Жақсы жан- елдің ардағы
Оценка 4.9

Жақсы жан- елдің ардағы

Оценка 4.9
Культурные мероприятия
docx
классное руководство +1
Взрослым
02.04.2017
Жақсы жан- елдің ардағы
«Жақсы жан- елдің ардағы» атты еңбегін еліне арнаған зейнеткер Қыдыр Бөлегеновпен кездесу кешінің сценарийі «Нұршашу» би тобының «Қазақ биімен» ашылады. Жүргізуші: Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Жақсы жан – елдің ардағы» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер Жүргізуші: Құрметті ауыл тұрғындары, көрермен қауым, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Ж. Баласағұни айтқандай біздің үлгі тұтарымыз – алдыңғы буын аталар, әкелер, ағаларымыз. Оларды сыйлау, олардың айтқан аталы сөзін тыңдау, құрметтеу ата – бабаларымыздан мирас болып келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Бүгінгі күнде біздің ортамызда қонақта еңбегін еліне арнаған ел ағасы Бөлегенов Қыдыр ағамыз. Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны, Жүрегімде талай арман маздады. Жәй өтті дей алмаймын, ағайын, Өмірімнің Көктемі мен Жаздары. Ел ағасы, бір отбасының арқа сүйер асқар тауы мен тірегі Қыдыр ағаны жұбайы Розамен бірге сахна төріне шақырамыз. (Ортаға кейіпкерлер шығады) Жастар» квартетінің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын» Жүргізуші: Айтар болсақ екшеп бүгін көп ойды, Жақсы жанды Алла өзі жебейді. Алғыс алған ақ пейілді адамсыз, Бүгін сізге ақ тілегін арнайды. Құттықтау сөз ауыл әкімі Д. Насибековке және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Маханбетов Ерім ағайға, әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апайға беріледі. Жүргізуші: Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз. Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп, «көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сол оқиғаларды, қызықты сәттерді еске түсіру үшін кезекті сұхбаттасуға береміз. Нұрлан: Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда. Қыдеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! 1. Қыдеке, бір ғасырдың жартысынан астамын жасап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр жолында кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашан да жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.Соның себебін айта отырсаңыз. 2. Осы есепші мамандығын неге таңдадыңыз, таңдау себебіңіз неде? Біреу ықпал етті ма? Неге әке жолын қуып шопан болмадыңыз? 3. Жұмыс істеу барысында ең басты ұстанымыңыз не болды? Сұрақ қою. (Сұхбаттасу) Ән: Жүргізуші: Бүгінгі күн бәрімізге мереке, Шаттық болсын қуанышты көл етер. Жанұяға сенің туған күніңмен Келе берсін бақыт, байлық, береке. Ойлауменен балалардың ертеңін, Байқалмапты осы жасқа келгенің. Бүгін саған бар жақсылық тілейміз, Өсе берсін дәйім сенің өркенің! Кезің болмай қажыған, не шаршаған, Армандарға жете берші аңсаған! Құттықтайды шын жүректен өзіңді, Аға-жеңгең, әкпе-жездең қоршаған. Құттықтау аға- жеңгелері, әпке- жезделеріне Ән: Өтегенова Аружан «Жібек елі» Жүргізуші: Бала үшін тау барып, тау астың, Егіз ұғым, бала-ана жарасатын. Ағайын-туыс, жекжаттың арасында, Биік болсын мәртебең, парасатың Болсын тек қиындықсыз қалған шағың, Арайлаған ақ таңдай жансын бағың. Шын ниетпен, көңілмен қабыл алғын! Сәлем жолдап отырған құдаларың! Сөз құда- құдағиларға. Күй: Құрманғазының күйі «Машина» Жүргізуші: Бізге дос, азаматы ел-жұртының, Өсірген алақанда ұл мен қызын. Жалғастырып әке мен ана ізін. Құтты болсын, осынау мерейлі шақ, Келе берсін басыңа бақыт пен бақ! Білдіреміз өзіңе тілекті ақ! Құттықтау сөз замандастарына Нұрланға кезек . 