Жинақ
Оценка 4.6

Жинақ

Оценка 4.6
Занимательные материалы
docx
математика
3 кл
12.06.2017
Жинақ
Бұл жинақ 3 сыныптың Логика пәніне арналған тапсырмалар жинағы. Жинақта оқушылардың логикасын, танымдылық қасиеттерін дамытатын тапсырмалар кең көлемде қамтылған. Жинақты бастауыш сынып мұғалімдері сабақ жоспары ретінде де пайдалануға болады. Әр сабаққа бестен он тапсырмаға дейін қамтылған. Сабаққа қолдануға өте ыңғайлы.қосымша материалдары
Жинақ ( логика).docx
Шығыс Қазақстан  облысы   Риддер  қаласы «Шаңырақ» көпсалалы мектеп­гимназия» КММ 3 сыныптың Логика пәніне арналған тапсырмалар жинағы                                                                   Құрастырған : Хамзаева Б.М. І.  Логикалық  есептер.  13 сағат. Тақырыбы:  Математикалық   жұмбақтар Сабақтың  мақсаты:Оқушылардың  есте  сақтауын және  зейінді  шоғырландыруды дамыту.  Сабаққа  деген қызығушылығын арттыру,логикалық  ойлау қабілеттерін   дамыту. Сабақтың барысы: Қызығушылықты  ояту: ­ Үстел  үстіндегі  балықтардың үйі­ ­ Онсыз  тамақтың дәмі жоқ­ ­ Аяқ  киімнен  жолда  қалған таңба­ ­ Құстың  үйі­ Математикалық  жұмбақ Егер  С­дан  бастасаң, Қыз  баланың  атымын. С­ны  алып тастасаң ,Ағаш  кесер затыңмын.  Мағынаны  ажырату  Үшінші  сынып  оқушылары  екі­екіден  жұптасып  тұрды.Сәкен  мен   Дәурен  жетінші  жұп  болды. Олар  алдынан санағанда  жетінші  болды,  ал артынан санағанда  төртінші болды.Сыныпта қанша оқушы  бар? Сергіту  сәті         Мақал­мәтелдер Бесік   баласы   Бес   түлейді.  Велосипед  дөңгелегінде 8  шабақ  бар.Барлық  шабақтардың арасында  неше  аралық  болады?  Отбасында  2 бала  бар.Мәрлен  Ардақтың  ағасы, ал  Ардақ  Мәрленге   аға емес. Сонда Сұңғат  кім?  Алмажан  мен  Айнұр дүкеннен  киімдер сатып  алды.Олардың  біреуі Куртка,біреуі  пальто алды. Айнұр пальто  алған  жоқ. Алмажан  не   алды?  Мына  сандар  қандай  тәртіппен  орналасқан? 1  4  7 10             10 7 4 1 Ой толғаныс:рефлексиялық қорытынды жасау. Тақырыбы:   Математикалық  фокус. Мақсаты:  Есептеудің  жасырын  түрдегі  әдіс – тәсілін  үйренеді. №1. «Лезде қосу»   фокусы. Тақтаға оқушы мен фокусшы кезектесіп, бірінің астына бірі жазылған,  цифрлар саны үш сан болатын үш сан жазамыз. Фокусшы жауабын бірден  айтады.  Мысалы:                 156  ­  тақтаға шыққан оқушы        843 – фокусшы                                  372=1+371­ тақтаға шыққан оқушы.                                           Жауабы :1371 Табу әдісі: Фокусшы тақтаға шыққан оқушының жазған санының әрбір  цифрын (1,5,6) тоғызға дейін (8,4,3) толтырып отырады да, оқушыға соңғы  санды (372) жаздырып, өзгеріссіз қалдырады. Енді қосындыны (1371) табу  үшін соңғы саннан 372 ­ ден  бірді шегеріп, (372­1) пайда болған (371) алдына  бір жазсаң (1371) болады. №2. «Белгісіз сандар қосындысын табу» фокусы. Тағы да жоғарыдағы «Лезде қосу» секілді, бірақ 2 пар сан, 3 пар сан алып,  қосамыз. 2 пар сан болса, соңғы сан алдына  2, үш пар сан болса 3­ті  шығарамыз.  Мысалы: 345­ тақтаға шыққан оқушы                   654­ фокусшы                   127­ тақтаға шыққан оқушы                   872­ фокусшы                   349=2­347 – фокусшының қосымша жолы Бұл жерде 2 пар сан, барлығы 5 жол. Жауабы: 2347 №3.  Басқа  мысалдар  арқылы  фокусты  ойнап  жаттығу. №4.    Фокус  деген  5  сөзден  7  рет  фокус  сөзі шығатындай  етіп  жаз. Фокус сыры:        Ф    о    к    у    с                                Ф    о    к    у    с       Ф    о    к    у с                                  Ф    о    к    у    с       Ф    о    к    у    с        Тақырыбы: Математикалық викториналар. Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтауын  жетілдіру, танымдық қызығушылығын арттыру. № 1. «Он бір ара» 1.Бұл араның атымен аталыпты қыз аты А Р 2. Бутылкамен бұл ара сатылыпты дүкенде. А 3. Бұл арамен күнде біз сурет салып жатамыз А 4. Қарқылдаған бұл ара қап – қара құс болыпты. Р А Р А А Р 5. Бұл араның атымен қала атын қойыпты. А Р А 6. Бұның атын ертеде Колумб өзі ашыпты. А 7. Өзі ылғи бұл ара тауда ғана жүріпті. А 8. Бұл араны өзіміз нанмен жейтін болыппыз. А Р А Р Р А А А А А 9. Үлкен тау боп бұл ара шыңнан бізге қарапты. А 10. Бұл араның атымен құрлық аты аталған А 11. Ал мынаған балалар журнал атын беріппіз. Р Р А А Р А                                                           8 № 2. «Қайда бардым, не көрдім?» А) Жазда барып өзеннің,     Жағасына бөгелдім.     Кім айтады қанеки,     Мен ол жерден не көрдім? Ә) Қыста барып өзеннің,     Жағасына бөгелдім.     Кім айтады қанеки, Мен ол жерден не көрдім? № 3. «Тез ойлан» А) Ұзын жіпті үш бөлікке бөлу үшін неше рет кесу керек? Ә) Үш ұлда бір апай бар. Отбасының баласы нешеу? Б) Сағаттың бетін тең екі бөлікке бөлгенде әр бөлігіндегі сандардың  қосындысын тап. Ол нешеге тең? 9 Жауаптары: № 1. 