Жер анасы аспан

  • Домашняя работа
  • Табели
  • docx
  • 28.05.2023
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

45 бет оку
Иконка файла материала Akshaeva_Bibigul.docx

ҚӨЖБҚО «Айналайын» КММ-сі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қыз Жібек» фильімінің тарихы

(танымдық сабақ)

 

 

 

Тәрбиеші: Андабаева А.Б.


 

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

«Қыз Жібек» жырының тақырыбы мен идеясын анықтау. Жырдағы оқиға желісі бойынша өзіндік пікір қалыптастыру, шығарманың көркем тіліне талдау жасау.

Сабақтың мақсаты

Барлық балалар:

·      оқығандарын түсіндіреді;

·      көзқарастарын жеткізе алады.

Балалардың көпшілігі:                  

·      ойларын дамыта отырып айтады.

Кейбір балалар:                                                                                                                

·      эстетикалық талғаммен  көркем шығарманы бағалай алады;

·      шығармашылықпен  айналысады.                                                                                                                 

Табыс критерийлері

«Қыз Жібек» жырының көркемдік ерекшелігін анықтайды, кейіпкерлер әрекетін бағалайды, қорытынды пікір қалыптастырады.

АҚТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz сайтының ресурстары, жырдың аудионұсқасы, фильм дидактикасы.

Пәнаралық байланыс

Тарих, музыка, география, бейнелеу өнері т.б .

Осыған дейін меңгерілген білім

«Қыз Жібек» жырының толық нұсқасымен танысады, кейіпкерлер образына талдау жасады.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер

болжау стратегиясы, фильм дидактикасы, сұрақ-жауап, ой бөлісу, талдау «Егер де мен...».

 

 

Әдіс-тәсілдер

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Дереккөздер

І Ұйымдастыру кезеңі

 

Тотың ахуалын қалыптастыру

1 минут

 

Қима қағаздардан мозайка құрастырып, топтасуды сұрайды.                                                               Мозайкада берілген  суреттер арқылы топасуды тапсырады.

              http://cs617931.vk.me/v617931722/1d567/yn_nRYBNpN0.jpg

Суретте Төлеген мен Жібек не не жайлы сырласып тұр деп ойлайсыңдар?

http://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5612b4314fd3e/img_user_file_5612b4314fd3e_18.jpg Мозайка құрастырғанда әр топ мүшелерінде суреттер шығады. Әр топ мүшелері топ ішінде ақылдаса отырып,  ойларын жүйелей отырып, суреттегі кейіпкерлерің атынан сөйлейді.

 

 

 

 

Слайд Таратпа қағаздағы суреттер

ІІ Үй тапсырмасы

Білу

 

Сұрақ-жауап

5 минут

 

Жырды алдын-ала оқып, танысу берілген.

Жыр бойынша  білімдерін еске түсіру үшін сұрақтар қойылады:

1. «Қыз Жібек» жырының біз оқыған нұсқасын кім бастырып шығарды?                                                                   2. «Қыз Жібек» қай ғасырдың еншісіне тиісті? Нақты деректермен айтыңдар.        

3. Жағалбайлы жұрты қазір қай жерлерде бар?

4. Жыр қалай аяқталды?

5. Жырдың басты кейіпкері Төлегеннің  есімін неге Төлеген қойған?

Болжам жауап:  Азан шақырып ат қою. Бала өміріне мән беру. «Төлеген деп қойыпты ұлдың атын... Жұрт жиып Сансызбай деп атын қойды». Ат қою тарихын айту. Қазақ халқының ат қоюға аса үлкен мән бергені. Қазір  балаға ат таңдауда шетелдік аттарға үйірсектік болып бара жатыр.