1. Өзіміздің ауылда тұратын, ауылымыздың өсіп- өркендеуіне елеулі еңбегі бар, тәрбие, ата дәстүрін дәріптеп, жаңғыртып келешекке зор үлгі көрсетіп жүрген, ауылымыздың тұрғыны, көп баланың ата - анасы, әрі мақтанышы Қыдыр ағамен оқушыларды, жас отбасы иелерін кездестіріп, өнегесін алу бүгінгі кештің мақсаты. Олай болса, Қыдеке, өміріңіздің қызықты сәттерін еске түсіріп, бізбен бөліссеңіз. 2. Жаңа замандастарыңыз, құрдастарыңыз сөйлеп, сізге тілектерін білдіріп жатыр. Өмірбаяныңызға қарап отырсақ, сіз арман қуып, Қызылорда қаласына оқуға түсіп, студент болған екенсіз. Сол студент кездеріңізде араласып жүрген достарыңызбен қазір қарым- қатынас жасап жүрген достарыңыз, жора- жолдастарыңыз бар ма? 3. Бағанадан бері сізді мақтап жатырмыз. Сізге арнап мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып қалмайсыз ба? Жұмбақ шешу. Ағай, бүгін біздің бір оқушымыз сізге арнап жұмбақ ойлап келіпті. Қазір соны мұқият көріп, шешуін тапсаңыз. Жүргізуші: Қадірлі боп жұртқа, достарыңа, Жетіпсіз қазыналы шаққа мына. Соңыңызда шатқал шың, қия қапты. Сөзіңіз, ісіңіз де тиянақты. Айтқан ақыл, өнеге, тәліміңіз, Жүректерге ізгілік ұялатты. Сөз кезегі ауылымыздың ұжым басшыларына мектеп директоры Қаракеева Айжан апайға, су шаруашылығының бастығы Аманжолов Құрбан ағайға, дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Дүйсенбекова Бибігүл апайларға беріледі. Ән: Жүргізуші: Береке, бірлігісің отбасында. Бақытты ғұмыр кешіп жүре берші, Демекпіз жанұяңның ортасында. Ортаймасын ешқашан да көңілің, Қызықты да ұзақ болсын өмірің! Ұл-қызыңның қуанышын тең бөліп, Жүрсін лайым Роза атты серігің, Роза апай, ағамыздың еш қиындықсыз жұмыс істеуіне сіз де зор үлес қостыңыз деп ойлаймыз. Ағамыздың осындай құрметке ие болуы сіздің арқаңыз. Сондықтан сізді де біз құрмет тұтамыз. Ағайдың айтпаған әңгімелерін мүмкін сіз айтарсыз? Сондықтан сөз кезегін сізге береміз. Жұбайына сөз. Сұрақ- жауап: Нұрлан. 1. Апа, ағамыз үйге жұмыстан қандай көңіл- күймен келетін? 2. Аға көңіл – күйін іс- әрекетімен білдіре ма? Ашулы болған, көңілсіз болған кездеріндегі іс- әрекетін айтсаңыз. 3. Ағаның сіздің іс- әректіңізге, үй шаруасындағы жұмыстарыңызға сын айтқан кездері болды ма? 4. Ағамыздың сізге өтірік айтып, алдап кеткен кездері болды ма? Жүргізуші: Аяулы жан, таң нұрындай түріңіз бар, Ұйытар жан біткенді тіліңіз бар. Жиырма бестің сымбаты бойыңызда, Жүрегіңіз солмайтын әсем гүлзар. Жаныңыз жадыраған күн секілді, Көркіңіз көктемдегі гүл секілді. Бұл ғасырдың әдемі «Қыз Жібегі», Болатұғын әсем жан сіз секілді. Тал бойыңыз парасат тұнып тұрған, Мейірім төгер жүзіңіз күліп тұрған. Ана болып бақытын көре бергін, Ақ сүт беріп өсірген ұл мен қыздың. 9 баланы дүниеге әкеліп, түн ұйқыңызды төрт бөліп өсіріп баққан сіздің құрметіңізге ән жолдаймыз. Ән. Күй: Дәулеткерей күйі Сұрақ. (Сұхбаттасу). Нұрлан 1. Қыдеке, міне құдаларыңыз да сізге ыстық ықылас, ізгі ниеттерін білдіріп жатыр. «Ер Төстік» ертегісінде Төстіктің әкесі тоғыз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе дейтін еді. Сондықтан сіздің де отбасыңыздағы 9 баланың әрқайсысының өзіндік орны бар. Сол балалардың ішінен өзіңізге ақылшы, сырлас бола алатын жаныңызға өте жақын балаңыз кім? 2. