   оқиға қатысқан   жастардың көпшілігі білім саласында қызмет  атқарып, өздері  негізін  қалаған  «Тәуелсіздік тұғырының» биік, баянды болуы   үшін   жас   ұрпаққа   тәлім.   тәрбие   беріп   жүр,олар   бұл   бақытың   қалай   келгенін біледі…… Егерде осы зерттеу жұмысына түрткі болған суреттегі барлық студенттерден естеліктерін алып, жазатын болсақ, сол кездегі сұрапыл саясат туралы көптеген мәлімет жинайтын едік. Жалпылама  жұмыс  тақырыбы  келе  жатқан «Тәуелсіздіктің  25» жылдығына  байланысты активті тақырып. Келтірілген документтік дәлелдемелер нақты. Қазіргі кезде өзіміз білетіндей «Желтоқсаншылар» ретінде тек жазаланып, тізімге ілінген адамдарды   ғана   таниды.   Осыны   қайта   қарап   сондағы   куәлерге,   қатысушыларға   сондай титул беруді ұсыныс етемін. «Желтоқсан» оқиғасының маңызын ашу, тарихи оқиғаның шеңбері кеңейтіліп  өз бағасын  алса деп ойлаймын ІY. Пайдаланылған әдебиеттер 1. Жексембекова В. Қазақстандағы этникалық қарым­ қатынастар: прогресс үшін  бірігу // Саясат, 2002, №11. 30­32 б. 2. 2006 жыл «Егеменді Қазақстан» газеті «Желтоқсан желі ызғарлы» мақаласы 3. «Декабрь 1986»   құжаттық хроникалық материалдар 1998. 81­92 б.             4. Мұхтар Шаханов «Желтоқсан эпопеясы» Деректі роман Алматы 2006 жыл     3­ бет, 356­бет. Y. Ұсыныстар 1. Сол кезде алаңда болған жастардың нақты деректері қазіргі   жинақталса. 2.Болашақта осы      мәселе        төңірегінде біраз іздену жұмыстарын жүргізсе.        таңда           аудан көлемінде         YІ. Сілтемелер тізімі: Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер: 1 .https://www.youtube.com/watch?v=UnxW33­_Cy8&spfreload=10. 2. https://yandex.kz/images/  3. http://jospar.at.ua/publ/aza_stan_tarikhy/alashty_astanasy_zh_ne_ltty_ideja/12­1­0­591

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы

Ғылыми жоба "Желтоқсан алауын жаққан жүректер" 7 сынып Қазақстан тарихы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.01.2019