 

 

ІІ Жаңа сабақ

Түсіну

 

5 минут

 

Ой шақыру

Bilimland ресурстарын қолдану

 

 

 

Тыңдалым,

Жазылым

 

Махаббат жайлы сөз болғанда Жібек пен 

ТөлегендіҚозы мен БаяндыҚалқаман мен МамырдыЕңлік пен Кебекті  айтпай кетуге болмайды. Ендеше махабатты қазіргі жастар қалай түсінесіңдер? Махаббат қандай болу керек?

Халық ауыз әдебиетінде «Қыз Жібек» жыры осы тақырыптағы шығармалардың бірі.

Бүгінгі сабақта біз жырдың мазмұнына үңіліп, кейіпкерлер әлеміне саяхат жасап, түрлі талдау жұмыстарын жүргіземіз.

 «Қыз Жібек»жыры халқымыздың сүйіп оқитын көркем шығармасы. Неге десеңіз, ол өзінің көркемдік ерекшелігімен оқырманды өзіне баурап алады. Жырдың-идеялық мазмұны, көркемдік сөз саптауы, сюжеті, композициясы, көркемдік айшықтары жағынан үздік жыр.

Теңеуді, эпитетті, метафораны, құбылтудан әсірелеу мен кішірейтуді, айшықтаудан зарлай арнауды ұтымды пайдалана білген.

лиро-эпостық жырлары туралық қысқаша бейнекөрсетілімге назар аударады, тыңдайды.

 

Салыстыру

Лиро-эпостық жырлар мен эпостық жырлардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын салыстырмалы түрде жазады.

Эпостық жырлар,Лиро-эпостық жырлар
 

 

 

 

 

 

 


Жырда қазақтың салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі, сауда-саттықпен халқымыздың айналыса бастағанын көреміз. Сонымен бірге естірту, жоқтау, қоштасу, жұбату, айтыс, зарлай арнау, сыңсу түрлері кездеседі. Бұлар жырдың көркемдігін арттыруға септігін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолдану

6 мин

 

Тыңдалым

Айтылым

Сөздікпен жұмыс

 

Тыңдалым.

1. Жырдың аудионұсқасы

 бойынша үзінді тыңдап, әр топ үзінді бойынша тұжырым жасайды.

І бөлім. Толық нұсқасы.
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дариялар бар еді, осы дариялардың һәммасы Черный море дегенге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз жағалбайлы деген ел бер екен. Сол елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбайдың байлығын ешкім есеп етіп болмас екен, үш қатыннан тоғыз ұлы бар екен. Сол елге бір қалың дерт – оба келіп, сонда Базарбайдың тоғыз ұлының бәрі өліпті, содан кейін және алты қатын алыпты, еш перзенті болмады. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарда еш бала жоқ, оның атын Төлеген қойды, осы Төлеген періште сипатты, хор құлықты боп туды, оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай қойды. Екеуіне де Базарбай қалың бермеді,тірі болса өздері бір қыз алар, патшаның қызын алса да мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір сәудегер кеп сұрады: бұл Базарбай екі ұлына неге қалыңдық бермеген деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні Төлегенге айтады.

 

1. Жырдың аудионұсқасынан үзінді тыңдату.

2. Сөздікпен жұмыс.

Сәруар

Ескі кітаби тіл. Сәруар (ие, қожа, пір)

зарпы

Соққы, күшті әсер

Көбеген

Кепе (ерте туған марқа 

қозы, лақ).

Мая

Жалғыз өркешті, жүні тықыр келген таза тұқымды нар түйенің ұрғашысы.

Үлек

Таза қанды нар түйенің таза тұқымды бурасы

Мұрындық

               

Түйенің я өгіздің екі танауының арасындағы шеміршекті тесіп өткізетін, ұзындығы қарыс я сынық сүйем шамасындай таяқша.

Бұйда

Түйе не өгіздің мұрындығына тағылатын ұзындығы 2,3 құлаштай бас жіп; бау.

Дүрия

Жылтырауық, тығыз, жібек мата.

Жағдан

Сыртын қаңылтырмен әдемілеп қаптаған сандық.

Тұйғын

Қаз, үйрек т.б. аулап қоректенетін, лашын тұқымдас жыртқыш құс.