1. Майра  2. Айран 3. Қарындаш  4. Қарға 5. Қарағанды   6. Америка 7.  Арқар 8. Қарақат  9. Арарат 10. Арктика  11.Балдырған № 2. Жазда ­су, қыста – мұз. № 3. а) екі рет   ә) төрт        б) 39 – ға тең Тақырыбы:Математикалық жаңылтпаштар. Мақсаты: Оқушылардың тілін дамыту. № 1.  А) Піл күшті, піл күшті емес, тіл күшті. Ә) Алтын балдақ ­ қол сәні,     Әшекей кесте­  тон сәні. Б) Әкесіз жетім – жарты жетім,    Шешесіз жетім – анық жетім. № 2. А) Еңбек – адамның екінші анасы. Ә) Еріншектің ертеңі бітпес. Б) Өмір адам баласын еңбекке үйретеді. В) Өмір мен еңбек егіз. № 3. Ұшып кетті үш құс, Ұшып келді ұшқыш. №4. Ұшы үшкір үш жебе алдым, Үшеуі де үшкір, ұшқыр деп алдым. № 5.  Есет арам ет асатар, Ет асатса, бес асатар. № 6.  Айдос бір сан ойлады. Оны 9 –ға көбейткенде 45 шықты. Айдос қандай сан  ойлады? №7.    Отбасында жеті қыз бар. Олардың әрқайсысының інісі бар. От басында жалпы неше бала бар? Сабақтың тақырыбы: Басқатырғыштар  Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  шығармашылық  және   логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту.   Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту: Ұйықтап жатқанда не көресің? Шөптің бетіндегі таңертеңгі тамшы Ақшақардың атасы Жаңа туған нәресте Кәмелетке толған қыз Кәмелетке толған ұл Мағынасын ажырату: 1 тапсырма  Басқатырғыш «Бес әріп» Бос шаршыларға бір бір әріптен жаз, әріптерің бір жолда қайталанбасын Кім деген ат шықты? 2 тапсырма Басқатырғыш «Бес сан» Бос шаршыларға 1­5­ке дейінгі сандарды жаз. Тігінен де, көлденеңінен де  сандардың қосындысы 15 шықсын. Әр жолда бір цифр  қайталанбасын. 3 тапсырма 4 3 1 2 4 тапсырма Асқарда тотықұс және тышқан бар. Олардың бастары 5­еу, аяқтары 16. Сонда  Асқарда неше тотықұс,  неше тышқан бар? 5 тапсырма 666666  және «+» таңбасын қойып, 90­ ға теңестір. Ой толғаныс: қорытынды рефлексия жасау.                                             Сабақтың тақырыбы: Математикалық шытырмандар Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикалық шытырмандарды  шеше отырып,  шығармашылық қабілеттерін және   логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту.   Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту: Жиырма төрт сағат немесе Әдет­ ғұрып, салт­ дәстүрдің көрінісі Қай кезде 12­ні көргенде 14 дейміз? Сарымсақты ашығанда не ағады? Құс емес, аң емес тұмсығы бірдей Жер бетіндегі ең жүйрік аң 2 тапсырма Шытырманнан  өтіп шық. Бір тор көзден екіншіге өту үшін  ондағы сандардың айырмасының мәні  12­ ге тең болуы қажет. 3 тапсырма Шытырман дөңгелектер 1 дөңгелектің центріндегі 108 санын қақпалардағы сандарға біртіндеп бөлу  арқылы қақпалардан шық. 2 қақпалардағы сандарды біртіндеп көбейту арқылы қақпалардан өтіп,  дөңгелектің центріндегі 900 санын шығарып ал. 4  тапсырма Бірдей 25 қосылғыштың қосындысының мәні  1000­ға тең. Қосылғыш неге  тең? Ой толғаныс: қорытынды рефлексия жасау. 7 Тақырыбы:   Санмен ойындар. Мақсаты: Санмен  ойындар  арқылы   оқушылардың  есептеу   дағдыларын  дамыту. №1. Жүз ойыны.Ойын ережесі.Ойынды екі оқушы кезектесіп ойнайды.Біріншісі 1­ден 10­ға  дейінгі   бір   санды   атайды.Екіншісі   оған  10­нан   аспайтын   бір   санды   қосады да,қосындыны   айтады.Біріншісі   оған   1­ден   10­ға   дейінгі   бір   санда қосып,қосындысын   айтады.Осылай   кезекпе­кезек   ойнау   арқылы,кім   100­ді бұрын атаса,сол ойында ұтып шығады. Методикалық нұсқау.Әуелі ойынды кезектесіп 2­3 пар оқушы ойнайды..Одан әрі   мұғалім   бірінші   оқушы   қарсыласын   ұту   үшін   алғашқыда   қандай   санды атауы керек еді?­деген сұраққа тірейді.Оқушыларды ойландырады. №2. 18   таяқша   ойыны.Ойын   ережесі.Ойынды   екі   оқушы   ойнайды.18   таяқша үймесінен   кезекпе   –кезек   1,2,3   және   4   таяқша   алуға   болады.Әркім   қанша таяқша   алатынын   өзі   біледі.Соңғы   таяқшаны   кім   алса,сол   ұтады.Қалай жеңімпаз   атануға   болады.Ойлан.Нұсқау:Алдыңғы   ойындағыдай   талдау арқылы қарсыласыңды 5 таяқша қалатындай жағдайға келтіруің керек.Сонда соңғы таяқшаны өзің аласың. ,таблицадағы   бірінші Оқу­тәрбиелік сипаты.Талдау,салыстыру арқылы ой қорытындысын жасауға үйренеді. №3. Ойша   өшірілген   цифр   ойыны.Ойын   ережесі.Алдымен   1­ден   9­ға   дейін цифр   жазылған   таблица   жасап   алу   қажет.Ойынға   бірнеше   бала   қатыса алады.Ойынды бірінші бастаушы дауыстап таблицадағы әрбір цифрды ретімен көрсетіп,11­ге   дейін   санауы   тиіс.Санақ     басталатын   цифрды   басқарушы айтады.Таблицада     барлығы   9   цифр   болғандықтан   ,   ал   санау   11­ге   дейін жүргізілетіндіктен,ойнаушы   таблицаның соңғы 9 деген цифрына жеткеннен соң     тұрған   цифрдан   бастап   санауды жалғастырады.