Мектеп |
|||||||||
10.1C. Статика және гидростатика |
|||||||||
Мұғалімнің аты-жөні: |
Сынып: 10 |
Күні: |
|||||||
Оқушы саны: |
Қатыспағандар саны: |
|
|||||||
Сабақ тақырыбы: |
Массалар центрі. Тепе –теңдік түрлері |
||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
· 10.1.3.1 - абсолют қатты дененің массалар центрін анықтау және әртүрлі тепе-теңдікті түсіндіру |
||||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: · қатты дененің тепе-теңдік шарттарын түсіндіреді; · тепе –теңдік түрлерін сипаттайды; · дененің массалар центрін тәжірибе арқылы анықтайды; |
||||||||
Тілдік мақсат
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Дененің тепе-теңдігі, күш моменті, иіндік, күш иіні, тірек нүктесі, тепе-теңдік: орнықты, орнықсыз, талғаусыз Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Дене тепе-теңдікте болуы үшін оған әсер ететін ... .... нөлге тең болуы керек.(күштер қосындысы және күш моменттерінің қосындысы) Дене тепе-теңдікте болады, егер ол ..... және ...... (қозғалмаса, айналмаса) Денені тепе-теңдіктен шығарған соң, оны .... ... .... күш пайда болса, тепе-теңдік орнықты деп аталады. (бастапқы орнына қайтаруға бағытталған) Денені тепе-теңдіктен шығарған соң, оны .... ... .... күш пайда болса, тепе-теңдік орнықсыз деп аталады.( бастапқы орынынан әкетуге бағытталған) |
||||||||
Құндылықтарды дарыту |
ü Оқушылардың белсенділігін арттыру; ü Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау; ü Коммуникативтік дағдысын жетілдіру; |
||||||||
Пәнаралық байланыстар |
Математика:тура және кері тәуелділіктер |
||||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Презентация Power Point, сайттар: классная физика; bilimland.kz |
||||||||
Бастапқы білім
|
7, 9-сыныптардан айналатын денелердің тере-теңдік шарттарын біледі, моменттер ережелерін түсіндіре алады. 9-сыныптан Ньютонның І-заңын біледі, сұрақтарды талдау кезінде қолдана алуы керек. |
||||||||
Сабақ барысы |
|||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар |
|||||||
1-2 минут
2-3 минут
|
І. Сабақты ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын, оқу мақсатын таныстыру ІІ. Демонстрация
Сонан соң оқушы пікірін тыңдау: шативті қай кезде көтеру жеңіл болды?
Оқушыларға талқылау үшін сұрақ қойылады:
|
Цилиндр, жазықтық, штатив Презентациямен жұмыс |
|||||||
20-25 минут |
ІІІ. Жаңа тақырыпты талдау 7 және 9-сынып физика кұрсында оқыған иіндіктің тепе-теңдік шарттарын еске түсіре отырып, жаңа материал талданады.
a) b)
a) орнықты (жіпке ілінген шар, неваляшка ойыншығы, т.б.) b) орнықсыз (көлбеу жазықтықтағы цидиндр) c) талғаусыз ( шарды тегіс жазықтықта орналастыру) 3. Бой сергіту: оқушыларға денесін және аяқтарын 900 тік ұстап, орындықтан тұруға әрекет жасау ұсынылады. Байқалған құбылысты түсіндіру сұралады. 4. Массалар центрі ұғымын таныстыру a) Дұрыс пішінді денелердің массалар центрі b) Кез-келген пішінді денелердің массалар центрі 5. Бейнематериалмен танысу, оқушылардың не түсінгендерін талдау 6. Денелердің орнықтылығы және тепе-теңдікті практика қолдану туралы әңгімелеу, оқушылар пікірін тыңдау 7. Бекіту сұрақтары: a) Ауыр жүкті арқалап келе жатқан адам неліктен алға еңкейіп жүруі керек? b) Велосипедтің тежегіші неліктен артқы дөңгелекке орнатылады? |
Бейне материал: https://www.youtube.com/watch?v=MkIXJYwfsqM эксперимент: https://www.youtube.com/watch?v=AGswxqgPBhk
|
|||||||
6-7 минут |
IV. Практикалық тапсырма: Ағаш білеушені бір шетінен перпендикуляр күш түсіріп 1 см, 2 см, 3 см –ге көтеру үшін қажет күшті анықтаңыз. Нәтижелерді салыстырып, қорытынды жасаңыз.
|
Құралдар: ағаш білеуше, динамометр, сызғыш |
|||||||
2-3 минут |
V. Рефлексия: оқушылар сабақ соңында стикерге өз ойларын төмендегі сұрақтар бойынша жазады: -нені білдім? - нені үйрендім? - нені түсінбедім? VІ. Үйге тапсырма: 1. «Тепе-теңдік және цирк» тақырыбында сапалық сұрақтар дайындау және оны түсіндіру 2. Өз бетімен шығаруға арналған есептер |
|
|||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
|||||||
1. Өткен тақырыптарды естеріне түсіру үшін бағыттаушы сұрақтар қою және демонстрациялар көрсету 2. Дененің тепе-теңдік шарттарын талдап, түсіндіреді. Сапалық, практикалық тапсырмаларға қорытынды жасайды. Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады |
Тапсырмалар орындау кезінде қосымша сұрақтар қою, оқушылар өзара түсіндіру кезінде бір-біріне сұрақтар қоюы |
Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары
|
|||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
||||||||
|
|||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
|||||||||
Скачано с www.znanio.ru
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.