Рухани- адамгершілік
білімнің негізі болып
табылатын
«Өзін- өзі тану»
жобасының авторы
С. А. Назарбаева
«Өмір әдебі» деген
кітабында:
«Рухани кәусар бұлаққа барар жол іздеу әр адамның міндеттерінің міндеті екендігіне сенімдімін» дей келе, оған тек жалпыадамзаттық құндылықтарды оқыту арқылы ғана жетуге болатынын атап көрсетті.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруда маңызды тәрбиелік міндеттер:
біріншіден, рухани-адамгершілік, руханилық, әсемдік, ақиқат, ізгілік, еркіндік, рахымшылдық,
кешірімділік, тәуелсіздік сияқты жалпыадамзаттық құндылықтардың өмірге еркін ене бастауы;
екіншіден, жалпыадамзаттық құндылықтармен қатар, ұлттың өз мәдениетін меңгере отырып,
әлемдік рухани ынтымақтастық рухта басқа ұлттармен бейбітшілікті сақтау;
үшіншіден, оқушылардың белсенді өмірлік позициясын, жан дүниесін адами
құндылықтар арқылы рухани-адамгершілік пен руханилықты берік орнықтыру.
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелгі грек ғалымы Сократтан бастау алады. Оның әйгілі «Менің білетінім – мен ештеңе білмеймін, басқалар оны да білмейді», «Өзіңді-өзің танып-біл!», «Әр адамның бойында күн бар, нұр бар, тек оның нұрлануына мүмкіндік беріңдер» деген қағидаларының негізгі мазмұны да осы құндылықтар.
Сократ (б.д.д. 469 - 399)
Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп өзінің 73 жылдық ғұмырында артына сарқылмастай мол қазына қалдырды. Ш.Құдайбердіұлының философиялық еңбектерінің негізгі обьектісі – адам болса, байлықтың ең үлкені – ғылым дей келе, «Өзіңді өзің танысаң істің басы...» деп жырлайды. Мысалы, «Үш –ақ түрлі өмір бар» өлеңінде ол адам өміріне «ортаншы өмір» деген ұғымды қолданады. Бұл – адамның жастық шақ пен кәріліктің арасындағы белсенді өмірі, яғни, осы кезде уақытыңды босқа өткізбей, ғылымға үңілсең – өмірлік мұратыңа жеткенің - дейді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.