Айталық,басқарушы   4   цифрын   көрсетсе,онда   ойнаушы   11­ге дейін санап 5 цифрына келеді.Бұл 5 цифры таблицадан ойша өшірілді деген сөз   .   Оны   әркім   ұмытпауы   тиіс.Енді   11­ге   дейін   санау   қатардағы   келесі цифрдан   (6­дан)   басталады,бірақ   өшірілген   цифр   санаққа   қосылмай,одан аттап өтіледі.Санауда мұны ескермегендер ойыннан шығады.              Екінші айналымда екі цифр өшірілетін болады.Ойын өшірілмеген бір цифр   қалғанша   жалғастырылады.Ойыншыға   таблицада   ешбір   белгі   қоюға болмайды,ондай   белгіні   тек   басқарушы   жасайды.Басқарушыда   әрбір ойыншыға   арналған   бақылау   таблицасы   болады.Кім   өшірілген   цифрды   көп аттаса,сол жеңімпаз атанады. №4.Екі санды өзара көбейту.Әдісті бір орынды екі санды өзара көбейту үшін қолдануға   болады.Бірақ   санды   өз­өзіне   көбейтуге   болмайды.7*8­ді түсіндірейік.Көбейткіштерден әрқашанда 5­ті азайтамыз.Сонда қалдық 2 және 3 болады.Солдан оңға қарай бірінші қолдан 2­саусақты,ал екінші қолдан 3 саусақты бүгеміз.Бүгілген саусақты қоса есептегенде сол жағы ондақты,ал оң жағы   бірлікті   көрсетеді.Бірліктерді   өзара   көбейтіп,ондықтарға   қосамыз ,Сонда: 20+30=50                3*2=6    50+6=56                  7*8=56     Тақырыбы:  Ребустар  шешу.  Мақсаты: Көру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін   дамыту,  қызығушылығын арттыру.    І. Қызығушылықты ояту Ұшарын жел біледі, Қонарын сай біледі. Ти десем тимейді, Тиме десем тиеді. Күні бойы тынбайды, Дәмді тағам жинайды. Көк ала костюм киеді, Күннің көзін сүйеді. Әріптердің театрдағы ойын көрсететін орны Көңілсіз жыл мезгілі №1.                                                           №1.   З      (ай)     5,2,1                                             –   Зайсан                            №2.   М  '7,   Р                                                         –  Метр №3.    <    (ай)   (ту       )                                         – Азайту №4.  100  і М                                                          ­  Жүзім. №5.  6  Н                                                                  ­ Алтын. №6. Б 2 ніс                                                               – Бекініс.  №7.100ік                                                                 – Жүзік.  №9. Е(ш )кі                                                             – Екі. №10.   К '100                                                           – Күз. №11. 7 су                                                                 – Жетісу. №12.    =,,,      (белдік)                                            ­   Теңдік.  №13.  (Алма) '' 6                                                      – Алматы. №14.1  лік                                                                –  Бірлік.                        4.Бірдей 5 кесіндіден шаршының және екі үшбұрыштың суретін сал. №10­сабақ.Тақырыбы:  Судокулар  шешу Мақсаты: Оқушылардың шығармашылық ойлау, пайымдау қабілеттерін  дамыту. Талдау, жинақтау дағдыларын жетілдіру. Сабақтың көрнекілігі: судокулар жинағы Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі. ІІ.Жаңа сабақ. № 1.  Төмендегі шаршының бос бөліктеріне  4, 5, 6, 7 , 8, 9 сандарын әр жолда тігінен және  көлденеңінен 15 шығатындай етіп орналастыр. 1 3 2 № 2.  6, 5, 4, 3, 2, 1 сандарын  әр жолдағы дөңгелектерге қосындысы 12­ ге тең болатындай етіп  орналастыр.                                     № 3.  Сандар арасындағы байланысты анықтап, бос орынға сан жаз. 14 36 46 10 19 32 4 17 ? № 4. Судоку шеш: 3 2    5 4 6 № 5.  Кестедегі шаршының саны – 16.  Ал ондағы цифрлардың қосындысы бірдей емес. Әр  шаршыдағы сандардың орындарын ауыстырып орналастыру керек. Егер цифрлар жүйесін  дұрыс тапсаң, тігінен де, көлденеңінен қосып есептегенде қосынды 20 – ға тең болу керек. 2 4 5 7 3 4 5 7 3 4 5 8 3 5 5 9 Сабақты қорытындылау: бүгін біз сабақта не үйрендік? Үйге тапсырма: судоку құрып келу. 11­сабақ.Тақырыбы:  Ғажайып  сандар  тізбегі Сабақтың  мақсаты:Оқушылардың  сандар туралы  білімін  жетілдіре   түсу және  зейінді шоғырландыруды дамыту.Сабаққа  деген  қызығушылығын арттыру,логикалық  ойлау қабілеттерін  дамыту. Қызығушылықты ояту: Ханның орындығы.Ол не?- Кірпіге ұқсайтын өсімдік- 1 кг темірмен жүннің қайсысы ауыр?- Бірде дауысты,бірде дауыссыз дыбыс- Жаңа сабақ №1.      Мына  сандар  қандай  тәртіппен  орналасқан? 1  4  7 10             10 7 4 1 №2.     Артық  санды  табыңыз:   30, 28,  24,  21,  18,  15 №3.  