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»,- деп ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезов атамыз айтқандай бүгінгі күні балаларыңызға, құда- құдағиларыңызға, жора- жолдастарыңызға, мына отырған көпшілік қауымға қандай тілек айтар едіңіз? Жүргізуші: Шәкіртай, Бақыт, Алмас, Оспан тату – тәтті бажалар, Балдыз деген жездесін, әкесіндей бағалар Қарындасым, қызым деп ағасындай аялар Жақсы болса жезделер жаза берсек табылар Ақылды күйеу анықтап, жоқ нәрсені бар қылар Тату – тәтті туысқан бәрін ойлап ар қылар. Сөз бажалары мен балдыздары, қайны- келіндеріне. Ән: Жүргізуші: Ұстаздықпен салып жолға деректі із, Сіз біз үшін әрқашанда ерексіз! Қуанышты көп көріңіз демекпіз! Аман болсын ағайының, еліңіз, Алдыңыздан шыға берсін төріңіз! Ұл- қызыңнан таралатын алдыңда, Немеренің қызықтарын көріңіз Сөз балалары мен қыздарына Ән. Жүргізуші: Біз тілейміз өзіңізге амандық, Кездеспесін жолыңызда жамандық! Алла берген бар нәсіпті теріңіз, Бар қызығын бұл өмірдің көріңіз. Зор денсаулық біз тілейміз әрқашан, Жете бергін армандарға аңсаған! Өміріңнің мәні болған ұрпағың, Мол қуаныш сыйлай берсін бір саған! Көп жасай бер, кел Жамбылдың жасына! Бар жақсылық үйір болсын басыңа! Қыдыр бабам ауылыңа кезігіп, Құт-береке дарысын отбасына!- деп бүгінгі ауылымыздың бірегей азаматы Бөлегенов Қыдыр ағаймен өткізілген сұхбаттасу кешімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп, көңіл қойып келгендеріңізге көп рахмет.Сау саламатта, хош болыңыздар! Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай ауылы №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп мұғалімі«Жақсы жан- елдің ардағы» атты еңбегін еліне арнаған зейнеткер Қыдыр Бөлегеновпен кездесу кешінің сценарийі «Нұршашу» би тобының «Қазақ биімен» ашылады. Жүргізуші: Адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болады. Адал болу кез-келген адамның өз қолында. Ол біздің ішкі жан-дүниемізден бастау алады. Адамның көңілі таза, пейілі кең, адал, шыншыл болғанда әділдікке қол жеткізеді. Адалдық өмірінде керек нәрсе, Ол да гүлдеп, нұрланар көңіл бөлсе. Халыққа өз пайдасын тигізе алмай, Адам боп, өзін-өзі меңгермесе,- демекші әр адам дүние есігін ашып шыр етіп өмірге келген күннен бастап жүрек қалауымен , ата-анасының берген тәрбиесімен, жақсылық жамандықты көре жүріп өмір сүре бастайды. «Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ» дегендей бүгінгі «Жақсы жан – елдің ардағы» атты кездесу кешіне қош келдіңіздер Жүргізуші: Құрметті ауыл тұрғындары, көрермен қауым, ұстаздар, оқушылар, ата - аналар «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Ж. Баласағұни айтқандай біздің үлгі тұтарымыз – алдыңғы буын аталар, әкелер, ағаларымыз. Оларды сыйлау, олардың айтқан аталы сөзін тыңдау, құрметтеу ата – бабаларымыздан мирас болып келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Бүгінгі күнде біздің ортамызда қонақта еңбегін еліне арнаған ел ағасы Бөлегенов Қыдыр ағамыз. Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны, Жүрегімде талай арман маздады. Жәй өтті дей алмаймын, ағайын, Өмірімнің Көктемі мен Жаздары. Ел ағасы, бір отбасының арқа сүйер асқар тауы мен тірегі Қыдыр ағаны жұбайы Розамен бірге сахна төріне шақырамыз. (Ортаға кейіпкерлер шығады) Жастар» квартетінің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын» Жүргізуші: Айтар болсақ екшеп бүгін көп ойды, Жақсы жанды Алла өзі жебейді. Алғыс алған ақ пейілді адамсыз, Бүгін сізге ақ тілегін арнайды. Құттықтау сөз ауыл әкімі Д. Насибековке және ақсақалдар кеңесінің төрағасы Маханбетов Ерім ағайға, әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апайға беріледі. Жүргізуші: Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз. Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп, «көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сол оқиғаларды, қызықты сәттерді еске түсіру үшін кезекті сұхбаттасуға береміз. Нұрлан: Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық шағында, екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда. Қыдеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман-есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін! Бала-шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай қалпыңыздан таймай, өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз! 1. Қыдеке, бір ғасырдың жартысынан астамын жасап отырсың. Уақыт деген зымырап өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр жолында кездескен қаншама тосқауылға төтеп беріп қашан да жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар деп ойлаймыз.Соның себебін айта отырсаңыз. 2. Осы есепші мамандығын неге таңдадыңыз, таңдау себебіңіз неде? Біреу ықпал етті ма? Неге әке жолын қуып шопан болмадыңыз? 3. Жұмыс істеу барысында ең басты ұстанымыңыз не болды? Сұрақ қою. (Сұхбаттасу) Ән: Жүргізуші: Бүгінгі күн бәрімізге мереке, Шаттық болсын қуанышты көл етер. Жанұяға сенің туған күніңмен Келе берсін бақыт, байлық, береке. Ойлауменен балалардың ертеңін, Байқалмапты осы жасқа келгенің. Бүгін саған бар жақсылық тілейміз, Өсе берсін дәйім сенің өркенің! Кезің болмай қажыған, не шаршаған, Армандарға жете берші аңсаған! Құттықтайды шын жүректен өзіңді, Аға-жеңгең, әкпе-жездең қоршаған. Құттықтау аға- жеңгелері, әпке- жезделеріне Ән: Өтегенова Аружан «Жібек елі» Жүргізуші: Бала үшін тау барып, тау астың, Егіз ұғым, бала-ана жарасатын. Ағайын-туыс, жекжаттың арасында, Биік болсын мәртебең, парасатың Болсын тек қиындықсыз қалған шағың, Арайлаған ақ таңдай жансын бағың. Шын ниетпен, көңілмен қабыл алғын! Сәлем жолдап отырған құдаларың! Сөз құда- құдағиларға. Күй: Құрманғазының күйі «Машина» Жүргізуші: Бізге дос, азаматы ел-жұртының, Өсірген алақанда ұл мен қызын. Жалғастырып әке мен ана ізін. Құтты болсын, осынау мерейлі шақ, Келе берсін басыңа бақыт пен бақ! Білдіреміз өзіңе тілекті ақ! Құттықтау сөз замандастарына Нұрланға кезек . 1. Өзіміздің ауылда тұратын, ауылымыздың өсіп- өркендеуіне елеулі еңбегі бар, тәрбие, ата дәстүрін дәріптеп, жаңғыртып келешекке зор үлгі көрсетіп жүрген, ауылымыздың тұрғыны, көп баланың ата - анасы, әрі мақтанышы Қыдыр ағамен оқушыларды, жас отбасы иелерін кездестіріп, өнегесін алу бүгінгі кештің мақсаты. Олай болса, Қыдеке, өміріңіздің қызықты сәттерін еске түсіріп, бізбен бөліссеңіз. 2. Жаңа замандастарыңыз, құрдастарыңыз сөйлеп, сізге тілектерін білдіріп жатыр. Өмірбаяныңызға қарап отырсақ, сіз арман қуып, Қызылорда қаласына оқуға түсіп, студент болған екенсіз. Сол студент кездеріңізде араласып жүрген достарыңызбен қазір қарым- қатынас жасап жүрген достарыңыз, жора- жолдастарыңыз бар ма? 3. Бағанадан бері сізді мақтап жатырмыз. Сізге арнап мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып қалмайсыз ба? Жұмбақ шешу. Ағай, бүгін біздің бір оқушымыз сізге арнап жұмбақ ойлап келіпті. Қазір соны мұқият көріп, шешуін тапсаңыз. Жүргізуші: Қадірлі боп жұртқа, достарыңа, Жетіпсіз қазыналы шаққа мына. Соңыңызда шатқал шың, қия қапты. Сөзіңіз, ісіңіз де тиянақты. Айтқан ақыл, өнеге, тәліміңіз, Жүректерге ізгілік ұялатты. Сөз кезегі ауылымыздың ұжым басшыларына мектеп директоры Қаракеева Айжан апайға, су шаруашылығының бастығы Аманжолов Құрбан ағайға, дәрігерлік амбулатория меңгерушісі Дүйсенбекова Бибігүл апайларға беріледі. Ән: Жүргізуші: Береке, бірлігісің отбасында. Бақытты ғұмыр кешіп жүре берші, Демекпіз жанұяңның ортасында. Ортаймасын ешқашан да көңілің, Қызықты да ұзақ болсын өмірің! Ұл-қызыңның қуанышын тең бөліп, Жүрсін лайым Роза атты серігің, Роза апай, ағамыздың еш қиындықсыз жұмыс істеуіне сіз де зор үлес қостыңыз деп ойлаймыз. Ағамыздың осындай құрметке ие болуы сіздің арқаңыз. Сондықтан сізді де біз құрмет тұтамыз. Ағайдың айтпаған әңгімелерін мүмкін сіз айтарсыз? Сондықтан сөз кезегін сізге береміз. Жұбайына сөз. Сұрақ- жауап: Нұрлан. 