жұмыртқа және оның пайдасы

  • Домашняя работа
  • Занимательные материалы
  • Интерактивная доска
  • Лабораторные работы
  • ppt
  • 10.11.2019
Публикация в СМИ для учителей

Публикация в СМИ для учителей

Бесплатное участие. Свидетельство СМИ сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Зерттеудің мақсаты: Тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар жыныстық клеткасы әрі нәрлі тағамдардың бірі – жұмыртқаның құрылысы, шығу тарихы және оның өмірдегі тигізетін пайдасы туралы түсінік беру, жұмыртқаның пайдасын насихаттау Зерттеудің болжамы: Тамақ есебінде қолданылып қана жүрген жұмыртқаның химиялық құрамын және оның емдік қасиеттерін жете білетін болсақ, жұмыртқаны жан - жақты тұрмыста да қолдана аламыз Зерттеудің кезеңдері: І. Жоба жұмысының таұырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар жинақталды. ІІ. Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, ғылыми мәліметтер салыстырылды ІІІ. Зерттеу жұмысының жобасы жазылды, слайдтар жасалды, жұмыртқаның емдік қасиеттері, тұрмыс пен косметология саласындағы пайдасы бар екені анықталды. Тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын ұғыну үшін ауған соғысының куәгерлерімен кездесу, сұхбаттасу, суретке түсіру, мұрағаттан деректер жинақтау, баспасөз беттерінен және ғаламтор арқылы мәліметтер жинау , ғылыми жобаны дайындау. Зерттеудің әдістемесі: Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, сараптау, оны тәжірибеде қолдану сияқты әдістер пайдаланылды
Иконка файла материала самал слайд.ppt
АННОТАЦИЯ   Зерттеудің мақсаты: Тағам есебінде пайдаланылатын құстардың сопақ қабығы бар  жыныстық клеткасы әрі нәрлі тағамдардың бірі – жұмыртқаның құрылысы, шығу тарихы  және оның өмірдегі тигізетін пайдасы туралы түсінік беру, жұмыртқаның пайдасын  насихаттау  Зерттеудің болжамы: Тамақ есебінде қолданылып қана жүрген жұмыртқаның химиялық  құрамын және оның емдік қасиеттерін жете білетін болсақ, жұмыртқаны жан  ­ жақты  тұрмыста да қолдана аламыз Зерттеудің кезеңдері:  І. Жоба жұмысының таұырыбы таңдалып, зерттеу жұмысына қажетті материалдар  жинақталды. ІІ. Жинақталған материалдарға сараптама жасалды, ғылыми мәліметтер салыстырылды ІІІ. Зерттеу жұмысының жобасы жазылды, слайдтар жасалды, жұмыртқаның емдік  қасиеттері, тұрмыс пен косметология саласындағы пайдасы бар екені анықталды. Тақырыптың өзектілігі мен  маңыздылығын ұғыну үшін ауған соғысының куәгерлерімен  кездесу, сұхбаттасу, суретке түсіру, мұрағаттан деректер жинақтау, баспасөз беттерінен  және ғаламтор арқылы мәліметтер жинау , ғылыми жобаны дайындау. Зерттеудің әдістемесі: Зерттеу барысында жинақтау, салыстыру, сараптау, оны тәжірибеде  қолдану сияқты әдістер пайдаланылды
Жұмыртқалар өлшемдері мен массасы құстың  түріне, жасына байланысты  әр түрлі болады.  Тауық жұмыртқаларының массасы 45 ­ 76 г,  үйректікі – 75 ­ 100 г,  күрке тауықтікі – 80 ­ 100г,  қаздікі – 160­200г болады.
Жұмыртқаның құнды  бөлігінің бірі ­  сарыуызы.  Сарыуыздың жоғары  жағында ұрық орналасқан.  Сарыуыз майлар мен  ақуыздарға, көмірсулар мен  минералды заттарға ғана  емес, сонымен бірге  дәрумендерге (А, В, Д, Е т.б.)  де бай. Адам ағзасына  сарыуызы жеңіл сіңеді.
Жұмыртқаны пайдалану Ежелгі Үнді  жерінде бастау алған деген дерек бар.  Ертеде үнді жерінде қыз­келіншектер  әжімнің көзін жою үшін немесе шаштары  қатты болу үшін жұмыртқаны  пайдаланған.  Ал ер азаматтар жорыққа не шайқасқа  шықпас бұрын, жұмыртқамен  ауқаттанған.  Сондай­ақ, өз жарақаттарын жұмыртқа  басу арқылы жазған екен.