Қосынды 99 болатындай етіп цифрлардың орнын ауыстырмай, кейбіреулерінің  арасына плюс таңбасын қой. 2 3 4 5 6 7 8 9 =99                                1 2 3 4 5 6 7 8 9 =99    1 12 3 4 5 6 7 8 9 =99      №4. Нәтиже 100 болатындай, 5 5 5 5 цифрларының арасына жақшалар мен амалдар  таңбасын қой. №5.  Нәтиже дұрыс болатындай етіп таңбалар қой. 9  9  9  9  = 100                           5  5  5  5 = 50 9  9  9  9 = 20                              5  5  5  5 = 30 №6.  Заңдылықты ескере отырып, жоқ санды тап 7   16     9 5    21    16 9     ?     4 №7.Заңдылықты пайдалана отырып келесі санды анықта: 7,15 12, 10, 18, …     4,…, …, …, №8.Сан қатары берілген. Сандар байланысын анықтап, жалғастыр: 38, 30, 32, 24, 26, ..., ..., ..., №9. Әлия  4 жаста, Данияр одан 2 жас кіші, ал Санжар мектепке   барады.Балалардың  ең  үлкені  қайсы? Ең кішісі ше? №10.  Қайраттың  екі  ағасы  мен бір әпкесі бар.Отбасында неше ұл мен неше  қыз  бар? Ал барлық  баланың саны қанша? Сабақты  қорытындылау: Бүгін нені  білдік? Үйге  тапсырма: берілген логикалық есепті шығарып келу. 12­сабақ.Тақырыбы: Білім  сандықшасы Сабақтың  мақсаты:Оқушылардың  есептеу дағдысын дамыту. Сабақ барысы: І.Қызығушылықты  ояту:  Малды күзетеді ­ Ұйытылған сүт ­ Қанаты  бар алысқа ұша алмайды ­ Тамақ  дайындайтын бөлме – ІІ.Үй тапсырмасын тексеру Оқушылардың шығарып келген есептерін оқыту. ІІІ.Жаңа сабақ №1.Сандардың қосындысы көлденеңінен, тігінен және диагональ бойынша өзара тең  болатындай етіп, шаршының торкөздеріне 20­дан 100­ге дейінгі дөңгелек сандарды  орналастыр. Түрлі нұсқалар ұсын. 100 60 60 20 50 40 90   30 80 70 №2. Шортан, алабұға және табан балықтарды сатып алды.Шортан  табан балықтан ауыр,ал  табан  алабұғадан ауыр.Қай  балық  ең  жеңіл? №3. Үш  ұл мен төрт  қыз киноға бармақшы болды.Бірақ  билет бәріне жетпеді. Дастан,Әйгерім,және Даурия  үйлеріне қайтты.Кино  көруге неше ұл  мен неше  қыз қалған? №4.Көлденең және тік қатарлардағы сандар қосындысы тең болатындай етіп, шаршының  бос торкөздерін сандармен толтыр. 7 7 5 5 3  1 6 1 8 2 9 9 4 ІV.Сабақты  қорытындылау: ­ Сиқырлы  шаршыны  қалай  құруға  болады? Көбейту  кестесін  үзіп   сұрау                                                                                            V.Үйге тапсырма: берілген сиқырлы  шаршыларды шешіп келу.          13­сабақ.Тақырыбы: Алгоритмге   арналған   логикалық  есептер Сабақтың  мақсаты:  Логикалық есептер  шешіп  үйрену. Сабақ  барысы:І.Ұйымдастыру Қызығушылықты  ояту: Сөздің  басында айтылмайтын дыбыс­ Жазда  тоқтамайды, қыста қозғалмайды­ Адамды  жылататын өсімдік­ Тісі  бар бірақ  тамақ жемейді ­ ІІ.Жаңа сабақ:  №1.    Екі қорапшаның  әрқайсысында 10 жұмыртқадан салынған. Бір  қорапшадан екіншісіне 4 жұмыртқаны  ауыстырғанда әр  қорапшада неше  жұмыртқа болады?  №2.   Бір  кірпіштің  салмағы жарты   кірпіш  пен 2 кг тең.Бір  кірпіштің  салмағы   қандай?  №3.   Үш  баланың  әрқайсысы  жәшіктегі абрикостардан  4­тен  алғанда  жәшікте 1  абрикос қалды.Жәшікте қанша абрикос  болған? №4.      Жазда тауға өрмелеп,  Шаршап  талай  бөгелдім. Жан­жағыма  мен  кенет, Қарап  едім не көрдім? Айтшы  достым,  жаңылма, Не көрдім мен  тағы да? № 5.  Тек қосу таңбасын пайдаланып, сегіз сегіздіктен 1000 – ды құрастыру керек. Жауабы: 888 + 88 + 8 + 8 + 8 = 1000 №6. Мен бір сан ойладым. Сол санды 5­ке көбейтіп, нәтижеге 2­ні қостым. Қосындыны 6­ға бөлгенде 7 саны шықты. Мен қандай сан ойладым? №7.Аулада 3 метрлік 20 бөрене бар еді. Жарты метрден кесіп, отын дайындау керек болса, оларды барлығы неше рет кесуге тура келеді? №8. Сағат 23­те жаңбыр жауды. 48 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе? №9. Ұшақ Оралдан Ақтөбеге дейін 1 сағат, 20 минут, ал кері қайтарда 80 мин ұшқан. Ол  қалай?  Сабақты қорытындылау:                 ­ Бүгін  біз  нені  үйрендік?           Үйге   тапсырма :  екі логикалық  есеп жазып келу                    ІІ. Тапқырлықты  талап ететін  есептер (8 сағат) 14­сабақ.Тақырыбы: Шырпыдан жасалған басқатырғыштар Сабақтың мақсаты: Шырпыдан жасалған басқатырғыштарды шешу арқылы оқушылардың логикалық ой­ өрісін дамыту, қиял мен зейіндерін қалыптастыру. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Қуанамын мен де... ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру ІІІ.Жаңа  сабақ Кіріспе сөз. Шырпы дегеніміз не? Оны қайда қолданады? №1. Шырпыдан жасалған тордан 5 шаршы қалатындай етіп басқаларына тиіспей 4 шырпыны алу керек.  (Шешуі) №2. Көрсетілген   фигурадағы  6  шырпының   орнын  ауыстыру   арқылы  6  бірдей  төртбұрыштан тұратын фигура құрастыру. №3.                                                              1 8+3­4=0   теңдігі   тура  болатындай   етіп   1   шырпының   орнын   ауыстыру. №4.Алға қарап тұрған сиыр артқа қарап тұратындай етіп кез­келген шырпының орнын  ауыстыру.     (Шешуі) №5.  Жебеге ұқсас фигура берілген. 4 үшбұрыш шығатындай етіп 4 таяқтың орындарын  ауыстыру керек. ІV.Сабақты  қорытындылау: бүгін біз  нені  үйрендік? V. Үйге тапсырма :  шырпыдан фигура құрап үйреніп келу. (Шешуі) 15­сабақ.Тақырыбы:  Көңілді  басқатырғыш Мақсаты: Оқушылардың  кеңістікте заттардың орналастыруын анықтауды жетілдіру,   қызығушылығын арттыру. Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық дайындық ІІ.Үй тапсырмасын  тексеру. ІІІ. Жаңа  сабақ. №1.  Тиін қысқа азығын дайындады. Қай сөреде не жатыр? Төменнен санағанда үшінші сөреде;  ең жоғарғы сөреде; жоғарыдан төмен санағанда үшінші сөреде; ең төменгі сөреде. №2. Теңдікте қандай сан түсіп қалған 844+289___ = 289                            1000­371­_____ = 0 (429 ­ ____)/(348+259) = 0               754+26­ ____ = 0 (____ ­ 254)*(585+2) = 0                 421 + 354 ­ ____ = 0 (483 — 15) * (869 ­ ___) = 0            903­576 ­ _____ = 0   №3                   ?               ?               ?                +        =78           ­         = 15            + 13=30         №4. а) Заңдылықты анықтап жалғастырып жаз. 1,2,6,24, ә)  Үш орындыққа үш адамды алты тәсілмен отырғызу керек. 2 3,   321,  ?  ,  ?   ,    ?,  ?. 1 №5. Ұшып келе жатқан 6 қаздың жартысы және бір қаз бірінші көлге, ал қалған қаздардың  жартысы және бір қаз екінші көлге қонды. Әр көлге неше қаз қонды? №6. Тиісті амал таңбалары мен жақшаларды тиісті орынға қойып амалды орында. 1  1  1  1  1  1   1   1   1   = 15 Рефлексия Бүгінгі сабақ  ұнады ма? Үйге тапсырма: берілген  логикалық  тапсырманы орындап келу. Тақырыбы: Көңілді басқатырғыш Мақсаты: Оқушылардың  кеңістікте заттарды орналастыруын анықтау,  қызығушылығын  арттыру. Сабақ  барысы: Ұйымдастыру сәті. Қайталау сабақ: №1. Қарындашты көтермей бірден сызып шығуға бола ма? №2. Басқатырғы «Балық». Басқатырғының басталар жерін тауып, сызық бойымен үзбей, бір  торкөзге екінші рет келмей жүргіз. Қандай сөйлем шығады? Жаз. №3.  Ойлан, заңдылығын тап. Жетіспей тұрған санды жаз      №4. Бірдей 5 кесіндіден шаршының және екі үшбұрыштың суретін сал. №5     Басқатырғышта берілген тапсырманың басталар жетін тауып, бағытын үзбей жүргізсең  әрқайсысында бес құстың аты шығады. Бір торкөзге екінші рет баруға болмайды. Не  байқадың? Оларды жаз. Рефлексия: Сабақтан  өздеріңе  не  алдыңдар? Үйге  тапсырма: Басқатырғыш  құрап  келу. 17­сабақ.Тақырыбы: Ойлан тап! Мақсаты: Оқушыларды заңдылықты іздей білуге жаттықтыру , қызығушылығын арттыру. Сабақ барысы:  І.Ұйымдастыру кезеңі Психологиялық  дайындық ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:  құрап келген басқатырғыштарын тексеру ІІІ.Жаңа сабақ №1. 236801, 368012, ... 450279,502749, 027459,... 683014, 6300148, 601483, ... 319547,731954,473195,... №2. Заңдылығын анықтап ал. Сұрақ белгісінің орнына цифрмен белгіленген суреттің сәйкесін  меңзермен қос. №3.  1 минутта құрылымына сәйкес 10 сөз жаз. М _ _        М _ _       М _ _        М _ _       М _ _       М _ _        М _ _       М _ _        М _ _       М _ _       №4. Бос орында қандай сурет болуы тиіс деп ойлайсың? Оны меңзермен сызып көрсет.  Таңдауыңды түсіндір. №5. Теңдеуден түсіп қалған санды тап және оны жаз. (483­15) * (869­    ) = 0              Рефлексия: сабақ  ұнады ма? Несімен? Үйге  тапсырма: суретті логикалық есеп дайындап келу. Тақырыбы: Тез ойлап, тез шеш! Мақсаты: Оқушылардың  кеңістікте қиялдауын жетілдіру,  қызығушылығын арттыру. І. Қызығушылықты ояту Бұтақта 7 торғай қонып отыр. Үшеуінен басқасы ұшып кетті. Бұтақта неше  торғай қалды? Жануардың екі оң аяғы, екі сол аяғы, екі алдыңғы және екі артқы аяғы бар.  Жануардың неше аяғы бар? Көлде 7 қайық жүзіп жүрді. 3 қайықты жағаға әкеліп қойды. Көлде неше  қайық бар? №1. Жоғары қарай – жасыл, төмен қарай – қызыл, оңға қарай – көк, ал солға қарай ұшқан  зымыранды сары түске боя. №2. Меңзердің көрсеткен жолымен, мақалдарды оқы және жаз. №3. Сағат 23­те жаңбыр жауды. 48 сағаттан кейін күн шығуы мүмкін бе? №4. Ұшақ Оралдан Ақтөбеге дейін 1 саған, 20 минут, ал кері қайтарда 80 мин ұшқан. Ол қалай? №5. Тақырыбы: Тез ойлап, тез шеш!    Мақсаты: Балалардың зейінін дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.  №1. Қолмен емес көзбен жүргізіп, цифрлар мен әріптердің байланысын тап. Жасырын сөзді жаз. №2. Ерсін ­ Диярдың ұлы, Дияр – Елтайдың ұлы. Ерсін Елтайға кім болып келеді? Елтай  Ерсінге ше? №3. Суретте неше  үшбұрыш  бейнеленген?                               №4.  