Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Оценка 4.8
Мероприятия +1
docx
классное руководство
1 кл
17.04.2017
1 сынып оқушыларына жолда жүру ережесі жайлы мағлұмат беру. Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Жолда жүру 1 сынып.docx
«Глазунов орта мектебі» ММ
Сынып сағаты
«Жол ережесін бұзбаймыз,
үнемі есте ұстаймыз!»
Өткізген: Арыстанбек Т.Б.
2016 2017 оқу жылы Сынып сағаты
Тақырыбы: Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз!
Мақсаты: Жолда жүру ережесін сақтауға, оқушыларға жол белгілерін білу не
ушін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін
үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру,
барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, жол белгілері, жол белгілерінің суреттері.
Сабақтың барысы.
Мұғалім: Біздін қаламызда әр түрлі көліктер жылдан жылға көбейіп келеді.
Жаяу адамдар мен көліктегі жолаушылар саны да көбейе түсуде. Көшелер
мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол көлік
оқиғаларының қауіпі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу
адамдардың көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұхият болуы
қажет. Бағдаршам – өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның
сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап
тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка
қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электрлі бағдаршам болды. 1918
жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет
бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу
жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек.
Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар
қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл
көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ
жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. –
Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі
жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне
орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп
болар еді. Біздің өмірімізді сақтайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден
өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған
жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
1 оқушы: Сапар шексек сіз бен біз,
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 оқушы: Көлік, көлік, көлік,
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз, Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 оқушы: Үш түсті түрі бар,
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал
6 оқушы: Қызыл көз жанарда
Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 оқушы: Жасыл көз жарасты,
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар,
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 оқушы: Жарасып ақ кетер ек,
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
10 оқушы: Жол көліктің жүрегі,
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
11 оқушы: Ата – ананың сенімін,
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
12 оқушы: Айнала қауіп бар ойла,
Жанжағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла
13 оқушы:
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
14 – оқушы:
Көшеде бағдаршам болмаса
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе
Мұғалім: Балалар, мен сендерге мынадай жұмбақ жасырайын, шешуін тауып
көріндерші.
Аяғы жоқ жүрмейді,
Аузы жоқ сөйлейді. (бағдаршам)
Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз, оның
сырын біліп, тілін алу баршамыздың міндетіміз. Бағдаршам жоқ көшелерден
өтетін кезде, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз. Көшенің орта
тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан машина келе
жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз. Бағдаршам жол қозғалысына
қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Балалар бүгін бізге қонаққа бағдаршам келіпті, бағдаршамның сендерге
әкелген тапсырмалары бар екен.
Бағдаршам: Сәлеметсіңдер ме, балалар?
Балалар: Сәлеметсіз бе, құрметті бағдаршам?
Бағдаршам: Балалар, мен бүгін сендерге сұрақтар, ойын, сөзжұмбақ әкелдім.
Енді ойнымызды бастайық.
Мұғалім: Бағдаршам ойынының шарты. Таяқшаларды алғаннан кейін
оқушылар үш жерге топталып тұра қалады, бағдаршам белгілерді көтереді:
қызыл көтергенде тұр, сары күт, жасыл жүр.
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба.
Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар
қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. «Қай топ данышпан». Ол үшін
үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз.
Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
4. Қандай түстер? (балалардың жауабы)
Сары түсті топқа арналған сұрақтар. 1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?
2. Көлік аттарын атаңдар?
3. Бағдаршамның қызметі қандай?
4. Адамдар қай жолмен жүру керек?
Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Алғашқы бағдаршам қайда орналасқан?
3. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма?
4. Біздің ауданымызда бағдаршам барма?
Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар
қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. «Қай топ данышпан». Ол үшін
үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз.
Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
4. Қандай түстер? (балалардың жауабы)
Сары түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?
2. Көлік аттарын атаңдар?
3. Бағдаршамның қызметі қандай?
4. Адамдар қай жолмен жүру керек?
Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Алғашқы бағдаршам қайда орналасқан?
3. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма?
4. Біздің ауылымызда бағдаршам барма?
Көрініс: Үш оқушы бағдаршам болып тұрады. Бір оқушы мектептен шығып
жолдан қалай өту керектігін корсетеді.
Қызыл: Тоқтап тұрады.
Сары: Дайындалады.
Жасыл жанғанда: Жолдан өтеді
Бағдаршам: Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жолда жүру ережесі заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға.
Басталар әр қадамың аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.
Қорытынды.
Мұғалім: Ал балалар біз бүгін не үйрендік, немен таныстық?
Жолда жүру ережелерімен, бағдаршаммен. Бағдаршамның бізге пайдасы бар ма?
Бар, ол бізді жол апатынан сақтауға көмектеседі.
Бағдаршамның тілін алуымыз керек пе?
Тілін алуымыз керек.
Осымен сабағымыз аяқталды
1 оқушы: Сапар шексек сіз бен біз, Хадия
Сан көлікке мінеміз.
Троллейбус, трамвай,
Автобуспен жүреміз.
2 оқушы: Көлік, көлік, көлік, Гүлімай
Көліктерге мінеміз.
Көшелермен, көшелермен
Күнде тынбай жүреміз.
3 оқушы: Тәртіп бұзсақ абайсыз, Руслан
Жағдай туар қолайсыз.
МАИ қызметкерлерінен
Сан кешірім сұраймыз.
4 оқушы: Жол жүрудің тәртібін Аяулым
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден
Сау – саламат жүреміз.
5 оқушы: Үш түсті түрі бар, Аружан
Жөн сілтер тілі бар.
Бағдаршам дегеннің
Сырын жақсы біліп ал.
6 оқушы: Қызыл көз жанарда Ислам Тоқтай қал әманда
Сары түс ескерту,
Дайын бол табанда.
7 оқушы: Жасыл көз жарасты, Қарақат
Алдыңнан жол ашты.
Өте бер асықпай
Жолыңмен қарасты.
8 оқушы: Ештеңе жоқ алаңдар, Меруерт
Өте берер адамдар.
Жол шетінде тұратын,
Жол белгіге қараңдар!
9 оқушы: Жарасып ақ кетер ек, Бекжан
Машиналар өте көп.
Жолдан өтем асықпай,
Велосипед жетелеп.
10 оқушы: Жол көліктің жүрегі, Томерис
Машина көп жүреді.
«Қауіп жоқ» − деп ойлама,
Жолда футбол ойнама!
11 оқушы: Ата – ананың сенімін, Бибарыс
Еске ұстап ақтай біл.
Жолдан өтер жаяудың,
Ережесін сақтай біл!
12 оқушы: Айнала қауіп бар ойла, Мансұр
Жанжағына қарайла!
Сырғанасаң көшеде,
Машина жолын абайла!
13 оқушы: Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жаннұр
14 – оқушы:
Көшеде бағдаршам болмаса Санжар
Кісі жоқ жөн сілтер өзіңе
Кідірме, абыржып онда аса
Сенгейсің өзіңнің көзіңе
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Жол ережесін бұзбаймыз, үнемі есте ұстаймыз! 1 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.