Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары
Оценка 4.7

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Оценка 4.7
Исследовательские работы
docx
география
Взрослым
09.11.2019
Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары
Бүгінгі күнде білім саласында болып жатқан жаңа бағыттар ұстаздар тарапынан шығармашылық ізгі идеялардың туындау керектігін айқындап отыр. Жаңа әдіс – тәсілдердің түрленіп жаңа форматта оқыту үрдісінде қолданылуы ерекше жаңалық болып отыр. Ұстаздың өзгеруі мүлдем жаңа бағыт алған оқу жүйесінің талаптарымен үндесуі керек екендігі анықталды
Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары.docx
«Бұған   дейін   жасалғандардың   бәрін   одан   да жақсырақ етіп жасауға болады».             Генри Форд,  американдық өнеркәсіпші Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары        Бүгінгі күнде білім саласында  болып жатқан  жаңа бағыттар  ұстаздар тарапынан     шығармашылық   ізгі   идеялардың   туындау   керектігін   айқындап отыр.   Жаңа     әдіс   –   тәсілдердің   түрленіп   жаңа   форматта   оқыту   үрдісінде қолданылуы ерекше жаңалық болып отыр. Ұстаздың   өзгеруі     мүлдем жаңа бағыт алған оқу жүйесінің талаптарымен үндесуі керек екендігі анықталды. Осы  талаптарды  негізге  ала  отырып,   2014 жылы  Шымкент қаласында  ҚР педагог   кадрларының   біліктілігін   арттырудың   деңгейлі   бағдарламалары аясында   бірінші   деңгей   бағдарламасы   бойынша     мұғалімдерді   оқыту курстарын   ПШО   оқып   шықтым.   Өз   мектебімде   өзгеріс   енгізу   мақсатында «өзгеріс» бағытын анықтау үшін ұстаздар мен ата – аналардан, оқушылардан сауалнама   алудан   бастадым.   Жаңа   БФЕ   (барлық   факторларды   ескеру), әткеншек,факт немесе пікір, бес сұрақ, ыстық орындық, пазл,бір минут және т.б   әдіс – тәсілдерді тиімді қолдану жолдары арқылы өзара сұхбаттасумен бала жүрегінен орын алуға талпындым, қалайда «оқушы үні» арқылы шәкірт   анықтауға   тырыстым. Атақты   педагог бойындағы   кедергілерді Амонашвилидің   «Педагогикадағы   гуманизм»   атты   еңбегі   негізінде   жұмыс жасай   бастадым.   Ол   баланың   қуанышы   мен   ренішін   мұғалімнің   зейіні   мен және  процестің орталығы деп атады. Аманошвили балаға тек білім беріп қана қоймай,   психологиялық   жылулықпен   нәрлендіруге,   оның   мықты   сенімді болуына   көңіл   бөлді.   Өзінің   баланы   тәрбиелеу   жолдарын   мысалға   келтіре отырып,   мәселе   баланың   сабақта   «2»   алуында   емес,   оның   мәнді   нақты түсінуінде   екендігін   ескертті. Еңбектің   негізгі   –   практикалық     құндылығы балаларды   оқытумен   тәрбиелеудің   тиімділігін   арттыру   және   оны   оқыту процесінде   қолдану. Яғни   баланы   тұлға   ретінде   қабылдау   және     тұлғалық ерекшелігін   ескере   отырып   дамыту.   Аманошвилидің   негізгі   идеясы ынтымақтастық   педагогикасы.   Ол   оқушыны   мектеп   табалдырығын   аттаған күннен бастап өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге баулу қажет деп санайды. Шалва   Александрович:   «Ұстаз   әрдайым   жайдарлы   жүру   керек»   ­   деген ұстанымды   насихаттайды.   Ол   өзінің   тәжірибесімен   ұстаздың   үздіксіз бақылауында болмаған және зорлық көрмеген бала үлкен жетістіктерге жете алатынын дәлелдейді. «Әр бала белгілі борышпен өмірге келеді. Және әрбір сәбидің  тек   өзіне   тиесілі   жаны ­  ішкі  дүниесінің  сәулесі   бар.  Ата­ана  мен педагогтың міндеті, сол сәуленің жоғалып кетуіне жол бермей, балаға өз өмір жолына бағыт көрсету» деп айтқан педагог бағыттарын негізге ала отырып, ұстаз   еңбегінің     бала   тәрбиесіндегі   маңыздылығын   айқындадым.   