Сабақтың мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін пысықтау,оларды жүзеге асыра білуге үйрету.Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.
Құралдар: Бағдаршам,жаяу адам жүретін жолдың макеті,негізгі жол,жиек жол.
Методикалық әдіс-тәсілдері:Ойын түрінде көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап .
Сабақтың барысы:Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен :
• Армысыз,қайырлы күн!
• Армысыз,қайырымды Аспан-ата!
• Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
• Армысыз ,шұғылалы Алтын –күн!
• Қуанайық,шаттанайық бәріміз!
• Күліп шықты күн бүгін!
• Бәріміз күндей жарқырайық!
• Бәріміз тату болайық!
• Бәріміз дос болайық!Сабақтың мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін пысықтау,оларды жүзеге асыра білуге үйрету.Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.
Құралдар: Бағдаршам,жаяу адам жүретін жолдың макеті,негізгі жол,жиек жол.
Методикалық әдіс-тәсілдері:Ойын түрінде көрсету,түсіндіру,сұрақ-жауап .
Сабақтың барысы:Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен :
• Армысыз,қайырлы күн!
• Армысыз,қайырымды Аспан-ата!
• Армысыз, мейірімді Жер-Ана!
• Армысыз ,шұғылалы Алтын –күн!
• Қуанайық,шаттанайық бәріміз!
• Күліп шықты күн бүгін!
• Бәріміз күндей жарқырайық!
• Бәріміз тату болайық!
• Бәріміз дос болайық!
Жол жүру ережесі.docx
Жол жүру ережесі
Сабақтың тақырыбы: “Бағдаршамбіздің досымыз!”
Сабақтың мақсаты: Балалардың жол ережесі туралы білімдерін пысықтау,оларды жүзеге
асыра білуге үйрету.Жолда жүру ережесін білуге,есте сақтауға тәрбиелеу.
Құралдар: Бағдаршам,жаяу адам жүретін жолдың макеті,негізгі жол,жиек жол.
Методикалық әдістәсілдері:Ойын түрінде көрсету,түсіндіру,сұрақжауап .
Сабақтың барысы:Балалар шеңбер болып тұрып,қимылмен :
• Армысыз,қайырлы күн!
• Армысыз,қайырымды Аспаната!
• Армысыз, мейірімді ЖерАна!
• Армысыз ,шұғылалы Алтын –күн!
• Қуанайық,шаттанайық бәріміз!
• Күліп шықты күн бүгін!
• Бәріміз күндей жарқырайық!
• Бәріміз тату болайық!
• Бәріміз дос болайық!
Тәрбиеші: Қала көшелерінде жүйіткіген
автомобильдер,троллейбустар,трамвайлар,мотоциклдер жүреді.Жүргізушілер жол
апатына ұшырамау үшін,жол ережесін сақтау керек.
Тәрбиеші: Өмірімізді қатерден сақтайтын көшедегі көмекшіміз не?
Балалардың : Бағдаршам
Тәрбиеші: Бағдаршамның неше көзі бар,түстері қандай?
Балалардың : Бағдаршамның үш көзі бар,олар қызыл,сары ,жасыл.
Тәрбиеші: Ендеше “Бағдаршам” ойынын ойнайық.
Жасыл көзі жанғанда – орнымыздан жүреміз,сары жанғанда – қол шапалақтаймыз,қызыл
жанғанда –бір орында тұрып қаламыз.
Тәрбиеші: Көше қиылыстарынан қалай өтеміз?
Балалардың жауабы: Арнайы белгі арқылы
Тәрбиеші: Бағдаршам болмаса,көшенің келесі бетіне қалай өтеміз?
Балалардың : Алдымен сол жаққа,жолдың ортасына жеткенде оң жаққа қарап өтеміз.
Тәрбиеші: Балалар қай жерде ойнауы керек ?
Балалардың : Арнайы ойын алаңдарда.