1. Апа, ағамыз үйге жұмыстан қандай көңіл- күймен келетін? 2. Аға көңіл – күйін іс- әрекетімен білдіре ма? Ашулы болған, көңілсіз болған кездеріндегі іс- әрекетін айтсаңыз. 3. Ағаның сіздің іс- әректіңізге, үй шаруасындағы жұмыстарыңызға сын айтқан кездері болды ма? 4. Ағамыздың сізге өтірік айтып, алдап кеткен кездері болды ма? Жүргізуші: Аяулы жан, таң нұрындай түріңіз бар, Ұйытар жан біткенді тіліңіз бар. Жиырма бестің сымбаты бойыңызда, Жүрегіңіз солмайтын әсем гүлзар. Жаныңыз жадыраған күн секілді, Көркіңіз көктемдегі гүл секілді. Бұл ғасырдың әдемі «Қыз Жібегі», Болатұғын әсем жан сіз секілді. Тал бойыңыз парасат тұнып тұрған, Мейірім төгер жүзіңіз күліп тұрған. Ана болып бақытын көре бергін, Ақ сүт беріп өсірген ұл мен қыздың. 9 баланы дүниеге әкеліп, түн ұйқыңызды төрт бөліп өсіріп баққан сіздің құрметіңізге ән жолдаймыз. Ән. Күй: Дәулеткерей күйі Сұрақ. (Сұхбаттасу). Нұрлан 1. Қыдеке, міне құдаларыңыз да сізге ыстық ықылас, ізгі ниеттерін білдіріп жатыр. «Ер Төстік» ертегісінде Төстіктің әкесі тоғыз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе дейтін еді. Сондықтан сіздің де отбасыңыздағы 9 баланың әрқайсысының өзіндік орны бар. Сол балалардың ішінен өзіңізге ақылшы, сырлас бола алатын жаныңызға өте жақын балаңыз кім? 2. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»,- деп ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезов атамыз айтқандай бүгінгі күні балаларыңызға, құда- құдағиларыңызға, жора- жолдастарыңызға, мына отырған көпшілік қауымға қандай тілек айтар едіңіз? Жүргізуші: Шәкіртай, Бақыт, Алмас, Оспан тату – тәтті бажалар, Балдыз деген жездесін, әкесіндей бағалар Қарындасым, қызым деп ағасындай аялар Жақсы болса жезделер жаза берсек табылар Ақылды күйеу анықтап, жоқ нәрсені бар қылар Тату – тәтті туысқан бәрін ойлап ар қылар. Сөз бажалары мен балдыздары, қайны- келіндеріне. Ән: Жүргізуші: Ұстаздықпен салып жолға деректі із, Сіз біз үшін әрқашанда ерексіз! Қуанышты көп көріңіз демекпіз! Аман болсын ағайының, еліңіз, Алдыңыздан шыға берсін төріңіз! Ұл- қызыңнан таралатын алдыңда, Немеренің қызықтарын көріңіз Сөз балалары мен қыздарына Ән. Жүргізуші: Біз тілейміз өзіңізге амандық, Кездеспесін жолыңызда жамандық! Алла берген бар нәсіпті теріңіз, Бар қызығын бұл өмірдің көріңіз. Зор денсаулық біз тілейміз әрқашан, Жете бергін армандарға аңсаған! Өміріңнің мәні болған ұрпағың, Мол қуаныш сыйлай берсін бір саған! Көп жасай бер, кел Жамбылдың жасына! Бар жақсылық үйір болсын басыңа! Қыдыр бабам ауылыңа кезігіп, Құт-береке дарысын отбасына!- деп бүгінгі ауылымыздың бірегей азаматы Бөлегенов Қыдыр ағаймен өткізілген сұхбаттасу кешімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп, көңіл қойып келгендеріңізге көп рахмет.Сау саламатта, хош болыңыздар! Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы Қызылорда облысы Шиелі ауданы Ботабай ауылы №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп мұғалімі
Жақсы жан.docx
«Жақсы жан­ елдің ардағы»  атты  еңбегін еліне арнаған зейнеткер  Қыдыр Бөлегеновпен   кездесу кешінің сценарийі «Нұршашу» би тобының «Қазақ биімен» ашылады. Жүргізуші: Адамның  ниеті,  ойы,  іс­әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,   өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез­келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі   жан­дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл   болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді. Адалдық  өмірінде  керек  нәрсе, Ол да  гүлдеп,  нұрланар  көңіл  бөлсе.   