Баламен жұмыс жасауда идея туындату арқылы ойын білуге әрекеттендім. География сабағында картамен сауатты жұмыс жасау ерекше орын алатынын ескерсек, мен төмендегідей идеялаларды айтқым келеді: Кез­келген нүктенің географиялық орнын қалай тез анықтауға болады? Ол үшін бала ендік пен бойлықты білуі керек. Мен көлденең сызық сызып экваторға, қарама – қарсы сызық арқылы бойлықты оңай көрсетуге болатынын ескертіп, экватор мен параллельге қатысты олардың орнын анықтау керектігін іс   жүзінде   көрсетемін. Егер   бізге   керек   нүкте   экватордың   оңтүстігінде орналасқан   жағдайда,   ...   нысананы   табу....Бастапқы   меридианның   көмегі бізге   ...Бір   ендікпен   жүру   арқылы   межеленген   жерді   дәл   табу...Ендіктің солтүстік немесе оңтүстік болып бөлінуі неге баланысты? Ендік   пен   бойлықтың   қиылысуы   нені   береді?   Аустралия   материгінің   кез­ келген нүктесінің о.е пен ш.б болатыны неліктен? Африканың екі бойлық пен екі ендікте жату себебі...Еуропа   б.б   немесе ш.б жатыр ма?   Мен баланың ойлану арқылы жауап беруіне мән беремін. Баланың   ойлануына   уақыт   беру   керек.  Дұрыс   жауап   берген   жағдайда   оны қолдап   отыру   арқылы   баланың   сенімділігін   арттырамыз.   Бірақ   «мен   сенің осылай   жауап   беретіндігіңді   білгенмін»   деп   мадақтаудан   аулақ   болуымыз керек,   өйткені   оқушының   таккаппарлығына   жол   саламыз.   Демек   ұстаздың баланы дұрыс қолдауы керек болып тұрғандығы.  Оқуға құлшыныс арттыратын сөздерді қолданып отыру оқушыны жігерлендіре түседі. «Сен жауапты адам болуың керек», «Жазуың жақсарып келеді, дұрыс шешім   қабылдадың», «Алдыңғы   жетістігіңе   қалай   қуанғаның   есіңде   ме?» деген қолдау лебіздері оқушыны қанаттандарап жіберері анық.       Әр сабақтың өтілу әдістері өзгеріп отыруы тиіс. Мысалы «Географиялық қабық»   тақырыбын   бес   кезеңге   бөлемін.   1. Дайындық   кезеңі,   2.   ГҚ заңдылығы.3. ГҚ   шекарасы.4.   Қорытындылау   кезеңі.   5.   Рефлексия.       Әр кезеңде «тірек сызба», «фишбоун», жүзім шоқтары» әдістерін қолданып, ГҚ құрамы   мен   ерекшеліктерін   нақтылаймын.   Топтық   жұмыстар   арқылы ынтымақтастық ортасын құрумен сабақтың өзекті мәселесін шешуге болады.  Өзекті мәселе – әр   сабаққа нақты мақсат қоя білуде. Мақсат қол жетімді, оқушы тарапынан қолдау табатын еркін түрде қаралуы тиіс. Мақсат белгілі бір нәтижеге сүйенеді. Сыныптағы үш деңгейлі баланы оқыту үрдісіне тарту арқылы сабақ көрінісі шығады. Алайда баланың тұлға екендігін ескерсек, әр баланың айтқан сөзі мен ойы құнды екендігі маңызды.      Топтық жұмыста берілген тапсырмалардың орындалу барысын қадағалау үрдісі сабақтың тиімділігін арттырады. Бақылаймыз, қараймыз керек жерде кедергіден   баланың   шығуына   бағыттаймыз,   ой   сала   отырып,   идея туындатамыз.   Сабақ   барысында   «Хаттар»   әдісімен   балаға   қызықты   тапсырмалар   беруге тырысамын.   Олардың   картаны   қаншалықты   білетінін   хатты   олардың   ашып оқуларына қарап байқаймын. Бірлескен топтық жұмысқа шақырамын. Мысалы 8 сыныптарда қолданған әдісімде мазмұны шамамен төмендегідей болды: Хаттар Қырғызстан,   Өзбекстан,   Тәжікстан   елдерін   аралай     өз   жеріме   келгенде, суымның   түрі   мүлдем   өзгеріп,  лайланып   кетеді.  Ағыным   қатты   еді,  әттең, жағалауымдағы елдерге жаным ашып, шөлдегендерге шелектеп, арықтап бере – бере  әбден шаршап, жүруім де баяулап, дегеніме жете алмастан құмға сіңіп кете бардым. “Көксарай” досым көмекке келіп, туған ағам Аралға жеттім­ау ақыры... Менің атым ... Хаттар Орманым   мен   далам   бар.   Құнарлы   да   жазиралы   кең   алқабымның   қара топырағы – елімнің   мақтанышы. Аязды күндері қардың ұзақ жатуы есіме түседі. Неге дейсіз бе? Ол 150­158 күн жатады. Қарды тоқтату маусымында да, көктем мен жаз, күзде де елім мені бір сәт те жалғыз тастамай қасымда бірге болады. Мен Халқымның дастарқанын нанға, бауырсаққа, молшылыққа, әнге толтырамын. Менің бойымнан Есіл мен Тобыл ағып өтеді. Менің атым... Хаттар Менде   өсімдіктер   өте   сирек.   