Тәрбиеші: Ал енді ойын ойнайық.
Ойын “Жүргізушілер мен жолаушылар”
Екі баланы жүргізуші етіп тағайындап,қызыл жанғанда негізгі жолмен жүріп,өтіп
орындарына барады.
Сергіту жаттығуы: Бағдаршам жанса қызыл боп,
Өтуге жолдан болмайды.
Егер ол жанса жасыл боп
Өт деп сені қолдайды
Тәрбиеші: Ал балалар тағыда ойын ойнайық . Ойын “Кім жылдам?”
Жарайсыңдар балалар .
Балалар бағдаршам туралы тақпақтар айтамыз.
Нұрсат: Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін:
“Тоқта”,”Сақтан”,”Жол ашық”,
Жүрме жолға таласып
Қызыл көзін ашқанда
Сынық сүйем баспа алға
Сары көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба
Еркеназ:Ұмытпа жүру тәртібін
Ойыншық көрме сен оны
Құрметпен қара,жарқыным
Қызыл шам жанса от болып
Өтуге жолдың жоқтығы
Егер ол жанса жасыл боп,
Өтесің сонда,ұқ мұны
Ақсауле: Құмырсқадай құжынап
Зулап жатсын машина .
Жол тәртібін біл бірақ
Білмесе үйрет досыңа.
Балауса: Тротуармен өтерде
Оңға,солға қарағын
Далаң қақпай бекерге
Тап қауіпсіз аралын
Аружан:Алдыартыңа мұқият
Байқап алып сосын өт,
Асығам деп шұрқырап
Тартып жүрме қасірет.
Тәрбиеші: Балалар,енді жұмбақ шешейік
Жұмбақ шешу: Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ тоқта,жүр дейді.
Балалар : Бағдаршам
Тәрбиеші: Төрт аяғы дөңгелек
Адамсыз ол жүрмейді.
Балалар :Машина
Диар:Үлкен болдым десемде,
Ешкім маған сенбейді
Жалғыз жүрме көшеде
Кішкентайсың сен, дейді.
Үлкенмін ғой,міне мен
Ойыншықтарды жинаймын
Машинама мінер ем,
Орындығына симаймын.
Бану:Ашса кезек үш көзін
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық!
Жүрме жолға таласып.
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Тәрбиеші:Үзеңсіз тептім,
Зымырап кеттім
Балалар: Велосипед
Рания: Жол тәртібін білейік
Есенаман жүрейік.
Ережені біз жаттап
Тәртіпті ұлан болайық!
Тәрбиеші: Балалар,велосипедте көлікке жатады.Олай болса ,жарысып көрейік.Кім бірінші келсе,сол жеңімпаз атанады.Ойын осылайша жалғаса береді.Сабаққа жақсы
қатысқандарды атап,мадақтау.
Тақырыбы: «Абай бол балақай!»
Мақсаты: балаларды жолда жүру ережесімен және бағдаршамның қызметімен таныстыру. Жол белгілерін
айыра білу дағдысын қалыптастыру, көше жағдайындағы кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын дамыту.
Балаларды мейірімділікке, зейінді болуға, өзін өзі қорғай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Жол макеті, жол белгілері, бағдаршам үлгісі, жаяу жүргіншілер жолы, ойыншық машиналар.
Әдіс тәсілдері: ойын, сұрақ жауап, сахналау.
Ұйымдастыру кезеңі
1. Балалар шаттық шеңберін құрып амандасады.
Армысың ардақты аспан ата?!
Армысың мейірімді жер ана?!
Армысың шұғылалы алтын күн?!
Күліп шықты күн бүгін!
Армысыздар қадірлі қонақтар!
1. Жүргізуші:( жол инспектор киімімен)
Әрбір адам жаяу жүргіншілер, көлікпен немесе велосипедпен күніне жолды кем дегенде екі рет кесіп өтеді
екен. Біз жол қозғалысымен күнде қатынасып отырамыз. Сондықтанда біз жолда жүру ережесін жүру
белгілерін айыра біліп, бағдаршамның қызметін білуіміз керек.