Халыққа  өз  пайдасын  тигізе  алмай,   Адам  боп,  өзін­өзі  меңгермесе,­  демекші  әр  адам  дүние  есігін  ашып  шыр  етіп   өмірге  келген  күннен  бастап жүрек қалауымен  ,  ата­анасының  берген  тәрбиесімен,   жақсылық  жамандықты  көре  жүріп  өмір  сүре  бастайды. «Дүниеде  әділдік  пен  адалдықты  ту  еткен   адамнан  артық  ешкім  жоқ»  дегендей  бүгінгі  «Жақсы жан –  елдің ардағы»  атты    кездесу кешіне  қош  келдіңіздер Жүргізуші: Құрметті ауыл тұрғындары,  көрермен қауым,  ұстаздар, оқушылар, ата ­  аналар «Көңіл аудар даналардың сөзіне, адал жанды өнеге тұт өзіңе» деп Ж. Баласағұни  айтқандай біздің үлгі тұтарымыз – алдыңғы буын аталар, әкелер, ағаларымыз. Оларды  сыйлау, олардың айтқан аталы сөзін тыңдау, құрметтеу ата – бабаларымыздан мирас болып  келе жатқан дәстүрлеріміздің бірі. Бүгінгі күнде біздің ортамызда қонақта еңбегін еліне  арнаған ел ағасы Бөлегенов Қыдыр ағамыз. Аз ба, көп пе, бұл ғұмырдың жазғаны, Жүрегімде талай арман маздады. Жәй өтті дей алмаймын, ағайын, Өмірімнің Көктемі мен Жаздары.  Ел ағасы, бір отбасының арқа сүйер асқар тауы  мен тірегі Қыдыр ағаны жұбайы Розамен бірге сахна төріне шақырамыз. (Ортаға кейіпкерлер шығады) Жастар»  квартетінің орындауында Құрманғазының күйі «Балбырауын» Жүргізуші: Айтар болсақ екшеп бүгін көп ойды,                     Жақсы жанды Алла өзі жебейді.                     Алғыс алған ақ пейілді адамсыз,                     Бүгін сізге ақ тілегін арнайды. Құттықтау сөз ауыл әкімі Д. Насибековке және ақсақалдар кеңесінің төрағасы  Маханбетов Ерім ағайға, әйелдер кеңесінің төрайымы Қожахметова Рахия апайға   беріледі. Жүргізуші: Бүгінгі кештің иесі көпті көрген, қаншама жыл елі үшін елеулі істер атқарған  айтулы азамат. «Көп жасағаннан емес, көпті көргеннен сұра» дейді дана халқымыз.     Уақыт тарих бетін парақтайды. Күн тізіліп, ай алмасып, зымырап жылдар өтеді. Ешбір  уақыт ұзақтығы, мерзім межесі көмескіленіп, «көзден таса, көңілден ұмыт, қалдыра  алмайтын жылдар, оқиғалар болады. Сол оқиғаларды, қызықты сәттерді еске түсіру үшін  кезекті сұхбаттасуға береміз. Нұрлан:     Алла тағала адамға үш рет жастық шақ сыйлайды екен: біріншісі – өз жастық  шағында,  екіншісі – шын махаббатқа жолыққанда, үшіншісі – 100 жасқа толғанда.          Қыдеке, біріншісінен өттіңіз, екіншісінен де өткен шығарсыз, енді үшіншісі қалды. Құдай сізді сол үшінші «жастық шаққа» да аман­есен жеткізіп, өміріңізді ұзарта берсін!  Бала­шағаңыздың, немерелеріңіздің ортасында темірқазықтай  қалпыңыздан таймай,  өмірдің қызығына кенеліп жүре беріңіз!  1. Қыдеке, бір ғасырдың жартысынан астамын  жасап  отырсың. Уақыт деген зымырап  өтіп жатыр. Осы жасқа келгенше тағдыр жолында кездескен қаншама тосқауылға  төтеп беріп қашан да жеңіске жете білдің. Мұндай жетістігіңнің де терең себебі бар  деп ойлаймыз.Соның себебін айта отырсаңыз.  2. Осы есепші мамандығын неге таңдадыңыз, таңдау себебіңіз неде? Біреу ықпал етті  ма? Неге әке жолын қуып шопан болмадыңыз? 3. Жұмыс істеу барысында ең басты ұстанымыңыз не болды? Сұрақ қою. (Сұхбаттасу) Ән:  Жүргізуші: Бүгінгі  күн бәрімізге мереке,                     Шаттық болсын қуанышты көл етер.                      Жанұяға сенің туған күніңмен                      Келе берсін бақыт, байлық, береке.                    Ойлауменен балалардың ертеңін,                    Байқалмапты осы жасқа келгенің.                     Бүгін саған бар жақсылық тілейміз,                    Өсе берсін дәйім сенің өркенің!  