Табиғат   жағдайына   бейімделіп,   барлығының тамырлары ұзын және үлкен тереңдікке кетеді. Ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді қабыршаққа айналған. Ағаш тектес өсімдіктерден құмды жерде     ақ   сексеуіл,   сортаң   топырақты   жерде   қара   сексеуіл   өседі.   Жазда күннің   аптабына   шыдамай,   барлық   шөп,   өсімдіктері   қурап   кетеді.   Менде Қазақстанда   ғана   кездесетін   эндемик   –   дермене   жусаны   өседі.   Дермене жусанынан түрлі дертке дауа сантанин дәрісі жасалады. Менің атым...  оқушы керекті   табиғат   зонасы   мен   атауларды   ой   елегінен   өткізе   отырып,   бірлесе анықтайды.       9   сыныптар   үшін   топтық   жұмыста   экономикалық   аудандар     контурын бірлесе біріктіру жұмысы қызықты болады, баланың әр облыс контурын ғана емес   оның   орналасу   ерекшелігіне   де   саяхат   жасауына   тура   келеді.   Бала жадына жаттығу ретінде бірлесіп жұмыс атқарғанда 14 облыстарды тек реттік санмен көрсетіп, нөмірі бойынша жылдам құрастыруға да болады.   қолдануға болады. Мысалы:  Килиманджаро жнрт массиві Африканың батысында ма әлде шығысында ма? Африканың ең үлкен шыңы – Кения ма әлде Килиманджаро ма? Айдаһар тауы ОБ ма, әлде ОШ ма? Атлас таулары Африканың ОШ ма әлде СБ ма? Мына нысандардың қайсысы солтүстікке жақындау орналасқан Ахакгар ма, әлде Эфиоп па? Ніл өзені Танганьика мен Викторияның қайсысынан ағып өтеді? Оранж өзені қай мұхитқа құяды, Атлантқа ма, әлде Үндіге ме?       Салыстырмалы   сипаттама   беруге   арналған     тапсырмаларды   көбірек Виктория мен Чад көлдерінің қайсысы тереңірек? Топтық жұмыстың  барысын дер кезінде анықтау маңызды. Мен 9 сыныптағы «Елді   мекендердің   түрлері,   қала   халқы,   урбандалу»   тақырыбындағы сабағымда     балалардың   іштей   тұйықталып   отырғанын   сездім   де,   көңіл   – күйлерін барынша көтеруім керек деген шешімге келдім, арнайы дайындаған смайликтер   арқылы   көңіл   күйлерін   әзілмен   жеткізуге   тырыстым.   Алайда көпке дейін оқушылар «шешіле» қоймады. Бәріне зерттеуші топтың қатысуы себепші   болғанын   аңғардым.   Балаға   бұл   күтпеген   тосын   сыйдай   болды. Дегенмен   де   барынша   баланы   сабаққа   бағыттаумен   болдым.  Сауалдар   мен тапсырмаларға   оқушылар   күмәнмен   жауап   беріп   жатты.   Тек   сабақтың ортасында   барып,   еркіндік   орнағанын   байқадым.   Демек,   сабаққа   барынша бақылаушы   топты   жиірек   қамту   арқылы   баланың   белсенділігін   арттыру керектігін   түсіндім.   АКТ   мен   жұмыста   картамен   номенклатуралық   шолу жасадым.   А,В,С   оқушылары   үнемі   назарымда   болды.   С   оқушыны   жетелеу сұрақтарымен «Сен қалай ойлайсың, біз қандай елді мекенде тұрамыз?»­ деп тартуыма   тура   келді.   Бірақ   ол   тек   бір   ауыз   сөзбен     ұяла   отырып   жауап бергенімен, менің көңілімнен шықпады.             №1 Сурет.  Топтық жұмыстағы тапсырмаларды оқушылардың шешу сәті А оқушы  да тұйықтала берді. Топтық жұмыс болды, бірлесе жұмыс жасады, ынтымақтастық   ортасы   орнады.   Бірақ   менің   оқушылардан   жауап   алу мақсатындағы алғашқы минуттарға артық уақыт жұмсауыма байланысты, кері байланысқа   уақытым   жетіңкіремей   қалды.   Зерттеуші   топтардың   бала психологиясына  кері  әсері   тиді. «Доппен  ойнаймыз»  әдісімен     сұрақтарды ұйымдастырдым, балалар қызыға қатысты, тіпті «маған да лақтырыңызшы» деген   өтініштерді   болды.   Қысқа   сұрақтар   баланың   көңілінен   шығатынын түсіндім.  