Балалар егер өз өмірлеріңді, денсаулықтарыңды сақтағыларың келсе, Әрқашанда жолда жүру ережесіне сақ
болыңдар.
Ұраны.
Жол тәртібін сақтаймыз
Ел үмітін ақтаймыз
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтаймыз.
Жолдауды жастар қолдайды
Тәртіпсіз ел болмайды
Балабақша әрқашан
Амандықпен тыныштықты қорғайды.
Жүргізуші: Жаяу жүргіншілер тек тротуарлармен жолдың оң қол қанатымен ғана жүруі қажет.
1 бала:
Тратуар жүрер жолы жаяудың
Желаяқтың жайбасардың баяудың
Машинаның жолы көше ортасы
Соны ұмытып кете көрме аяулым.
Жүргізуші: Балалар біз үнемі тротуардан шықпай жүреміз бе?
Жолдардан қалай өтеміз? Ол үшін біз ертегілер еліне барайық.
Көзімізді жұмып, ертегілер елін елестетейік.
(Музыка әуенімен) Ертекші:
Қызыл телпек қыдырып
Әжесіне бармақшы
Жету үшін орманға
Белгіні еске алмақшы
Жол белгісін білмесе Әженің үйін таппайды.
«Қызыл телпек» әнінің әуенімен:
Бағдаршамның жолы сілтер
Бойында бар түрлі көздер
Жасыл жанса дайындал
Қызыл жанса тоқтайсың
Жолда жүрсең байқағайсың
Абай болшы сен үнемі
Жолды кесіп өткенде.
(Қасқыр шығады)
Жол ережесін білмегеннен жарақаттанады.
Көмектесіңдерші! Қызыл телпек көмектесші!
Қызыл телпек:
Қасқыржан, сен жол ережесін білмейсің бе? Асықпасаңшы.
Қасқыр:
Білмеймін.
Қызыл телпек:
Көрдің бе, сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың, мен сені жол ережесімен таныстырайын.
Тыңда! Белгілер шығады.
Ал енді жол белгілеріне сөз берейік.
1. Ескерту белгісі
Үшбұрышты қызыл,
Бояумен көрсең абайла.
Жол басында қауіпті түс
Алдан шығар дегенді
Абайла бұл ескерту белгісі.
2. Тыйым белгісі:
Дөп дөңгелек қызыл шеңбермін
Көрсем: «Тоқта, қане»
Деп жар салар,
Тыйым сау мен болам.
3. Көрсеткіш белгісі:
Дөп дөңгелек жасыл шеңбермін
Көрсем: «Жол ашық!»
Мен көлік пен жаяу адам жүрер жолды нұсқаймын!
Анықтама белгісі:
Белгімен көрсетер
Жылдамдық пен бағытты
Ылди мен бұрышты
Қатер мен қауіпті.
Қызыл телпек:
түсіндің бе қасқыржан?
Қасқыр: иә, түсіндім.
Ендеше мен сені бағдаршамның қызметімен де таныстырайын.
1. Алма кезек үш көзі
Айтты деп ұқ үш сөзін
Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Қарап қалма аспанға
Жасыл көзін ашқанда
Өте бергін жасқанба!
Жүргізуші: Бұл не балалар?
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам
Мекен жайым тұрақты
Жақсы білем міндетімді
Мүдірмеймін ешқашан.
1. Ойын « Бағдаршам»
Ән: Бағдаршам « Учат в школе» әнімен:
Бағдаршамды күнде біз
Көшелерде көреміз
Көліктерде,
Жол шетінде
Көшемізде
Қызыл көзде тоқтаңыз
Сары көзде алаңдама ай
Жүре бергін 3рет
Ережені бұзбайық,
Тәртіпті біз сақтайық
Бақшада да
Серуенде де
Көшемізде.
