Жаңа жыл -2017
Оценка 5

Жаңа жыл -2017

Оценка 5
Научные работы
doc
воспитательная работа
Детсад
22.01.2017
Жаңа жыл -2017
Жаңа жыл ертегі Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Адам өміріндегі мерекелердің мәнін ашып көрсету.Жағымды эмоцияларға тәрбиелеу. Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар, апайлар, балдырғандар міне тағыда бір жылды қарсы алуға жиналдық. Өткен жыл біз үшін еліміз үшін жақсы , бейбіт, тыныш жыл болды. Балдырған бөбектеріміз жасына жас қосып, тағы да 1 жылға өсті. Келе жатқан жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл болсын.Жаңа жыл ертегі Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Адам өміріндегі мерекелердің мәнін ашып көрсету.Жағымды эмоцияларға тәрбиелеу.
жана жыл сценарий 2014.doc
Жаңаөзен қаласы  «№5 Сәуле балақшасының» тәрбиешісі Болтекова Алия Багдаулетқызы Жаңа жыл ертегі Мақсаты: Балалардың Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту. Адам  өміріндегі мерекелердің мәнін ашып көрсету.Жағымды эмоцияларға  тәрбиелеу. Тәрбиеші: Құрметті ата­аналар, апайлар, балдырғандар міне тағыда бір  жылды қарсы алуға жиналдық. Өткен жыл біз үшін еліміз үшін жақсы , бейбіт,  тыныш жыл болды. Балдырған бөбектеріміз жасына жас қосып, тағы да 1  жылға өсті. Келе жатқан жаңа жылымыз бәріміз үшін құтты жыл, жемісті жыл  болсын. Келді міне, жаңа жыл аппақ болып, Ән салып, жұмбақ болып, тақпақ болып, Ауламыздың тұсында қонып жатыр Аяз болып, мұз болып, қатпақ болып. Жақсылық:     Армысыздар халайық,                          Бармысыздар халайық,                          Жаңа жылды жұп жазбай                          Бірге қарсы алайық. Жаннұр:  Жасыл шырша жанында,                   Барлық достар жиналды,                   Кәне балақай байқашы,                    Мән беріп қарашы. Інжу:   Келді тағы жаңа жыл             Қуантумен біздерді             Құтты болсын жаңа жыл             Құттықтаймыз сіздерді Темірлан:   Шыршамыз, шыршамыз ,                      Көңілдіміз баршамыз.                      Ән салуға, би билеуге,                      Біз дайынбыз бәріміз Тәрбиеші:  Балалар,  «Шырша жыры» әнін орындап берейікші. Жалғас:    Аспан жерге төгеді,                   Ақ күмісін уыстап                   Жаңа жылда келеді                   Бізге қарай жылыстап Ясмина:   Өлең де әзір, ән әзір                   Ойын да әзір, бәрі әзір                   Кел Жаңа жыл біздерге                   Кел Жаңа жыл, жаңа жыл Рамазан:   Жаңа жыл, жаңа жыл                    Жаңа жылда жаңа жыр                    Жасыл шырша жанында,                    Жарқырап бала жүр. Мадина:  Қызық думан күн келді                   Жасыл шырша түрленді                       Аяз ата сүйіп терледі,                       Үйге кірді төрледі. Жұлдыз:  Алақай­ ау, алақай,                   Жаңа жыл келді                   Өсетін болдым                    Бір жылға енді  Би: «Үнді» Тәрбиеші:  Жамыл желек жамылған,                     Асыл моншақ тағылған                      Міне сол шыршамыз.                     Көптен күтіп сағынған, Балалар, қараңдаршы ортамызға ескі жыл – жылан жыл келіпті. Мансур:   Сәлеметсіздер ме, балалар!                  Балаларым, қарағым,                  Күнім, нұрым, жанарым,                  Орындалып ойларың                  Құтты болсын тойларың Балалар, міне қоштасатын кез келді. Жақсылап Жаңа жылқы жылын қарсы  алыңдар. Сау болыңыздар! Тәрбиеші: Балалар, жаңа жылды қарсы аламыз ба? Жүздеріне қуаныш нұрын төккен, Балбұл жанған беттерін аяз өпкен Айналайын халайық қарсы алыңдар, Жаңа жылды асыға көптен күткен. Қасым:  Армысыздар халайық, Бармысыздар халайық. Жаңа жылды жұп жазбай  Бірге қарсы алайық. Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен жылқы жылымын. Мені шын ықыласпен  қарсы алғандарына рахмет! Жаңа жылдарын құтты болсын!  Мен бүгін  сендердің мерекелеріңді көріп  тамалайын,  қандай өнерлерін бар екен? Тәрбиеші:  Отырыңыз, сізге біздің балалар көптеген өнерлерін көрсетеді..  тамашалаңыз. Өте жақсы балалар, сендердің «Ертегі еліне» барғыларың келе ме? Балалар  қараңдаршы «Ертегі елінің» іші тып тыныш, неткен әдемілік! Жанель (Қызыл телпек): Сәлеметсіңдер ме, балалар!  Сендер мені  таныдыңдар ма? Балалар: Сәлеметсіз бе! Сіз ертегідегі Қызыл телпексіз. Жанель: Балалар, біздің «Ертегі еліне» қош келдіңіздер! Мен сендерге  жұмбақ жасырамын, сендер шешіп көріңдер. Сыбдыр шықса қашады, Қырдан бір­ақ асады. Бұл не? Балалар: Қоян Дәулет (қоян): Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қай ертегідегі қоянмын?  Қалай ойлайсыңдар? Балалар: Бауырсақ ертегісіндегң қоянсың. Дәулет:  Жарайсыңдар, балалар, ал сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер  ме? Рашид: Ұзын құлақ сұр қоян Естіп қалды сыбдырды Ойлы­қырлы жерлермен Ытқып­ытқып жүгірді. Жанель: Жарайсыңдар, балалар. Тағы да жұмбақ жасырайын. Қыс бойына жатады. Тәтті ұйқыға батады. Бұл не? Балалар: Аю Мейірлан (аю): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен қай ертегіден келдім? Баладар: Сіз «Маша мен аю» ертесіндегі аюсыз. Мейірлан: Өте жақсы. Ертегілерді жақсы біледі екенсіндер. Ал аю туралы  тақпақ білесіңдер ме? Мейіржан: Алып батыр балпаңмын. Ақ ниетім дарханмын, Басқа аңға тимеймін, Балпаң, балпаң билеймін. Жанель: Қандай тамаша! Тағы жұмбақ шешесіңдер ие? Қай ертегі екенін  таба білесіңдер ме? Мен атадан қаштым Мен әжеден қаштым Қояннан да қаштым Балалар бұл қай ертегіден? Балалар: «Бауырсақ» ертегісі Жанель: балалар «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақты кім жеп қояды. Өзі  айлакер, өзі қу. Балалар: Түлкі Айда (түлкі): Сәлеметсіңдер ме, балалар. Мен түлкімін. Жаңа жыл  мерекесіне келдім. Маған арналған тақпақты айтып беріңдерші. Ринат: Көрсін біздей балғынды, Көңілденсін ол енді. Шырқатайық ән­жырды, Шырқатайық өлеңді Жанель: жарайсыңдар балалар. Барлық ертегілерді біледі екенсіңдер. Ал  маған сендер мен жаңа жылды қарсы алуға болама? Балалар: Ия, болады. Тәрбиеші: Отырыңыз,  Қызыл телпек. Балалар Қызыл телпекпен бірге ән  айтайық. Ән: «Тамаша» Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Ақсақалды шал  Жылына бір­ақ келеді Қызы мен ұлына  Сыйлық алып келеді. Балалар: Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата! Оның орнына сыпырғышпен мыстан кемпір ұшып кіреді де, шыршаны бір  айналып барып, қонақтардың алдына келіп тұрады. Мыстан кемпір: Ой, қандай керемет шырша! Қандай әдім, үйге алып кетейін  бе? (Шыршаны жұлмалай бастайды) Тәрбиеші:  Жетер, тиіспеңіз.бұл біздің шыршамыз. Бүгін жаңа жыл мерекесі. Мыстан кемпір: Ойланып, жарайды шыршаға тиіспеймін. Бірақ сендер менің жұмбағымды шешіңдер. Балалар шеше ала ма екен? 1.Үстінде бар жасыл тон. Шаштары  бар жайнаған Балалар жүр қарап оны. Әнге салып айнада      (шырша) 2.Сақалы бар  желбіреп,  жүрегі елжіреп,  жылда бір келеді, көп сыйлық береді. (Аяз ата) Көріп тұрмын сендер тапқыр екенсіңдер. Ой, мен шаршадым мені қуантыңдар, көптен бері билеген жок едім. Ал сендер билей аласыңдар ма? Тәрбиеші: Ия, мыстан кемпір, біздің балалар тапқырлар да, бишілер де. Кәне,  балалар өзіміздің биімізді көрсетейік. Би: «Заманауи»  Мыстан кемпір ашуланып, балаларды қорқытады. Шыршаны әне­міне алам  дегенше боран соғып, мыстанды боран алып кетеді. Тәрбиеші: Балалар, тағыда Аяз атаны шақырып көрейік. Балалар аяз атаны шақырады. Аяз ата: Жаңа жылмен, жаңа жылмен, Құттықтаймын бәріңді Жасым келіп қартайған мен ақ шашты