Джон Хэтти, 1999­2009 жылғы зерттеу жұмыстарының қорытындысында кері байланыстың   сабақты   дұрыс   ұйымдастыруда   ерекше   орын   алатындығын, 180,000   жұмысты   зерттеуде   кері   байланыстың   әсер   мөлшерін   0.73   теңеді. Демек   сабақ   соңындағы   оқушымен   болған   кері   байланыс   арқылы   негізгі нәтижеге   жетуге   болатындығын   түсіне   отырып,   әр   сабақта   кері   байланыс жүргізіп,   «бала   ойымен»   үндесіп   сабақ   жоспарлауды   негізгі   міндет   етіп қойдым. Қай­қай мамандықтың да бip айрықша белгiсi болады. Ол адамның үйреншiктi әдетiнен, сөйлеген сөзiнен, тiптi киiм киiсiнен де байқалуы мүмкiн. Мұғалiм кәсiбiнiң ерекшелiгi ең алдымен оның педагогтық әдебiне жатады. Әншi үшiн үн,   музыкант   үшiн   музыканы   ұғу   қандай   қажет   болса,   мұғалiм   үшiн педагогтық   әдеп   сондай   қажет.   Сонымен,   педагогтiк   шеберлiк   –   тек   қана мұғалiмнiң   әдiстемелiк   сауаттылығы   ғана   емес,   ол   –   әр   сөздi   оқушыларға жеткiзе   бiлyi,   олардың   толық   қабыл   алуы,   толғанып   бойға   ciңipyi.   К.   Д. Ушинскийше   айтсақ,   «педагогика   теориясын   қаншама   жетiк   бiлгенiмен, педагогтық әдептiң қыр ­ сырын меңгермейiнше, бұған оның қолы жетпейдi».        Пайдаланылған материалдар:  1. 2. 3. 4. МАН I (ілгерінді) деңгей 20бет Амонашвили Ш.А. Размышления о гуманной педагогике. – М., 2001. В.Усиков, Т.Казановская, А.Усикова, Г.Зәбенова Қазақстанның  экономикалық және әлеуметтік географиясы, 9 сынып А. Байдаулетова.   Ұстаздың өз шығармашылдық жұмыстарынан  үзінді. Түркістан облысы                           Мақтаарал ауданы                         «В.Комаров атындағы жалпы орта мектебі»                коммуналдық мемлекеттік мекемесі                «Педагогикалық идеялар фестивалі»                                          облыстық фестивалі Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары          Бағыты:    «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің қолы ...»                  Қатысушы:      Байдаулетова Айгул Молдабековна                                                    география пәні мұғалімі                                                         І ілгерінді деңгей               Байланыс телефоны:    87023460347,   87003460647                 Мекен жайы:     Атакент кенті е ­ mail     baydauletova.aygul@mail.ru Аннотация «Әр   түрлі   сабақтар,   бірақ   әрқайсында   шебердің   ...»   бағытындағы   «Жаңа идеяларды   сабақта   қолдану   жолдары»   тақырыбындағы   еңбегінде     ұстаз география   сабағында   қолданып   жүрген     шығармашылық   жұмыстарының үлгісінен қысқаша сипаттама берген. Шымкент қаласындағы ПШО – да жаңа әдіс   –   тәсілдерді   сабақта   қолданудың   оңтайлы   тәсілдерін   ілгерінді   деңгей көлемінде  меңгерген жаңашыл ұстаздың өз мектебінде өзгеріс енгізу жолдары қарастырылған. Оқушымен,  ата – анамен, ұстаздармен алынған сауалнаманың қорытындысына   сүйене   отырып,   әр   сыныптардағы   жұмыстарында   баламен жұмыс   жасаудың   ерекшелігіне   мән   беріп,   жаңа   идеяларды   география сабағында   қолданудың   жолдарына   тоқталған.   Шығармашылдық   жұмыс география пәнінен сабақ беретін ұстаздарға үлгі ретінде беріледі.  Аннотация  к докладу Новые идеи  в преподавании на уроках географии В докладе по направлению областного фестиваля «Әр түрлі сабақтар, бірақ әрқайсында шебердің ...»рассматривается работа учителя географии, который окончил  Первый уровень в городе Шымкент  ЦПМ о том, как использовать новые  идеи  на  уроках, кратко    описывает    элементы    творческой   работы, которую использует на уроках. Основываясь на результатах опроса   среди учеников и родителями учитель сосредоточен  на использовании новых идеи на   уроках,   уделяя   особое   внимание   специфике   возрастных   особенностей работы с учащимися. Творческая работа по предмету географии дается как в качестве примера .

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында қолдану жолдары

Жаңа идеяларды география сабағында  қолдану жолдары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
09.11.2019