Психологиялық ахуал
«Еркін тыныс»
Сабақ ережесі
1. Тыныштықты сақтаймыз;
2. Бір-бірімізді тыңдаймыз;
3. Ойымызды ашық айтамыз;
4. Белсенді қатысамыз
Мақсаты: а) Адам тіршілігі үшін ауаның маңызды екенін түсінесіңдер.
ә) Ауаның түрлі салаларда қолданылуын білесіңдер
б) Байқампаз болуға үйренесіңдер
Ой толғаныс«Коллаж» әдісі
Допты ал,оны
қолыңмен екі бүйірінен
қыс.Бүйірі қабысып ішке
қарай кіреді.Бұл кезде
доп ішінде не сығылады?
Ал қолыңды жіберіп қалсаң,
Қалай өз орнына келеді?
Автокөліктердің
Дөңгелектері сығылған
неге толтырылады?
Автокөліктердің
дөңгелектеріне
қандай пайдасы бар?
Үйлердің терезесіне
екі қабат әйнек
қойылады. Екі қабат
әйнек арасында
не болады? Ауа үйдегі
Жылуды қайда
шығармайды?
Себебі неде?
Қыс кезінде тері
тон жүн қолғап
неге киесің?
Бұл жерде ауаның
қандай қатысы бар?
Металлургия
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Металлургия және химия өнеркәсібінде таза оттекті қолданады. Оны негізінен шойыннан және болаттан металл алуға жұмсайды. Машина жасауда, құрлыста оттек металлдарды дәнекерлеуге және кесуге қолданады.
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Жер атмосферасынан тыс жерде адам өзімен оттек алып жүреді. Альпинистер, ғарышкерлер, сүңгуірлер оттек пайдаланады.
Ауаны қолдану
Медицинада
Адамның тыныс алуы қиындағанда оттек жастықшасы пайдаланылады. Қазіргі пандемия кезіндегі COVID 19 ауыруының белгісі адамның тынысының тарылуы.Сондықтан ауруханалар осы оттек баллондарымен қамтамассыз етілуде
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Өрт сөндірушілер
Түтінді және улы атмосферамен жиі және бетпе-бет келгендіктен олардың киімінде тыныс алу үшін оттек көздері болады.
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Ауаны қыздырғанда оның көлемі ұлғаяды, жылы ауа жоғары көтеріледі.Әуе шарын ұшыру үшін ауаның осы қасиетін пайдаланады
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Құтқарушылар
Ауа судан жеңіл, сондықтан оның бұл ерекшелігін құтқару құралдарын, кеме жасауда қолданады.
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Энергетика
Ауаның қозғалуын адам ежелден бері түрлі мақсатта қолданып келеді. Қазіргі кезде энергия өндіруге пайдалана бастады.
АУАНЫ ҚОЛДАНУ
Теміржол
Стопкран ашылғанда, пойыздың тежегіш желісінен ауа шығады. Бұл пойыз тежегіштерін іске қосады. Оны орынсыз іске қосуға болмайды.
Сөйлемді аяқта
Үлкен қалалардағы фабрика, зауыттардан шыққан түтін ауа-
ны .......
Ондай ауа адамдарға және өсім-
діктерге ...... келтіреді
СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?
Зерттеушілер үй ішіндегі ауаның сырттағы ауаға қарағанда қатты ластанатынын анықтаған.Бөлмені желдетпесе, үй ішіндегі оттек пен көмірқышқыл газдың ара-қатынасы өзгеріп, адам өзін нашар сезіне бастайды.Сондықтан сынып бөлмесінің, үйдің ауасын жиі желдетіп тұру қажет
КЕРІ БАЙЛАНЫС
Үлкен қалалардағы фабрика, зауыттардан шыққан түтін ауаны ластап, бүлдіреді.
Ауаның түсі бұзылып, тұманға ұқсап тұрады.
Ол адамға және өсімдіктер мен жануарларға зиянды.
«ЖЕТІСТІК
ТОҒАЙЫ»
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.