«Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымына»
қабылдау
Өткізілу түрі: Жас
ұлан ұйымының салтанатты жиыны.
Қатысушылар: Мектеп мұғалімдері мен оқушылары
«Жас Ұлан» ұйымының негізгі мақсаты – оқушылардың қоғамдық, әлеуметтік, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ал міндеттері - әлеуметтік тәжірибені байыту және дамыту, мектептегі тәрбиелік әлеуетін жүзеге асыру болып табылады.
Видеолар қойылып тұрады.
Музыка ойнап тұрады. Мектеп сап түзеп тұрады.
ҰЛАНБАСЫ:
Сәлем, сәлем, сәлем
Жас Ұланды ел танысын
Көтерейік оң қолды
Мың алғысқа лайықсың сен
Көтерейік сол қолды
Көрсін әлем, естісін әлем
Өскелең елдің Жас Ұланын
Басқа оқушылар:
Ұлы Елдің өнегелі ұланымыз
Биіктерде шырқалады ұранымыз
Бабалардың өнегесін үлгі тұтқан
Жалындаған Жас Ұлан Біз боламыз (бірге)
Фанфар беріледі. Жүргізушілер шығады.
Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар, қымбатты достар! «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау салтанатына қош келдіңіздер.
ІІ жүргізуші:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар! 16 желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Мереке қарсаңында өткізілгелі отырған еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің қатарына мектеп оқушыларын қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызды ашық деп жариялаймыз!
ІІ жүргізуші: Мектеп түзел! Тік тұр!
ҚР -ң Туы енгізілсін!
ҚР Гимні орындалады
І жүргізуші:
2011 жылдың 6 шілдесінде «НҰР ОТАН» ХДП қолдауымен тұңғыш рет біртұтас «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігі құрылды. Жасөспірімдер мен балалардың біріңғай «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануы ерікті түрде жүргізіледі және оларды ҚР ң заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсат біріктіреді.
ІІ жүргізуші:
Бұл күнде ортақ символикасы бар «Жас Ұлан» ұйымы туралы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз құттықтау сөзінде «Жас Ұлан» бүкіл Қазақстанға таралып, балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеуге, оқудың және тәртіптің үлгісін көрсетуге, Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайтуға, еліміз үшін қызмет етуге, патриот болуға бәріңізді баулитын болсын! деп атап көрсетті.
ІІ жүргізуші:
Еліміздің осындай салмақты сөзінен туындайтын міндет бүгін сезіне отырып, Тәуелсіз ел аясында, бейбіт өмірдің, қамқор Отан-ананың құшағында бақытты балалық күндерін кешіп жүрген жас достарымызды «Жас Ұлан» ұйымының қатарына қабылдау салтанатына куә болмақ.
Бірге: Жасай бер, жайнай бер, Отаным Қазақстан!
Бірлік пен достықты сақтайды Жас Ұлан 2 рет
ІІ жүргізуші:
Кешімізге арнайы шақырылған құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
ІІ жүргізуші: Бірге
ПАРЫЗЫМЫЗ – ұлы Отанға адалдық
БОЙЫМЫЗДА – бар өскіндік, шыншылдық
БАРША ЖАНҒА – үлгі өнеге боламыз
БІЗ ЖАС ҰЛАН – Отаным деп жанамыз
ІІ жүргізуші:
ӘН
ІІ жүргізуші:
Олай болса, бүгінгі «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарын толықтырғалы отырған жасөспірімдерді ортаға шақырамыз.
Олар мектебіміздің мақтаныштары, үлгілі, озат, өнерлі де талантты, белсенді оқушылар.
ІІ жүргізуші:
Құрметті қонақтар, сіздерді «Жас Ұлан» ұйымына қабылданған оқушыларға туымыз түстес көгілдір галстук және төс белгілерін табыстау рәсіміне шақырамыз.
ІІ жүргізуші
Отанының ер ұланы,
Жер қайысқан қалың қол
Тәуелсіз ел ұланы
Ант беруге дайын бол!
Уәде оқыту
Ұланбасы:
А Н Т
Біз, Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына кіре отырып:
Өз Отанымыздың – Қазақстан Республикасының патриоты болуға;
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, дәріптеуге;
Туған елім, жерім, Отанымды мақтаныш етуге;
Ата-анамды қадірлеуге;
Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге;
Білімге табандылықпен ұмтылуға;
Салауатты өмір салтын ұстануға;
Табиғатты аялауға;
«Жас Ұлан» Ережесін бұлжытпай сақтауға және оны өз достарымныздың талап етуге ант етеміз.
Біздің жерлестеріміздің даңқты ерлігі өнегесі негізінде ерлікке үйренуге және Отанға шексіз қызмет етуге салтанатты түрде
қалған мүшелері «Ант етеміз!» деп 3 рет айтады.
Ұлы дала елінің Жас Ұланы! Отанға шексіз қызмет етуге дайын бол!
Қабылданған оқушылар:
ӘРҚАШАН ДАЙЫНБЫЗ
ІІ жүргізуші:
Біз Жас Ұландықтар қай замандада ұлылығымен ерекшеленген, халқымыздың игі дәстүрін аманатын жалғастыруда, аянбай еңбек ететін боламыз.
ІІ жүргізуші:
«Жас Ұлан» - қазақстанды сүйеді
«Жас Ұлан» - мектепте үздік оқиды
«Жас Ұлан» - үлкендерді құрметтейді
«Жас Ұлан» - тек шындықты айтады
«Жас Ұлан» - спортпен еңбекті ұнатады
«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»
І жүргізуші:
Құттықтау сөз мектеп директоры Тлеков Мереке Жолдыбайұлына беріледі
ӘН: «Қазақ елі»
ІІ жүргізуші: Мектеп түзел! Тік тұр!
«Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Туы шығарылсын!
ІІ жүргізуші:
Құрметті, оқушылар «Жас Ұлан» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз
І жүргізуші:
Біз Тәуелсіз қазақ елінің жас ұландары өз жерімізді, елімізді, Отанымызды қадірлеп, қастерлеуге, мәңгі сүюге әрқашан қолдап-қорғауға уәде етеміз. Бүгінгі «Жас Ұлан» Республикалық балалар мен жасөспірімдер қоғамдық бірлестігіне салтанатты қабылдау рәсімі тәмамдалды.
Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Бақытты күндер аясында кездескенше сау болыңыздар!
Сәлем, сәлем, сәлем
Жас Ұланды ел танысын
Көтерейік оң қолды
Мың алғысқа лайықсың сен
Көтерейік сол қолды
Көрсін әлем, естісін әлем
Өскелең елдің Жас Ұланын
Ұлы Елдің өнегелі ұланымыз
Биіктерде шырқалады ұранымыз
Бабалардың өнегесін үлгі тұтқан
Жалындаған Жас Ұлан Біз боламыз (бірге)
Бірге: Жасай бер, жайнай бер, Отаным Қазақстан!
Бірлік пен достықты сақтайды Жас Ұлан 2 рет
ПАРЫЗЫМЫЗ – ұлы Отанға адалдық
БОЙЫМЫЗДА – бар өскіндік, шыншылдық
БАРША ЖАНҒА – үлгі өнеге боламыз
БІЗ ЖАС ҰЛАН – Отаным деп жанамыз
«Жас Ұлан» - қазақстанды сүйеді
«Жас Ұлан» - мектепте үздік оқиды
«Жас Ұлан» - үлкендерді құрметтейді
«Жас Ұлан» - тек шындықты айтады
«Жас Ұлан» - спортпен еңбекті ұнатады
«Жас Ұлан» - болашақ «Жас Отан»
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.