Дайындаған: Жанабаева З.А.
Қ.Қалыбеков атындағы орта мектеп
Қыранбыз-қауіпсіздік жаршысы
Ұланбыз –жол көрсетер басшысы
Сақтану, білу,оқу, үйрету,
Жолда жүру ержесін білу сенің басты ісің.
Бағдаршам :
Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.
Сақтандыру , ескерту белгісі :
Қып - қызыл үшбұрыш,
Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,
Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.
Тыйым салу белгісі :
Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,
Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.
Міндеттеу белгісі :
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,
Абай бол , шартыңды міндетті орында !
Ңұсқау белгісі :
Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.
Күндіз де , түнде де от болып жанады,
Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым
Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
Бағдаршам дегеніміз не ?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін,
ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді.
Жол-көлік оқиғасына куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?
Жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек.
Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?
Ішімдік ішкен жағдайда.
Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?
Иә, міндетті.
МАИ деген сөзді талдап беріңдер.
Мемлекеттік авто инспекция
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.