"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ" баяндама
Оценка 5
Документация
docx
воспитательная работа
1 кл
22.01.2018
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі.Мектеп, ұстаз, ата-ана байланысы туралы ата-аналарға оқылған баяндама
ЖЕКЕ тулга үш.docx
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТААНАСЫ”
ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ.
«Адамның адамшылығы ақыл, білім, жақсы атаанадан, жақсы ұстаз, жақсы
құрбыдан болады»
АБАЙ
* Балаңды бес жасқа дейін патшаңдай сыйла (Ойсанасын ояту).
* Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса (Айтқанды екі етпейтін естілікке
баулып, әр ісін «Талаппен бастап, талғаммен аяқтауға» дағдыландыру).
Атааналарға кеңес
"Ағалағаннан аялаған артық”
Ал тіліңмен арқадан сипағанша, жылмаңдап еркелеп, сөзіңді өткізіп, керегіңді
алуды көздегеннен, адамды, жасы үлкен ағаны ардақ тұтып, әспеттегенің –
абзал. Сөзбен алдап, сырт айналу – адал азаматтың ісі емес. Жалпы рия,
пайдакүнемдік араласқан жерде адалдық та күтпе, әділдік те күтпе. Бұл
мақалдың идеясы да осы. Жанашырлық, қайырымдылық, мейірбандылық
қарымта тілейді.
Ұлттық педагогикадан:
Он бес жасқа дейін құлыңдай жұмса
67 жастан 13 жасқа дейін ақыл есейеді
14 жастан ақыл ересектеніп, 25 жасқа дейін ақыл қалыптасады
Қанатты сөздер:
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеу түгелдей игі өнегеге саяды. Өзіңіз
жақсылап өмір сүрсеңіз, тым құрыса жақсылап өмір сүруге талаптансаңыз,
өмірді неғұрлым жақсырақ өткізсеңіз, соғұрлым балаларыңызды жақсы
тәрбиелейсіз
Лев Толстой
Ер екеніңді ел қапысыз таниды, ез екеніңді де көзі шалмай қалмайды. Ез
болсаң, көзге шыққан сүйелсің. "Жақсы жаман, жасықтан пасық жаман”.
Болжыр болбырлар көпке қырсығын тигізеді, ал еліне жамандық тілейтін
арам ниет пасықтар бүкіл қауымға іріткі салады. "Батырды батыр дейді күшін
көрген, ұстаны ұста дейді ісін көрген”. Қарапайым айтылса да қалай дәл
нұсқайды? Өйткені халық көреген. Халық қазы, халық кемеңгер, халық әділ.
Халық сыйлай да біледі, сынай да біледі...
Ұлттық педагогикадан: Он бес жастан құрбыдай сыйлас
14 жастан ақыл ересектеніп,25 жасқа дейін ақыл қалыптасады
25 жастан 37 жас аралығында ақыл толысады
Қанатты сөздер:
«Ақыл мен жан – мен өзім, тән – менікі,
«Мен» менен «менікінің» мағынасы екі.
«Мен» өлмеске тағдыр жоқ әуел бастан,
«Менікі» өлсе өлсін, оған бекі»
Абай
Мектеп, оқушы, ата ана: ынтымақтастық қырлары
Баланың жеке тұлғасының дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен
мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері
мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің
ортақ қызығуы мен мақсат – мүдделері арқылы іске асады. Бұл
мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің
тағы бір негізі.
Ата – аналар ұйымының рөлін көтеру кез келген мектеп үшін оңай іс емес.
Көп жағдайда бұл мәселе ата аналардың жұмысбасты болуына байланысты
уақыттарының жетіспеушілігі сияқты объективті себептермен түсіндіріледі.
Дегенмен, оның себептерін тек ата аналар ортасынан іздеу дұрыс емес.
Бастамашылық мектеп жағынан бәрібір басымырақ болуы керек. Өйткені,
мектеп – қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс қимылын
үйлестіруші қоғамдық институт. Өзара іс әрекеттің мақсаты мен міндеттерін
мектеп жалғыз өзі, тиісті мәселеге тек өзінің ұстанымына сүйенген түрде
анықтаса, ал ата аналар оларды іске асыру сатысында ғана қамтылса, нәтиже
төмен болады. Мектеп ата аналар қауымы үшін әрқашан ашық болып, өзара
ынтымақтастық пен серіктестік жүйесін жетілдіруге бағытталып, олардың кез
келген бастамасын көтермелеп отыруы қажет.
Мектептің ата аналармен жұмысын ұйымдастыру нысандары әр түрлі
болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нысандары мен әдістерінің барлығы
педагогикалық тұрғыдан негізделгендігі және ынтымақтастық пен өзара іс
әрекеттің біртұтас жүйесінде бірін бірі толықтырып отыруы өте маңызды.
Жеке кездесу;
әңгімелер мен лекциялар;
құқықтық лекторийлер
атааналарға арналған психологиялық жаднамалар
Ақпараттық әдістемелік жұмыс – ата аналарға тәрбие мәселелері бойынша
әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында мектеп өмірі, отбасы тәрбиесі
мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жаднамалар шығару:
ата аналарға арналған қабырға тақтасы;
ата аналар университеті;
маман – дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;
балалардың сабақтарына;
олимпиада, кештерге, апталықтарға қатысу
ата аналардың ашық есік күніне қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата аналармен өзара іс әрекеттің ең
қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата
аналарын жан жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін,
отбасындағы қарым – қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға
тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық
зерттеулер:
сыныпқа көмегі;
өз баласына ықпалы;
мұғаліммен қарым – қатынасы;
ата аналарды топтау;
мектептегі оқу тәрбие үрдісіне көз қарасы;
Бұқаралық – мәдени жұмыс ата аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі
іс шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын
жүргізу;
мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
іс шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек
көрсету.
Оқушылардың бойында елжандылық қасиеттерді қалыптастыруда ата
аналармен ынтымақтастықта өткізілетін жұмыс түрлерінен «Аналар мектебі»
мен «Аталар мектебінің», ата аналардың кәсіптік бағдар беру жұмыстарына
байланысты өткізілетін «Мамандығым мақтанышым» кештері, жанұя
мүшелерінің жетістіктерін мақтаныш қылатын «Мен және менің жанұям»
көрмесін, Республика күніне арналған, ата аналардың қатысуымен өткізілген
«Достық жәрмеңкесі», «Өнерлі отбасы» байқауы, спорт жарысы «Жұлдызды
сәт» мерекелерін атап айтуға болады. Жетістік арқылы тәрбиелеу баланың
және оның отбасының қадір –қасиеттеріне, құндылықтарына, мұраттарына
сүйенген түрде оқушыны, ата аналарды мейлінше тереңірек түсінуге деген
мектептің ұмтылысын көздейді. Бала тәрбиесінің тиімді тәсілдерін
отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында пайдалану екі жаққа да
тиімді тәсіл болып табылары сөзсіз. №4 жалпы орта білім беретін мектебі
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС
ҰСТАЗЫ – АТААНАСЫ”
ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
1 «Ә» сыныбы
Сынып жетекшісі: Ахметкалиева М.Б. 20172018 оқу жылы
"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ" баяндама
"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ" баяндама
"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ" баяндама
"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ" баяндама
"ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫ "БАЛАНЫҢ БАС ҰСТАЗЫ – АТА-АНАСЫ” ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ" баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.