Кезің болмай қажыған, не шаршаған, Армандарға жете берші аңсаған! Құттықтайды шын жүректен өзіңді, Аға­жеңгең, әкпе­жездең қоршаған. Құттықтау аға­ жеңгелері, әпке­ жезделеріне Ән: Өтегенова Аружан «Жібек елі»  Жүргізуші: Бала үшін тау барып, тау астың,                     Егіз ұғым, бала­ана жарасатын.                     Ағайын­туыс, жекжаттың арасында,                     Биік болсын мәртебең, парасатың                     Болсын тек қиындықсыз қалған шағың,                     Арайлаған ақ таңдай жансын бағың.                     Шын ниетпен, көңілмен қабыл алғын!                    Сәлем жолдап отырған құдаларың! Сөз құда­ құдағиларға. Күй: Құрманғазының күйі «Машина»  Жүргізуші: Бізге дос, азаматы ел­жұртының,                      Өсірген алақанда ұл мен қызын.                     Жалғастырып әке мен ана ізін.                     Құтты болсын, осынау мерейлі шақ,                     Келе берсін басыңа бақыт пен бақ!                     Білдіреміз өзіңе тілекті ақ! Құттықтау сөз замандастарына Нұрланға кезек . 1. Өзіміздің ауылда тұратын, ауылымыздың өсіп­ өркендеуіне  елеулі  еңбегі бар, тәрбие, ата дәстүрін дәріптеп, жаңғыртып келешекке зор үлгі көрсетіп жүрген, ауылымыздың тұрғыны, көп баланың  ата ­ анасы, әрі мақтанышы Қыдыр ағамен  оқушыларды, жас отбасы иелерін кездестіріп, өнегесін алу бүгінгі кештің мақсаты. Олай  болса, Қыдеке, өміріңіздің қызықты сәттерін еске түсіріп, бізбен бөліссеңіз. 2. Жаңа замандастарыңыз, құрдастарыңыз сөйлеп, сізге тілектерін білдіріп жатыр.  Өмірбаяныңызға қарап отырсақ, сіз арман қуып, Қызылорда қаласына оқуға түсіп, студент  болған екенсіз. Сол студент кездеріңізде араласып жүрген достарыңызбен қазір қарым­  қатынас жасап жүрген достарыңыз, жора­ жолдастарыңыз бар ма? 3. Бағанадан бері сізді мақтап жатырмыз. Сізге арнап мақтау сөз айтылса ыңғайсызданып  қалмайсыз ба?  Жұмбақ шешу. Ағай, бүгін біздің бір оқушымыз сізге арнап жұмбақ ойлап келіпті.  Қазір соны мұқият көріп, шешуін тапсаңыз.  Жүргізуші: Қадірлі боп жұртқа, достарыңа,                      Жетіпсіз қазыналы шаққа мына.                      Соңыңызда шатқал шың, қия қапты.                     Сөзіңіз, ісіңіз де тиянақты.                     Айтқан ақыл, өнеге, тәліміңіз,                     Жүректерге ізгілік ұялатты. Сөз кезегі ауылымыздың ұжым басшыларына мектеп директоры Қаракеева Айжан  апайға,  су шаруашылығының бастығы Аманжолов  Құрбан ағайға, дәрігерлік  амбулатория меңгерушісі Дүйсенбекова Бибігүл апайларға беріледі.  Ән:  Жүргізуші: Береке, бірлігісің отбасында.                     Бақытты ғұмыр кешіп жүре берші,                     Демекпіз жанұяңның ортасында.                     Ортаймасын ешқашан да көңілің,                     Қызықты да ұзақ болсын өмірің!                     Ұл­қызыңның қуанышын тең бөліп,                     Жүрсін лайым  Роза  атты серігің, Роза апай, ағамыздың еш қиындықсыз жұмыс істеуіне сіз де зор үлес қостыңыз деп  ойлаймыз. Ағамыздың осындай құрметке ие болуы сіздің арқаңыз. Сондықтан сізді де біз  құрмет тұтамыз. Ағайдың айтпаған әңгімелерін мүмкін сіз айтарсыз? Сондықтан сөз кезегін сізге береміз.  Жұбайына сөз. Сұрақ­ жауап: Нұрлан. 1. Апа, ағамыз үйге жұмыстан қандай көңіл­ күймен келетін? 2. Аға көңіл – күйін іс­ әрекетімен білдіре ма? Ашулы болған, көңілсіз болған кездеріндегі  іс­ әрекетін айтсаңыз. 3. Ағаның сіздің іс­ әректіңізге, үй шаруасындағы жұмыстарыңызға сын айтқан кездері  болды ма? 4. Ағамыздың сізге өтірік айтып, алдап кеткен кездері болды ма? Жүргізуші: Аяулы жан, таң нұрындай түріңіз бар,                       Ұйытар жан біткенді тіліңіз бар.                       Жиырма бестің сымбаты бойыңызда,                       Жүрегіңіз солмайтын әсем гүлзар.                       