Жұмыртқаның пайдасы: Жұмыртқаны қайнатып я қуырып жеу арқылы асқазанды  ғана емес, бар ағзаны пайдалы элементтер мен  дәрумендермен толтыруға болады. Құрамындағы аққуыз,  йод, фосфор, селен т.с.с. элементтер созылмалы  аурулардың алдын алады.  Жұмыртқада калорий аз. Бір жұмыртқаның құрамында  орта есеппен 76 калорий ғана бар. Ал майлылығы небәрі  10%.Жұмыртқа ағзадағы холестерин мөлшерін  төмендетіп, жүрек, жүйке және онкологиялық  аурулардың пайда болуына жол бермейді.
­ Көптеген диеталардың мәзірінде жұмыртқа кездесіп  жатады. Себебі, оның арқасында артық салмақтан  арылуға және салмақты бір қалыпты ұстауға болады ­ Тырнақ, шаш өсімі мен көздің көруін жақсартамын,  тістерім маржандай таза, сүйектерім мықты болсын  десеңіз, ас мәзіріңізге жұмыртқаны  қосыңыз. Жұмыртқа ағзаны түрлі инфекциялардан  қорғап, иммунитетті күшейтеді
*                                                                Жұмыртқа бет күтіміне де пайдалы.  Бір  жұмыртқа мен бір ас қасық балды араластырып,  бетіңізге жағып, 15­20 минут жатып демалыңыз.  Кейін жылы сумен шайып жіберіңіз. Бетіңіздің  тазарып, нәрленіп, терінің тартылғанын  аңғаруға болады
Көзіңізге сүйел шыққан кезде, қайнаған жұмыртқаны ыстық күйінде  басыңыз. Сондай­ақ, қатты тамақ ауырған кезде қайнаған  жұмыртқаны жылы күйінде мойныңызға қойып,  қайта­қайта домалатыңыз. Пісірген бәлішім тәтті болсын десеңіз, қамырға жұмыртқа қосуды  ұмытпаңыз. Сондай­ақ, бәліш алтындай жарқырап тұру үшін оны  пешке салмас бұрын үстін жұмыртқаның сарысымен бір  майлап шығыңыз.
Жұмыртқаның сарысын шашыңызға жағып,  1­1,5 сағаттан кейін жылы сумен  жуып жіберіңіз.  Бұл ем шашыңыздың жылтыр болып, алдағы  күндері ұштанбауына жол ашады.
Жұмыртқа қабығы ­  оңай  қорытылатын, ағзамызға пайдалы  таптырмас  кальций көзі.  Жұмыртқаның қабығы негізінен, кальций,  фосфор, темір, калий, магний және  кремнийден тұрады
Жұмыртқа қабығының ұнтағын жүкті әйелдер, балалар және  ересектер кальция жетіспеген жағдайда  қолданады.                 Мұндай ұнтақты үнемі қолданған жағдайда: *қан қысымы мен жүрек қағысының жұмысы жақсарады; *зиянды холестерин деңгейі азаяды; *зат алмасу процесі қалпына келеді; *қалқанша безі ауруларының алды алынады; *гастрит жазылады; *қан тазарады; *балалардағы рахит пен анемияның алды алынады; *аллергия емделеді; *шаш пен тырнақ қатаяды; *безеу шықпайды; *жүйке жүйенің қызметі жақсарады.
Жұмыртқаның шикі қабығы өсімдіктің, әсіресе гүлдердің  түбірінің қатайып, берік  болуына да мол әсер етеді
ІІІ. Қорытынды Сонымен, зерттеу жұмысымды қорытындылайтын болсам,  жұмыртқа тек нәрлі әрі жеңіл тағам ғана емес, барлық ем –  домның көзі деп айтқым келеді. Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі. Ал  денсаулығымыз мықты болуы үшін батпандап кіріп,  мысқылдап шығатын ауруды дәрісіз – ақ үй жағдайында  емдеп жазуға болады.  Адамның бет­әлпеті  ­ оның айнасы. Ал бетіңіз ажарлы  болсын десеңіз, қалтаңыз көтермейтін қымбат дүниелерді  сатып алмай­ақ, жұмыртқаның көмегіне жүгінсеңіз болғаны                            Деніңіз сау болсын!
Зерттеу жұмысымды қорытындылай отырып,  мынадай ұсыныс айтқым келеді: 1. Жұмыртқаның пайдасын көру үшін ең алдымен үй  жағдайында тауықтарды өсіріп, олардың өнімін күнделікті  тағам рационына қолданса; 2. Жұмыртқаны тұрмыста кең көлемде қолдану әдістері  жайында мағлұматтар, кітапшалар шығарылып, көпшілікке  ұсынылса; 3. Қарапайым адамдар күнделікті тіршілікте жұмыртқаны тек  тағам ретінде емес, емдік мақсатта да жиі қолданса; 4. Сортөбе ауылында құс фабрикасы ашылып, оның өнімі  халыққа арзан бағаға сатылса, нұр үстіне нұр болар еді.