атамын. Өздерін сияқты балалардың шат күлкі думан тойын аралап келемін. Міне  сендердің орталарыңа жеттім. Тәрбиеші: Балалар, аяз атаға арналған әнімізді айтайық. Ән: «Аяз ата келеді» Тәрбиеші: Аяз ата, біздің балалар сізге арпан тақпақ айтады. Махамбет: Қалып едік сағынып Күтіп алдық жабылып Жалын қойдық жарық қып Шыршамызға шам іліп Дана:  Дети водит хоровод Хлопают в ладоши Здравствуй, здравствуй новый год. Ты такой хороший Мейірбек: Аппақ тонға оранып, Базарлықты мол алып Келді алыс сапардан Аяз ата оралып. Қасым:  Скоро, скоро новый год. Скоро Дед мороз придет За плечами елочка Пушистые иголочка Тәрбиеші: Аяз ата біздің балалардың сізге арнаған биі бар. Би: «Санта клаус» Аяз ата: Жарайсыңдар балалар. Өлең­жырларыңа көп рахмет. Ойын: «Аққала жасау» Тәрбиеші: Аяз ата, айтыңызшы қасыңыздағы Ақшақар қызыңыз қайда? Аяз ата: Балалар жаңа сіздерге келіп жатқанда алдымдан қатты боран соғып, Ақшақар қызбен мені адастырып жіберді. Содан табалмай келе жатырмын.  Қазір сиқырлы таяғыммен Ақшақарды шақырайын.  (сол кезде есіктен мыстан кемпір кіріп келеді, аяз атаны оны қуып жіберіп,  сиқырлы таяғын ұсынғанда ақшақар кіріп келеді.) Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Кешіріңдер мені. Мен аяз атадан  адасып қалдым. Келді міне жаңа жыл, Қуанышпен біздерге Құтты болсын қуаныш Құттықтаймын сіздерді Аяз ата: Қызым кәне шыршаны жағайық. Балалар сендердің көмектерің  керек. Бәріміз бірге «Шырша шамы жарқыра» деп айтайық. Шырша жанады. Ән: «В лесу родилась елочка» Тәрбиеші: Ақшақар біздің балалардың тақпақтары бар. Тыңдаңыз. Қуандық:  Сылдырлайды моншағы     Шыршамыздың мол шамы Бізбен бірге жайдары Жарқырайды, жайнайды. Айда:  Добрый дедушка мороз Миленький, любименький Спрячься дедушка мороз. В нашем холодиьнике. Дана:  Жаңа жылды қарсы алдым.      Мініп алып күймеге Менде бүгін ән салдым Араластым биге де Жания: безендіріп шыршаны Жыл қуантты баршаны Той, маскарад басталады. Аяз оны басқарды. Аяз ата: Қызым, кәне мына әдемі қыздарды билетші. Би: «Ақшақарлар» Тәрбиеші: Балалар кәне тыңдайықшы, бір белгісіз дауыс естіледі.  (есіктен Чупа­чупс кіреді) Буратинос:  Сәлеметсіңдер ме! Мені күтпедіңдер ме? Мен Жаңа жыл  мерекесін тойлауға келдім.  Менімен көніл көтерейік. Ойын ойнағыңыз келе  ме? Балалар әуелі шыршаның шамын сөндірейік. Ойын: Қуант, бізді таңырқат               Шамдарыңды жарқырат,­ деп айтамыз. (қолдарын шапалақтайды). Ал  енді шамдарды сөндірейік, қатты­қатты үреміз. (шамдар сөнеді).  ­ Бұл балалар нағыз сиқыршы балалар екен. Аяз ата: Буратино бұл балалар ­ ақылды да тапқыр балалар. Манадан ән  айтып, биде билеп, ойында ойнады.  Балалардың ата­аналарын ойынға тартшы. Буратино: Дұрыс айтасыз, аяз ата. Мен тек балаларға арнап ойын әкелген  жокпын. Ата – аналарғада әкелдім.   ­ Кәне, екі мықты ата­ана шықсыншы ортаға.  Ойынның шарты: Сіздер жаңа жылға арнап тілек айтуларыңыз керек. Чупа­ чупсты аузына салып айтуы шарт. ­ Қараңыз, аяз ата. Бұл балалардың мамалары да  керемет екен. Тәрбиеші: Чупа­чупс біздің балалардың биі тамашалаңыз. Би: «Шырша»  Сағат соғысы естіледі. Аяз ата: Бізге де қайтатын уақыт келді.  Балаларға әкелген сыйлықтарымды  таратайын.  Жаңа жыл құтты болсын. Жаңа жыл отбасыларыңызға бақыт, шаттық, қуаныш әкелсін. Қош, сау болыңыздар!( аяз атамен бірге ақшақар да,  чупа­чупста кетип қалады) Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, балалар. 2014­шы жаңа жылға арналған  мерекеміз аяқталып қалды.  Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет.   Жаңа  жыл құтты болсын. Отбасыларыңызға бақыт пен қуаныш әкелсін.

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017

Жаңа жыл -2017
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.01.2017