Жай механизмдер
Оценка 4.6

Жай механизмдер

Оценка 4.6
Занимательные материалы
zip
физика
7 кл
22.11.2017
Жай механизмдер
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Күш моменті Мектеп: Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Сынып: 7 Қатысқандар: 15 Қатыспағандар: Сабақтың тақырыбы Жай механизмдер Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.2.4.1- «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдау және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіру; 7.2.4.2- күш моменті ұғымының физикалық мағынасын түсіндіру; Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар істей алады:«Механиканың алтын ережесін» тұжырымдай алады және қарапайым механизмдердің қолданылуына мысалдар келтіреді; күш моменті үғымының мәнін түсінеді; Көптеген оқушылар істей алады:«Механиканың алтын ережесін», күш моментінің формуласын есеп шығару барысында қолдана алады; Кейбір оқушылар істей алады:Жай механизмдердің қолданылуын күнделікте өмірде тәжірибе жүзінде көрсете алады; Бағалау критерийі -Жай механизмдерді ажырата алады - «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдай алады - Күш моментінің физикалық мағынасын түсіне алады - «Механиканың алтын ережесін», күш моментінің формулалар қолдана алады. - Жай механизмдердің қолданылуын күнделікті өмірде тәжірибе жүзінде көрсете алады; Тілдік мақсаттар Тілді оқыту мақсаты: оқушылар жай механизмдерді ауызша немесе жазбашатүрде түсіне отырып, олардың қолданылуы мен жұмыс істеу принципіпімен танысу Пәндік лексика және терминология: жай механизм,жылжымалы блок, жылжымайтын блок, көлбеу жазықтық, иіндік. Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері: Жай механизмдерге жатады.... Көлбеу жазықтық деп.... «Механиканың алтын ережесі» .... Жылжымалы блок ... екі есе ұтыс береді. Жылжымайтын блок ... Иіндік дегеніміз.... Құндылықтарға баулу Шығармашылық пен сын тұрғысынан ойлау тапсырмаларын топта орындау арқылы өзара қарым-қатынас жасау қабілетін дамытып, өндіріс пен білімнің қолданылу аясын кеңейту. Пәнаралық байланыс Сабақта төмендегідей пәндермен байланыс жүзеге асырылады: Математика– амалдарды қолданып есептер шығару, Информатика – ғаламтор желісінде ақпарат жинақтау. Алдыңғы білім Оқушылар нені білу керек: Механикалық жұмыс, ауырлық күші және салмақ. Сабақ барысы Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар Сабақтың басы (2мин) (3 мин) Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптағы психологиялық атмосфераны қалыптастыру. «Шаттық шеңберін» құрып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді. Топқа бөлу. «Пазл әдісі» Сурет қималарын біріктіру арқылы топтарға бөлу. 1-топ: «Иіндік» 2-топ: «Блок» 3-топ: «Көлбеу жазықтық» Құрастырылған суреттерге қарап отырып проблемалық жағдай тұғызу. Суреттер Сабақтың ортасы (5 мин) (10 мин) (5 мин) (1 мин) (10 мин) (5 мин) 1. (D) Бейнежазба 2. (G) «Постер қорғау» әдісі. Әр топ өзіне түскен жай механизмді оқулықтан ізденіп, қағаз бетіне түсіреді және оны қорғайды. Көмекші құрал ретінде оқулық беріледі. 3. (G) «СМС хат» әдісі. 2-тапсырма.Әр топ озінің қорғаған тақырыбы бойынша сұрақтар дайындап, келесі топқа беріліп, оқушылар сұраққа жауап беру арқылы кері байланыс жасалады. Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі. 4. (G) «Айналмалы бекет» әдісі. 1-топ. Тәжірибе жасау. Жуктер, динамометр және иіндік берілген. Иіндіктің оң жағындағы және сол жағындағы күш моменттерін есептеу. 2-топ. Суретте массасы 5 кг болатын жүктің салмақ күшін және сол жүкті көтергісі келетін адамның түсіретін күш векторының бағытын көрсетіңіз және модульін анықтаңыз. 3-топ. Тәжірибе арқылы көлбеу жазықтық бойымен жүкті көтергендегі жұмысты және тікелей биіктікке көтергендегі жұмыстарды анықтап, нәтижені салыстыру. «Механиканың алтын ережесін» тәжірибе жүзінде көрсету. Кері байланыс. «Серпілген сауал» әдісі. Пікіріне қосыласызба? Жауапты тағы қалай толықтыруға болады? Айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға болады? Қалыптастырушы бағалау: «От шашу» әдісі Бағалау критерийлері Дескрипторлар Жай механизмдерді ажырата алады. Жай механизмдердің түрлерін біледі Өмірде қолданылатын жай механиздерге мысал келтіре алады «Механиканың алтын ережесін» тұжырымдай алады. «Механиканың алтын ережесінің» анықтамасын айта алады. «Механиканың алтын ережесінің» формуласын біледі. Күш моментінің физикалық мағынасын түсіне алады. Күш моментінің анықтамасын біледі. Күш моментінің формуласын біледі Күш моментінің өлшем бірлігін біледі «Механиканың алтын ережесін», күш моментінің формулалар қолдана алады. «Механиканың алтын ережесін» қолдана отырып есептер шығара алады Күш моментінің формулалар қолдана отырып есептер шығара алады Жай механизмдердің қолданылуын күнделікті өмірде тәжірибе жүзінде көрсете алады. Жай механизмдердің қолданылуын тәжірибе жүзінде көрсете алады; Күнделікті өмірде жай механизмдерді қолдана алады. http://bilimland.kz/kk/content/lesson/10735-zhai_mexanizmder Оқулық Стикерлер Қызыл, сары және жасыл түсті қағаздар. Сабақтың соңы (3 мин) (1 мин) Рефлексия кезеңі. «Бағалау терезесі» оқушыларға стикерлер беріледі, өзінің деңгейіне қатысты терезеге жабыстырады. Үй тапсырмасы: Үйлерінде қолданыста жүрген жай механизмдерді тауып, жұмыс істеу принціптерін жазып келу. стикерлер Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау Оқу мақсаттарына жету үшін сабақтың бастапқы кезеңінде оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін «Шаттық шеңбері» әдісі қолданылады. «Пазл» әдісі арқылы оқушыларды топқа бөлумен қатар, оқушылардың қызығушылығын ояту, жаға тақырыптың мазмұнын ащу мақсатында жүзеге асырылады. Оқушыларды қолдау көрсету мақсатында бейне жазба көрсетілу арқылы жаңа сабақты түсіне отырып «Постер қорғау» әдісі арқылы талдайды. Оқушылардың танымдық-интелектуалдық қабілетін арттыру үшін «Айналмалы бекет» әдісі қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бұл бөлімде оқушылардың сабақ кезінде нені үйренгендерін бағалау үшін «СМС хат» әдісінқолдану арқылы бір топ оқушылары келесі топ оқушыларымен кері байланыс жасайды және «Серпілген сұрақ» әдісін пайдаланып мұғаліммен кері байланыс жүргізіледі. Оқушыларды қалыптастыру, ынталандыру мақсатында «Бағдаршам» әдісі мен «От шашу» әдісітері арқылы бағаланады. Қауіпсіздік техникасы ережелері: Құралдармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігі ескертіледі. Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз. Жалпы бағалау Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?
Жай механизмдер.zip
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.11.2017