Бай өзінің қазынасын 3 түрлі түсті сандыққа салды: біреуіне – бағалы тастарды,  басқасына– алтын монетаны, ал үшіншісіне – сиқырлы кітаптарды. Оның есінде болды  Бағалы заттарға қарағанда қызыл сандық оң жақта;  Қызыл сандыққа қарағанда сиқырлы кітап оң жақта. Егер көк сандыққа қарағанда жасыл сандық оң жаққа қарай орналасқан болса, сиқырлы  кітап қай сандықта жатыр? №5.  Динараға әжесі 5 кітап сыйлады. 3 – уінен басқасын ол оқып шықты. Оған әлі неше кітап  оқу керек? Тақырыбы: Кім жылдам?   Мақсаты: Балалардың назарын аударуды дамыту, сабаққа деген қызығушылығын арттыру. №1.  Әр  төрт баланың үйінде қандай да бір үй  жануары тұрады: мысық, ит, балық немесе тотықұс (барлығында әр түрлі). Мараттың  жануары – мамық жүнді, Фариданікі – төртаяқты,  Алманікі– қауырсынды. Жарас пен  Марат мысықты жақсы көрмейді.Тұжырымның қайсысы дұрыс емес? (A) Фаридада – ит (В) Алмада – тотықұс (С) Фаридада – мысық (D) Жараста – балық (Е) Маратта – ит №2. Ортақ белгісін тап, оны жаз. Қарағай мен шырша ­ Дәптер мен кітап­ Етік пен бәтеңке­ Үйрек пен қаз ­ Қар мен жаңбыр – №3.  Әтеште­сегіз, мысықта­үшеу, итте де­үшеу, есекте­екеу. Не туралы айтылған             Шешуі: осы жануарлардың шығаратын дыбыстары жайлы: әте              кукареку, мысық­мяу, ит­гав, есек­иа. №4.    Суретте қандай геометриялық фигуралар жоқ? №5.  Динараға әжесі 5 кітап сыйлады. 3 – уінен басқасын ол оқып шықты. Оған әлі неше кітап  оқу керек? Тақырыбы:  Кім жылдам? Мақсаты: Оқушылардың  кеңістікте қиялдауын дамыту,  қызығушылығын арттыру. №1 Соңғының алдындағысын – қызыл, оң жақтан үшіншісін – көк, сол жақтан біріншісін –  қоңыр, ал қызылдың оң жағындағыны жасыл түске боя. №2. Фигуралардың суретін сал.  Үшбұрыш ортадаүшбұрыштың оң жағында шаршы,  үшбұрыштан жоғары тік төртбұрыш, үшбұрыштан төмен дөңгелек, ал шаршының астында  сопақша, тік төртбұрыштың үстінде бесбұрыштың суретін сал. №3. Суретті мұқият қара. Үш шаршы шығатындай етіп, төрт таяқшаның орнын ауыстыр. №4 Бос орынға жазылғандардан басқа 4­тен 19­ға дейінгі сандарды орналастыр. Сонда оларды  көлденеңінен де, тігінен де қосқанда 46 шығатын болсын. 8 13 18 17 5 16 15 №5. Ойлаған санды 3­ке көбейтіп, көбейтіндіден 6­ны азайт та, нәтижені 2­ге бөл. Сонда 15  шықты. Ойлаған санды тап!                                     ІІІ.Ойын түріндегі есептер. 11 сағат Тақырыбы: Ойнайық  та, ойлайық! Мақсаты: Оқушылардың ойша көз алдында елестету дағдыларын жетілдіру,   қызығушылығын арттыру.   №1. Төмендегі спорттық бұйымдар кімге тиесілі? Ойла, көз алдыңа елестет. Таңдауыңды  меңзер арқылы қос. №2. Суретті мұқият қара. Ненің құйрығы мен құлағы? Ойлан, шешуін тап. Жануарлардың атын  жаз. №3. Қонжық салмағы 7 кг бал салынған күбіні сыйлыққа алды. Ол балдың жартысын жегенде,  балы бар күбінің салмағы 4 кг тартты. Күбіде неше килограмм бал болған? №4. Қандай екі санның қосындысы көбейтіндісінен кем болады? Қандай екі санның қосындысы көбейтіндісінен артық болады? №5.  Кез келген сан ойлап, оны 8 есе арттыр да, шыққан санға 8­ді қос. Нәтижені 8 есе кемітсең, ойлаған саннан 1­ге артық сан шығады. Неге?                Тақырыбы: Ойнайық та, ойлайық! Мақсаты: Оқушылардың  елестету дағдыларын жетілдіру,  қызығушылығын арттыру. №1. Мына шартты белгілер қайда кездеседі және олар нені білдіреді? №2. Өзің білетін шартты белгілердің суретін сал. Әңгімелеп бер.   №3. Шешуін айт. Ол не? Жұмбақтың шешуіне сәйкес суретті меңзермен көрсет. Аяғы жоқ жүреді, ­ Су жоқ жүзеді ­ Отсыз жанады ­ Аяғы­қолы жоқ, қақпаны ашады ­ №4. Ребусты шеш. №5. Бір қойдың еті 2 сағат піссе, екі қойдың еті бір қазанда қанша уақыт піседі?  Тақырыбы:  Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық! Мақсаты: Оқушыларды заңдылықты іздеуге үйрету,  қызығушылығын арттыру.  І. Қызығушылықты ояту Жауапты және түсіндіруді қажет ететін сөйлем ­ Екіге бөлінетін сандар­ Сөздерді өзара байланыстарын қосымша ­ Сөздердің мағынасын өзгертетін қосымша ­ Қандай? деген сұраққа жауап беретін сөз табы­ Прозадағы шағын әдеби шығарма ­ Өзара тығыз байланысты жүйелі бір ойды білдіреді және бірнеше сөйлем құралады­ ІІ. Мағынаны ажырату 1. Текшелерді боя. Қызыл текше жасылдан төмен, ал сары текше қызылдың оң  жағында орналасқан. 2. Суретті мұқият қара Түсініп оқы: сөредегі кітаптарды ұлы жазушының фамилиясы  шығатындай етіп,  «Ә» әрпін қозғамай, тек үш кітапты орнын ауыстырып,  орналастыр. Сергіту сәті 3. Менің бағымды гүлдер өсіп тұр. Олардың жартысы бәйшешектер, қалғанының 3­тен бір  бөлігі және 20 қызғалдақ болды. Менің бағымда неше гүл өсіп тұрды?                     ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау            Тақырыбы: Мұқият қарап шешуін тап! Мақсаты: Оқушылардың қиялын жетілдіру,  қызығушылығын арттыру.  