Жаныңыз жадыраған күн секілді,                       Көркіңіз көктемдегі гүл секілді.                       Бұл ғасырдың әдемі «Қыз Жібегі»,                       Болатұғын әсем жан сіз секілді. Тал бойыңыз парасат тұнып тұрған,                       Мейірім төгер жүзіңіз күліп тұрған.                      Ана болып бақытын көре бергін,                      Ақ сүт беріп өсірген ұл мен қыздың.    9 баланы дүниеге әкеліп, түн ұйқыңызды төрт бөліп өсіріп баққан сіздің  құрметіңізге ән жолдаймыз. Ән.  Күй: Дәулеткерей күйі Сұрақ.  (Сұхбаттасу). Нұрлан  1. Қыдеке, міне құдаларыңыз да сізге ыстық ықылас, ізгі ниеттерін білдіріп жатыр.  «Ер Төстік» ертегісінде Төстіктің әкесі тоғыз ұлым бір төбе, Төстігім бір төбе  дейтін еді. Сондықтан сіздің де отбасыңыздағы      9 баланың әрқайсысының өзіндік  орны бар. Сол балалардың ішінен өзіңізге ақылшы, сырлас бола алатын  жаныңызға  өте жақын балаңыз кім? 2. «Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса ел болғаның қайсы?»,­  деп  ғасырымыздың ғұлама қаламгері М.Әуезов атамыз айтқандай  бүгінгі күні  балаларыңызға, құда­ құдағиларыңызға, жора­ жолдастарыңызға, мына отырған  көпшілік қауымға  қандай тілек айтар едіңіз?  Жүргізуші: Шәкіртай, Бақыт, Алмас, Оспан  тату – тәтті бажалар,                     Балдыз деген жездесін, әкесіндей бағалар                      Қарындасым, қызым деп ағасындай аялар                      Жақсы болса жезделер жаза берсек табылар                      Ақылды күйеу анықтап, жоқ нәрсені бар қылар                     Тату – тәтті туысқан бәрін ойлап ар қылар. Сөз бажалары мен балдыздары, қайны­ келіндеріне. Ән:  Жүргізуші: Ұстаздықпен салып жолға деректі із,                      Сіз біз үшін әрқашанда ерексіз!                      Қуанышты көп көріңіз демекпіз!                     Аман болсын ағайының, еліңіз,                     Алдыңыздан шыға берсін төріңіз!                     Ұл­ қызыңнан таралатын алдыңда,                     Немеренің қызықтарын көріңіз Сөз балалары мен қыздарына Ән. Жүргізуші: Біз тілейміз өзіңізге амандық,                     Кездеспесін жолыңызда жамандық!                     Алла берген бар нәсіпті теріңіз,                     Бар қызығын бұл өмірдің көріңіз.                     Зор денсаулық біз тілейміз әрқашан,                     Жете бергін армандарға аңсаған!                     Өміріңнің мәні болған ұрпағың,                     Мол қуаныш сыйлай берсін бір саған!                     Көп жасай бер, кел Жамбылдың жасына!                     Бар жақсылық үйір болсын басыңа!                     Қыдыр бабам ауылыңа кезігіп,                     Құт­береке дарысын отбасына!­ деп бүгінгі ауылымыздың бірегей азаматы Бөлегенов Қыдыр ағаймен өткізілген сұхбаттасу кешімізді аяқтаймыз. Уақыт бөліп, көңіл  қойып келгендеріңізге көп рахмет.Сау саламатта, хош болыңыздар!                                                                                             Айпейсова Нұрипа Пірмашқызы                                                                                             Қызылорда облысы                                                                                             Шиелі ауданы                                                                                              Ботабай ауылы                                                         №228 Шәймерден Бәкіров атындағы орта мектеп мұғалімі

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы

Жақсы жан- елдің ардағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.04.2017