Бағдаршамға қарайық
Апат алдын алайық
Жол тәртібін барлық жерде
Біз сақтайық!
Қызыл телпек:
Олай болса мен сені әжеме алып барайын,
Әже:
Келді міне немерем.
Аман есен адаспай
Жол белгісін сақта сен
Апаттарды болдырмай
Қасқыр, сен менің немереммен дос болыпсың, олай болса менің басқада немерелерімнің жол ережесі туралы
тақпақтарын тыңда.
1 бала.
Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз
Сақтағанда қатерден
Сау саламат жүреміз.
2 бала:
Тәртіп бұзсақ абайсыз
Жағдай туар қолайсыз
Май қызметкерлерінен Ал кешірім сұраймыз.
Милиционер:
Мен көшеге сақшымын
Болсын жұртқа жақсы күн
Жолдан азап тартпаңдар.
Әдеп, тәртіп сақтаңдар!
Көрініс: Аю, түлкі, қоян қатысады.
Жол инспекторы: Шипагер апай қараңыз мына бір сұмдықты
Маймаққа не болған, кім оны қынжылтты.
Шипагер апай: Маймағым не болды жасымай айтшы өзің?
Неліктен көкпеңбек, ісінген бас көзің?
(Аюдың басын таңып, дәрі дәрмек жаққан болады )
Аю: Айтайын жасырмай шынымды
Сақтаңыз шыбындай жанымды
Жармасып бал тасыр машина – қадаққа
Домалап түстім де тап болдым азапқа.
Шипагер апай: Бір сәтке тойынар тәп тәтті бал үшін,
Тәртіпті бұзыпсың қарныңның қамы үшін.
Аю: Шипагер апай, жол инспектор апай енді қайтіп ұрлықта жасамаспын,
Жолда жүру ережесін бұзбаспын.
Осы уақытта бір бірімен дауласқан түлкі мен қоян шығады.
Түлкі. Жүгіріп екеуміз қуыспақ ойнадық.
Қоян: Ауладан шап беріп қу ұстап алмақшы.
Түлкі: Ал қоян зып беріп көшеге жүгірді
Қоян: Аула тар болған соң қайтейін мен енді?!
Түлкі: Қоянды қуам деп тапқаным, құйрықты әрең деп сақтадым.
Қоян: Машина астынан жүгіріп өткенде,
құлақты бір темір зақымдап кеткені
Шипагер апай: Құлақпен құйрыққа жағатын дәрі бар,
Ереже бұзғанға тұрғызар бұрышым тағы бар.
Балалар енді біз мына аю, түлкі, қоян үшеуіне жолда жүру ережесін ескертейік!
1 бала: Жолдан өтерде тоқтап, жан жағыңа қарап ал.
2 бала: Бағдаршамның жасыл түсі жанғанда ғана өт.
3 бала: Жолға жақын ойнама! Бұл өте қауіпті.
4 бала: Жаяу жүргіншілерге арналған жолдардан ғана өт.
5 бала: Көліктен түскен соң артқы жағынан өту керек.
Қорыту: Балалар тақпақ айтады.
Ән. «Әрқашан күн сөнбесін!» орындайтын хор.
Би: «Гүлдер» бишілер тобы.
Жүргізуші: Бүгінгі мерекеміз айналсын шежіреге,
Әр сәби құлағын сап жүрсін осы ережеге.
Ал қонақтарымызға айтарымыз
Жол тәртібін сақтайық
Ел үмітін ақтайық
Ертегілер елін біз
Жол апаттан сақтайық! Осымен «Абай бол балақай!»» атты қауіпсіздік сабағымыз аяқталды.
№1балабақша
Жолда жүру ережесімен таныстыру.
Тәрбиеші: Г.Е.Косаева
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Жолда жүру ережесі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.