І. Қызығушылықты ояту Кепкен жүзім ­ Түтін шығатын қондырғы ­ Үлкен маңызды жол ­ Қыста болатын ызғарлы суық ­ Адамның бетін қарыған аяз ­ Өзенде қатқан мұздың көктемде еріп, сынып, су ағынымен аққан бөліктері ­ ІІ. Мағынаны ажырату 1. Неге ұқсаттың? Шешуін тапсаң, оны суретпен қос. 2. Жаюлы тұрған кірдің тасасында тек аяқтары ғана көрініп мысықтар отыр. Санап  көр. Неше мысық оңға қарап отыр? Нешеуі солға қарап отыр? Барлық мысық  қанша? Сергіту сәті 3. Теңдіктер тура болатындай толықтырып жаз. Амалдарды орында. 350 ... ... = 174      638 ... ... = 143     36 ... ... = 180 428 ... ... = 610      520 ... ... = 685     45 ... ... = 180 826 ... ... = 451      275 ... ... = 153     60 ... ... =180 951 ... ... =  347      483 ... ... = 868     90 ... ... =180 4. Қарындашты қағаздан үзбей, бір сызықты екі рет жүргізбей балықтың суретін сал.                  ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы: «Блиц» турнир Мақсаты: Оқушылардың  шығармашылық қабілеттерін жетілдіру,  қызығушылығын  арттыру.  І. Қызығушылықты ояту Құйқылжытып дала күйін, Үй ішіне салады үйін. Қал десем қалмайды, Жұмсасам бармайды. Қолы жоқ, сурет салады, Тіс жоқ, тістеп алады. Тақиям толған сөк, Ерте тұрсам жоқх. Тиіп кетсе ән салған, Дауысына ел тамсанған. ІІ. Мағынаны ажырату 1. Суретті мұқият қара. Бірінші және үшінші суреттің арасына қандай сурет салар  едің? Суретті толықтырып сал. Өз ойыңды айтып бер. 2. Суретті мұқият қарап шық. Қыздарға сәнді шаштың суретін сал. Ойлан. Сергіту сәті 3. Бес бала фотосуреттерімен алмасты. Өзара алмасу үшін қанша фотосурет қажет  болды? 4. Теңдеуден түсіп қалған санды тап және оны жаз. (483­15) * (869­    ) = 0 5. Заңдылығын анықтап, жалғастырып жаз. 2,3,5,8 .... ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы:  Адасқан әріп, сандар ойыны Мақсаты: Оқушылардың  кеңістікте заттардың орналастыруын анықтауды жетілдіру,   қызығушылығын арттыру.  І. Қызығушылықты ояту Білім арзан, білу ... Ойнап сөйлесең де, ... олақ өзгеге сенсе, өнерлі ... Отан     ...     басталады. Күннің шуағы жылы,        ...    ...     жылы. Ерлік бар жерде ­ ..., Ізденіс бар жерде ­ ... . Қасқырдың ойлағаны ­ ... , Қойдың ойлағаны ­ ... . ІІ. Мағынаны ажырату 1. Код кестесі. Код кесесі арқылы жасырын сөзді тап! 1,13,10,1,18                               25,8,14,8,17,8,25 15,1,13,37,19                             2,27,23,6,37 2. Бос торкөздерді 1­ден 5­ке дейінгі сандармен толтыр. Осы сандардың әрқайсысы әр  қатар мен әр бағанда бір рет қана тұруы керек. 3 4 1 4 5 1 4 2 5 2 1 4 5 5 4 2 Сергіту сәті 3. Барлығы неше тік төртбұрыш және неше үшбұрыш бар? 4. Екі тәрелкеде 13 апельсин бар. Егер тәрелкелердің біреуінен бір апельсин алса, онда сол  тәрелкеде екіншісінен 3 есе артық апельсин қалады. Әр тәрелкеде неше апельсин болған.  Шешуі: Бір тәрелкеде 3, екіншісінде 9 апельсин. ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы:   Жауабын кім тез айтады?          Мақсаты: Балалардың зейінін  дамыту,қызығушылығын арттыру.   І. Қызығушылықты ояту Бұта аласа, ал ағаш ... Бұлақтың арнасы тар, ал өзеннің арнасы ... Қайыңның діңі жіңішке, ал еменнің діңі ... Қыздардың шашы ұзын, ал ұлдардың шашы ... Көлікжол кең, ал соқпақ жол... піл үлкен, ал тышқан... ІІ. Мағынаны ажырату 1.  Сөздерді оқы. Енді оларды кері оқы және жаз. Сал, сан, тас, қақ, қылық, шырыш, ішік, қазық, қызық.  2. Әміре 15 шілдеден 7 тамызға дейін ауылда болды. Әміре ауылда неше күн болды. Сергіту сәті 3.  Итті 5 метрлік жіпке байлаған, бірақ ит аз уақыт ішінде 100 м жүрген. Ол қалай  жүрген?           Шешуі: жіптің екінші шеті ештеңеге байланбағандықтан ол осыншама          жерді жүрді. 4. Алдында 1, артында 2,алдында 2,біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда  қаз ұшып келеді.Барлығы неше қаз?  (3 қаз) 5. Бір адамның 10 қойы болады. Тоғызының басқасының бәрі қырылып қалды. Сонда  барлығы қанша қой қалды? 1. 8+3­4=0 теңдігі тура болатындай етіп 1 шырпының орнын ауыстыру. Шешуі:  8­дің бір шырпысын алып, 0­ге қоямыз: 9+3­4=8 ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы:   Әр түрлі әдіспен шешейік! Мақсаты: Есту арқылы балалардың есте сақтау қабілетін   жетілдіру, қызығушылығын  арттыру.   І. Қызығушылықты ояту Бес тышқанның құлағы ­ Жеті сиырдың мүйізі ­ Дүйсенбі сөзіндегі әріптер саны­ Ертегідегі айдақардың басы ­ Бағдаршамның көздері ­ Дауыссыз дыбыстар ­ Қандай үш таңбалы санды алты нөл шығатындай етіп тең бөлуге болады? ІІ. Мағынаны ажырату 1. Сөйлемдерді мұқият, бір рет оқы. Келесі бетке есіңде қалғаны бойынша сурет сал. Үйден жоғары, бірақ айдан төмен жұлдыздар, үйдің оң жағында, бірақ машинаның  сол жағында өсіп тұрған шырша. 2. Қай фигураның ішінен бір кесінді жүргізіп, шаршы шығарып алуға болады? Сергіту сәті 3.  ­ Айдос дәптеріне 5 сурет, ал Айгүл өзінің дәптеріне  7 сурет салды. Олар неше  дәптерге сурет салды? ­ Гүлзарда 5 райхан, 7 түймедақ және 6 қызғалдақ өсіп тұр. Гүлзарда гүлдің неше  түрі өсіп тұр. 4.Теңдіктер тура болатындай жақшалар қой. 53+10/9=7           36­30*7=42          49+16*28­20=520     17­40/8=12           3+6­18/9=7          480­32*5­3=896 5. 1,2,3,4,5  цифрларының орнын ауыстырмай «­» және «+» таңбаларын пайдаланып мәні 54­ ке тең болатын теңдік құрастыр. Шешуі: 12­3+45=54 ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы:   Шатастырманы шеш! Мақсаты: Көру арқылы балалардың есте сақтау қабілетін   дамыту, қызығушылығын  арттыру.   І. Қызығушылықты ояту Екі қолыңдағы саусақ ­ Осыдан сегіз жыл бұрын жиырма жастағы жігіт ­ Аптадағы күн саны ­ Бір жылдағы күн саны ­ Қыркүйек пен қаңтар арасындағы ай саны ­ Төрт үстелдің аяғы ­ Оң қолдағы саусақ саны ­ ІІ. Мағынаны ажырату 1. Суретті мұқият қара. Осы ойыншықтардың суретін келесі беттегі шатастырмадан  тап. Оны бастыра сыз. Сергіту сәті 3. 5 кесіндіден 2 үшбұрыштың суретін сал. 4. 4 * 12 + 18 : 6 + 3 өрнегіне мәні 50­ге тең болатындай етіп жақша қой. Шешуі: 4 * 12 + 18 : (6 + 3) 5. 10 011 + 100 110 010 өрнегінен 0 мен 1 ді ауыстыруға рұқсат етіледі. Солай неше  алмастыру жасап, 18­ге бөлінетін санды шығаруға болады.                                                     Жауабы: 2 алмастыру ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы:  Жүзден жүйрік Мақсаты: Оқушыларды заңдылықты іздеуге үйрету,  қызығушылығын арттыру.  І. Қызығушылықты ояту Мұртты балық ­ Орман дәрігері ­ Қанатты оятқыш ­ Көктемнің белгісін білдіретін құс ­ Орманның айлакері ­ Қыстайтын құс ­ ІІ. Мағынаны ажырату 1. сөздердің екінші сыңарын ойланып жаз. Сақал – мұрт               жеміс ­ өзен ­  құлау ­ көйлек ­  той ­ апта­ көрпе ­ 2. Қосынды тура болатындай үш санды тап. Олады меңзермен көрсет. Үлгі: 576   30    11    353    24   = 940           723    168  38   452   26    = 646           14      70    2     371   913   = 997          421    800    21    236    297   = 739 Сергіту сәті 3. Заңдылықты сақтап моншақтан қатені тап. Артық моншақты сыз. 4.  Мәні 1­ге тең болатындай етіп 1 2 3 4 5 сандарының арасына амалдардың белгісі мен  жақша қой.                   Шешуі: (1 + 23) : 4 – 5 = 1                           (12 – 3) : (4 + 5) = 1   ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау  Тақырыбы: «Есептегіш машина» ойыны  Сабақтың мақсаты: «Есептегіш машина» ойыны оқушылардың  ауызша есептеу  дағдыларын жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін және   логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту.   Сабақтың барысы: Қызығушылықты ояту: Бірінші түбір сөз Бояудың түрімін Екінші түбір сөз  Киетін киімің Екеуін қосып оқысаң Азия халқының бірімін. Мағынаны ажырату 2тапсырма  «Есептегіш машина» ойыны   2 тапсырма  «Есептегіш машина» ойыны   4 тапсырма Сөздің әріптерінің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөз жаса Вена  ­                                           Күрке­ Қатар ­                                          Ағат­ Алуа     ­                                        Шара­        Қарта     ­                                      Орақ  ­ Ой толғаныс: қорытынды рефлексия жасау. ІV. Қорытынды  2 сағат Тақырыбы:  Білімділер сайысы Мақсаты: Оқушылардың  жыл бойғы білімдерін  анықтау,  қызығушылығын арттыру.  І. Қызығушылықты ояту Театрға барған адам ­ Дүкенге барған адам ­ мектепте оқитын бала­ Кітапханаға келген адам ­ Емханаға келген адам ­ ІІ. Мағынаны ажырату №1.Жеті атаның ретін цифрмен көрсет Әке, шөпшек, немере, туажат, шөбере, бала, немене. №2.Нәтиже дұрыс болатындай етіп таңбалар қой. 9  9  9  9  = 100                           5  5  5  5 = 50 9  9  9  9 = 20                              5  5  5  5 = 30 №3.Теңдік дұрыс болу үшін қандай сан жазу керек? 351*(285+851)=371*285+______*851 Сергіту сәті №4. Үйдің әр қабырғасындаүш орындық тұратындай етіп, 8 орындық орналастыр. №5.Мына суретте көрсетілген пішінде қанша шаршы бар? №6.Мына суретте көрсетілген пішінде қанша үшбұрыш бар? ІІІ. Ойтолғаныс: Рефлексиялық қорытынды жасау Тақырыбы: ХХІ ғасыр көшбасшысы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың  шығармашылық  және   логикалық ойлау  қабілеттерін дамыту. Оқуға деген белсенділіктерін арттыру.   Ойынның барысы: Слайд арқылы әр кезеңнің тапсырмаларын орындатып, ұпай сандарын шығарып отыру. І кезең: Бәйге  сұрақ – жауап ІІ кезең:  Логикалық есептер ІІІ кезең: Тіл өнері   мақал – мәтелді аяқтау. ІY кезең:  Еркін тақырып Марапаттау Ой толғаныс: қорытынды рефлексия жасау.

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ

Жинақ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.06.2017