Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)
Оценка 4.7

Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)

Оценка 4.7
Работа в классе
doc
биология
6 кл
13.02.2018
Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)
Жануар ағзасының ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: жануарлар әлемінің ерекшелі жайлы, оларға тән қасиеттер туралы мағлұмат беріп, дене құрылысын ерекшеліктеріне сипаттама беру; түрлі тәрбиелік шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету. Сабақтың міндеттері: Білімдік – табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілеттерін арттыру; Дамытушылық – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; Тәрбиелік – табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі Сабақтың типі: құрастырылған І Ұйымдастыру кезеңі.ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі Жоспар: 1. Тірі ағзаларға тән ортақ белгілер 2. Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы 3. Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар: Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен алады. Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе, ертеңіне дәл сол жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды, жорғалап не ұшып кетеді. Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі жолдармен орын ауыстырып таралады. Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды қамтамасыз ететін және сыртқы ортамен қарым - қатынасты жүзеге асыруды реттейтін арнайы мүшелері, мүшелер жүйесі болады. Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялы болып келеді: дененің оң және сол жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқарады. Мұндай жануарлар алға, жан - жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін ұстайтын, жауына шабуыл жасайтын, немесе олардан қорғанатын, айналаны бағдарлайтын негізгі мүшелері дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Жануарлар жауынан қалай құтылатынын өздерің әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден білетін мысалдарды келтіріңдер. Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, теңіз жұлдызының денесі сәулелі симметриялы: денесінің дәл ортасынан әр тармағына ойша сызық жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқарады. Денесінің сәулелі симметриялы болуы баяу қозғалатын немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын жануарлардың өзіне қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді түрде ұстауына, немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік береді.
6-а сынып.doc
6­сынып                                       § 31. Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. Жануар ағзасының ерекшеліктері Сабақтың мақсаты: жануарлар әлемінің ерекшелі жайлы, оларға тән қасиеттер туралы  мағлұмат беріп, дене құрылысын ерекшеліктеріне сипаттама беру; түрлі тәрбиелік  шаралардың әсерімен оқушы тұлғасында жағымды өзгерістерге жету. Сабақтың міндеттері: Білімдік – табиғатты қорғау туралы мәлімет беріп, меңгерту, танымдық қабілеттерін  арттыру; Дамытушылық – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін  дамыту; ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; Тәрбиелік – табиғатты сүюге және ұқыпты ұстауға тәрбиелеу; қазақ халқының табиғатты  қорғау дәстүрлерін үлгі алуға шақыру; эстетикалық сезімдеріне баулу. Сабақтың әдісі: түсіндірмелі Сабақтың типі: құрастырылған І Ұйымдастыру кезеңі. ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі Жоспар: 1. Тірі ағзаларға тән ортақ белгілер 2. Жануарлардың тіршілік ортасы және мекен ортасы 3. Жануарлардың мекен ортасына бейімделуі Жануарлар өсімдіктерден тек өздеріне ғана тән, елеулі ерекшеліктері бойынша  ажыратылады. Сондай ерекшеліктердің ең негізгілері мыналар: Жануарлар дайын органикалық заттармен қоректенеді, яғни олар өз ағзасына қажетті  қоректік заттарды – нәруызды (белокты), көмірсуды, май тәрізді заттарды өсімдіктен  алады. Жануарлар белсенді қозғалады: көпшілігі бір жерден екінші жерге орын ауыстырады  (отырықшылары да бар). Мысалы, қанқыз бүгін бір жерден көрінсе, ертеңіне дәл сол  жерден көрінбейді, себебі, ол бір орында тұрмайды, жорғалап не ұшып кетеді. Өсімдік бір орында өседі. Оның тұқымдары ғана басқа жерлерге әр түрлі жолдармен орын  ауыстырып таралады. Жануарлардың көпшілігінде ас қорытуды, тыныс алуды, зәр шығаруды қамтамасыз ететін  және сыртқы ортамен қарым ­ қатынасты жүзеге асыруды реттейтін арнайы мүшелері,  мүшелер жүйесі болады. Көптеген жануарлардың денесі екі жақты симметриялы болып келеді: дененің оң және сол  жағындағы мүшелері жұп және бірдей қызмет атқарады. Мұндай жануарлар алға, жан ­ жаққа жеңіл, еркін қозғалады. Қорегін ұстайтын, жауына  шабуыл жасайтын, немесе олардан қорғанатын, айналаны бағдарлайтын негізгі мүшелері  дененің алдыңғы бөлімінде орналасады. Жануарлар жауынан қалай құтылатынын өздерің  әңгімелеп, талқылаңдар. Өмірден білетін мысалдарды келтіріңдер. Аз қозғалатын жануарлардың дене пішіні жұлдыз немесе шатыр, немесе өсімдік гүлі тәрізді болады. Мысалы, теңіз жұлдызының денесі сәулелі симметриялы: денесінің дәл ортасынан  әр тармағына ойша сызық жүргізсе денесі бірдей бес бөлімге бөлінеді, әр бөлімдегі сәйкес мүшелер белгілі бір қызмет атқарады. Денесінің сәулелі симметриялы болуы баяу  қозғалатын немесе су түбіндегі қатты нәрселерге жабысып тұратын жануарлардың өзіне  қажетті қорегін, қай жағынан келсе де, сезініп, белсенді түрде ұстауына, немесе қауіпті жау болса, одан қорғануына мүмкіндік береді.

Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)

Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)

Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)

Жануардың тіршілігі туралы жалпы түсінік. (6-сынып)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018