Жастарды өолдау – болашақтың іргетасын қалау
Мен бүгінгі
таңда 9 – сынып оқушысымын. Алдымда өзімнен бес жас
үлкен ағам мен соңымнан ерген бес жас кіші қарындасым
бар. Қасымда ата – анам, айнала қоршаған тума – туыстарым,
достарым бар. Бақытты отбасының толық
құқылы мүшесімін. Менің
сауаты, жақсы білім алып, салауатты өмір салтын сақтауыма,
өзімнің армандарыма қол жеткізуіме, елімнің,
туған жерімнің өсіп – өркендеуіне ат салысуыма
толық мүмкіндік жасалған. Себебі, 2019
жылды Eлбaсымыз
Н.Ә. Назарбаевтың Жастар жылы деп жариялаған болатын.
Міне, осы игі істің жалғасын мен өзім және өзім
сияқты балалар мен жастар үшін жасалған ғаламат
мүмкіндік пен бастамалар бастауы деп сенемін. Президент
жастардың бүгіні мен болашағына қамқорлық
жасауды өз саясатының негізгі мәні деп санайды. Ол жыл
сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру
бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені белгілі, өйткені жастар
қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды
рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі
елімізде басты назардағы мәселе екені белгілі. Осы проблеманы жою
үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы»,
«Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25»
бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін
беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын
арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын
жақсарту», т.б. бағдарламалар қолға алынып,
еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатыр Менің
кішкене ғана ауылымда да жас отбастары
үйлі, жас мамандар жұмысты, талпынған жастар өз
кәсіптерін ашып мемлекет қолдауын көріп отыр. Мектепке келген
жас мұғалім ағай отбасымен көшіп келіп, жаңа
пәтер алды. Мен енді осы ауылдың азаматымын деп отыралы. Студент
ағам жарық, әрі жайлы, барлық жағдайы
жасалған білім орнының жатақханасында тұрады.
Болашақ маман иесі.
Сондықтан
біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан
ететін өскелең ұрпақтың,
ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеңген,
еліне, туған жеріне, Отанына адал қызмет ететін, ертеңгі
әдемі, салауатты, білімді, білікті жастарымыз. Жағымды
жаңалықтардың жапырақ жайып, дамуына
белсене атсалысуға міндеттіміз. Бүгінгі
таңда жастардың
бойында әлеуметтік жауапкершілік пен қоршаған ортаны аялау
сезімі қалыптасқан. Жылына бірнеше рет өзіміз мекен ететін ауыл, аудан аймағындағы
өзен, көл су көздерін тазарту, көшет отырғызып
баптау сияқты шаралар жүзеге асып келеді. Бұндай бастама осы
Жастарды қолдау жылына орай жүргізілген сенімге жауап ретінде қабылдауға
болатын сияқты. Сенімге сеніммен жауап беру, баланың да, басқаныңда
көңілін көтеріп, өзінің қажет екенініе
сенімділік туғызады. Елдің ертеңін ойлайтын кемеңгер
Елбасымыздың сеніміне сызат түсірмей, алға қойған
мақсаттарға жету жолында толағай күш пен жігерлі
болайық дегім келеді. Жастар жылының жетістігі мол, жетер биігі
кең болып, елімізді мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың
ауызбірлігі мен ынтымағы нығая берсін дегім келеді. Біз бірге
ғана биік белестерді бағындыра аламыз.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.