Бидайық

Астық тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік.

Сызба арқылы жырды композициялық құрылымына талдау:

Жырдың тақырыбы –

Оқиға орны –

Оқиға кезеңі –

Кейіпкерлері –

Тұлпар бейнес –

Басталуы –

Аяқталуы –

Идеясы –

Шешімі –

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV Бекіту

Талдау

 

8 минут

 

Топтастыру

 

Оқылым

Айтылым

 

V Фильм дидактикасы.

Интербелсенді тақтадан «Қыз Жібек » фильмінен үзінділер мен суреттер көрсетіледі.

1. Фильмге дейінгі тапсырмалар.

 

 

 

 

 

 

 

 


 

2. Фильм барысындағы тапсырмалар.

Топтық жұмыс.

Топтық тапсырмалар

І топ: Суретте кімдер бейнеленген?

Бұл үзінді жырдың қай тұсымен сәйкес келеді?

ІІ топ: Жырда қандай кезеңдер көрініс алды?

– Жырдан қандай салт-дәстүрлерді көруге болады және ерекшелігі неде?

ІІІ топ: Бүгінгі күні жырда берілген дәстүрлерді қаншалықты ұстанамыз?

2. Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі.

1-тапсырма.

Бірнеше дұрыс жауапты белгілеңіз.

Төлеген мен Жібектің қосылуына тілекші болған адамдар:

Қаршыға

Бекежан

Шеге

Қорен

Шектінің алпыс жігіті

2-тапсырма.

Дұрыс, бұрысын белгілеңіз.

Қыз Жібек жырындағы кейіпкерлер:

                 дұрыс бұрыс

Базарбай   

 

Зарлық       

 

Қамқа         

 

Домбауыл   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жинақтау

Синтез

 

5 минут

 

 

 

 

 

«Автор орындығы» әдісі шығармашылық жұмыс

 

 

 

 

Тест тапсырмалары

3. Фильм соңындағы тапсырмалар.

Топтық жұмыс.

Фильм туралы ойыңызды жазыңыз.

- Фильм мен жырдың мазмұны, аяқталуында қандай еркшеліктер бар?

Жырдың қайғылы аяқталғаны белгілі. Сендер «Егер мен автор болсам...» деп жырды қалай аяқталуын қалар едіңдер?

Салыстыру

Фильмде ,жырда
 

 

 


Тиянақтау, салмақтау, бағалау, қайта қарастыру, сұрыптау, таңдау жасайды.

3. Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріледі.

 Тест сұрағын оқып, берілген жауаптардың дұрыс нұсқасын белгілеңіз..

Сүйіспеншілік тақырыбындағы жырды табыңыз.

A) «Мақпал қыз»

B) «Мұңлық-Зарлық»

C) «Арқалық батыр»

D) «Көрұғлы»

Лиро-эпостық жырдың басты тақырыбы:

A) сүйіспеншілік

B) ел қорғау

C) тұрмыстық-салт

D) тарихи жағдай

http://oky.ucoz.ru/_pu/51/s84279620.jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

V Қорытынды

(Бағалау)

7 минут

 

«Нысана»

Оқушылардың тақырыпты терең меңгеруіне, түсінік қалыптастырғандарына көз жеткізіледі.

Білім қалыптастырады.

Топ мүшелері сабақ барысында жыр бойынша меңгергендерін айтып, тиісті түстерге жапсырады.

Слайд

VІ Үй тапсырмасы

1 минут

 

Жырдың көркемдік ерешелігіне талдау, үзінділер жаттау.

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарын қояды.

 

VІІ Баға қою

2 минут

 

Белсенділіктеріне қарай бағалау критерийлері арқылы жинаған топ мүшелерінің ұпай санын айту үшін топ басшыға сөз береді. Баға қояды.

Әр топ мүшесін белсенділіктеріне қарай  жекелеп тиісті бағасын қояды.

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru